Среда , 18 июня 2025

АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС

Осы орай­да назар­ла­ры­ңы­зға жаңа мау­сым­ның 10 басты игілі­гін ұсынамыз:

  1. Үша­рал қала­сы бағы­тын­да әуе рей­стерінің саны арт­ты. Енді Ала­көл­ге күн сай­ын Аста­на және Алма­ты қала­ла­ры­нан «Алма­ты-Үша­рал» және «Аста­на-Үша­рал» бағыт­та­ры арқы­лы жету­ге бола­ды. Мем­ле­кет тара­пы­нан суб­си­ди­я­ланған билет­тер құны — небә­ры 20 000 тең­ге. Әуе­жай­дың ұшу-қону жолағын қай­та жаңар­ту­дың арқа­сын­да Үша­рал қала­сын­да ірі әуе кеме­лерін қабыл­да­уға жағ­дай жасалған.
  2. Жазғы шомы­лу мау­сы­мы­на қарай қосым­ша пой­ы­здар іске қосыл­ды. Көл­ге 13 пой­ыз жүреді, оның ішін­де Аста­на мен Алма­ты­дан «Таль­го» жүр­дек пой­ы­зы да бар. Өске­мен, Пав­ло­дар, Қызы­лор­да, Семей және Ақтоғай бағыт­та­ры қосылды.
  3. Ақши және Көк­тұ­ма ауыл­да­ры­на авто­бус марш­рут­та­ры ұйым­да­сты­рыл­ды. Алма­ты­дағы «Сай­ран» және Тал­ды­қорған­дағы авто­бе­кет­тер­ден авто­бу­стар тұрақты жүреді. Билет құны — 5 000 тең­ге­ден 9 000 тең­ге­ге дейін.
  4. Ақши ауы­лын­да дәрі­гер­лік амбу­ла­то­рия, дәрі­ха­на және тәулік бойы Жедел жәр­дем жұмыс істей­ді. Облыс орта­лы­ғы­нан хирург­тар, кар­дио­лог­тар, трав­ма­то­лог­тар және басқа да маман­дар ісса­парға жіберіледі.
  5. Судағы қауіп­сіздік­ті және өрт қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін биы­лғы шомы­лу мау­сы­мын­да Ақши ауы­лын­да тәулік бойы Төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­тінің құтқа­ру бөлім­ше­лерінің кезек­шілі­гі ұйым­да­сты­ры­ла­ды. 19 құтқа­ру­шы мен қосым­ша 28 поли­ция қыз­мет­кері жаға­ла­уда тәр­тіп­ті қам­та­ма­сыз ете­ді. Құтқа­ру жұмыста­ры­ның тиім­ділі­гін арт­ты­ру үшін 9 құтқа­ру мұна­ра­сы орнатылады.
  6. Тый­ым салы­нған жер­лер­де су көлік­терінің бақы­лау­сыз қозға­лы­сы мәсе­лесін рет­теу мақ­са­тын­да Жеті­су облы­сын­да Суды ортақ пай­да­ла­ну ере­же­сі бекітіл­ді. Ере­же­лер­дің сақта­луын көлік­тік бақы­лау инспек­ци­я­сы жүр­гі­зеді, бұл рет­те инспек­тор­лар саны ұлғай­ды. 3 су көлік тұрағы және құқық бұзу­шы­ларға арналған арнайы 1 айып­пұл тұрағы болады.
  7. Бай­ла­ныс пен Интер­нет­тің сапа­сын арт­ты­ру мақ­са­тын­да жаға­ла­уда 16 база­лық стан­ция жұмыс істей­ді, 2024 жылы опти­ка­лық-тал­шы­қты желі тар­тыл­ды. Интер­нет бай­ла­ны­сы­на тури­стік нысан­дар кезең-кезеңі­мен қосылуда.
  8. Сон­дай-ақ жаға­ла­удың сани­тар­лық инфрақұры­лы­мын жақ­сар­ту үшін бірқа­тар шара­лар қабыл­да­ну­да. Бүгін­ге дей­ін 11 сани­тар­лық-гиги­е­на­лық торап қой­ы­лған, мау­сым­ның соңы­на дей­ін тағы 12-сі қой­ы­ла­ды. Қосым­ша 60 қоқыс жәші­гі қой­ы­лып, 20 био­туа­лет орнатылады.
  9. Ақши ауы­лын­да кәріз-тазар­ту құры­лы­сы баста­ды, бұл – өңір­дің эко­ло­ги­я­лық қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге деген маңы­зды қадам.
  10. Электр­мен үздіксіз жаб­ды­қта­уды қам­та­ма­сыз ету үшін жаңа «Ақши» қосалқы стан­ци­я­сы­ның құры­лы­сы жүр­гізілу­де, биыл Бес­көл­ден Ақши­ге дей­ін жоға­ры вольт­ты электр беру желілерін салу жұмыста­ры аяқта­ла­ды. Сон­дай-ақ, Көк­тұ­ма және Ақши ауыл­да­рын­да жаға­ла­уды нығай­ту­дың ауқым­ды жұмыста­ры басталды.

Жеті­су облы­сы­ның Ала­көл дема­лыс орны туриз­мнің ең таны­мал бағы­ты ретін­де үне­мі даму үстін­де. Оған көлік­пен бару мүм­кін­ді­гін кеңей­ту, қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, жаға­ла­удың эко­ло­ги­я­лық инфрақұры­лы­мы мен заманға сай қолай­лы жағ­дай жасау – қаза­қстан­ды­қтар мен шетел­дік тури­стер үшін көл жаға­ла­у­ын­да дема­лу­ды жай­лы ете түседі.

Жеті­су облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қызметі.

Республиканский еженедельник онлайн