Суббота , 28 июня 2025

БАҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан баспана сертификаттары табысталды

Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры қыз­мет­кер­лері күні аясын­да Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­нан «Дара» Пре­зи­дент­тік баста­ма­лар қоры Қаза­қстан­ның жетек­ші медиа ұйым­да­ры­ның қыз­мет­кер­леріне пәтер сер­ти­фи­кат­та­рын табыстады.

Медиа сала­сы қыз­мет­кер­леріне бас­па­на беру баста­ма­сы — аза­мат­тар­ды әле­умет­тік қол­да­уды күшей­ту және қоғам­дық тұрақты­лы­қты нығай­туға бағыт­талған кең ауқым­ды мем­ле­кет­тік сая­сат­тың бір бөлігі.

Сал­та­нат­ты рәсім бары­сын­да ҚР Пре­зи­ден­тінің Кеңес­шісі – Бас­пасөз хат­шы­сы Рус­лан Жел­ді­бай БАҚ қыз­мет­кер­лерін кәсі­би мере­кесі­мен құттықтады.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен биыл үшін­ші жыл қата­ры­нан жур­на­ли­стер­ге пәтер беру шара­сы ұйым­да­сты­ры­лып отыр. Бұл – Пре­зи­дент­тің отан­дық медиа қыз­мет­кер­леріне деген үлкен қол­да­уы. Биыл пәтер­лер тек жур­на­ли­стер­ге ғана емес, режис­сер­лер­ге, опе­ра­тор­ларға, кор­рек­тор­ларға және отан­дық меди­а­ның өзге де маман­да­ры­на беріледі. Соны­мен қатар біз әле­умет­тік осал топ­тарға ерекше назар аудар­дық: пәтер иелерінің қата­рын­да көп­ба­ла­лы және мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала тәр­би­е­леп оты­рған отба­сы­лар да бар. Әріп­те­стері­міздің жетістік­теріне қуа­ны­шты­мыз. Бар­шаңы­зды шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын!», – деді Рус­лан Желдібай.

Пәтер сер­ти­фи­кат­та­ры­на «Qazaqstan» рес­пуб­ли­ка­лық теле­ра­дио­кор­по­ра­ци­я­сы, «Хабар» Агент­ті­гі» АҚ, «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газет­тері» ЖШС, «ЕВРАЗИЯ+ОРТ» ЖШС, «Atameken Business» медиа­хол­дин­гі, Tengrinews және басқа да медиа ұйым­дар­дың қыз­мет­кер­лері ие болды.

Жаңа пәтер иегер­лерінің қата­рын­да дуб­ляж редак­тор­ла­ры, эфир опе­ра­тор­ла­ры, дыбыс режис­сер­лері, теле­о­пе­ра­тор­лар, кор­рек­тор­лар және күн сай­ын сапа­лы ақпа­рат­тық өнім жаса­уға үлес қосып жүр­ген өзге де медиа сала­сы­ның маман­да­ры бар.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның БАҚ өкіл­дерін бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету баста­ма­сын «Дара» қоры сәт­ті жүзе­ге асы­рып келеді. Қоға­мға оң әсер ететін және аза­мат­тар­дың әл-ауқа­тын жақ­сар­та­тын жоба­лар­ды іске асы­ру – біздің негіз­гі құн­ды­лы­қта­ры­мы­здың бірі болып қала береді», – деп атап өтті «Дара» Пре­зи­дент­тік баста­ма­лар қоры­ның жетек­шісі Мұха­медқа­ли Тауан.

Мүлік­ті өте­усіз беру шар­ты­мен 2023 жылы мем­ле­кет­тік бес БАҚ-тың 65 қыз­мет­кері пәтер алған бола­тын. 2024 жылы түр­лі медиа құры­лым­дар­да еңбек ететін 68 қыз­мет­кер­ге бас­па­на беріл­ді. Ал ағым­дағы жылы ұлт­тық медиа кеңістік­тің дамуы­на үлес қосып жүр­ген жур­на­ли­стер мен тех­ни­ка­лық маман­дар­ды қол­дау мақ­са­тын­дағы дәстүрі бой­ын­ша медиа сала­сы­ның 66 өкілі жаңа пәтер­ге ие болды.

«Дара» Пре­зи­дент­тік баста­ма­лар қоры­ның бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн