Четверг , 3 июля 2025

ДИҚАНҒА ДЕМЕУ БОЛА МА?

неме­се Көк­тем­гі дала жұмыста­ры­ның бары­сы және олар­дың өзек­ті мәсе­ле­лері туралы

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры

Ұлттық эко­но­ми­ка мини­стрі Серік Жұмаға­рин­ге!

Был­ты­рғы жыл фер­мер­лер үшін оңай бол­ма­ды: асты­қтың баға­сы түсіп кет­ті, қант қызы­л­ша­сы­ның өні­мін зауыт­тар өңдей алмай, едәуір көле­мі шіріп, дала­да қал­ды, суб­си­ди­я­лар толық көлем­де төлен­беді, несие жет­кілік­ті мөл­шер­де берілмеді.

Үкі­мет тиісті мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын іске асы­рға­ны­мен, ол шара­лар жет­кіліксіз бол­ды, кей­бір облыс әкім­дік­тері өздерінің тиісті ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын дұрыс жүр­гі­зе алма­ды. Осы орай­да мына негіз­гі мәсе­ле­лер­ге Үкі­мет­тің наза­рын аударғым келеді:

Бірін­ші. Был­тыр өткен бірін­ші Агро­фо­рум­да фер­мер­лер­ден тіке­лей астық сатып алуға 10 млрд тең­ге бөлі­неді деп уәде етіл­ді, алай­да сол ақша ақы­ры бөлін­беді. Себебі қандай?

Екін­ші. Фер­мер­лер­дің көк­тем­гі дала жұмыста­рын уақты­лы жүр­гізу­ге фор­варт­тық сатып алу үшін Азық-түлік келісім­шарт кор­по­ра­ци­я­сы­на бюд­жет­те қарас­ты­ры­лған 30 млрд тең­ге қара­жат­ты бөлу неге шешілмеуде?

Үшін­ші. Арзан­да­ты­лған дизель оты­ны­мен қам­та­ма­сыз ету­де біз өңір­лік опе­ра­тор­лар­дың дел­дал­дық қыз­мет­терін­сіз, тиісті нор­ма­тив­тік-құқы­қтық актілер­ді қабыл­дау арқы­лы фер­мер­лер сатып ала­тын отын­ды тіке­лей суб­си­ди­я­ла­уды дұрыс деп табамыз!

Төр­тін­ші. Фер­мер­лер­ді айна­лым қара­жа­ты­мен қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да биыл «Кең дала» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша дала жұмыста­рын қар­жы­лан­ды­руға 700 млрд тең­ге бөлу жос­пар­ланған, ал іс жүзін­де бүгін­гі күн­де 235 млрд тең­ге ғана бөлін­ген (34%), тіп­ті кей­бір облы­стар­да қара­жат мүл­дем бөлін­бе­ген. (Мыса­лы, Пав­ло­дар облы­сын­да «Кең дала‑1» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да қажет­ті 2 млрд тең­генің тек 300 млн тең­гесі ғана бөлін­ген (15%), ал «Кең дала‑2» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша қара­жат бөлу тура­лы шешім әлі қабыл­дан­баған. Дәл осын­дай жағ­дай Қараған­ды облы­сын­да орын алып отыр. Бұл өңір­дің де фер­мер­лері несие қара­жа­тын әлі алған жоқ.)

2025 жылы «Ауыл ама­на­ты» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да жал­пы сома­сы 50 млрд тең­ге­ге жос­пар­ла­нып, ол да бөлін­бей жатыр.

Бесін­ші. «Кең дала‑2» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы фер­мер­лер 22%-бен несие алды, оның сый­ақы мөл­шер­ле­месінің 6%-ын фер­мер өзі төлеп, 16% Үкі­мет төлей­тін суб­си­ди­яға қол жет­кі­зе алмай отыр. Бұл фер­мер­лер үшін орас­ан шығын және соның кесірі­нен қар­жы­лық қиын­ды­қтарға тап болуда.

Осы орай­да бұл қара­жат түбі мем­ле­кет бюд­жетіне қай­та түсетін болған­ды­қтан, неге фер­мер­лер­дің басын ауырт­пай, бір­ден мем­ле­кет пен аталған бағ­дар­ла­ма­лар опе­ра­тор­ла­ры өза­ра есеп­тес­пей­ді? Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің ақпа­ра­ты бой­ын­ша, бүгін­де суб­си­ди­я­ның фер­мер­лер­ге қары­зы 285,6 млрд тең­гені құрай­ды. Алай­да суб­си­дия бой­ын­ша қары­здар қашан толы­ғы­мен жабы­ла­ты­нын нақты­лап ешкім айта алмайды.

Бір қызы­ғы – фер­мер­ге уақы­ты­лы суб­си­ди­я­сын бер­ме­гені үшін ешқан­дай мем­ле­кет­тік орган жау­ап­кер­шілік алмай­ды, ал фер­мер неси­есін уақы­ты­лы қай­тар­ма­са, әр кешік­тіріл­ген күн үшін пеня төлей­ді. Бұл қалай? Бұл не деген әділетсіздік?

Алтын­шы. Қазір­гі уақыт­та фер­мер­лер неси­елік серік­те­стік­тер арқы­лы несие алған кез­де осы серік­те­стік­тің мүше­лері ара­сын­да бір­лес­кен жау­ап­кер­шілік деген ұғым бар, яғни бір фер­мер неси­есін қай­та­ра алма­са, оған серік­те­стік­тің қалған мүше­лері бар­лы­ғы жау­ап­ты. Осы бір­лес­кен жау­ап­кер­шілік деген талап­тың кесірі­нен көп­те­ген шару­а­лар несие ала алмай және сол серік­те­стік­тен шыға алмай жүр, ал кей­біре­уінің мүл­кі тіп­ті басқа­ла­ры­ның қары­зы үшін бұғат­та­лып тұр. Бұл мәсе­ле фер­мер­лер­дің қар­жы­лық жағ­дай­ы­на кері әсерін тигі­зу­де, сол себеп­тен бір­лес­кен жау­ап­кер­шілік деген талап­ты мүл­дем алып таста­уға ықпал етіңіз.

Жетін­ші. Қант қызы­л­ша­сы тура­лы: Был­тыр Жам­был мен Жеті­су облы­ста­ры 25,2 мың га қызы­л­ша егіп, 1,3 млн тон­на өнім жина­ды. Алай­да ол өнім толы­қтай өңдел­мей, біра­зы дала­да үйін­ділер­де, енді бір бөлі­гі тіп­ті танап­тар­да жинал­май қалып, фер­мер­лер қыру­ар шығы­нға бат­ты. Өйт­кені елі­міз­де­гі 4 қант зауы­ты­ның қуат­ты­лы­ғы мұн­дай мол өнім­ді өңде­у­ге жеткіліксіз.

Әрине, әкім­дік­тер «қызы­л­ша толы­ғы­мен жина­лып, зауыт­тарға өткізіл­ді» деп мәлі­мет береді, алай­да шын­ды­ғын­да нақты жағ­дай ондай емес. Мыса­лы, Жам­был облы­сын­да Мер­кі зауы­ты­на қабыл­данған 600 мың тон­на қызы­л­ша­ның 120 мың тон­на өні­мі қай­та өңде­у­ге жара­май, әлі күн­ге дей­ін зауыт­тың аумағын­да шіріп жатыр. Сон­дай-ақ бүгін­де сол зауы­тқа өткіз­ген өнім үшін мүл­дем қара­жат алмаған 60-тан астам фер­мер­лер бар.

Алы­нған өнім­ді толық өңдей алмау сал­да­ры­нан облы­стық әкім­дік­тер биыл қызы­л­ша алқа­бын 18,4 мың га дей­ін қысқар­ту­ды жос­пар­лап отыр. Осы­лай­ша, билік­тің ойын­ша, про­бле­ма­ны шешудің жолы – зауыт­тар­ды жөн­деп, олар­дың санын көбей­ту емес, егістік алқа­бын қысқар­ту. Сон­да фер­мер­дің 6,8 мың га қызы­л­ша есебі­нен ала алмаған пай­да­сын кім өтей­ді? Фер­мер­лер қызы­л­ша алқа­бын ұлғай­та­мыз деп қыру­ар ақшаға жаңа тех­ни­ка, құрал-сай­ман, жаб­дық сатып алды. Ол шығын­ды ненің есебі­нен жабады?

Келе­шек­те елі­міздің импорт­тық қан­тқа деген тәу­ел­ділі­гін жою үшін, зауыт­тар­да қант қамысы­нан емес, тек қызы­л­ша­дан ғана шыға­ры­луы тиіс. Сон­да ғана қызы­л­ша­ны қай­та өңдеу мәсе­лесі шешіледі және фер­мер­лер­дің қызы­л­ша­ны өсіру­ге деген ынта­сы артады.

Осы мәсе­ле­лер­ді шешу бой­ын­ша тиісті шара­лар қабыл­да­уы­ңы­зды сұраймыз.

«Ауыл» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­сы және

Аграр­лық мәсе­ле­лер жөнін­де­гі коми­тет мүше­лері аты­нан Жигу­ли ДАЙРАБАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн