Понедельник , 5 мая 2025

«НАЗАРБАЕВТЫҢ БҰЛБҰЛЫ»

кімнің қамын күйттеп жүр?

«Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы­ның» төраға­сы сана­ла­тын Ерті­с­ба­ев­тың туған жері Қарағанды­да жер мен құры­лы­сқа қаты­сты дау шығып, бұл жағ­дай оны қат­ты толқы­тқа­ны сон­ша – тіп­ті жер­гілік­ті халық нара­зы­лы­ғын өзі бастап жібе­ру­ге дай­ын сияқты көрінді.

Бірақ Ерті­с­ба­ев бұл жер­де бір жайт­ты ескер­мей отыр: Қарағанды­да халы­ққа ортақ жер­лер­дің заң­сыз жеке­мен­шік­ке өтіп кету тәжіри­бесі дәл сол Назар­ба­ев­тың билі­гі кезін­де басталған, ал Ерті­с­ба­ев сол кез­де жоға­ры лау­а­зым­дар­да болған. Сол уақыт­та қараған­ды­лы­қтар талай рет Ерті­с­ба­евқа хат жазып, осы заң­сызды­қты тоқта­ту­ды сұраған. Бірақ ол кез­де Ерті­с­ба­ев халы­қтың бұл үнде­уіне құлақ аспай, ешқан­дай реак­ция білдірмеген.

Ал енді не себеп­ті Ерті­с­ба­ев дәл қазір осы жер телі­мін қорға­уға бел­сеніп кірісіп кет­ті? Ол жер­дің Орта­лық саябаққа жат­пай­ты­ны­на 25 жыл­дан астам уақыт болға­ны бел­гілі. Бұл сұраққа жау­ап­ты Ulysmedia.kz тіл­шісі іздеп көрді.

САЯСАТКЕР НЕНІ УАЙЫМДАП ЖҮР

«Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы» сай­лау бол­маған кез­де немен айна­лы­са­ды?» деген сұраққа елі­міз­де­гі он адам­ның бесе­уі нақты жау­ап бере алмай­ты­ны анық. Бұл – пар­ти­я­ның төраға­сы, кезін­де ақпа­рат мини­стрі, ішкі сая­сат мәсе­ле­лері бой­ын­ша тұңғыш пре­зи­дент­тің кеңес­шісі болған, тіп­ті шешен­ді­гі үшін «Назар­ба­ев­тың бұлбұ­лы» атанған Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев үшін жай ғана олқы­лық емес, бұл – кәсі­би шебер­лі­гін жоғал­ту­дың көрінісі.

Мұның бәрі Ерті­с­ба­ев­тың YouTube-тағы «Ertysbaev Life» арна­сын­да 93 мың жазы­лу­шы, 2,5 мың­нан астам бей­не­жа­з­ба бол­са да, пар­ти­я­ның нақты сая­си бағы­ты көрін­бей­тінін аңғар­тып отыр. Елде­гі ең өзек­ті тақы­рып­тарға бай­ла­ны­сты пікір біл­ді­ру арқы­лы таны­мал болуға тыры­сқа­ны­мен, бұл әре­кет­тер нәти­же бере бер­мей­ді. Мыса­лы, Бишім­ба­ев ісіне қаты­сты жасаған мәлім­де­месі жұрт­тың ашуын туғы­зып, көп­те­ген теріс пікір мен диз­лайк жина­ды. Себебі Ерті­с­ба­ев бұл тақы­рып­та бала­ма көзқа­рас таны­тқан болатын.

Бірақ күт­пе­ген жер­ден Ерті­с­ба­ев­тың бағы жанған­дай бол­ды. «Қарағанды­дағы Орта­лық саябақты шене­унік­тер жой­мақ­шы. «Халық пар­ти­я­сы» құры­лы­сқа қар­сы!» деген дау­лы ата­у­мен жари­я­ланған бей­не­жа­з­ба бір­не­ше күн бұрын жари­я­ла­нып, пре­мье­ра алдын­да-ақ 10 мың­нан астам қара­лым жинап үлгер­ді. Сая­сат­кер үшін бұл – көп­тен күт­кен ақпа­рат­тық «бум» іспетті.

– Менің аты­ма Қарағанды­дағы Орта­лық саябақтың төңіре­гін­де­гі жағ­дай­ға ара­ла­су­ды сұраған Қаза­қстан сәу­лет­шілер одағы­ның Қараған­ды облы­стық ұйы­мы­нан ресми хат кел­ді. Бұл саябақ – мен үшін туған жерім Қарағанды­мен етене бай­ла­ны­сы бар адам ретін­де ең жылы, жеке естелік­тер­ге толы орын, – деп, Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев бұл мәсе­ле­ге неге ерекше мән беріп оты­рға­нын эмо­ци­я­лық түр­де жеткізді.

– Сәу­лет­шілер – біздің қала­мы­здың кел­бетін жыл­дар бойы қалып­та­сты­рып кел­ген жан­дар. Олар маңы­зды мәсе­ле көтеріп отыр, мен олар­ды жақ­сы түсі­не­мін. Себебі бұл жер­де әңгі­ме жай ғана саябақ тура­лы емес, қала­ның жүре­гін­дей жасыл кеңістік­ті, оның рухы мен сим­во­лын жады­мы­здан өші­ру әре­кеті тура­лы болып отыр. Бұл – ата-баба­мыз тұрғы­зып, біз­ге мұра етіп қал­ды­рған құн­ды­лық, – деді Ертісбаев.

ҚОС СТАНДАРТ ПА?

Осы тұста архи­тек­ту­ра сала­сы аты­нан сөй­леп оты­рған Сәу­лет­шілер одағы­ның мүше­сі Қай­рат Жиен­ба­ев­тың үнде­уі жари­я­лан­ды. Ұзақ түсінік­те­ме­ден кей­ін, не себеп­ті облы­стық сәу­лет­шілер ұйы­мы нақты «Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы­на» жүгі­нуді жөн көр­генін баян­дап, Қай­рат Жаз­кенұ­лы ашық мәлім­де­ме жасады:

– Қарағанды­дағы Орта­лық саябақта жүріп жатқан құры­лыс –заң­сыз. Иә, 2023 жылы әкім­дік егжей-тег­жей­лі жос­пар­лау жоба­сын өзгерт­кен дей­ді. Бірақ бұл да заң­сыз, себебі ол бас жос­парға қар­сы келіп отыр. Бас жос­пар бой­ын­ша бұл жер­де тұрғын үй салы­нуы тиіс деген бел­гі ешқа­шан бол­маған, – деді ол.

Шынын­да да, қала­ның қай жерін­де не салуға бола­ты­нын сәу­лет­шілер­ден артық білетін ешкім жоқ. Алай­да мәсе­ле мына­да: Қай­рат Жиен­ба­ев – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген сәу­лет­шісі, әрі 90-жыл­дар­дың соңы мен 2000-жыл­дар­дың басын­дағы «жер және құры­лыс дауы­на» тап кел­ген кезең­де Қараған­ды қала­сы­ның бас сәу­лет­шісі болған. Сол тұста көп­те­ген жер телім­дерінің жеке­мен­шік­ке берілуін рас­тай­тын құжат­тар­дың бірқа­та­ры­на оның қолы қойылған.

Мәсе­лен, 2007 жылғы 16 шіл­де­де жер телім­дерін беру жөнін­де­гі комис­сия қабыл­даған қоры­тынды­да Қай­рат Жиен­ба­ев­тың қолы тұр. Ол құжат бой­ын­ша «Имп­экс» ЖШС-не Қазы­бек би атын­дағы аудан, Орта­лық мәде­ни­ет және дема­лыс саябағы аумағын­да орна­ласқан «Қиял әле­мі» ойын-сауық орта­лы­ғы­ның аумағын кеңей­ту үшін жер телі­мі жеке­мен­шік­ке берілген.

Бүгін­де «заң­сыз құры­лы­сқа қар­сы шыққан тұлға­ның кезін­де дәл сол про­це­стер­ге қаты­сқа­нын еске­ре оты­рып, қоғам тара­пы­нан қос стан­дарт қол­да­ны­лып отыр ма?» деген логи­ка­лық сұрақ туындайды.

Сол кез­де Қай­рат Жиен­ба­ев­ты саябақ жер­лерінің жеке­мен­шік­ке заң­сыз берілуі онша алаң­дат­паған сыңай­лы. Айт­пақ­шы, ол Қараған­ды­ның бас сәу­лет­шісі қыз­меті­нен жағым­сыз себеп­пен – про­ку­ра­ту­ра тек­серісі­нен кей­ін, парақор­лық сипа­тын­дағы әре­кет­тері үшін боса­ты­лған. Тек­се­ру қоры­тындыс­ын­да қадаға­ла­у­шы орган оған тәр­тіп­тік жаза қол­да­ну­ды талап еткен. Себебі Қай­рат Жаз­кенұ­лы Склад­ская көше­сін­де өндірістік нысан салуға арналған жер телі­мі бой­ын­ша бір кәсі­по­рын­ның құжат­та­ры­на қол қой­ған, бірақ ол жер бұрын басқа кәсіп­кер­ге беріліп қой­ған екен.

Осы жағ­дай­дан кей­ін жер­гілік­ті басы­лы­мға бер­ген сұх­ба­тын­да Жиен­ба­ев былай деп ақталған:

– Мен бұл тура­лы біл­медім, себебі қазір ешқан­дай комис­си­я­ның мүше­сі емес­пін. Қолы­ма құжат­тар­дың бір қап­та­ма­сын әкеліп бер­ді. Мен асы­ғыс бол­дым, әр қағаз­дың маз­мұ­ны­на үңілу­ге уақыт бол­ма­ды. Тек «бәрі дұрыс па» деп сұра­дым. Маған «иә, бәрі дұрыс» деді. Сосын қол қойдым.

ЖЕР ДАУЫ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗДЫҚ

90-жыл­дар мен 2000-жыл­дар­дың басын­да Қараған­ды шене­унік­тері ара­сын­да кең тараған бір тәжіри­бе – құжат­тар­ды мән бер­мей, көз­бен көр­мей-ақ қол қою ақы­ры жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың заң­ды­лы­қты жер­гілік­ті дең­гей­де ізде­удің мәні жоқ екенін түсі­нуіне алып кел­ді. Сөй­тіп, олар даб­ыл қағып, орта­лық билік­ке жап­пай шағым­да­нуға мәж­бүр болды.

Ол кезең­де жал­пы халық игілі­гіне тиесілі жер­лер­дің заң­сыз саты­луы­на қар­сы қоғам­дық қозға­лы­сты Қараған­ды облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның бұры­нғы бір­не­ше шақы­ры­лы­мы­ның депу­та­ты, кей­ін­нен қоғам қай­рат­кері атанған, қазір өмір­ден өткен Дмит­рий Мака­ро­вич Бой­ко басқарған болатын.

Қарағанды­дағы «жер­ге қаты­сты заң­сызды­қты» тоқта­ту­ды талап еткен Д.Бойко құра­с­ты­рған арыз-шағым­дар облы­стық про­ку­ра­ту­ра­дан бастап, Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне дей­ін­гі бар­лық дең­гей­де­гі уәкілет­ті орган­дарға тұрақты түр­де жіберіліп тұрған.

Бір сұх­ба­тын­да ол Қараған­ды­ның орта­лы­ғын­да 400-ден астам жер телі­мінің заң­сыз саты­лға­нын, ал ондаған учас­кенің мүл­де рұқ­сат­сыз басып алы­нға­нын айтқан. Қала­да тро­туар мен көпқа­бат­ты үйлер­дің тере­зе­лерінің түбіне сауда үйлері салы­нып, Орта­лық саябақтың ішін­де 100-ге жуық эли­та­лы зәулім үйлер пай­да болға­нын, олар­дың құры­лы­сы үшін жүз­де­ген жыл­дар бойы өскен аға­штар оталға­нын айтқан. Сол кезең­де Бота­ни­ка­лық бақты да жою про­цесі басталған.

Бой­ко­ның қолын­да парк­тен бөлін­ген жер­ге салы­нған зәулім кот­те­дж­дер­дің иелерінің тізі­мі болған. Ол тізім­де про­ку­ра­ту­ра, поли­ция бас­шы­лы­ғы, түр­лі дең­гей­де­гі әкім­дік өкіл­дері сияқты бел­гілі адам­дар­дың аты-жөн­дері тұрған.

Алай­да сол уақыт­та 2000–2002 жыл­да­ры Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің қоғам­дық-сая­си бөлі­мін басқарған, кей­ін ішкі сая­сат бой­ын­ша кеңес­ші әрі ақпа­рат мини­стрі болған Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев­ты қараған­ды­лық жер­ле­стерінің бұл шағым­да­ры аса алаң­дат­паған сияқты.

Бой­ко ол кез­де бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на бір­не­ше рет сұх­бат беріп, «жер­гілік­ті билік­ке тұрғын­дар­дың сөзі әсер етпей­ді, ал рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі бас­шы­ларға үн қату мүм­кін емес» деген өкіні­шін ашық біл­дір­ген еді.

– Бұл жер­де Жер кодексінің бір емес, кемін­де төрт бабы – 26, 33, 108 және 109-бап­тар, сон­дай-ақ бірқа­тар нор­ма­тив­тік құжат­тар бұзы­лып отыр. Қоғам­дық пай­да­ла­ну­дағы жер­лер­ге алаң­дар, тро­туар­лар, саябақтар, сквер­лер, көше­лер мен орман алқап­та­ры жата­ды. 2007 жылы қала­лық әкім­дік жеке­мен­шік­ке беру­ге бол­май­тын жер телім­дерінің нақты тізі­мін бекіт­кен, оған аула­лар мен үйдің ішкі аумақта­ры да кір­ген. Бірақ осы­ған қара­ма­стан, кей­ін­гі жыл­да­ры тұрғын үйлер­ге нешетүр­лі қосалқы құры­лы­стар жап­сы­ры­лып, «хру­щев­ка­лар­дың» айна­ла­сын­дағы кіш­кен­тай жер­лер­ге жаңа ғима­рат­тар салы­нып кет­ті. Яғни, шене­унік­тер заң талап­та­рын да, өздері бұрын қабыл­даған шешім­дер­ді де белі­нен басып отыр, – деген еді заң­на­ма­ны жақ­сы білетін Бойко.

ӨТКЕНГЕ ҚАРАМАЙТЫН КҮРЕС

Осы себеп­ті бүгін­гі күні сая­сат­кер Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев пен сәу­лет­ші Қай­рат Жиен­ба­ев­тың қызу үнде­улері мен бел­сен­ділі­гі көп­шілік­тің көзіне қызық көрініс ретін­де қабыл­да­ну­да. Себебі шама­мен ширек ғасыр бұрын дәл осы еке­удің өздері бұл мәсе­ленің бастау алуы­на тіке­лей не жана­ма түр­де қаты­сы болған. Ал бүгін­де олар сол про­бле­ма­мен күресіп жатқан бел­сен­ділер­дің кебін киіп отыр. 

– Қарағанды­дағы Орта­лық саябақтың дәл орта­сын­да, кезін­де шах­тер­лер мен олар­дың отба­сы­ла­ры 90 жыл бұрын ағаш оты­рғы­зған жер­ге құры­лыс ком­па­ни­я­сы эли­та­лық тұрғын үй кешенін салға­лы жатыр, – дей­ді Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев. Сая­сат­кер­дің айтуын­ша, жасыл аймақ сүріледі, сал­да­ры­нан бар болға­ны 150 гек­тар аумағы бар саябақтың 15,5 гек­та­ры жойылады.

Алай­да Ерті­с­ба­ев 90-жыл­дар­дың соңы мен 2000-жыл­дар­дың басын­да Қарағанды­дағы Орта­лық саябақ қан­ша гек­тар жері­нен айы­ры­лға­нын бұл жолы сөз етпе­ді. Ол бұл мәлі­мет­тер­ді «Қараған­ды­ның тума­сы» ретін­де біл­се де, қазір өткен­ді қаз­ба­лау оның мүд­десіне сай кел­мей­тіні анық.

Айта кетей­ік, қазір­гі «халық мүд­десін қорғау» тақы­ры­бы­на себеп болып оты­рған жер телі­мі соңғы 15 жыл­дан бері бос жатқан. Бұл жағ­дай «Айя қиял әле­мі» аттрак­ци­он­дар саябағы жабы­лған кез­ден басталған.

Мұн­да орын­ды сұрақ туа­ды: осы 15 жыл ішін­де бұл жер жеке­мен­шік болып, қара­у­сыз қалған кез­де бүгін­де құры­лы­сты тоқта­ту­ды талап етіп жүр­ген тұлға­лар­дың бір­де-бірі оны қала­ның мен­ші­гіне қай­та­руға ниет біл­дір­ме­ген. Ал жер­дің қазір­гі иесі оны басқа жеке кәсіп­кер­ге сатқан сәт­те бәрі дүр ете қал­ды – оның ішін­де бұл жер­дің жеке­ге өтуіне өзі тіке­лей қаты­сы бар неме­се үнсіз келісім бер­ген­дер де нара­зы­лар­дың алды­ңғы шебі­нен табылды.

Бұл ара­да бұры­нғы ойын-сауық орта­лы­ғы­ның аумағын сатып алған жаңа иесі тұрғын үй кешенінің құры­лы­сы парк эко­жүй­есіне еш зиян кел­тір­мей­ді деп сен­діріп отыр.

– Көл біздің жер телі­мі­нен 200 метр қашы­қта орна­ласқан, сон­ды­қтан оған ешқан­дай қауіп төн­бей­ді. Біз жер асты пар­кинг қаз­бай­мыз, тұрақ екі қабат­ты жер үстін­де бола­ды, – деді құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның өкілі тұрғын­дар­мен кездесуде.

Ком­па­ния өкілінің айтуын­ша, маман­дар­дың ұсы­ны­ста­ры негізін­де цирк пен Ленин атын­дағы кино­те­атр маңын­да 278 сау аға­шты көші­ру жұмысы аяқталған. Соны­мен қатар құн өте­мақы­сы ретін­де тағы 4700 түп ағаш отырғызылады.

– Жал­пы аумағы 5 гек­тар бола­тын жер телі­мі­нен біз 2 гек­та­рын қалаға тегін қай­тар­дық, оның нары­қтағы баға­сы – шама­мен 1,5 мил­ли­ард тең­ге. Бұл аймақта ком­па­ни­я­ның өз қара­жа­ты есебі­нен абат­тан­ды­ру жұмыста­ры жүр­гізіледі: зама­на­уи және эко­ло­ги­я­лық шағын архи­тек­ту­ра­лық фор­ма­лар орна­ты­ла­ды, сон­дай-ақ саябақтағы вор­ка­ут-аймақтар жаңар­ты­ла­ды. Тұрғын үй кешені аумағы­ның шама­мен 1 гек­та­ры көгал­дан­ды­ры­ла­ды, – деп уәде бер­ді құры­лыс компаниясы.

Ulysmedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн