Четверг , 3 июля 2025

ЖерсеріктеріЕЛ СЕРІГІбола ала ма?

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің бірін­ші орынбасары

Роман Склярға!

«KazSat‑2» спут­ни­гі 2011 жыл­дың 16 шіл­десін­де және 2014 жылғы 28 сәуір­де «KazSat‑3» спут­ни­гі кей­ін­нен пай­да­ла­нуға беріл­ген­нен бері Қаза­қстан ғарыш сала­сын­да бел­гілі нәти­же­лер­ге қол жет­кізді. «KazSat‑2» және «KazSat‑3» спут­ник­тері ұлт­тық инфрақұры­лым­ның маңы­зды бөлі­гі болып табы­ла­ды, теле­ра­дио мен теле­фо­ния қыз­мет­терін қам­та­ма­сыз етеді.

«KazSat‑2»-нің баста­пқы қыз­мет ету мерзі­мі 2024 жыл­дың ақпа­ны­на дей­ін жос­пар­ланға­ны­мен, оның жұмыс істеу мерзі­мі 2026 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­на дей­ін ұзар­тыл­ды. «KazSat‑3» өз кезе­гін­де 2029 жылға дей­ін жұмысын жалға­сты­ра­ды. «KazSat‑2» және «KazSat‑3» спут­ник­терінің қыз­мет ету мерзі­мі аяқта­луға жақын­дап келе жатқа­нын еске­ре оты­рып, Қаза­қстан­ның алдын­да ғарыш инфрақұры­лы­мын жаңғыр­ту, атап айтқан­да, спут­ник­тер­ді ауы­сты­ру мін­деті тұр.

Цифр­лық даму, инно­ва­ци­я­лар және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стр­лі­гі (бұдан әрі – мини­стр­лік) шетел­дік өндіру­шілер­дің алдын ала тех­ни­ка­лық және ком­мер­ци­я­лық ұсы­ны­ста­ры­на эко­но­ми­ка­лық сарап­та­ма жүргізуде.

Мини­стр­лік­пен алға­шқы талқы­ла­у­лар бары­сын­да жаңа бай­ла­ныс спут­ни­гі теле­ра­дио хабар­ла­рын тара­ту, ұялы бай­ла­ныс және интер­нет қыз­мет­терін қам­та­ма­сыз ете­ді деп келіс­кен­біз. Алай­да мини­стр­лік жаңа спут­ник­ті интер­нет­ті тара­ту мүм­кін­ді­гін бол­дыр­май, тек теле­ра­дио хабар­ла­рын және ұялы бай­ла­ны­стар­ды тара­ту функ­ци­я­ла­ры­мен ғана жаб­ды­қта­уды жос­пар­лап оты­рға­ны кей­інірек бел­гілі бол­ды. Мини­стр­лік тәсіл­дің өзге­руін жоба­ның төмен құны­мен негіздейді.

Біз мини­стр­лік ұсы­нған тәсіл­де­менің өзге­руіне еле­улі алаң­да­у­шы­лық біл­діре­міз және ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету және бүкіл Қаза­қстан бой­ын­ша сенім­ді бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету үшін теле­ра­дио хабар­ла­рын, ұялы бай­ла­ны­стар­ды және интер­нет­ті үздіксіз тара­ту­ды қам­та­ма­сыз ету­ге қабілет­ті жерүсті тал­шы­қты-опти­ка­лық бай­ла­ныс пен орби­та­лық бай­ла­ныс спут­ник­терін қоса алған­да, кешен­ді тәсіл­ді қабыл­дау қажет­ті­гін талап ете­міз. Тал­шы­қты-опти­ка­лық кабель­дер­ді тар­ту тиім­сіз болып табы­ла­тын шалғай аудан­дар­да интер­нет­пен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесі OneWeb және Starlink сияқты шетел­дік про­вай­дер­лер­дің көме­гі­мен шешілетін бола­ды, бірақ мен­шік­ті спут­ник­тік интер­нет-бай­ла­ныс жүй­есінің болуы ұлт­тық қауіп­сіздік және еге­мен интер­нет стра­те­ги­я­сы­ның негіз­гі эле­мен­ті болып табы­ла­ды. Бұл тәсіл­ді жүзе­ге асы­ру шетел­дік про­вай­дер­лер­ге тәу­ел­ділік­ті жояды, Қаза­қстан­ның бүкіл аумағын интер­нет­пен толық қам­та­ма­сыз етеді.

Бұған қоса, шетел­дік өндіру­шілер шыға­ра­тын шешім­дер­дің қым­бат­та­уы Қаза­қстан­ның жаңа бай­ла­ныс пен интер­нет спут­ни­гі­мен қам­ты­ла­тын басқа елдер­ге бай­ла­ныс пен интер­нет қыз­мет­терін ұсы­ну арқы­лы өзінің қол­да бар ресур­ста­рын ком­мер­ци­я­лан­ды­ру мүм­кін­ді­гі­мен өте­луі мүм­кін екенін атап өткен жөн.

Кей­бір шетел­дік спут­ник­тер теле­ди­дар, интер­нет және ұялы бай­ла­ныс сиг­нал­да­рын бір уақыт­та тара­туға қабілет­ті. Мыса­лы, өткі­зу қабілеті жоға­ры және икем­ді спут­ник­тер­ді ұсы­на­тын Airbus және Thales Alenia Space сияқты ком­па­ни­я­лар­дың ұсы­ны­ста­ры еске­ру­ге тұрар­лық. Оның үстіне қазір­гі «KazSat‑2» және «KazSat‑3» спут­ник­тері ита­льян­дық Thales Alenia Space ком­па­ни­я­сы­мен бір­лесіп құра­с­ты­лған. Осы­лай­ша еуро­па­лық спут­ник­тер құны мен өнім­ділі­гі ара­сын­дағы оңтай­лы тең­герім­ді ұсы­на ала­ды, бұл Қаза­қстан­ның өсіп келе жатқан интер­нет қажет­тілік­теріне қатысты.

Елдің ұзақ мерзім­ді тұрақты­лы­ғы мен ұлт­тық қауіп­сізді­гінің мүд­де­лері үшін тех­но­ло­гия мен опе­ра­ци­я­лық сенім­ділік тұрғы­сы­нан қосым­ша арты­қ­шы­лы­қтар ұсы­на ала­тын нұсқа­лар­ды қарас­ты­ру маңы­зды. Ескір­ген тех­но­ло­ги­я­лар­ды таң­дау ұзақ мерзім­ді шығын­дар­дың өсуіне әке­луі мүм­кін. Мыса­лы, ком­по­нент­тер­ді жиі ауы­сты­ру қажет­тілі­гі неме­се нашар өткі­зу қабілеті.

Осы­ған бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық және ком­мер­ци­я­лық ұсы­ны­стар­ды баға­лау про­цесіне интер­нет­ті тара­ту функ­ци­я­сын енгі­зу ұсынылады.

«AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депутаттары

Тілек­тес Адам­бе­ков,

Үнзи­ла Шапақ

Республиканский еженедельник онлайн