Четверг , 3 июля 2025

Ежелгі ескерткіштерге ЕРЕКШЕ КҮТІМ КЕРЕК

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек Көшер­ба­евқа !

Елі­міз тари­хи ескерт­кі­ш­тер­ге бай. Бар­лық аймағы көне жәді­гер­лер­ге тола. Айта бер­сек, әрбір ауда­ны киелі орын­дар, күм­без­ді мекендер.

Мәсе­лен, бір Түр­кістан облы­сы­ның өзін­де Оты­рар­да Ары­стан баб, Соза­қта Ысқақ баб, Бәй­ді­бек­те Дома­лақ ана, Сай­рам­да сан­сыз баб­тар мекені бар. Сон­дай-ақ Төле би ауда­нын­да «Ғай­ып ерен, қырық шіл­тен», Түр­кістан­да Гауһар ана мен Үка­ша ата, Қазы­ғұрт­та Ақбу­ра, Соза­қта Қара­бу­ра мен Баба түк­ті Шашты Әзиз әули­е­лер жатыр. Көп­шілі­гі рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар тари­хи-мәде­ни ескерт­кі­ш­тер тізі­міне енеді.

Деген­мен, олар­ды күтіп ұстау бағы­тын­дағы жау­ап­кер­шілік жер­гілік­ті жер­де бір­де-бір меке­ме­ге жүк­тел­ме­ген. Сон­ды­қтан көп­шілі­гі қара­у­сыз. Ашық аспан астын­да жаң­быр суы­на шай­ы­лып, күн көзіне қақта­лып тұр. Мұның сал­да­ры тари­хи орын­дар­дың құла­у­ы­на әкеліп жатыр. Жуыр­да Созақ ауда­нын­дағы Ақсүм­бе ауы­лын­да орна­ласқан Ақби­кеш мұна­ра­сы­ның бір бөлі­гі опы­ры­лып қал­ды. VI ғасы­рға тие­селі тари­хи нысан 2020 жылы қыру­ар қар­жы­ға жөн­де­уден өткен болатын.

Тағы бір мәсе­ле – бүгін­де Бәй­ді­бек ауда­нын­дағы «Ақме­шіт» үңгірі жер­гілік­ті тари­хи мұра объ­ек­тілері тізі­мін­де тұр. Деген­мен, астын­дағы жері бір кез­дері жеке шару­а­шы­лы­ққа беріліп кет­кен. Сон­дай-ақ мұн­дағы Дома­лақ ана, Бәй­ді­бек ата, Қос ана секіл­ді кесе­не­лер мен тури­стік орын­дар жеке сек­тор мен­ші­гін­де қалып қой­ған. Бұл өңір­де­гі туризмді дамы­туға үлкен кедер­гі кел­тіріп отыр. Соның сал­да­ры­нан тек жабайы туризм мен заң­сыз кәсіп­кер­лік жұмыс істеп жатыр. Тіп­ті кей аза­мат­тар сол маң­ды қар­жы табу көзіне айнал­ды­рып алған. Тари­хи нысан­дарға келіп-кетіп жатқан тури­стер­дің есебін жүр­гізіп жатқан ешкім жоқ. Аталған мәсе­лені заң­да­стыр­сақ, Түр­кістан өңірін­де­гі туриз­мнің дамуы­на үлкен сеп­ті­гі тиер еді.

Ең алды­мен киелі орын­дар­ды күтіп ұстау жау­ап­кер­шілі­гін жер­гілік­ті ком­му­нал­дық меке­ме­лер­ге беруді ұсы­на­мын. Әрине, бұл тари­хи нысан­дар­дың жыл сай­ын ағым­дағы жөн­де­уден өтіп, аула­сы­ның таза тұруы­на, көгал­дан­ды­ры­луы­на үлкен мүм­кін­дік туғызады.

Екін­ші­ден, ҚР «Жер тура­лы» кодексі мен ҚР «Тари­хи-мәде­ни мұра объ­ек­тілерін қорғау және пай­да­ла­ну тура­лы» заң­да­ры­на өзгеріс енгі­зу қажет. Атап айтқан­да, тізім­ге енген тари­хи-мәде­ни мұра объ­ек­тілері мем­ле­кет иелі­гіне өту жөнін­де заң­да қаралған. Бұл жер­де тари­хи нысан­ды тұрған жері­мен бір­ге толық қабыл­дай­тын толы­қты­ру­лар мен өзгеріс енгі­зуді сұраймын.

Үшін­ші­ден, тури­стер мен зия­рат­шы­лар­дың есебін жүр­гізіп, олар­дан түс­кен қар­жы­ны арнайы ашы­лған қорға қабыл­дау қажет. Әрбір нысанға түс­кен қар­жы сол жер­дің қажет­тілік­терін өте­у­ге жұм­са­луы тиіс. Сон­дай-ақ әрбір нысанға арнайы кур­стар­дан өткен шырақ­шы-ГИД оты­рғы­зу жай­ын қолға алуы­мыз керек. Себебі кел­ген турист­ке, зия­рат­шы­ға сол маң­да болған тари­хи оқиға­лар мен киелі орын­дар тура­лы түсін­діріп, сау­ат­ты түр­де құран бағы­ш­та­са – мәде­ни­еті­міздің жанға­ны деп білемін.

Қазақ дала­сын­дағы әрбір тас пен топы­рақ – біздің тірі тарихы­мыз. Ал тарих­ты құр­мет­теу – бүгін­гі ұрпаққа жүк­тел­ген маңы­зды мін­дет. Аталған мәсе­лені наза­рға алып, орын­да­луы­на оң ықпал етуіңізді сұраймын.

Ұла­с­бек Сәді­бе­ков, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Мұрат Ергеш­ба­ев, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн