Четверг , 24 апреля 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙМЕН «ОДАҚТАС МЕМЛЕКЕТ»БОЛАДЫ ДЕГЕН ЖАЛҒАН ақпаратқа тосқауыл қою керек!

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Е.Б.Көшербаевқа!

ҚР Ішкі істер мини­стрі Е.С.Саденовке!

Құр­мет­ті Ермек Бедел­бай­ұ­лы, даб­ыл қақ­пасқа амал жоқ. Өйт­кені ақпа­рат май­да­нын­да күн сай­ын жеңіліп жатыр­мыз. Ақпа­рат­тық гиги­е­на біз­де жоқ. Әле­умет­тік желіні ашсаң, бірін-бірі балағат­таған, жалған қау­е­сет тара­тып, «қан май­дан» болып жатқа­нын көріп оты­рған шығарсыздар?!

Бір ғана мысал: мес­сен­джер­лер­де «одақ­тас мем­ле­кет құру» тура­лы рефе­рен­дум өте­ді деген маз­мұн­дағы жалған ақпа­рат, фейк­тің өріс алға­ны сон­ша­лық, түр­лі про­ва­ка­ци­я­лық виде­о­лар өріп жүр. Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті мен сала­лық мини­стр­лік­тер­дің мін­деті – қау­е­сет­ті дер кезін­де жоққа шыға­рып, күмән­ді сайт­тар мен акка­унт­тар­ды қадаға­лау емес пе? Жүр­гізіліп жатқан жұмыстар өте әлсіз.

Екін­ші мәсе­ле – ақпа­рат­тық гиги­е­наға қаты­сты. Мем­ле­кет­тен мил­ли­ард­тар алып оты­рған мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры­ның өзі меди­а­эти­ка­дан жұр­дай. Көз­ге ілі­нетін ақпа­рат­тар­дың 90 пай­ы­зы өсек-дол­бар ғана. Кей­бір жур­на­лист, бло­гер­лер­дің кәсі­би­лі­гіне қар­ның аша­ды. Көп­шілі­гі өсек-аян­ның жете­гін­де жүр. Ресми ақпа­рат жоқ деген, жалған ақпа­рат тара­туға рұқ­сат деген сөз емес. Күдік­тіні сот қыл­мыс­кер деп тап­пай­ын­ша, сырт­тан үкім кесіп, дер­бес деректерін жари­я­лай салу белең алып бара­ды. Бұны да қадаға­лап, жұмыс жүр­гізіп, кей­бір БАҚ-тар­ды сүз­гі­ден өткі­зу керек.

Ішкі істер мини­стрінің наза­ры­на да айта­рым бар. Құқық қорғау орган­да­ры­на сенім­ді қалай күшей­те­міз? Қоғам­да болып жатқан оқиға­ларға қарап, күн сай­ын жағаң­ды ұстай­сың. Өзге түгілі, өзі­міздің сана­мы­зда «Біздің қоғам қауіп­сіз бе, жоқ па?» деген сұрақ туындайды.

Басқа­сын айт­паған­да, қоғам­да резо­нанс туды­рған Шер­заттың өлі­міне күдік­ті ретін­де қамалған­дар­дың СИЗО-да ән тың­дап, тәт­ті жеп, ұялы теле­фон пай­да­ла­нып, уай­ым­сыз ойнап-күл­генін көр­ген­де, басқа жер­де не болып жатқа­нын бір құдай біл­сін?! Айт­пақ­шы, Шер­заттың қаза­сы­на қаты­сты сот онлайн өтсін деген тала­бы­мыз орын­дал­ды, енді шешім­нің әділ болуын жау­ап­ты­лар қам­та­ма­сыз етуі керек.

Сон­дай-ақ әле­умет­тік желі­де елді алдай­тын ПРАНК дей­тін дүни­е­ге де шек­теу қоя­тын кез кел­ді-ау?! Арнайы жасақтың киі­мін киіп алып, той-туған күн­дер­ге кіріп барып, қол­да­ры­на кісен салып, өтірік қыз­мет­тік құжат көр­сетіп, соңын­да ПРАНК деп шыға­тын­дар елдің есін алып жүр. Ауру­ха­наға түс­кен­дер бар. Және мұның санаға әсер етіп жатқан сал­да­рын айтай­ын. Жақын­да шетел­дік бай­кер мото­цик­л­ші­ге бір қас­көй жанар­май бекетін­де екі рет пышақ сұққан­да, кей­бір куә­гер­лер «пранк шығар» деп ара­ша түс­пе­ген­дерін айтқан. Бұл жақ­сы тен­ден­ция емес.

Осын­дай әре­кет­тер Қаза­қстан­ның ими­джіне нұқ­сан кел­ті­ре ме? Кел­тіреді, әрине. Қазір бей­та­ныс біреу пышақ алып жүгір­се, «Бұл шын ба, әлде пранк па?» деп қарап тұра­тын­дар, қал­жы­ң­ды түсін­бей, қан қысы­мы көтеріліп, жүрек тал­ма­сы ұстаған фак­тілер де тір­ке­ле бастап­ты. «Ойын­нан от шықты» деген осы. Сон­ды­қтан уәкілет­ті мини­стр­лік аталған кон­тент­тің автор­ла­рын тауып, қатаң ескер­ту жасап, қол­да­рын­дағы қару­ла­рын тәр­кіле­уі керек.

Мақ­сат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн