Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Жоғарғы аудиторлық палатаның 2024 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы жөнінде есебі тыңдалды. Үкімет мүшелері қатысқан пленаркада Мәжілістегі «Аманат» партиясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жасаған баяндаманы қаз-қалпында жариялап отырмыз.
2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуында жүйелі проблемалар мен кемшіліктер аз емес. Президенттің қатаң ескертуіне қарамастан, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордан бюджетті толтыру үшін 5,6 трлн теңге алынса, биыл тағы 5,3 трлн теңге жаратылады. Яғни, 2024 жылы бюджеттің 25 проценті, 2025 жылы тағы 23 проценті Ұлттық қордан толтырылады. Бұл қауіпті әрі оны жақын арада тоқтату мүмкін емес үрдіске айналды. Қынжылтатыны осы.
Енді бұл шығыстарды азайту өте қиын, себебі бұл еліміздегі әлеуметтік, инфрақұрылымдық міндеттерді тоқтатып қана қоймай, басқа да соққыларға әкелуі мүмкін аксиомаға айналды.
Екінші мәселе – азық-түлік бағасы. Жылда Үкімет оның небәрі 7–8 пайызға қымбаттағанын айтады. Ал шынтуайтында биыл бір ғана картоптың өзі 2,5 есеге өсіп, 500 теңге болды. Яғни, 150 пайызға күрт көтерілген. Министрліктің бағаны реттейміз деген мәлімдесі орындалмады. Дәл қазір «Магнумдағы» картоптың бағасы – 550 теңгеден сатылуда. Ал үш жыл бұрын қызанақ пен қиярдың бағасы 1,5 мың теңгеден асқанда таңқалған халықтың қазір оған еті үйреніп кетті.
Үшінші – Үкіметтің мәлімдеуінше, дәл қазір елімізде орташа жалақы 423 мың теңгені, яғни 830 долларды құрайды деген мәлімдемесі ешқандай сенім ұялата алмайды. Мысалы, елімізде дәл қазір 3 миллион адам – небәрі 200 мың теңге жалақы алса, ал 1 миллион 800 мың азамат ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көріп отыр. Сонда 423 мың теңге жалақыны кім алады? Меніңше, бұл санның арифметикасын Үкімет былай есептейтін сияқты: мысалы, Асан 1 миллион теңге жалақы алса, ал Үсен мен Есен 100 мың теңгеден алады. Сонда үшеуіне шаққанда орташа жалақы 400 мың теңгені құрайды.
Төртінші – елімізде жұмыссыздық көрсеткіші соңғы 15 жыл бойы өзгеріссіз 5 пайызды құрап отыр. Тіпті пандемия кезінде Еуропаның ірі мемлекеттерінде жұмыссыздық көрсеткіші 17 пайызға дейін өссе де, ал Қазақстанда сол баяғы 4,5 пайыз, яғни өзгермейтін 451 мың жұмыссыз адам. Еліміздегі еңбекке қабілетті шамамен 10 миллион адамның небәрі 5,5 миллионы ғана нақты әрі тұрақты жұмыс істеп жүр. Яғни, олар – қажетті салықтарын, жарналарын уақтылы төлейтін санат. Ал қалғандары қайда?! Олардың көбі уақытша жұмыспен нәпақасын табуда. Меніңше, пандемия уақытында 42 500 теңгеден көмек алған – 4,5 миллион халықты әлі күнге дейін нақты жұмыспен, не кәсіппен қамтамасыз ете алмай келеміз.
Келесі мәселе. Ел болып табатынымыз, яғни жалпы салықтық түсім – 13,5 трлн теңге болса, ал шығысымыз – 25,7 триллион теңге. Яғни, біз жыл сайын тапқан табыстан шамамен екі есеге артық жаратамыз.
Сондай-ақ 2 жылдың ішінде халықтың банктерге тұтынушылық несие қарызы 25 триллион теңгеге жеткен. Бұл – еліміздің бюджетіне пара-пар сома. Яғни, біз қарызға өмір сүріп жатырмыз деген сөз.
Еліміздегі ауыл тұрғындарының табысы қаламен салыстырғанда 2 есеге аз. Сондай-ақ 85 мың теңге жалақы алатындардың 1,2 миллионы – ауыл тұрғындары. Әлі күнге дейін 200-ден астам ауылда емдеу мекемесі мүлдем жоқ. Ал медициналық нысандардың тозуы 55 пайыз. Жедел жәрдем көліктерінің 80% жүруге жарамсыз.
Бұдан бөлек, 751 мың тұрғыны бар 858 ауылда әлі күнге дейін кең жолақты интернет жоқ.
***
Следующее. На социальные нужды мы направляем свыше 60% бюджета страны. Несмотря на постоянную поддержку этой социально-чувствительной сферы, депутаты фракции «AMANAT» до сих пор отмечают системные недостатки в бюджетном планировании и освоении.
Так, после ряда корректировок бюджет Министерства труда сократился на 96 млрд тенге. Эти средства могли бы быть направлены на повышение пособий по инвалидности как минимум на 20%, или на другие социальные проекты. Например, на строительство реабилитационных центров, в которых остро нуждаются 100 тысяч особенных детей.
Вместо этого министерство без боя и споров, не уведомив депутатов, безропотно не освоил эти средства.
Также, Министерством высшего образования было сокращено порядка 52 миллиардов тенге. Эти средства изначально были одобрены депутатами с условием их целевого использования на прямое развитие науки. Однако данное условие не было выполнено министерством, и фактически наука осталась без важных инвестиций.
Коллеги, эти неиспользованные 150 миллиардов тенге составляют годовой бюджет целого ведомства! Это наглядно доказывает, что данный срыв вызван некачественными анализами и прогнозами, которые к тому же составляют сами чиновники.
За последние три года количество очередников на жилье выросло в геометрической прогрессии с 400 тысяч до 720 тысяч. То есть ежегодный рост составлял более 100 тысяч семей. Если учесть, что доступное жилье могут получить только социально-уязвимый, ограниченный контингент, то есть те, кто встает в очередь не от хорошей жизни. Данный резкий рост является зеркальным отражением экономических трудностей и низкого уровня доходов.
Отдельной историей для нашего Правительства является ситуация с госдолгом. На сегодня он превысил размер бюджета страны на целых 6,2 триллионов и составил 32 триллиона тенге. Только ежегодное обслуживание этого долга обходится казне в 2 триллиона тенге, что, кстати, в абсолютном выражении никак не влияет на его сокращение.
Мы видим, что фискальные просчеты и рост долгов угрожают бюджету страны. Например, недопоступление доходов в 1,3 триллиона тенге в Нацфонд и республиканский бюджет, сокращение активов Нацфонда до 20% от ВВП, рост внешнего долга квазигосударственного сектора еще на 1 триллион тенге.
Кроме того, по оценкам размер внешнего долга на начало 2025 года увеличится еще на 1,5 миллиарда долларов и составит порядка 168 миллиардов долларов США, что равно 86 триллионам тенге.
Еще раз хотел бы отметить, что после ряда корректировок с плана были убраны показатели налоговых поступлений на целых 3,1 триллиона тенге, что сопоставимы с годовой выплатой пенсий. Отмеченные проблемы показывают, что поставленные перед Правительством конкретные задачи по формированию «Новой экономической модели» и удвоению ВВП к 2029 году при текущих подходах малореализуемы. Указанные показатели и отрицательное сальдо бюджета создают так называемый «эффект иллюзии достатка».
***
Келесі негізгі мәселе – қазіргі таңда еліміздің 20 өңірінің 17-сі дотациялық жағдайда отыр. Тіпті мұнайлы өңір Маңғыстаудың өзі қазір дотацияға мәжбүр. Мысалы, республикалық бюджеттің шамамен 50 пайыздан астамы тікелей өңірлерге аударылады. Ал кейбір өңірлердің салықтық түсімдері жергілікті бюджеттің 15 пайызын да құрамайды. Бұл – өте қауіпті үрдіс!
Келесі – ұлттық жобалардың орындалу жайы. Бұл бағытта да мәселе шаш-етектен. Есепті жыл ішінде жобалардың 49,2% ғана аяқталған. Оның жартысынан көбі, яғни 463 жоба аяқталмаған (50,8%). Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» аясында 176 жоба толық бітпеген. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарына тиесілі.
Несмотря на глобальные вызовы, Правительство с трудом, но добивается роста экономики. Например, во-первых, по итогам 2024 года рост экономики к ВВП составил 4,8 процента, то за пять месяцев 2025 года мы достигли существенной цифры в 6 процентов.
Во-вторых, консолидированные резервы золото-валютных средств и Национального фонда страны достигли 112,3 млрд долл. США. Это обеспечило Казахстану место в топ-40 стран мира по международным резервам.
Үшіншіден, былтыр тағы да заңсыз шығарылған активтердің 1 триллион теңгесі елге қайтарылып, қайтқан заңсыз активтердің сомасы – 3 триллионға жетті.
Төртіншіден, Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша өтетін жүк тасымалы 4 миллион тоннаға жетіп, 62%-ға артты. Бұл негізгілері.
Депутаттар Үкіметпен тығыз жұмыс жасайды. Көбінде жанымыздың ашығанынан қаттырақ айтамыз. Президенттің «Ықпалды Парламент», «Мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі тиіс» деген қағидаттарының негізгі көрінісі де осы.
Әрине, елімізде мәселе бар. Ірі істерді қолға алғанда, қателіктер болатыны сөзсіз. Бұл – өмір заңдылығы. Дегенмен, сол қателіктер жүйелі проблемаларға айналмауы тиіс. Сондықтан бұл тұста біз барлық түйткілдерді Үкіметтің жылдық қорытындысында айтуға тиіспіз. Осы ретте Үкіметқұраушы, ірі саяси партияның фракциясы атынан бюджеттің игерілуі туралы есебін аталған ескертулермен бекітуге болады деп есептейміз.
«АМАNАТ» фракциясы атынан Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ