Четверг , 22 мая 2025

ШЕГІРТКЕ МЕН ШІРКЕЙ

егістік­ті жеп жатқан Түр­кістан облы­сын­да төтен­ше жағ­дай жари­я­лау қажет

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Сіз­ге Түр­кістан облы­сын­дағы шару­а­лар мен тұрғын­дар­дың аты­нан маңы­зды мәсе­ле бой­ын­ша жүгі­ну­ге мәж­бүр­мін. Соңғы жыл­да­ры өңір халқын, әсіре­се диқан­дар мен шару­а­лар­ды алаң­датқан өзек­ті мәсе­ле­лер көбей­іп бара­ды. Атап айтар бол­сам, биыл шару­а­лар бұрын-соң­ды бол­маған қуаң­шы­лы­қтың қыспағын­да қалды.

Жай­ы­лым­ның қура­уы, мал азы­ғы­ның тап­шы­лы­ғы, егін алқап­та­ры­ның күй­іп кетуі ел тұрғын­да­ры­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ын қиын­да­тып отыр. Мәсе­лен, қуаң­шы­лық сал­да­ры­нан шару­а­лар дән­ді және май­лы дақыл­дар­дан жос­пар­ланған өнім­ді ала алмауы мүмкін.

Болжа­мға сәй­кес, бүгін­де жал­пы егіл­ген 389,3 мың гек­тар алқап­тың 10 %-ы жарам­сыз күй­ге түс­кен. Алдағы уақыт­та да ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғы күтілу­де. Бұл өз кезе­гін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы тау­ар өндіру­шілерінің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лы­ғы­на кері әсер ететіні анық. Сон­дай-ақ аудан­дар­да өзен-бөгет­тер дең­гей­інің төмен­де­уі бай­қа­ла­ды. Мал басы да 2024 жыл­дың тиісті кезеңі­мен салы­сты­рған­да айтар­лы­қтай төмендеген.

Бүгін­де жер­гілік­ті тұрғын­дар күн сай­ын тасат­тық беріп, жара­ту­шы­дан жаң­быр­дың жау­уын сұрап отыр. Ал Арыс қала­сы мен Сары­ағаш, Келес, Шар­да­ра, Оты­рар аудан­да­ры­ның тұрғын­да­ры жыл сай­ын шегірт­ке мен шір­кей­ден зардап шегіп жатыр. Әсіре­се нәсібін жер-ана­дан тер­ген шару­а­лар үшін жағ­дай қиын. Күн санап көгер­тіп оты­рған егісті­гін қорға­ма­са, қып-қызыл шығы­нға бата­ры анық.

Ал шір­кей­лер биыл да жер­гілік­ті тұрғын­дар­ды әбі­гер­ге сала баста­ды. Әсіре­се Оты­рар ауда­ны­на қарас­ты ауыл тұрғын­да­ры зиян­кестер­ден тепе­ріш көру­де. Сон­ды­қтан жер­гілік­ті тұрғын­дар бет-аузын тұм­ша­лап жүру­ге мәжбүр.

Бұл Оты­рар ауда­нын­да орна­ласқан Ары­стан баб кесе­несіне келу­ші тури­стер­ге де қолай­сыздық туды­рып отыр. Осы­ған орай:

1. Қуаң­шы­лы­қтан зардап шек­кен аудан­дар­да төтен­ше жағ­дай режи­мін жари­я­лау мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру­ды және қуаң­шы­лық зардап­та­рын еңсе­ру­ге бағыт­талған арнайы өңір­лік бағ­дар­ла­ма қабыл­дап, оның аясын­да ғылы­ми негіз­дел­ген агро­эко­ло­ги­я­лық шешім­дер­ді жүзе­ге асыруды;

2. «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ арқы­лы көк­тем­гі дала жұмыста­ры­на беріл­ген несие қара­жат­та­ры мен «ҚазА­гроҚар­жы» АҚ арқы­лы 2023 жыл­дан бері лизинг­ке алы­нған тех­ни­ка­лар бой­ын­ша неси­е­лер­дің қай­та­ру мерзі­мін 1 жылға шеге­руді ұсынамын.

Сон­дай-ақ Оңтүстік­те­гі шару­а­лар «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» АҚ тара­пы­нан аудан­дар­дағы несие серік­те­стік­теріне қой­ы­ла­тын талап­тар­ды оңтай­лан­ды­руға, жауып тастаған несие желісін қай­та ашуға ықпал етуіңізді сұрай­ды. (Бұл жай­ын­да мен арнайы депу­тат­тық сау­ал да жол­даған бола­ты­н­мын. Мұн­дағы мәсе­ле – «Аграр­лық несие кор­по­ра­ци­я­сы» 2023 жыл­дан бері несие желісін жауып тастап отыр. Бұған басты себеп – жер­гілік­ті жер­де­гі халы­қтың несие төле­уде­гі қабілетінің төмен­ді­гі болған. Бүгін­де мұның зардаб­ын неси­есін уақы­ты­лы төлеп оты­рған тұрғын­дар да тартуда).

3. Жаң­быр­ла­тып суа­ру жүй­есіне берілетін суб­си­дия көле­мі бүгін­де 80 пай­ы­зға арт­ты. Әрине, бұл қуа­ны­шты жағ­дай. Деген­мен, оның 30 пай­ы­зын жер­гілік­ті бюд­жет қар­жы­лан­ды­руы тиіс. Ал оған аудан­ның ғана емес, облы­стың да мүм­кін­ді­гі жоқ.

4. Зиян­кестер­мен күрес бой­ын­ша кешен­ді өңір­лік бағ­дар­ла­ма әзір­ле­уді, Түр­кістан облы­сы­ның табиғи-кли­мат­тық ерекшелік­терін еске­ре оты­рып, шегірт­ке мен шір­кей­ге қар­сы күрес­ке арналған арнайы өңір­лік жос­пар қабылдауды;

5. Аса қауіп­ті зиян­ды орга­низмдер­ге қар­сы күрес шара­ла­рын жедел әрі тиім­ді түр­де жүзе­ге асы­ру үшін, өңде­у­ге жата­тын бар­лық жер көле­мін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 100% қаржыландыруды;

6. ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің Агроө­нер­кәсіп­тік кешен­де­гі мем­ле­кет­тік инспек­ция коми­тетінің аса қауіп­ті зиян­ды орга­низмдер­ге қар­сы күрес жүр­гі­зу құзіретін тиісті қар­жы көле­мі­мен бір­ге өңір әкім­дік­теріне беруді ұсынамын.

Облыс әкім­ді­гі мен шару­а­лар бұл мәсе­лені өз дең­гей­ін­де шешу­ге тыры­су­да, алай­да жағ­дай рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де қол­дау көр­се­туді қажет ете­ді. Бұл мәсе­ле – жай ғана бір өңір­дің емес, елдің азық-түлік қауіп­сізді­гіне тіке­лей әсер ететін өзек­ті мәсе­ле екенін атап өткім келеді.

Халы­қтың үніне құлақ асып, нақты әре­кет­тер қабыл­да­на­ды деп үміттенемін.

Ұла­с­бек СӘДІБЕКОВ,ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн