Четверг , 22 мая 2025

«Тройканың» қарызын өтеу үшін ERG КОМПАНИЯСЫН САТУ – халық мүддесіне нұқсан келтіреді

  • ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры – эко­но­ми­ка мини­стрі Серік Жұманға­рин мен қар­жы мини­стрі Мәди Тәки­ев мыр­за­ларға жаз­ба­ша депу­тат­тық сау­ал жол­дап, қаза­қстан­дық тау-кен өндірісінің бір флаг­ма­ны ERG ком­па­ни­я­сы­ның шетел­дік­тер­ге саты­лып кету тәу­е­кел­дері жөнін­де мәсе­ле көтер­ген еді. Біз сол депу­тат­тық сау­ал­ды қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Мен Сіз­дер­ге Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық билі­гін­де­гі жоға­ры лау­а­зым­ды мене­джер-қыз­мет­кер­лер ретін­де ғана емес, соны­мен бір­ге Eurasian Resources Group (ERG) ком­па­ни­я­сын­дағы Қаза­қстан үкі­метінің 40 пай­ыз үлесіне бақы­лау жаса­у­шы Дирек­тор­лар кеңесінің мүше­лері ретін­де де депу­тат­тық сау­ал жол­дап отырмын!

Соны­мен бір­ге мен Сіз­дер­ді Қаза­қстан­ның мүд­десін көзінің қара­шы­ғын­дай қорғай­тын пат­ри­от­тар, қазақ халқы­ның алдын­дағы пер­зент­тік пары­зы­на адал аза­мат­тар деп біле­мін! Бұлай деп, Сіз­дер­ге депу­тат­тық сұрау жол­дап қана емес, соны­мен бір­ге аға­лық мін­дет жүк­тей­тін себебім­нің мән-жайы төмен­де­гі­дей болмақ.

Қаза­қстан­дық медиа­да ERG ком­па­ни­я­сы 5 мил­ли­ард дол­ларға әлдебір аме­ри­кан­дық биз­не­смен­ге саты­ла­ты­ны жөнін­де ақпа­рат тараған еді. Бірақ артын­шаERG Дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы Шух­рат Ибра­ги­мов ком­па­ния ешкім­ге сатыл­май­ды деген сыңай­да мәлім­де­ме жасаған соң, қаза­қстан­дық медиа-сег­мент­те­гі даб­ы­ра басы­лған­дай болған еді.

Бірақ шетел­дік паб­лик, әсіре­се «Рой­терс» және «Блум­берг» агент­тік­тері Ибра­ги­мов уәде бер­ді екен деп, бұл тақы­рып­ты «жылы жауып» қой­ған жоқ: әлем­дік тау-кен өндірісін­де, әсіре­се хром нары­ғын­да үлкен орны бар ERG-дің саты­лып кету мүм­кін­ді­гі жиі сөз болу­да. Әлем­дік ақпа­рат агент­тік­тері әлдебір Джеймс Уай­лам Кэме­рон (James William Cameron) деген бей­мағлұм біре­удің тау-кен нары­ғы­на бел­гісіз аме­ри­кан­дық ком­па­ни­я­сы­на қаза­қстан­дық гигант­тың $5 мил­ли­ар­дқа саты­лу про­цесі жүріп жатыр деп хабар таратты.

«Бей­мағлұм» және «бел­гісіз» дей­тін себебім, бірін­ші­ден, «Гугл» арқы­лы «James William Cameron» деп сұрау сал­саңыз, аме­ри­кан­дық биз­нес­мен тура­лы емес, кана­да­лық кино­ре­жис­сер әрі про­дюс­сер Джеймс Кэме­рон тура­лы ғана ақпа­рат беріледі. Яғни, 5 млрд дол­ла­ры бар мұн­дай биз­не­смен­нің бар-жоғы­ның өзі күдікті.

Екін­ші­ден, күдік­ті болу себебі – мүм­кін болар бұл сауда-сат­ты­қтың артын­да Кэме­рон да емес, аме­ри­ка­лық ком­па­ния да емес, түп­кілік­ті бене­фи­ци­ар ретін­де ресей­лік банк­тік биз­не­стің өкіл­дері тұрған сияқты.

Мұндай тұжы­ры­мға мына­дай дерек түрт­кі бола­ды: бұдан 13 жыл бұрын (2012 ж.) «еура­зи­я­лық үштік (трой­ка)» – Маш­ке­вич, Шоди­ев және Ибра­ги­мов өздерінің жеке мен­шік ком­па­ни­я­сы­на ресей­лік «Сбер­банк» пен «ВТБ-банк­тен» $5 млрд несие алған (Қараңыз).

  • Казах­стан­ская ком­па­ния Eurasian Resources Group (ERG) дого­во­ри­лась с рос­сий­ски­ми бан­ка­ми о рефи­нан­си­ро­ва­нии кре­ди­тов до 2020 года, пере­да­ет LS со ссыл­кой на «Ведо­мо­сти». Изда­ние отме­ча­ет, что речь идет о ВТБ Бан­ке и Сбер­бан­ке. Таким обра­зом, пере­дви­ну­ты сро­ки пога­ше­ния боль­шей части обще­го дол­га в $5,8 млрд. Пред­ста­ви­те­ли бан­ков под­твер­ди­ли пролонгацию.

Раз­мер реструк­ту­ри­ро­ван­но­го дол­га не уточ­ня­ет­ся. Сбер­банк выдал ERG $2 млрд в 2012 году по став­ке LIBOR + 6,3%, а кипр­ская «доч­ка» ВТБ $1 млрд в 2011 году под 6,1% (в 2014 году был рефи­нан­си­ро­ван по став­ке 7,5%), ука­за­но в отче­те ERG. Зани­ма­ла ERG так­же и у фон­да наци­о­наль­но­го бла­го­со­сто­я­ния «Самрук-Казы­на» ($500 млн), Бан­ка раз­ви­тия Казах­ста­на ($400 млн), при­влек­ла син­ди­ци­ро­ван­ный кре­дит через The Bank of Tokyo ($500 млн). В 2013 году (более акту­аль­ных дан­ных нет) ком­па­ния запла­ти­ла за поль­зо­ва­ние кре­ди­та­ми $347 млн.

@ https://prodengi.kz/post/archive/3298

Бұрын ENRC (ЕнЕр­Си) атанған ERG-дің ресей­лік банк­тер­ге осы қары­зы 2016 жылы $6 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін өсті. Уақы­ты­тын­да қай­та­рыл­маған бұл қары­здың мөл­шері бүгін­де қан­ша болға­ны бел­гісіз. Себебі – ERG-дің кре­ди­ті жөнін­де­гі бар­лық ақпа­рат ком­мер­ци­я­лық құпия ретін­де жабық! Қары­здың пай­ы­здық про­грес­си­я­сы 8–10 млрд дол­лар болуы мүм­кін деген экс­перт­тік жора­мал бар.

Мыр­за­лар, егер ERG-дің 40 пай­ы­зы бүгін­де Қаза­қстан үкі­метінің үлесін­де екенін ескер­сек, бұл қарыз біз­дер үшін қан­дай ком­мер­ци­я­лық құпия болуы мүм­кін?! Бұл өндірістік кон­церн – қаза­қстан­дық бай­лық, қазақ мүд­десі деп қара­луы қажет емес пе?!

Егер біз бүгін қаза­қстан­дық тау-кен гиган­тын сату арқы­лы бұл қары­здан құты­лар бол­сақ, елді кезек­ті рет тона­уға тап қылға­ны­мыз бол­май ма?! Біздің Үкі­мет кезін­де­гі жеке мен­шік ком­па­ни­я­ның қары­зын елдің алып активін сату арқы­лы жабуға жол бер­ме­уі керек!

Осы рет­те Сіз­дер­ге бірін­ші сұрақ: Қаза­қстан Үкі­метінің кепіл­ді­гі (гаран­тия) бол­ма­са, ресей­лік «Сбер» мен «ВТБ» банк­тері ERG-ге бір­не­ше тран­шпен жал­пы жиы­ны 5 млрд дол­лар несие беруі мүм­кін емес еді. Тағы да сол шетел­дік паб­лик­те жари­я­ланған деректер­ге қараған­да, Карим Маси­мо­втың үкі­меті бұл кепіл­дік­ті бұры­нғы сая­си билік­тің (Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев) ықпал­ды тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша бер­ген сияқты.

Осы орай­да ERG-дің саты­лып кетуін неме­се ком­па­ни­яға қаты­сты басқа­дай тәу­е­кел­дер пай­да болу қау­пін еске­ре оты­рып, ресей­лік банк­тер­ге беріл­ген үкі­мет­тік кепіл­дік­ті ашық плат­фор­ма­лар­да жария етіп, Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­рын бұл кепіл­дік­тің маз­мұ­ны­мен таны­сты­ру­ды сұраймын.

Бұры­нғы 30 жыл­дық билік­тің сауда-сат­ты­ғы мен эко­но­ми­ка­ны талан-тара­жға салу фак­тілеріне Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың билі­гі жау­ап бер­ме­уі тиіс.

Осы орай­да екін­ші сұрақ: ERG-дің сырт­тан саты­лып кету тәу­е­кел­дері тұрғы­сын­да Пре­зи­дент Тоқа­ев құлағ­дар етіл­ді ме?

Бұл ара­да ERG-дің тау-кен өндірісі­мен бір­ге, кон­сти­ту­ци­я­лық талап бой­ын­ша Қаза­қстан халқы­на тиесілі баға­лы және түсті метал­дар қоры, көмір кені­ш­тері мен электр стан­ци­я­ла­ры бір­ге саты­лып кету қатері Пре­зи­дент Тоқа­евқа толық көлем­де жет­кізілуі тиіс деп есеп­тей­мін. Кей­бір деректер­ге қараған­да, ту сыр­тын­да Ресей кре­ди­тор-бан­кир­лері тұрған биз­нес-алпа­уыт­тар ERG-ді басып алу науқа­нын бастап кет­кен сыңайлы. 

Егер біз бүкіл ел болып, Қаза­қстан үшін залал­ды сауда-сат­ты­ққа жол беретін бол­сақ, «еура­зи­я­лық трой­ка» өз қал­та­ла­ры­нан соқыр тиын шығар­май… нары­қтан да, өмір­ден де кет­кен соң, олар­дың бүгін­гі мұра­гер­лері әке­лері­нен қалған қары­здан құлан-таза құтылады.

Бірақ әлдебіре­улер ел бай­лы­ғын сырт­тан сауда­лап жатқан кез­де «бала­сы әкесі үшін жау­ап бер­мей­ді» (сын за отца не отве­ча­ет) деген тәм­сіл дәл осы ара­да жүр­мей­ді! Қаза­қстан­ның хром және қалайы өндірісі­нен, шикі­зат қоры­нан, экс­порт­тық түсім­нен, ондаған энер­ге­ти­ка және аза­мат­тық инфрақұры­лым нысан­да­ры­нан, тіп­ті Үкі­мет­тің 40 пай­ы­здық «бей­ша­ра» үлесі­нен де айы­ры­луға жол беру­ге болмайды!

Менің ойым­ша, Пре­зи­дент Тоқа­ев мұн­дай әділет­сіздік­ке жол бер­мей­ді деп білем! Себебі біздің халы­қтың бір­не­ше ұрпағы арқа еті – арша, бор­бай еті – бор­ша боп, бұл өндірісті 70–80 жыл бойы жасаға­нын Мем­ле­кет бас­шы­сы жақ­сы біледі. Ұлт­тық мен­шік­ті талан-тара­жға салған бұры­нғы билік­тің қары­зын өте­у­ге бүгін­гі Үкі­мет мін­дет­ті емес!

Үшін­ші сұрақ диле­тант­тық тұрғы­да: Ком­па­ни­я­ның 60 пай­ыз үлесін ұстап оты­рған «еура­зи­я­лық үштік­тің» бүгін­гі мұра­гер­лері ERG-ді Үкі­мет пен Қаза­қстан­ның сыр­ты­нан сатып жібе­руі мүм­кін бе? Егер Қаза­қстан Үкі­меті адми­ни­стра­ци­я­лық ресур­стың көме­гі­мен бұл сауда-сат­ты­ққа жол бер­мей­тін бол­са, біз елде­гі еркін биз­неске залал кел­тір­ді деп, «Ста­ти­лер ісі» сияқты халы­қа­ра­лық даб­ы­ра мен сыр­тқы сот­тың айып­та­у­ла­ры­на тап бол­май­мыз ба?

Төр­тін­ші­ден. Баты­стық БАҚ жазып оты­рған­дай, егер ERG-дің саты­лып кету тәу­е­келі туып тұр­са, Үкі­мет был­ты­рғы «Қар­мет­тің» үлгісі­мен ERG-ді отан­дық биз­нес қауым­да­сты­ққа қай­та­рып алу пер­спек­ти­ва­сын қарас­ты­руы керек деп есеп­тей­мін! Жал­пы, кон­сти­ту­ци­я­лық нор­ма бой­ын­ша халы­қтың мен­ші­гі сана­ла­тын бай­лы­қты елге қай­та­ру­дың бар­лық мүм­кін­дік әле­уеті қарас­ты­ры­луы тиіс!

Құр­мет­ті мырзалар!

Менің осы жаз­ба­ша депу­тат­тық сау­а­лы­ма үш жұмыс күн­нің ішін­де жау­ап беру­леріңізді сұрай­мын. Егер ERG-дің саты­лу-сатыл­мау тақы­ры­бы­на қаты­сты Үкі­мет тара­пы­нан тұжы­рым­ды жау­ап бол­ма­са, мен бұл мәсе­лені ҚР Пар­ла­мен­тінің алдағы пле­нар­лық оты­ры­сы­на шыға­рып, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын «ғасыр афе­ра­сы­нан» құтқа­ру үшін, бар­ша депу­тат­тар кор­пу­сын ара­шаға шақы­руға мәж­бүр боламын!

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн