Суббота , 17 мая 2025

ЕРМЕК «ЕРІГІП» ЖҮР МЕ?

Әлде оны біре­улер елік­тіріп жүр ме? Қоғам бел­сен­дісін қамау билік­ке қан­ша­лы­қты қажет еді?

• Соңғы 10 жыл­да екі рет түр­ме­де оты­рып шыққан («сая­си реце­ди­вист» деу­ге бола­ды) Ермек Нарым­бай бес күн­дік әкім­шілік қамау жаза­сы­на тар­ты­лып, енді­гі абақты­дан шығып та үлгер­ді. Бірақ осы бір осқы­ры­нып жүр­ген жігіт­тің сая­си-қоғам­дық қыз­меті тура­сын­да бірер ауыз «бір­деңе» жаза­тын кез кел­ген сияқты.

Ермек­ті тағы да не үшін қама­ды? Сиы­рқұй­ым­шақтат­пай, тура­сын айтар бол­сақ, қоғам бел­сен­дісі бұры­нғы сот­тың шеші­мін орын­да­маға­ны үшін деген желе­умен қоғам­дық қыз­меті үшін қамал­ды (қаз-қал­пын­да):

«…За неис­пол­не­ние реше­ния суда» деп, тұжы­рым жасаған про­ку­ра­ту­ра­ның айтуы­мен сот шығарған қаулы­ға көңіл ауда­рай­ық (қазақ тілін­де дұрыс ресми аудар­ма­сын тап­паған соң, орыс­ша нұсқа­сы­на жүгініп отырмын):

«В целях недо­пу­ще­ния подоб­ных дей­ствий с его сто­ро­ны и вос­ста­нов­ле­ния соци­аль­ной спра­вед­ли­во­сти и вос­пи­та­ния лица, совер­шив­ше­го пра­во­на­ру­ше­ние, а так­же пре­ду­пре­жде­ния совер­ше­ния новых пра­во­на­ру­ше­ний, как самим пра­во­на­ру­ши­те­лем, так и дру­ги­ми лица­ми, суд счи­та­ет пра­виль­ным под­верг­нуть Нарым­бай Е.Е. адми­ни­стра­тив­но­му взыс­ка­нию в виде адми­ни­стра­тив­но­го аре­ста сро­ком пять суток», – гово­рит­ся в поста­нов­ле­нии суда.

Иә, жоғарғы инстан­ци­я­лар бұз­баған сот үкі­мі заң тұрғы­сын­да қабыл­да­на­ды, яғни Нарым­бай­ды ноқта­ла­удың заң­ды негізі бар деген сөз. Бірақ про­ку­ра­ту­ра мен сот Ермек­ті бес күн­ге еркі­нен айы­рған­да, сая­си және атқа­ру­шы билік­ті «под­ста­вить» етіп, бұл қамаудың түп-тамы­рын сая­сат­тың ісіне ауда­ра салған. Осы­дан кей­ін Ермек Нарым­бай­ды қоғам­дық қыз­меті үшін қамал­ды демес­ке дәр­мен болмайды.

Көп­шілік­тің есін­де бол­мауы мүм­кін, 2023 жылғы 19 қыр­күй­ек­те Қона­ев қала­лық соты­ның шеші­мі­мен Е.Нарымбайдың қоғам­дық қыз­мет­пен айна­лы­суы­на тый­ым салы­нып, әле­умет­тік-сая­си тақы­рып­та жари­я­ла­ным­дар жаса­уы­на шек­теу қой­ы­лған. Бұған дей­ін ол АЭС жөнін­де­гі рефе­рен­ду­мға қар­сы акци­я­ла­ры үшін әкім­шілік қамауға алы­нған еді. 2022 жылы қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар оны «сая­си тұтқын» деп таныған.

Осы­дан кей­ін Нарым­бай қоғам­дық-сая­си қыз­меті үшін қамалға­нын тәп­ті­ш­теп жату қажет бол­мас. Деген­мен, оны қамаудың әкетіп бара жатқан қажет­тілі­гі жоқ еді. Қоғам­дық тұрғы­да өз алды­на бұлқан-талқан боп жүр­ген, не сая­си ұйы­мы жоқ, не қоғам­ды қар­сы­лық қозға­лы­сы­на бастап шығуға сер­ке болуға ықы­ла­сы аз адам­ды жеке пікірі үшін жау­а­пқа тар­ту – ақыл­дың ісі бол­ма­са керек. Бұл әкім­шілік қамау қоғам­дағы қар­сы­лы­ққа май құй­ған­нан басқа, билік үшін пай­да әкел­месі анық. Оның үстіне Нарым­бай сияқты қоғам­дық бел­сен­ділер­мен про­ку­рор­дың тілін­де емес, ең алды­мен жер­гілік­ті билік­тің ішкі сая­сат бөлім­дері сөй­ле­су керек болатын.

Құдай­шы­лы­ғым­ды айт­сам, Ермек­тің соңғы кез­дер­гі ФБ-жаз­ба­ла­ры «хайп қуу­дың» төңіре­гін­де­гі дүни­е­лер еді. «Мені үйт­келі жатыр, сүйт­келі жатыр, есі­гім­ді поли­ция торуыл­дап жүр, әне қамай­ды, міне қамай­ды» деп, сот­тан үш-төрт күн бұрын Нарым­бай «Фейс­бук­та» жар сал­ды. Ешкім­нің айда­уы­мен емес, өз бетің­мен қоғам­дық іспен айна­лы­суға бел буған кез­де «қуғы­нға түстім» деп, қоғам­нан жан­са­уға ізде­удің қажеті қан­ша? Өзіңнің аза­мат­тық шеші­міңе өз жігіт­тік жігерің­мен жау­ап бере біл­ген жөн.

Деген­мен, жала­у­ла­тып жүр­ген жақ­та­сы бар қоғам бел­сен­дісі­мен сол ара­лы­қта: «Ойбай, саған не бол­ды?!» деп сөй­лес­кен ішкі сая­сат­тың бір қыз­мет­шісі тағы да бол­ма­ды. Оның үстіне «сөз­ге шақы­рам, сөй­ле­сей­ік, айта­рым бар» деп, билік­тің бір өкілін жалғыз өзі алқын-жұлқын диа­ло­гқа шақы­рып жүр­геніне біраз бол­ды. Укра­и­наға өз беті­мен «қашқын­ды­ғы­нан» кей­ін, Қаңтар оқиға­сы қанат­тан­ды­рып, өз еркі­мен елге қай­тып келіп: «Мен қоғам мен билік­тің ара­сы­на көпір болу үшін орал­дым…» деп жүр­ген бел­сен­дінің сөзін жер­гілік­ті билік­тің бір ада­мы тың­да­уы керек-ті. Алма­ты­да тың­дай­тын адам жоқ екен деді ме, Аста­наға келіп, екі күн­нің бірін­де әлем­желіні жел­пітіп жүрді.

«Құдай­дың жарық күнін­де неге топан­су қап­та­тып жүр­сің, не айт­пақ­шы­сың?!» деп, бел­сен­ді­мен бет­те­су­ге ықы­лас таны­тқан бір ішкі сая­сат­шы­ны көр­медім. Бірақ Укра­и­на­дан Қаза­қстанға қай­там деген кезін­де мен Ермек­тің өзіне айтқан едім: «Ақор­да мен «Қара­ор­да» (қоғам) ара­сын­дағы сенің бітім­гер­шілік қыз­метіңе зар болып оты­рған билік жоқ, аван­тю­ра­дан абай бол!» деп.

Айт­пақ­шы, «мені қамаға­лы жатыр» деп Нарым­бай науқан шақы­рар алдын­да, билік­те­гі білек­ті бір тұлғаға теле­фон соқтым: «Бұл сот Ермек­тер­ді есір­те­ді ғой, қоғам­шыл­ды қамау кері реак­ция туды­ра­рын түй­сі­нетін уақыт бол­ды ғой?!» деп.

Сон­дағы жау­а­пқа қар­сы уәжім бол­ма­ды: «Аға, бұған дей­ін Ермек­ті екі рет қамауға алмақ болған­да, ара­ша түсіп, алып қалған едім. Құқық қорғау орган­да­ры­ның ісіне тағы да ара­лас­сам, «Нарым­бай­дың лоб­биі» ата­нар түрім бар… Ермек те ессіз емес шығар, бұған дей­ін­гі сот оның еркін шек­теу шеші­мін шығарған, сөй­те тұра, «…молаға жүгі­ру» – есті адам­ның қылы­ғы ма?».

Сөйт­се де, ал енді не бол­ды? Екі рет сая­си сипатпен сот­та­лып, бірер жыл түр­ме­де оты­рып шыққан, про­те­стік қоғам­да аты бар адам­ды тағы да «батыр» қылған кім? Әрине, өзін­ше «пре­вен­тив­ті» пай­ым­шыл про­ку­ра­ту­ра мен әкім­шілік жаза қол­данған сот! Бірақ әдет­те кінәрат­шы­ны көр­се­ту­ден баста­лып, балағат­пен бітетін әле­ужелінің сөзі кім­ге тиіп жатыр? Сая­си сасық «Фейс­бук­тың» қазақ сег­мен­тін әлдеқа­шан жау­лап алған про­те­стік қоғам­ның лақты­рған тасы кім­нің аты­на жауып жатыр?

Әрине, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың! Нарым­бай­ды адм-қамат­ты­рған кім? Әрине, сот пен про­ку­ра­ту­ра емес, баяғы билік! (Бел­сен­ді аза­матқа қаты­сты адм-шешім тура­лы кез кел­ген хабар­дың астын қараңыз: үш ком­мен­та­рий­дің бірін­де билік кінәлі).

Қоғам­дық пікір кім­нің пай­да­сы­на тең­сел­ді? Әрине, қар­сы­ла­стар қауымының!

Тып-тыныш күн­де қоғам­дық тостаған­ды тула­ту қажет пе еді? Соңын­да ерген сая­си күші жоқ, атой­лап жүр­ген ада­мы аз, «жеке батыр» Ермек ері­гіп жүре бер­мес пе еді, оны мін­дет­ті түр­де елік­тіріп, қамауға алу кім­ге керек бола қал­ды? Әлде Ермек­ті «ермек қылып», тағы бір Қаңтар­ды аңса­у­шы көлең­келі күш­тер қоғам­ның шабы­на ши жүгір­тіп жүр ме?

Бұл сұрақтар Ермек­ті де, ол жете алмай жүр­ген Ақор­да­ны да ойлан­ды­руы керек шығар…

Ермұрат БАПИ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн