Воскресенье , 15 июня 2025

ТІЛІМІЗДІҢ ҚОТЫРЛАРЫ

неме­се

Жеке құжат­тар­дағы аты-жөніміз

қаза­қы заты­мы­зға сай ма?!

Қазақ ССР-інің аста­на­сы Алма­ты қала­сын­да сол кез­де­гі С.М.Киров атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті (Қаз­МУ) заң факуль­тетін­де оқып, аяқта­уға жақын­даған­да 5‑курс сту­ден­ті ретін­де өндірістік тәжіри­бені өту­ге теріс­кей­де­гі елім – Сер­ге­ев (қазір­гі Шал ақын) ауда­ны­на сұран­дым. 1980 жыл­дың қара­ша айы­нан бастап, келесі 1981 жыл­дың баста­пқы қыс айла­рын­да осы аудан­ның сот, про­ку­ра­ту­ра, адво­ка­ту­ра, мили­ция бөлі­мі, нота­ри­ат, аудан­дық пар­тия және атқа­ру коми­тет­терін­де тәжіри­белік жос­пар­да бекітіл­ген мерзім­дер­де болып, олар­дың қыз­меті­мен тіке­лей таны­стым. Ол кез­де құқық қорғау ұйым­да­ры­ның бас­шы­лы­ғын­да көбі­не­се көп­ті көр­ген соғыс арда­гер­лері, өз ісінің май­тал­ман шебер­лері оты­ра­тын. Осын­дай өмір­лік тәжіри­бесі мол, әбден ысы­лған салиқа­лы маман­дар­дың ақыл-кеңе­стері мен өне­гелі істері маған үлгі болып, көп сеп­ті­гін тигізді.

1980 жыл­дан кеңе­стік ескі пас­порт­ты жаңа үлгі­де­гі қызыл күрең тысты пас­порт­тарға айыр­ба­стау баста­лып, мен де Алма­ты­дан су жаңа пас­порт алып, елге кел­ген бетім еді. Ол кез­де пас­порт ата­уы­ның қаза­қ­ша «төлқұ­жат» деген бала­ма аудар­ма­сы қол­да­ны­ста мүл­дем жоқ бола­тын. Өндірістік тәжіри­бем аяқта­луға жақын­даған­да Алқағаш ауы­лын­дағы анам менен көмек сұрап, 05.12.1952 жылы туған үлкен ағам­ның аты-жөні «Дюсем­бин Самат Аргы­но­вич» деп жазы­лған ескі пас­пор­тын айыр­ба­ста­уға апа­рып тап­сыр­дым. Сол жолы ағам­ның осы пас­пор­ты мен туу куәлі­гін­де­гі «Дюсем­бин» деген фами­ли­я­сын­да «м» әрпінің қате қой­ы­лға­нын өте кеш бол­са да бай­қа­дым. 1952 жылы құжат­ты тол­ты­рған шала сау­ат­ты хат­шы­ның сал­дыр-салақ кінәсі ғой, ал дұры­сы – «Дюсен­бин» деп «н» әрпі­мен жазы­луы керек еді. Осы сияқты «н» мен «м» әріп­терінің бей­бе­ре­кет орын­сыз ауы­сып, апта­ның жеті күнінің араб­ша алты ата­уы­мен аталған қаза­қтар­дың аты-жөнін­де­гі қап­таған қате­лерін құжат­тар­дан көп көріп, бұдан басқа да өрес­кел өзгер­ген түр­лерін алдағы өмірім­де­гі қыз­мет бабын­да аз кездестірмедім.

Соны­мен Самат ағам­ның Сер­ге­ев аудан­дық ішкі істер бөлі­мін­де дай­ын болған су жаңа пас­пор­тын ашып, жазуы­на қара­сам, «Агри­по­вич» деп әке­міздің атын мүл­дем бұр­ма­лап жіберіп­ті. Қат­ты бұзы­лып кет­кен түрім­ді көріп, пас­порт­ты тол­ты­рған маман – орыс әйелі «кінәсін» жасы­руға тыры­сып, бүлін­ген төл­нұсқа­ның орны­на дуб­ли­кат (тел­нұсқа) алуға мені көн­ді­ре алма­ды. Осы­ның алдын­да ғана өндірістік тәжіри­бем­ді өткен пас­порт бөлі­мінің басты­ғы­ның каби­нетіне тура тарт­тым. Мән- жай­ды тез түсін­ген мили­ция май­о­ры әлгі «кінәлі маманға» қатаң түр­де ескер­тіп, ағам­ның аты-жөнін қатесіз жазғы­зып, дұрыс тол­ты­ры­лған жаңа төл­нұсқа­сын бер­гізді. Орыс тіліне мүл­дем шорқақ Самат ағам бүлін­ген жаңа пас­пор­тын өзі келіп алған­да, кей­ін­гі өмірін­де «Агри­по­вич» деген ата­уды арқа­лап өте­ді екен.

Осы­ған ұқсас тағы бір ерекше мысал­ды 1983–1987 жыл­да­ры Ленин ауда­ны (қазір­гі Есіл) про­ку­ра­тур­сын­да тер­ге­уші болып қыз­мет етіп жүр­генім­де кез­де­стір­дім. Осы аудан­ның Тау­ағаш ауы­лы­ның тума­сы, Қаз­МУ-дің заң факуль­тетін бітір­ген құр­да­сым, дұрыс аты-жөні – Әбілқай­ыр Бал­та­бекұ­лы Мұста­фин сол кез­де Ленин аудан­дық мили­ция бөлі­мінің тер­ге­ушісі қыз­метіне ауы­сып кел­ді. Құр­да­сым­ның жаңа пас­пор­тын­да екі тіл­де де «Азель­ха­ир» деп бұр­ма­ла­нып жазы­лған басқа­ша атын оқы­дым. Бұған мен түсін­бей аңта­ры­ла қараған түрім­ді көріп, бір­ден сезген Әбілқай­ыр мұн­дай өрес­кел қатенің өзі ауы­сып кел­ген көр­ші аудан­ның пас­порт бөлі­мін­де жазы­лып, ал қатесіз жаңа пас­пор­тқа ауы­сты­руға жұмыс басты­лы­қ­пен қолы тимей жүр­ген­ді­гін айтып түсін­дір­ді. Менің білуім­ше, тәу­ел­сіз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жаңа жеке куәлі­гін алғанға дей­ін құр­да­сым Әбілқай­ыр осы пас­пор­тын­дағы «Азель­ха­ир» деп орыс­шаға бұр­ма­ланған аты­мен ұзақ жүрді.

Сол бір кез­дер­де мен тер­ге­уші ретін­де қыл­мыстық іс бой­ын­ша Осед­лое село­сын­да қаза­қтың орыс тіл­ді жас келін­ше­гін жәбір­ле­ну­ші ретін­де танып, оның аты – Инд­гой болып жазы­лып, бірақ айна­ла­сын­дағы орыс тіл­ді көр­шілерінің ылғи «Инд­гой­ка» деп атай­тын­да­ры құлағы­ма түр­пі­дей ерсі тиді. Осы неме­ресі туы­лған­да әже­сі бауы­ры­на басып, қаза­қ­ша ырым­дап «Ендіғой» деп атаға­нын кей­ін сұра­с­ты­рып біл­дім. Бұлар енді ХІХХХ ғасыр­лар­дағы қаза­қтар­дың аты-жөн­дерін құжат­та­рын­да бұр­ма­лап тол­ты­рған, орыс тіл­ді, «қаза­қ­шаға сау­ат­сыз хат­шы­лар­дың» сан­сыз бүл­дір­ген істерінің жай ғана екі-үш мысалы.

1981 жылы Қаз­МУ-ді бітіріп, арнайы жол­да­ма­мен қазан айы­ның басын­да Сол­түстік Қаза­қстан облы­стық соты­на сынақтан өту­ші (ста­жер) ретін­де қабыл­да­нып, сосын осы сот­тың алқа мүше­сі болып 1983 жыл­дың сәуір айы­на дей­ін қыз­мет істе­дім. Бұл бірін­ші инстан­ци­ядағы сот меке­месін­де білік­тілі­гі мен тәжір­би­есі өте мол, көбі орта жастан асқан судья­лар бол­ды. Мен олар­дың өне­гелі істерін көріп, жақ­сы тәлім-тәр­бие алдым. Сол жыл­да­ры рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша әлі еш жер­де жоқ жаңа баста­ма көтеріліп, облы­стық «Ленин­ское зна­мя» (қазір­гі «Север­ный Казах­стан») газетінің әрбір сен­бі күн­гі санын­да орыс­ша «Обще­ствен­ная при­ем­ная» деген ата­у­мен хабар­лан­ды­ру жари­я­ла­нып, онда осы редак­ци­яда қоғам­дық қабыл­дау жүр­гі­зетін судья­ның аты-жөні көр­сетілетін. Уақыт өткен сай­ын сұра­ныс артып, тегін құқы­қтық көмек­ке мұқтаж қара­пай­ым жан­дар­дың саны көбейе түсті. Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гері және мүге­де­гі Швыд­кий Гри­го­рий Пав­ло­вич Пет­ро­павл қала­сын­дағы өте құпия әске­ри зауыт­тың жабық сотын­да біраз жыл істеп, білік­ті судья ретін­де облы­стық сотқа ауы­сып кел­ген бола­тын. Мен оның каби­нетін­де жиі болып, ол ақыл-кеңесін аямай­тын. Қала­лы­қтар­дың көбі қоғам­дық қабыл­да­уда сол кісі­мен кез­де­су­ге тыры­са­тын. Әлгі газет­тің келесі шыққан хабар­лан­ды­руын­да «қабыл­дау жүр­гі­зетін Швыдь­ко Г.П.» деп қате жазы­лып­ты. Әлде кем­сіту үшін әдейі жазыл­ды ма екен, қазір о жағын жора­мал­дап айту өте қиын. Жай­шы­лы­қта сабыр­лы Швыд­кий Г.П. осы газет­тен өзінің бұр­ма­ланған фами­ли­я­сын оқып, қат­ты рен­жіп, әрі ашу­ла­нып, газет­тің редак­ци­я­сы­мен қай­та-қай­та хабар­ла­сып, дереу түзе­ту жари­я­ла­уды талап етті. Кеңе­стік жүй­енің орыс тілін­де кере­мет дүріл­деп тұрған қоғам­дық-сая­си газетінің редак­ци­я­сы­на кешірім сұрап, түзе­ту енгі­зу бір­ден оңай шаруа бол­ма­ды. Аты шулы облы­стық газет­тің азу­лы редак­то­ры Р.Н. Сер­ге­е­ва біразға дей­ін бой бер­мей ере­гісіп, бірақ істің насы­рға шауып бара жатқа­нын бай­қап, қой­ы­лған талап­ты амал­сыздан орын­да­уға мәж­бүр бол­ды. Осы оқиға алдағы өмірім­де маған да құқы­қтық сабақ болып, талай кез­дескен заң­сыздық жайт­тар­ды тез жеңіп шығуы­ма мұрын­дық болды.

Қазір­гі уақыт­та Пет­ро­павл қала­сы­ның Кон­сти­ту­ция көше­сін­де­гі облы­стық сот ғима­ра­ты­ның алды­ңғы аула­сын­да Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гер­лері – марқұм болған судья­ларға қой­ы­лған ескерт­кіш тақта тұр. Сон­дағы тізім­нен өзім тіке­лей тәлім-тәр­би­есін көр­ген Сер­ге­ев аудан­дық соты­ның төраға­сы – екі орден­ді Ғалым­жан Саду­ақасұ­лы Хаб­ду­лин, облы­стық сот­тың қыл­мыстық істер жөнін­де­гі алқа­сы­ның мүше­лері – Гри­го­рий Пав­ло­вич Швыд­кий, Алек­сей Игна­тье­вич Костя­ев пен Иван Андре­евич Кра­сю­ков сияқты арда­гер­лер­дің көзі­ме ыстық аты-жөн­дерін оқы­ған кез­де жан-дүни­ем­ді үлкен­дер­ге деген құр­мет пен риза­шы­лық сезі­мі билейді.

Облы­стық сот­та аза­мат­тық істер­ді қарау кез­дерін­де Ари­ста Сулей­ме­нов­на атты адво­кат қаты­сып жүр­ді. Бір ыңғайы кел­ген­де осы қаза­қтың келін­ше­гі­нен ари­сто­кра­ти­я­лық атқа ұқсас есі­мінің қой­ы­лу себебін сұра­дым. Күлім­сіреп тұрып, Ресей­де­гі көр­ші облы­ста туы­лға­нын, қаза­қ­ша шын аты – Ыры­сты екен­ді­гін, бірақ Ресей­де осы қаза­қ­ша нұсқа­сын жаза алмай, оларға айтуға ыңғай­лы «Ари­ста» деп құжат­тар­да жазы­лып кет­кен­ді­гін түсіндірді.

Біраз жыл бұрын ұлты орыс әйел­дер про­ку­ра­ту­ра­да қаза­қтың көр­кем жігіті істей­тін­ді­гін, түрі қазақ бол­са да, бірақ аты орыс­ша – «Наруш­кин» екен­ді­гін таң­да­ны­спен айтып жет­кізді. Оры­стың қап­таған «Наруш­кин» деген фами­ли­я­сы­мен ата­луы­на бір нығыз себеп болған шығар деген ойда бол­дық. Қате­ле­с­кені­мізді оның қаза­қ­ша шын аты – Нұрұ­шқын екен­ді­гін біл­ген­де бір-ақ түсіндік.

Міне, қазір­дің өзін­де осы­ған ұқсас себеп­тер­мен қан­ша­ма қазақ орыс­шаға бұр­ма­ланған аты-жөн­дері­мен тал­таң­дап жер басып жүр. Әсіре­се облы­стық және қала­лық әкім­дік­тер­де, құқық қорғау және салық орган­да­рын­да, емдеу және басқа да халы­ққа қыз­мет көр­се­ту меке­ме­лерін­де, яғни бір сөз­бен айтқан­да, қара­пай­ым халы­қ­пен бет­пе-бет кез­десіп жұмыс істей­тін кең­се­лер­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің кей­біре­улерінің төс­бел­гілерін­де­гі (бей­джик) аты-жөн­дері көр­сетіл­ген жазу­лар­да жіберіл­ген нешетүр­лі өрес­кел қате­лер­ді оқып, өздерін-өздері осы­лай қып-қызыл ұятқа қал­ды­рып, «жар­на­ма­лап» жүр­ген­дерін сезбей­тін сияқты. Бір зіл­дей өкіні­штісі – көп­шілі­гі біз үміт артқан қаза­қтың жаста­ры. Олар қаза­қ­ша қой­ған сұрақта­ры­ңа бедірей­іп тұрып ылғи орыс­ша жау­ап қатқан кез­де қазір­гі қасы­мы­зда жүр­ген оры­стар­дың осы­ған қаты­сы жоқты­ғын бір­ден түсінесің.

Ал енді қазір тәу­ел­сіздік­тің арқа­сын­да аты-жөніңді қаза­қ­ша – жаңа қалып­та түзетіп жазуға қар­сы кедер­гілер жой­ы­лып, ҚР «Неке (ерлі-зай­ып­ты­лық) және отба­сы тура­лы» Заңы бой­ын­ша кең құқы­қтық жағ­дай жасал­са да, қаза­ғым­ның көбі өзгер­ту­ге құлы­қ­сыз, бұған мүл­дем мән бер­мей­тінін бай­қа­дым. Мәң­гүрт­тік сал­да­ры­ның бат­пан­дай сал­мағы ұлт­тық сана-сезім­ді осын­дай селқо­стық пен бей­жай­лы­ққа ұрын­ды­рып қана қой­май, енді оның зіл­дей зардап­та­ры жаста­ры­мы­здың сана-сезім­дерін жай­лап, әрі қарай келесі ұрпақты да қам­ту қау­пі бар екен­ді­гі айдан да анық көрініп тұр!

Қазір­гі кез­де әбден ластанған табиғат­ты таза­лау акци­я­ла­ры елде қарқын­ды түр­де жүр­гізіліп, нақты нәти­же­лерін ақпа­рат құрал­да­ры жиі жари­я­лап жүр. Осы сияқты ластанған ана тілі­мізді таза­лау акци­я­ла­рын дереу мем­ле­кет тара­пы­нан жиі ұйым­да­стыр­сақ, онда қазір­гі тіл­ге жана­шыр қоға­мы­м­ыз құба-құп деп қабыл­дап, нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік тілі­міз біраз пара­зит, мүл­дем жат және керексіз кір­ме сөз­дер­ден таза­рып, жалға­сы жыл сай­ын дәстүр­лі түр­де тілі­міздің өзін-өзі таза­лау үрдісіне ұла­сып кетер еді. Әйт­пе­се мүл­дем қапы­да қала­тын сияқты­мыз. Өйт­пе­сек, өзбек ағай­ын­дар­дың бұрын­нан: «Орыс болғың кел­се, онда алды­мен қазақ болуың керек» – дей­тіні тағы да дәлел­ден­ген тео­ре­маға айна­лып, бұған қар­сы уәж айта алмай қалуы­мыз мүмкін.

Жіберіл­ген қате­лер­ге бай­ла­ны­сты тағы екі нығыз мысал кел­тірей­ін. 1998 жыл­дың күзін­де Совет ауда­ны­ның (қазір­гі Аққай­ың ауда­ны) Смир­но­во посел­кесін­де оры­стың келін­ше­гі – нота­ри­ус мені қабыл­дап, «Дюсен­бин» – деп фами­ли­ям жазы­лған пас­пор­ты­ма қарап, мұра­гер­лік істі тол­тыр­ды. Тез дай­ын болған құжат­та «Дюсем­бин» – деп қате жазы­лып, яғни орта­сын­да «м» әрпі емес, дұры­сы «н» әрпі жазы­луға тиіс дегенім­де, қапы­да қате­ле­с­кен нота­ри­ус қат­ты абы­р­жып қал­ды. Өзі бүл­дір­ген құжат­тың орны­на дуб­ли­кат (тел­нұсқа) алуға мені көн­ді­ре алмай, қай­та-қай­та кешірім сұрап, қай­та­дан қатесіз, дұрыс құжат тол­ты­руға мәж­бүр бол­ды. Кел­ген­де жарқы­рап қар­сы алған нота­ри­ус, ал қошта­сар­да өкпе­ле­ген сыңай таныт­ты. Тек­серіс болған жағ­дай­да жай­дан-жай жібер­ген қателі­гі үшін жау­ап беретін­ді­гі бел­гілі болды.

Қан­ша­ма қан­даста­ры­мы­здың жеке құжат­та­рын тол­ты­ру кезін­де аты-жөн­дерін­де осын­дай өрес­кел грам­ма­ти­ка­лық қате­лер жіберіліп, бірақ олар іле-шала уақы­тын­да талап­ты түр­де түзе­ту­ге аса мән бер­мей, кей­біре­улері зей­нет жасы­на жет­кен­де сот­тың табал­ды­ры­ғын әлі де тозды­рып жүр. Себебі кел­мес­ке кет­кен кеңес үкі­меті­мен бір­ге дәлел­дей­тін айғақтар да іс-түс­сіз жоға­лып, кеше­гі бір­ге істе­ген тірі куә­гер­лер де бүгін бұл өмір­ден бақи­лы­ққа өтіп кет­кен. Осы­лай жеке құжат­та­ры­на сал­дыр-салақ қарай­тын жағ­дай қаза­қтар­да ғана жиі кез­де­сетін сот­тағы тәжіри­бе десем, қате­ле­с­пей­тін шығар­мын деп ойлаймын.

1997 жыл­дың 17 сәуір күні бұры­нғы Ленин және Москва аудан­да­ры қосы­лып, жаңа­дан ірі­лен­ген Есіл ауда­ны құрыл­ды. «Қазақ тілі» қоға­мы­ның осы аудан­дық бөлім­ше­сінің жаңа сай­ланған төраға­сы ретін­де маған мем­ле­кет­тік тіл сая­са­тын іске асы­рып, осы қоғам­дық жұмысым­ды табан­ды түр­де жалға­сты­руға тура кел­ді. 1998 жылғы 17 жел­тоқ­сан күні ҚР «Неке (ерлі-зай­ып­ты­лық) және отба­сы тура­лы» жаңа Заңы (№ 321) қабыл­да­нып, енді­гі қол­да­ны­ста қазақ ұлты өкіл­дерінің аты-жөн­дерінің түбір­лері сақта­лып, ал ана тілі­міз­ге тән емес бұры­нғы орыс­ша аффикс­тері алы­нып таста­лып, орны­на ерік­ті түр­де қаза­қ­ша «- ұлы» неме­се «- қызы» деп қосы­лып, бір­ге жазы­ла­тын болды.

Осы заң­ның жаңа күшін пай­да­ла­нып, ауда­ным­да алға­шқы болып ата тегім­ді «Дүй­сен­бі» деп жазғы­зып, ал 2001 жылғы 21 мау­сым күні үш балам­ның туу тура­лы ескі куәлік­терін тап­сы­рып, жаңа куәлік­терін­де үше­уінің де ата тегін әкем­нің аты­мен «Арғын» деп жазғы­здым. Мұны мақта­най­ын деп жазып оты­рған жоқ­пын, сол кез­де­гі жаңа ғасыр мен заман тала­бы­мен маған төраға және заң­гер ретін­де ауда­ным­дағы қаза­қы қоға­мға осы­лай жол көр­се­ту­ге тура кел­ді. Қоры­та айтқан­да, таны­мал ұлт­тар­дағы сияқты, яғни біздің қаза­қы бол­мысы­мыз алды­мен тілі­міз­ден, ділі­міз­ден, түрі­міз­ден, жүріс-тұры­сы­мы­здан көрі­нуі­мен қатар аты-жөн­дері­міздің қаза­қ­ша қалып­тағы айты­луы мен олар­дың дұрыс жазы­луы жеке құжат­та­ры­на сәй­кес болуы керек. Сон­ды­қтан бұры­нғы аты-жөн­дері­мізді ерте заман­нан жай­лаған ара­б­тың қосар­ланған және шұба­лаңқы атта­ры­нан ары­л­тып, оры­стың жабысқан жалға­у­ла­ры­нан құты­лып, яғни заң­ның аясын­да тіл таза­лы­ғы акци­я­ла­рын жиі ұйым­да­сты­рып, зама­на­уи талап­тарға сай қысқа да жеңіл айты­ла­тын, құлаққа жағым­ды, санаға сіңім­ді, жүрек­ке жылы, қаза­қы есім­дер­ді ірік­теп, осы­лай таза­ланған бір жүй­елі рет­ке кел­тіруі­міз керек.

Енді соңғы мысал­ды да кел­тірей­ін. Рес­пуб­ли­ка­лық «Ана тілі» газеті 2009 жыл­дың тамыз айын­дағы № 31–32 сан­да­рын­да «Қазақ мек­тебін ашу­дағы қиын­ды­қтар» атты менің мақа­лам­ды жари­я­ла­ды. Оған дей­ін бір күн бұрын Алма­ты қала­сы­ның Абай көше­сін­де орна­ласқан осы газет­тің редак­ци­я­сы­на әдейі барып, ертең­гі шыға­тын мақа­лам­ның мәтінін тек­серіп, теріл­ген­де жіберіл­ген ұсақ-түй­ек қате­лер­ді түзет­тір­дім. Әсіре­се «Явлен­ко» деп ең соңын­да «о» әрпінің қате қосы­лға­нын көріп, өзім тұра­тын дұрыс ата­уы – «Явлен­ка село­сы» деген түзе­туім­ді көзім­ше ком­пью­тер­ге енгізді. Кәдім­гі­дей көңілім орны­ғып еді, ал келесі күні газет­ке шыққан мақа­лам­дағы түзе­ту­лер­дің қай­да кет­кені бел­гісіз, редак­ци­я­ның қате­лері­мен басы­лға­нын оқы­ған­да, қат­ты рен­жіп, ертең сол­түстік­те­гі елі­ме барған­да мақа­лам­ды оқы­ған­дар сай­қы­ма­зақ қыла­тын­да­рын айтып сал­дым. Мақа­лам­ды басуға дай­ын­даған жас жур­на­лист қыз жылап жіберіп, қыз бен газет­тің беделін жақтаған сон­дағы жур­на­лист жігіт: «Қай­дағы бір оры­стың Явлен­ко деген сөзіне бола шу шыға­рып…» – деп кінәләп, кешірім сұра­удың орны­на маған қар­сы шықты. Жари­я­ланған мақа­лам­ның астын­дағы аты-жөнім мен автор­лық құқы­ғы­ма нұқ­сан кел­тір­гені қапер­леріне кіретін де емес. Жоға­ры қабат­тағы «Қазақ газет­тері» ЖШС-нің бас дирек­то­ры Жұма­бек Кен­жа­лин­нің каби­нетін­де оған мән-жай­ды түсін­діріп, түзе­ту сұраған ары­зым­ды тір­ке­у­ге тастап кет­тім. «Ана тілі» газетінің 2009 жылғы қыр­күй­ек айын­дағы № 35 санын­да мен сұраған түзе­ту жарияланды.

Бір қызы­ғы – мені­мен салғы­ласқан әлгі жур­на­лист жігіт көп кешік­пей жоға­ры­лап, «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне тіл­ші болып кет­ті. Бұл мысал­мен қай ұлт­тың да бол­ма­сын тіл таза­лы­ғы алды­мен тіл маман­да­ры­нан, әсіре­се жур­на­ли­стер­ден баста­ла­ты­нын айтқым келеді. Біз­де басқа сала­лар­да да солай, көбіне ана тілінің, туған ұлты­ның жан жара­сы мен елдік мүд­де­леріне мән бер­мей­тін­дер­дің ман­са­бы мен лау­а­зы­мы көтеріледі. Сосын ұлт­тық идео­ло­гия қай­дан болсын!

Қай­рат ДҮЙСЕНБІ,

ҚР Тәу­ел­сіз заң­гер­лер пала­та­сы­ның заңгері,

ҚР Жур­на­ли­стер одағы және «Қазақ тілі» қоға­мы­ның Пет­ро­павл қала­лық фили­а­лы­ның алқа мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн