Четверг , 24 апреля 2025

АЛЫПТАР ШОҒЫРЫ АЗАЙЫП БАРАДЫ

Қазақ әде­би­еті тағы бір орны тол­мас қаза­ға ұшы­ра­ды. Халқы­на әбден таны­мал жазу­шы, дра­ма­тург, сце­на­рист, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері Әкім Тара­зи 92 жасқа қараған шағын­да өмір­ден өтті.

Әкім Үртай­ұ­лы Әші­мов (Әкім Тара­зи) 1933 жылы 9 қыр­күй­ек­те Алма­ты қала­сын­да дүни­е­ге кел­ген. 1950 жылы Жам­был облы­сы Жаңа Тұр­мыс ауы­лын­да орта мек­теп­ті, одан соң 1957 жылы Абай атын­дағы Мем­ле­кет­тік педа­го­ги­ка­лық инсти­тут­тың фило­ло­гия факуль­тетін аяқтап, 1957–1959 жыл­да­ры туған ауы­лын­дағы өзі оқы­ған мек­теп­те орыс тілі және әде­би­еті пәнінің мұғалі­мі қыз­метін атқар­ды. 1960–1962 жыл­да­ры Мәс­кеу қала­сын­дағы Жоға­ры сце­нар­лық кур­ста оқы­ды. Әр жыл­да­ры «Лите­ра­тур­ная газе­та» басы­лы­мы­ның Қаза­қстан­дағы мен­шік­ті тіл­шісі, «Қаза­қ­фильм» кино­сту­ди­я­сы­ның бас редак­то­ры, Қаза­қстан Кине­ма­то­гра­фи­стер одағы­ның бірін­ші хат­шы­сы, Қазақ КСР Кине­ма­то­гра­фи­стер одағы­ның хат­шы­сы, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның хат­шы­сы, Мәде­ни­ет мини­стрінің кеңес­шісі, «Қар­жы-қара­жат» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Қазақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы­ның про­фес­со­ры, Аста­на қала­сын­дағы Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы фили­а­лы­ның жетек­шісі болып жау­ап­ты қыз­мет­тер атқарды.

Әкім Тара­зидің «Тасжарған», «Қорқау жұл­дыз», «Шер», «Қия­нат», «Мұста­фа Шоқай», «Москва – Бала­саз» роман­да­ры, «Ауыл шетін­де­гі үй», «Тәж», «Махаб­бат жыры», «Көк аспан­да қырағы көз бар», т.б. әңгі­ме-эссе­лері мен пове­стері, «Жолы болғыш жігіт» пье­са­лар жинағы, сон­дай-ақ 12 том­дық шығар­ма­лар жинағы жарық көр­ді. Оның сце­на­рий­лері бой­ын­ша түсіріл­ген «Тұл­пар­дың ізі», «Арман – ата­ман», «Қараш-Қараш оқиға­сы», «Мұста­фа Шоқай», «Қыз­жы­лаған» фильм­дері қазақ кино­сы­ның «алтын қоры­на» енді.

Көр­нек­ті қалам­гер­дің «Күл­мей­тін коме­дия», «Жақ­сы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, пері­ш­те, махаб­бат», «Індет», «Махам­бет», «Лай­нер», «Үкілі жұл­дыз», «Қыз махаб­ба­ты» және өзге де дра­ма­тур­ги­я­лық шығар­ма­ла­ры елі­міздің театр сахна­ла­рын­да қой­ыл­ды. Жазу­шы­ның көп­те­ген туын­ды­ла­ры орыс, қытай, поляк, бол­гар және ағы­л­шын тіл­деріне аударылған.

Әкім Тара­зи Н.Я. Бичу­рин­нің «Ежел­гі уақыт­та Орта Ази­яда өмір сүр­ген халы­қтар тура­лы мәлі­мет­тер жинағы» («Собра­ние све­де­ний о наро­дах, оби­тав­ших в Сред­ней Азии в древ­ние вре­ме­на») және «Шыңғыс әулеті­нен шыққан алға­шқы төрт хан­ның тарихы» («Исто­рия пер­вых четы­рех ханов из дома Чин­ги­зо­ва») атты тари­хи ғылы­ми-зерт­теу еңбек­терін, сон­дай-ақ Ф. Раб­ленің «Гар­ган­тюа және Пан­тагрю­эль» рома­нын қазақ тіліне тәржімалаған.

Туған халқы­ның әде­би­еті мен мәде­ни­етін дамы­ту мақ­са­тын­да өмір бойы ізденіп өткен қалам­гер­дің еңбе­гі мем­ле­кет және қоғам тара­пы­нан жоға­ры баға­лан­ды. 1994 жылы ол «Құр­мет» ордені­мен мара­пат­тал­са, 1997 жылы оған «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері» атағы беріл­ді, ал 2002 жылы Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты атан­ды. 2011 жылы Пра­га қала­сын­да Франц Каф­ка атын­дағы Халы­қа­ра­лық әде­би сый­лы­қ­пен мара­пат­та­лып, сол жылы Англи­яда «Қорқау жұл­дыз» рома­ны ағы­л­шын тілін­де жарық көр­ді. 2015 жылы Әкім Тара­зи «Отан» ордені­мен мара­пат­та­лып, 2021 жылы ол өнер және әде­би­ет сала­сын­дағы жетістік­тері үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жоға­ры дәре­желі үздік награ­да­сы – «Қаза­қстан­ның Еңбек Ері» атағы­ның иегері атанды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев аса көр­нек­ті жазу­шы, дра­ма­тург, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері Әкім Тара­зидің қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты оның жұбайы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері Роза Мұқа­но­ва мен бала­ла­ры­на көңіл айтты.

«Әкім Тара­зи бүкіл сана­лы ғұмы­рын сөз өнеріне арнаған, төл әде­би­еті­міз бен мәде­ни­еті­мізді төр­ге озды­рған ұлты­мы­здың бір­ту­ар пер­зен­ті еді. Дарын­ды қалам­гер қазақ про­за­сы­ның көк­жи­егін кеңейт­ті, ұлт­тық кино және дра­ма­тур­гия сала­сы­на өлше­усіз үлес қосты. Асыл мұра­ты­нан ешқа­шан айны­маған қалам иесін көзі қарақты оқыр­ман «Әде­би­ет әле­мінің Әкі­мі» деп ардақ тұт­ты, зия­лы қауым оның шығар­ма­шы­лы­ғы­мен қатар адам­гер­шілік қаси­ет­терін ерекше баға­ла­ды. Өне­гелі өмір сүріп, соңы­на мол мұра қал­ды­рған Әкім Тара­зидің жарқын бей­несі халқы­мы­здың жүре­гін­де мәң­гі сақта­ла­ды», – делін­ген жеделхатта.

Жыл басын­да қазақ руха­ни­я­ты ауыр қаза­ға ұшы­рап, Мұх­тар Маға­у­ин, Мекем­тас Мыр­за­хметұлын­дай қос алы­бы­мен қоштасқан еді. Енді, міне, ұлт­тық әде­би­ет, кино мен дра­ма­тур­ги­я­ның дамуы­на өлше­усіз үлес қосқан тағы бір алып – Әкім Тара­зи аға­мыз бақиға аттан­ды. Қан­ша ауыр бол­са да, шын­дық – алып­тар шоғы­ры азай­ып барады!

Алай­да Алла­ның бұй­ры­ғы­на не шара! Тек қарым­ды қалам­гер­дің қала­мы­нан туған шоқты­ғы биік шығар­ма­ла­ры мен тари­хи- фило­фи­я­лық, әле­умет­тік тақы­рып­тар­ды терең қозғаған туын­ды­ла­ры ұзақ жыл­дар халқы­мы­здың руха­ни аза­ғы­на айна­ла­ды деген сенім ғана көңіл­ге медеу. Ләй­ім солай болғай!

«Дат» газеті редак­ци­я­сы­ның ұжы­мы қай­ғы­лы қаза­ға орай «Әде­би­ет әле­мінің Әкі­мі» атанған аға­мы­здың жары Роза Мұқа­но­ваға, бала­ла­ры мен туған-туы­ста­ры­на, әріп­тес інілеріне терең қай­ғы­ру­мен көңіл айтады.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн