Среда , 25 июня 2025

Жер асты қазба байлығы – ХАЛЫҚТЫҢ ИЕЛІГІНДЕ, ал оны бақылау мемлекет қолында болуы керек

Еділ ЖАҢБЫРШИН ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісі Эко­ло­гия мәсе­ле­лері және табиғат­ты пай­да­ла­ну коми­тетінің төрағасы

  • Жуы­қта Аста­на­да 16-шы Халы­қа­ра­лық Тау-кен кон­гресі өтті. Бұған кон­гресс конақта­ры­мен бір­ге Қаза­қстан­ның қаз­ба бай­лы­ғын иге­ру­ге мүд­делілік таны­тқан шетел­дік инве­стор­лар да қаты­сты. Осы жиын­да ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Еділ Жаң­быр­шин­нің ел бай­лы­ғын халық мүд­десіне пай­да­ла­ну жөнін­де жасаған баян­да­ма­сын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Тау-кен өндірісі – бұл мұнай, газ сала­сы­нан кей­ін елі­міздің эко­но­ми­ка­сын дамы­тып оты­рған сала­ның бірі. Бола­шақта бұл ХХІ ғасыр­дың драй­вері бола­ды деп есеп­тей­міз. Мұнай­дың дәуірі өтіп бара жатыр, бола­шақ осы метал­дар­да, оның ішін­де сирек кез­де­сетін металдарда.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев осы­дан дәл 3 жыл бұрын кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны іске асы­рған бола­тын. Осы­ған орай мем­ле­кеті­міз өзінің бар­лық стра­те­ги­я­лық жос­пар­ла­рын қай­та жасақтап, іске асы­ру­да. Пар­ла­мент заң шыға­ру орга­ны есебін­де осы рефор­ма­лар­ды заң­ды­лық негіз­де қалап беруі тиіс.

Бұл жұмыстар жер қой­на­уын пай­да­ла­ну заң­на­ма­ла­ры­на да тіке­лей бай­ла­ны­сты. Қаза­қстан­ның жер қой­на­уы – бұл жай ғана шикі­зат көзі емес, бұл ұлт­тың бола­шағы, біздің ұрпақтың алдын­дағы ама­нат. Сон­ды­қтан жер қой­на­уын басқа­ру мен есеп­ке алу мәсе­лесі тех­ни­ка­лық неме­се инве­сти­ци­я­лық сұрақ қана емес, бұл – мем­ле­кет­тік мүд­де мен ұлт­тық қауіп­сіздік мәселесі.

Қазір­гі таң­да Мәжілі­сте Жер қой­на­уын пай­да­ла­нуға қаты­сты кодек­с­ке өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу талқы­ла­ну­да. Қызу пікір­та­лас туғы­зған мәсе­ленің бірі – KazRC неме­се CRIRSCO стан­дарт­та­рын толық енгі­зу. Бұл өте маңы­зды, бірақ бір­жақты шешілетін мәсе­ле емес. CRIRSCO – инве­стор үшін жасалған ком­мер­ци­я­лық жүйе. Ал пай­да­лы қаз­ба­лар қор­ла­ры жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­сия, жал­пы оны «ГКЗ» деп айта­ды орыс тілін­де, бұл – мем­ле­кет­тің гео­ло­ги­я­лық суве­ре­ни­тетін қам­та­ма­сыз ететін ұлт­тық жүйе.

Бірін­ші­ден, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 6‑бабына өзгерістер енгіз­генін жақ­сы білесіз­дер. Онда жер және оның қой­на­уы, су көз­дері, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар дүни­есі, басқа да табиғи ресур­стар халы­ққа тиесілі, халық аты­нан мен­шік құқы­ғын мем­ле­кет жүзе­ге асы­ра­ды деп жазы­лған. Демек, бар­лық пай­да­лы қаз­ба­лар – халық мен­ші­гін­де, ал олар­ды басқа­ру – тек мем­ле­кет құзы­рын­да. Бұл халы­қа­ра­лық стан­дарт емес, бұл еге­мен­дік нор­ма­сы. Біз оны ешбір лоб­би­стік қысы­мға бер­ме­уі­міз керек.

Екін­ші­ден, кеңес дәуірі­нен келе жатқан «ГКЗ» (Госу­дар­ствен­ная комис­сия по запа­сам) жүй­есі бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 10 мың­нан астам пай­да­лы қаз­ба­лар кен орын­да­ры есеп­те тұр. Оның ішін­де 2500-ден аста­мы зерт­тел­ген және қоры нақты­ланған. Егер біз бұл жүй­ені толы­ғы­мен жой­сақ, мем­ле­кет­тік баланс жой­ы­ла­ды. Бұл ұлт­тық-ресур­стық деректер­дің ыды­ра­уы­на әкеледі.

Үшін­ші­ден, Кон­сти­ту­ци­я­ның 5‑бабында қоғам­дық бір­ле­стік­тер­дің мем­ле­кет ісіне заң­сыз ара­ла­суы­на, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың функ­ци­я­ла­рын оларға жүк­те­у­ге жол беріл­мей­ді деп нақты жазылған.

CRIRSCO – бұл халы­қа­ра­лық қоғам­дық ұйым, оған мем­ле­кет­тік өкілет­тік беріл­ме­ген, сон­ды­қтан оған қой­нау есебін жүр­гі­зу функ­ци­я­сын беру біздің Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы. CRIRSCO – инве­стор­лар үшін, мем­ле­кет үшін емес. CRIRSCO және оның қаза­қстан­дық нұсқа­сы KazRC инве­сти­ци­я­лық ашы­қты­қты қам­та­ма­сыз ететін ғана құрал. Бұл қатаң талап жүй­есі емес, бұл – мүм­кін­дік­ті баға­лау стан­дар­ты. CRIRSCO жүй­есі бой­ын­ша тек бай кен орын­да­ры ғана бағаланады.

Төр­тін­ші­ден, KazRC стан­дар­ты қол­да­ны­лған кезең­де гео­ло­гия және тау-кен сек­то­ры­на бел­сен­ді инве­сти­ция бай­қал­ма­ды. Яғни, халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ды енгі­зу­де­гі басты мақ­сат – елде­гі мине­рал­ды шикі­зат кешенінің инве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғын арт­ты­ру – бүгін­гі күн­ге дей­ін орын­дал­маған. Тау-кен метал­лур­гия кешенін­де­гі жұмыс істеп тұрған нысан­дар­дағы инве­сти­ци­я­лар «ГКЗ» бой­ын­ша есеп­ке алған пай­да­лы қаз­ба­лар қоры­на бағыт­тал­ды. Ал бұл қор­лар­дың саны мен сапа­сы инве­стор­лар­да күмән тудырмаған.

Аталған жағ­дай тау-кен кәсі­по­рын­да­рын­да осы күн­ге дей­ін қыз­меті­мен дәлел­ден­ді. Жал­пы, бұл «ГКЗ» жүй­есі әлі күн­ге дей­ін уран-мұнай сала­сын­да жұмыс істеп тұр, ол жер­де мен ешқан­дай про­бле­ма көріп оты­рған жоқпын.

Бесін­ші­ден, CRIRSCO стан­дар­тын қабыл­даған елдер­дің ешқай­сысы өздерінің мем­ле­кет­тік балан­сы­нан бас тарт­паған. Австра­лия, Кана­да, Чили – бар­лы­ғы екі жүй­ені қатар жүр­гізіп отыр: біре­уі – мем­ле­кет­тік бақы­лау үшін, екін­шісі – қар­жы­лық есеп үшін.

Біз де дәл солай істе­уі­міз керек. KazRC стан­дар­ты – инве­стор үшін, ал «ГКЗ» – мем­ле­кет үшін. Қос модель қалып­ты тәжіри­бе: CRIRSCO – инве­стор үшін, мем­ле­кет­тік баланс – мем­ле­кет үшін. Қаза­қстан да дәл осы жол­мен жүруі керек.

Или у CRIRSCO с парт­не­ра­ми в Казах­стане есть наме­ре­ния поме­нять нор­мы нашей Кон­сти­ту­ции? Но такое реше­ние у нас при­ни­ма­ет народ или Пар­ла­мент. К ваше­му све­де­нию, ров­но три года назад 5 июня 2022 года в рефе­рен­ду­ме за поправ­ки в Кон­сти­ту­цию про­го­ло­со­ва­ло 77,18 про­цен­тов граж­дан, т.е. более 6 млн изби­ра­те­лей из 8 млн граж­дан, при­няв­ших уча­стие в голо­со­ва­нии. Народ стал хозя­и­ном недр. И так­же не надо забы­вать и 3‑ю ста­тью Кон­сти­ту­ции Казах­ста­на, где чет­ко про­пи­са­но, что един­ствен­ным источ­ни­ком вла­сти явля­ет­ся народ.

Прези­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев Пар­ла­мент Мәжілісінің 8‑шақырылымын ашу сес­си­я­сын­да сөй­ле­ген сөзін­де қаз­ба ресур­ста­рын тиім­ді және үнем­ді пай­да­ла­ну қажет­ті­гін атап, заң­на­ма­ны жетіл­ді­ру бой­ын­ша тап­сыр­ма бер­ген бола­тын. Осы­ған орай, Мәжілі­сте қара­лып оты­рған Жер қой­на­уы тура­лы кодек­с­ке енгізіл­ген тағы бір толы­қты­ру – қаз­ба бай­лы­қтар­ды раци­о­нал­ды және кешен­ді пай­да­ла­ну. Бұл нор­ма тек табиғи бай­лы­қты иге­ру ғана емес, ел ішін­де өңдеу, эко­ло­ги­я­лық қауіп­сіздік және қосы­лған құн қалып­та­сты­ру­ды көз­дей­ді. Бұл жай ғана заң нор­ма­сы емес, бұл – бола­шақ эко­но­ми­ка­мы­здың сапа­лы векторы.

Напри­мер, про­ве­ден­ный ана­лиз в 2002 года выявил, что по отче­там KazRC при пере­оцен­ке запа­са полез­ных иско­па­е­мых место­рож­де­ний, их – 16, не все­гда учи­ты­ва­ют­ся попут­ные ком­по­нен­ты, кото­рые в буду­щем мог­ли бы пред­ста­вить интерес.

Сон­ды­қтан біз ашы­қтық пен есеп­тік­ті қол­дай­мыз, бірақ олар ұлт­тық бақы­ла­у­мен, заң­мен және халық мүд­десі­мен үйле­суі керек. Инве­стор кел­сін, біз оған қар­сы емес­піз, ашы­қ­пыз, бірақ мем­ле­кет өз бай­лы­ғын өзі есеп­те­уі керек. «ГКЗ»-дан бас тар­ту – даму емес, мем­ле­кет­тік бақы­ла­удан айы­ры­лу. «ГКЗ» жүй­есін жою Қаза­қстан­ның ресур­стық бола­шағын сыр­тқы күш­тер­дің қолы­на тап­сы­ру­мен тең.

Мен осы жер­де инве­стор­лар­дың әңгі­месін естіп отыр­мын: біз Афри­каға бар­дық, ақша сал­дық, бай­лы­қты тап­тық дей­тін әңгі­мені көп айта­ды. Бірақ сол ком­па­ния мем­ле­кет­ке не істе­ді, салы­ғын қан­шаға көбейт­ті, қан­ша жұмыс орнын ашты, сол жер­де қан­дай лока­ли­за­ция жаса­ды, қан­дай «пере­дел» жаса­ды? Оның біре­уін де айтқан жоқ, тек қана біз сол жер­дің жұмыс­шы­ла­ры­ның ква­ли­фи­ка­ци­я­сын көтер­дік дейді.

Біз мұнай-газ сала­сын­да осын­дай үлкен сабақ алдық, өзі­міздің бай­лы­ғы­мы­здан айы­ры­лып қал­дық. Сон­ды­қтан гео­ло­ги­я­лық тәу­ел­сіздік – сая­си және әске­ри тәу­ел­сіздік сияқты өте маңызды.

Осы­ған орай, біздің ұста­ны­мы­м­ыз – «ГКЗ»-ны сақтау және модер­ни­за­ци­я­лау. Екін­ші, KazRC-ді CRIRSCO жүй­есінің қосым­ша инве­сти­ци­я­лық құра­лы ретін­де ғана пай­да­ла­ну. Үшін­ші, кен қаз­ба орын­да­рын мем­ле­кет­тік бақы­лау функ­ци­я­ла­рын шетел­дік неме­се қоғам­дық ұйым­дарға бер­меу керек! Бұл Кон­сти­ту­ци­я­мы­зға қар­сы! Төр­тін­ші, жер қой­на­уын бақы­лау арқы­лы біз тәу­ел­сізді­гі­мізді күшейтеміз!

  •  
Республиканский еженедельник онлайн