Четверг , 3 июля 2025

Ескі де, жаңа ел туралы ҚИСЫНСЫЗ МИФТЕР

Төмен­де ұсы­ны­лып оты­рған мақа­ла ойда жүр­ген депу­тат­тық сау­ал­дың тези­стері негізін­де жазыл­ды. Әдет­те әле­умет­тің мүд­десін күйт­те­ген деп­са­у­ал мем­ле­кет­тік орган­дарға бағыт­та­ла­ды, ал бұл мақа­лаға арқау болған мәсе­ле­лер керісін­ше, сала­у­ат­ты қоғам­ның түй­сі­гі мен талқы­сы­на арналады.

Басқа елдер­де­гі сияқты, Қаза­қстан­ның ақпа­рат алаңын­да дүр­кін-дүр­кін айты­лып жүр­ген, өзе­гі жалған­ды­ққа жалғасқан зама­на­уи миф­тер бар­шы­лық. Көбісі – қазір­гі рефор­ма­лар­дың мән-маңы­зы­на, эко­но­ми­ка­лық сая­сат пен билік құры­лы­мы­на қаты­сты ойдан шыға­ры­лған неме­се қар­сы­лық туды­руға арналған қау­е­сет. Жаң­сақты­ғы тай­ға таң­ба басқан­дай білініп тұр­са да, сая­си сау­а­ты кем­шін жұрт ара­сы­на тез тарайды.

Өкініш­ке қарай, мұн­дай аңы­здар ақиқат­ты бұр­ма­лап қана қой­май, елде қадам-қадам жүріп жатқан оң өзгерістер­ге деген күдік-күмән­ді қалы­ң­да­тып, халық сені­мін күй­ре­ту­ге жете­лей­ді. Осы­лай­ша ел бол­мақ жақ­сы ниет­ті лай­лап, мем­ле­кет­тің даму қабілетін кемітеді.

Сол себеп­ті кей «біл­гі­ш­тер» тара­тып жатқан жаң­сақ пікір­лер­ді нақты деректер­ге сүй­ене оты­рып, қисы­н­мен тал­да­уды жөн көрдік.

  • Жағы­лып жүр­ген күйе, тағы­лып жатқан айып­тар­дың бір­не­ше­уіне тоқта­лай­ық.

Бәзбіре­улер «Жаңа Қаза­қстан деген құр атау ғана, оның ескі Қаза­қстан­нан ешбір айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ» дей­ді. Бірін­ші­ден, мем­ле­кет­ті, тұтас қоғам­ды «ескі», «жаңа» деп бөлу­ге бол­май­ды. Елі­міз өз орнын­да, жұр­ты­мыз да, шүкір, ешқай­да көшіп кет­кен жоқ. Менің лек­си­ко­ным­дағы «ескі Қаза­қстан» – сая­си дәуір­лер шека­ра­сын айқын­да­удың ғана бел­гісі. Ескір­ген прин­циптер, бұған дей­ін қалып­тасқан «тәр­тіп», яғни елдік мүд­де­ден жеке бастың қамын жоға­ры қоя­тын ойлау машы­ғы. Бұл жүй­ені іштен білетін Пре­зи­дент Тоқа­ев сана сіл­кінісі бол­май­ын­ша, ұлт сапа­сы өспей­тінін, жаңа дәуір тала­бы осы екенін жақ­сы түсінеді.

Зама­на лебі­мен іргелі өзгерістер­ге жол бастаған билік бұған дей­ін қалып­тасқан жүй­енің былы­ғын әшке­ре­леп, әділет­ті қоғам орна­туға бар күшін салып жатыр. Мұны мой­ын­дау керек.

«Жаңа Қаза­қстан­ның» аста­рын­да не бар? Бұл – жаман­ды-жақ­сы­лы өз функ­ци­я­сын орын­дап жүр­ген мем­ле­кет­тік аппа­рат­ты бір күн­де толы­қтай ауы­сты­рып, ел ішін ала­тай­дай бүл­ді­ру емес. Оның мәнісі – кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­де инсти­ту­ци­о­нал­ды өзгерістер орна­ту. Қоғам­дық тәр­тіп­ті, бұған дей­ін қалып­тасқан «ойын ере­же­сін» өзгерту.

Ашы­ғын айтқан­да, Қасым-Жомарт Тоқа­ев жари­я­лаған «Жаңа Қаза­қстан­ның» жүзе­ге асар межелі фор­ма­сы – Әділет­ті Қаза­қстан. Басы ашық нәр­се – Пре­зи­дент бар­ша­мы­зды бұры­нғы жүй­енің қателі­гі­нен сабақ алып, жаңа­ша ойла­у­ға, жаңа­ша әре­кет ету­ге үндеді. Яғни, Әділет­ті Қаза­қстан­ды құру әрбірі­міз­ге байланысты.

Осын­дай ізгі иде­я­ны арзан­да­тып, оны елді, мем­ле­кет­ті, қоғам­ды екі­ге бөлу үшін бұр­ма­лау кім­ге тиім­ді бол­ды екен?

Ал «Әділет­ті Қаза­қстан» деген не? Оның алғы­шар­ты не? Жемісі қандай?

Әділет­ті мем­ле­кет ұғы­мы халқы­мы­зға Асан Қай­ғы зама­ны­нан таныс. Оның маз­мұн-фор­ма­сын Әл-Фара­би сипаттап кет­кен. «Жеті жарғы­ны» қол­да­ны­сқа енгіз­ген Әз Тәу­ке бай­ы­рғы қазақ ұғы­мын­дағы әділет­ті қоғам­ды құрған. Кеше­гі Алаш қай­рат­кер­лері де әділет­ті мем­ле­кет­тің іргесін қала­маққа әре­кет еткен.

Ғасыр­лар бойы халы­қтық дүни­е­та­ны­мы­м­ы­зға, елдік мұра­ты­мы­зға сіңісті болған­ды­қтан да, біз Қасым-Жомарт Тоқа­ев ұсы­нған Әділет­ті Қаза­қстан кон­цеп­тін ел болып, қоғам болып, жаты­рқа­май құп алдық. Енді осы бағыт­та мем­ле­кет қолға алған бір­ша­ма өзгерістер бар. Оның бірі – ескі жүй­енің негіз­гі инсти­тут­та­ры­ның қай­та қара­лып, басқа­ру жүй­есінің рефор­маға ұшырағаны.

Отыз жыл­дан аса мерзім­де билік пен бай­лық бір қолға шоғыр­ла­нуы қалып­ты нәр­се сияқты қабыл­дан­ды. Мұн­дай «тәр­тіп­ке» қар­сы шыққан­дар қуда­лан­ды. Халы­қтың мұң-мұқта­жы наза­рдан тыс қалды.

Транс­фор­ма­ци­я­ның «бісміл­ләсін­да» Тоқа­ев ат төбелін­дей шоғыр оли­гарх­тар­ды бір залға жинап алып, бәріне бір­дей «ескер­ту» жаса­ды. Бұдан былай олар үшін «үріп ішіп, шай­қап төгетін» дәуір аяқталға­нын естірт­ті. Осы­дан соң ғана сең қозға­лып, бүкіл елдің ыры­сын уысын­да ұстаған «клан­дар­дың» іргесі сөгі­ле бастады.

Өзгерістің бүгін­гі таң­дағы ара­лық нәти­же­сі – мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есі есеп беру мен ашы­қты­ққа, әділ бәсе­ке­ге бет бұр­ды. Жаңа заң­дар қабыл­да­нып, қоғам­дық қаты­на­стар қай­та түзі­ле бастады.

Сөзі­міз дәлел­ді болу үшін, бір­не­ше дәй­ек­ті алға тар­тай­ық. Бұл дәй­ек­тер ресми-эли­тар­лық тіл­де әр жер­де айты­лып жүр. Бірақ осы мақа­ла­ның рито­ри­ка­сы­на сәй­кес, олар­ды тағы да бір қай­та­лап қой­ған артық болмайды.

Ата заңы­мы­зға өзгеріс енгізіліп, супер­пре­зи­дент­тік билік жүй­есі шек­тел­ді. Билік­тің бірқа­тар өкілеті Пре­зи­дент­тен Пар­ла­мент пен Үкі­мет­ке өтті, яғни билік­ті шама­дан тыс орта­лы­ққа «тәу­ел­ді болу­дан» ары­л­тып, халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­руға ықпал етті.

Пар­ла­мент­те­гі пар­ти­я­лар­дың Үкі­мет­ті жасақта­уға ықпа­лы артып, заң шыға­ру­шы орган­ның бақы­лау функ­ци­я­ла­ры күшей­тіл­ді. Жоғарғы пала­та­дағы «пре­зи­дент­тік кво­та» саны 15-тен 10 депу­тат­тық ман­датқа азайтылды.

Басты­сы – пре­зи­дент өкілет­тілі­гі «super»-лік сипаттан айы­рыл­ды. Бұдан кей­ін Кон­сти­ту­ци­яға қай­та-қай­та өзгеріс енгізіп, пре­зи­дент­тік өкілет­тілік­ті соза беру­ге құқы­қтық негіз­де тосқа­уыл қой­ыл­ды. Енді­гі жер­де Тоқа­ев­тан бастап, Қаза­қстан пре­зи­дент­тері бір ғана мерзім­ге – жеті жылға сай­ла­на­ды. Бұл – кім­де-кім үшін артын­да ізгі істерін мұра етіп, ел тарихын­да жақ­сы атын қал­ды­ру үшін жет­кілік­ті мерзім. Тоқа­ев түз­ген сая­си өне­генің ең абза­лы осы, бәлкім.

Жеке аза­мат­тар­дың мем­ле­кет істеріне ара­ла­су, өз құқы­қта­рын қорғау меха­низмдері күшей­тіл­ді. Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңе­стің орны­на Кон­сти­ту­ци­я­лық сот қай­та орна­ды. Оның нәти­же­сі – 2023 жыл­дан бері 7 мың­нан аса қаза­қстан­дық өз құқы­ғын қорғау үшін Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа жүгін­ген екен.

Адам құқы­ғы жөнін­де­гі уәкіл­дің құзы­реті кеңей­тіліп, әр аймақта уәкіл­дер тағайындалды.

Кон­сти­ту­ци­ядан елба­сы мен оның мәр­те­бесі тура­лы арты­қ­шы­лы­қтар алы­нып тасталды.

Сай­лау жүй­есі демо­кра­тия қағи­да­ла­ры­на сай жаңар­тыл­ды. Бір ман­дат­ты сай­лау жүй­есі енгізіл­ді, оның нәти­же­сін­де соңғы сай­ла­уда Мәжілістің үштен бірі, облы­стық мәс­ли­хат­тар­дың тең жар­ты­сы, ал аудан­дық мәс­ли­хат­тар толы­қтай – бір ман­дат­ты округ­тер­ден сай­ланған депу­тат­тар­дан жасақталды.

Бұған қоса, «сай­ла­у­шы­лар­дың сені­мін жоғалт­ты» деген негіз­де­ме бой­ын­ша бір ман­дат­ты округ­тен сай­ланған Мәжіліс және мәс­ли­хат депу­тат­та­ры­ның ман­да­тын қай­та­рып алу про­це­ду­ра­сы енгізіл­ді. Бұл да – халық билі­гінің жүзе­ге асу көрінісі.

Сай­лау бюл­ле­тень­деріне «бәріне қар­сы­мын» деген таң­дау бел­гісі қай­та енгізіл­ді. Аза­мат­тарға өзінің қар­сы­лық ұста­ны­мын біл­дірудің заң аясын­дағы теті­гі берілді.

Пар­тия құру­дың мех­на­ты азай­ды, оны тір­кеу үшін қажет­ті мүше­лер саны­на қой­ы­ла­тын талап шегі 20 мың­нан 5 мың ада­мға төмен­детіл­ді. Аймақтар­да пар­тия фили­ал­да­рын құру үшін енді 600 емес, 200 адам жинал­са жет­кілік­ті. Бұған қоса, пар­тия құруға қажет­ті баста­ма­шыл топ­тағы адам саны енді 1000 емес, 700-ден кем бол­мауы тиіс деп бекітілді.

Бұған дей­ін ЕҚЫҰ сияқты халы­қа­ра­лық ұйым­дар көп сынай­тын шек­теу – пар­ти­я­лар үшін Пар­ла­мент­ке өтудің ең төмен­гі көр­сет­кі­ші 7 пай­ы­здан 5 пай­ы­зға төмен­детіл­ді. Нәти­же­сін­де, құры­лға­лы бері заң шыға­ру­шы органға бір­де-бір депу­та­тын сай­лай алмаған жеке­ле­ген пар­ти­я­лар қазір төмен­гі пала­та­да бір-бір фрак­ция ұстап отыр.

Алты бір­дей пар­ла­мент­тік пар­тия фрак­ци­я­ла­ры­на қоса, Мәжілі­сте халық аты­нан тіке­лей сай­ланған 29 депу­тат бар. Оның бірі – осы мақа­ла­ның авторы.

Бүгін­де төмен­гі пала­та­ны аза­мат­тық қоғам­ның айна­сы деу­ге болар. Әйел­дер, мүге­дек жан­дар мен жастарға беріл­ген кво­та­ның арқа­сын­да әртүр­лі әле­умет­тік топ­тар­дың мүд­десі ұдайы Пар­ла­мент наза­рын­да. Заң шыға­ру­шы орган іші­нен құры­лған «Инклю­зив­ті Пар­ла­мент» атты депу­тат­тық топ – соның бір ғана мысалы.

Елдің сая­си өмірін­де­гі еле­улі өзгеріс – ел аумағын­да ауыл-аудан әкім­дерін халық тіке­лей сай­ла­у­ға көшті. Бұған дей­ін ауыл әкі­мінің өзі «жоға­ры жақтың» қала­у­ы­мен қыз­мет­ке келетін бол­са, енді тетік тұрғын­дар­дың қолы­на өтті. Нәти­же­сін­де, 2021 жыл­дан бері ел ішін­де 2,5 мың ауыл округ­терінің әкім­дері сай­ла­нып­ты. 2023 жыл­дан бері аудан және облы­стық маңы­зы бар қала әкім­дерінің сай­ла­уы пилот­тық жүй­е­де өткізіл­ді. Биыл­дан бастап олар­ды да халық тіке­лей дауыс беру арқы­лы өздері сайлайды.

Ал облыс пен рес­пуб­ли­ка­лық қала әкім­дерінің өзін Пре­зи­дент бұдан былай тек мәс­ли­хат­тар келісі­мі­мен тағай­ын­дай ала­ды. Яғни, мем­ле­кет бас­шы­сы өңір­лік кадр сая­са­тын­да жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру­дың өкіл­ді инсти­ту­ты­мен сана­суға мәжбүр.

Ашық қоғам­ның бір бел­гісі – пети­ция инсти­ту­ты іске қосыл­ды. Енді кез кел­ген қоғам мүше­сі өзінің аза­мат­тық ұста­ны­мын біл­діріп, баста­ма­шыл­дық көр­се­те ала­ды. Онлайн пети­ция – қоғам үшін өзек­ті кез кел­ген мәсе­лені аудан­дық мәс­ли­хат­тан бастап, Үкі­мет­ке дей­ін жет­кізіп, мем­ле­кет­тік дең­гей­де қарас­ты­рып, шешім шыға­руға ықпал ету тетігі.

Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на қысым азай­ға­ны сол – меди­а­кеңістік­те қазір түр­лі пікір өріп жүр. Дәстүр­лі БАҚ-ты былай қой­ып, әле­умет­тік желі­де аза­мат­тар өз ойын ашық айтып, билік­ті қым­сын­ба­стан сынап жүр. Кей кез­де тіп­ті сыбап жүр.

Ал бұры­нғы «Елба­сы» инсти­ту­ты күшіне мін­ген заман­да ашық сын айт­пақ түгілі, «басқа­ша» пікір айту­дың өзі мұң болған еді. Оған дей­ін­гі совет­тік дәуір тура­лы жақ ашпай-ақ қоя­лық. Жар­ты ғасы­рға жуық кәсі­би жур­на­ли­сти­ка­дағы тәжіри­бе­міз­де талай қысым мен құқай­ды көргенбіз.

Ұлттық эко­но­ми­ка құры­лы­мы өзгер­ді. Моно­по­ли­я­мен күрес бастал­ды. Заң­сыз жол­мен жиналған актив­тер­ді қай­та­ру қолға алын­ды. Жыл­дар бойы біте қай­на­сып кет­кен, ойы­на кел­генін істе­ген «мемлекет–алпауыт биз­нес» жүй­есіне соққы беріл­гені – бұрын-соң­ды бол­маған зор жетістік деу­ге әбден лай­ық. Соның арқа­сын­да мем­ле­кет­тік аппа­рат­ты жау­лап алған оли­гар­хи­я­лық құры­лым ыды­ра­ды. Ат төбелін­дей биз­не­смен­дер­дің заң шыға­ру ісіне, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­старға, сот шешім­дері мен кадр сая­са­ты­на ықпал етуіне тый­ым салынды.

Айта­лық, бұрын Маш­ке­вич пен Құлы­ба­ев сияқты­лар­дың «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» бола­тын. Қазір олай емес. Олар­дың мем­ле­кет­тік шешім­дер­ге ықпа­лы жой­ыл­ды. Шай­қап ішіп үйрен­ген биз­нес енді заң аясын­да жұмыс істей баста­ды. Бұл – өзгерістер жолын­дағы үлкен жеңіс.

Нары­қтық эко­но­ми­ка­да еңбек еткен, табыст­ың көзін тапқан аза­мат­та қомақты капи­тал­дың болуы қалып­ты нәр­се екенін халық түсі­ну­ге тиіс.

Біз­де биз­не­смен­дер­дің екі түрі бар. Бірін­шісі – жер асты бай­лы­қта­рын пай­да­ла­нып, табысын, жиған-тер­ген ақша­сын шетел­ге жылы­ста­та­тын­дар; екін­шісі – ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны дамы­туға инве­сти­ция салып, жұмыс орын­да­рын ашып, инфрақұры­лы­мға, өндіріс пен инно­ва­ци­яға қара­жат құятындар.

Әлбет­те, мем­ле­кет осы екін­ші топ­ты – Қаза­қстан­ның ұзақ мерзім­ді дамуын және әрбір аза­мат­тың әл-ауқа­тын арт­ты­ру­ды көз­дей­тін кәсіп­кер­лер­ді қол­да­уға қашан да дай­ын екенін таны­тып отыр. Ол тура­лы Пре­зи­дент Тоқа­ев талай жер­де айтып та жүр.

Биз­нес енді қоғам алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін сезіне баста­ды. Көп­те­ген ірі ком­па­ни­я­лар білім, меди­ци­на, спорт, мәде­ни­ет сала­ла­ры­на қар­жы бөліп, әле­умет­тік жоба­ларға бел­сен­ді түр­де ара­ла­су­да. Бұл қазір қалып­ты жағ­дай­ға айналған жақ­сы үрдіс. Міне, осын­дай инве­стор­лар мем­ле­кет пен қоғам тара­пы­нан жан-жақты қол­дау тауып отыр, алдағы уақыт­та да солай бола береді.

Әрине, кез кел­ген қоғам­да билік­ке бір табан жақын жүретін ірі биз­нес өкіл­дері бола­ды. Бұл тіп­ті АҚШ-тың өзін­де лоб­бизмді заң­да­сты­руға себеп болған жағ­дай. Мәсе­ле – ол халық қамын ойлай­тын ұлт­тық бур­жу­а­зия өкіл­дері ме, әлде 30 жыл халы­қтың ыза­сы­на тиген ұры-қары топ па – бар кіл­ти­пан осын­да. Кезін­де Алаш қай­рат­кер­леріне көмек­тесіп, кітап, газет шыға­руға қар­жы бөліп, рефор­ма ісіне бел­сене ара­ласқан қазақ бай­ла­ры қан­дай, халық ыры­сы­на қол салып, мем­ле­кет­тік қазы­на­ны шетел асы­ра бер­ген бүгін­гінің «бай­шы­ке­ш­тері» қандай?

Енде­ше биз­нес өкіл­дері үшін де ұлт­тық, елдік мүд­де тұрғы­сы­нан ой кешу­ге көшетін кез жет­ті. Тоқа­ев­тың үлкен бір жеңісі – ұлт бай­лы­ғы­на кене­ше жабысқан оли­гарх­тар­дан жүй­ені бір­жо­ла тазар­тып, биз­не­стің бетін халы­ққа бір­жо­ла бұру болмақ.

Барша­мы­зға ортақ мақ­сат – елдің дамуы мен халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­ру. Осы жол­да билік жемқор­лы­қ­пен күре­сті күшейт­ті. Кезін­де өздерін халы­қтан үстем, заң­нан жоға­ры санаған адам­дар – жалған­ды жал­пағы­нан басқан бұры­нғы мини­стр­лер, күштік құры­лым бас­шы­ла­ры, экс-пре­зи­дент­тің туы­ста­ры мен жақын серік­терінің қазір бірі­нен соң бірі тер­ге­у­ге алы­нып, жау­а­пқа тар­ты­лып жатқа­ны – жүй­енің өзгер­генінің айқын бел­гісі. Әділет­ті Қаза­қстан­да заң құры­ғы­нан ешкім құтылмайды.

Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі жұмысы­ның нәти­же­сі жұрт­шы­лы­қтың көз алдын­да. 2022 жыл­дан бері бұрын қол­ды болған жал­пы сома­сы 1 трлн 120 млрд тең­генің активі, оның ішін­де был­тыр ғана 371,2 млрд тең­ге мем­ле­кет­ке қай­та­рыл­ды. Бұл қомақты сома әле­умет­тік маңы­зы бар инфрақұры­лым­ды дамы­туға жұм­са­лып жатыр. Атап айтқан­да, қара­жат­ты 406 жобаға жұм­сау жос­пар­ла­нып, оның 333‑і жүзе­ге асы­ры­ла баста­ды. Халық игілі­гіне берілетін нысан­дар қата­рын­да 9 білім беру меке­месі, 3 спорт ныса­ны, ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы 162 жоба және сумен жаб­ды­қтау сала­сын­дағы 159 жоба бар.

Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатқан бұл баста­ма­лар­дың қай-қай­сысы да халы­қтың өмір сапа­сын жақ­сар­туға, білім мен меди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің қол­жетім­ділі­гін арт­ты­руға, бұқа­ра­лық спорт­ты дамы­туға, ком­му­нал­дық инфрақұры­лым­ды жаңғыр­туға бағытталған.

Әділет­ті Қаза­қстан­ның басты қағи­дат­та­ры­ның бірі – ашы­қтық. Халы­қтан ештеңені жасы­руға бол­май­ды. Сол үшін «Ашық НҚА» пор­та­лы істеп тұр. Шене­унік­тер өз мүл­кін жария ету­ге мін­дет­тел­ген. Мем­ле­кет­тік сатып алу­лар элек­трон­ды жүй­е­ге көшіп, бақы­лау күшей­ді. Бұл тетік­тер жемқор­лық схе­ма­ла­ры­ның жолын бөгеп, жүй­ені олар­дан тазар­туға едәуір ықпал етті.

Әрине, сыбай­лас жемқор­лық дер­тін бір­ден жой­ып жібе­ру күр­делі әрі ұза­ққа созы­ла­тын про­цесс. Деген­мен, осы сана­у­лы жыл­да тын­ды­ры­лған көп шару­а­ның нәти­же­сі бағы­ты­мы­здың дұрыс екенін көр­сетіп отыр.

  • Тағы бір кең тараған миф – «эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру сөз жүзін­де қал­ды» деген долбар.

Бұл пікір көбіне эко­но­ми­ка ғылы­мы­ның иісі мұр­ны­на бар­май­тын, оның ішкі иірі­мін жете түсін­бей­тін, сөй­те тұра өзін әр тақы­рып­та «сарап­шы» санай­тын­дарға тән.

Расын­да, эко­но­ми­ка – терең тео­ри­я­лық білім­ді, сон­дай-ақ сан мен сапаға қаты­сты деректер­мен ұдайы қару­ла­нып, жүй­елі түр­де тал­дау жасап оты­ру­ды қажет ететін күр­делі сала. Бір-екі цифр­ды қоры­тып, қызыл сөз бен шешен тіл­ге сүй­ен­ген­нің бәрі эко­но­мист емес.

Шын­ту­ай­тын­да, эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру – өндірістік құры­лым­ды өзгер­ту­ге бағыт­талған ұзақ мерзім­ді про­цесс. Ондаған сала­ны қатар дамы­тып, инве­сти­ция тар­тып, жаңа кәсі­по­рын­дар ашып, экс­порт бағыт­та­рын көбей­ту керек.

Әрине, 30 жыл көле­мін­де әрта­рап­тан­ды­ру кен­делі­гін кеш­кен эко­но­ми­ка қары­штап кет­ті деп, күпір­шілік айтуға бол­май­ды. Бірақ Қаза­қстан бұл мәсе­ле­де тұра­лап тұр деу – нақты көр­сет­кі­ш­тер мен жетістік­тер­ді жоққа шыға­ру­мен тең.

Осы мақа­ла­ны дай­ын­дау бары­сын­да тиісті мемор­ган­дар­дан эко­но­ми­ка­ның салы­стыр­ма­лы нәти­же­лерін алдырт­тым. Жағ­дай­ы­мыз жер теп­кілеп еңірей­тін­дей емес екен. Мыса­лы, 2018–2024 жыл­дар ара­лы­ғын­да ЖІӨ 1,6 есе өсіп, 135 трлн тең­ге­ге жет­кен. Оның ішін­де мұнай-газ сек­то­ры­ның үлесі 2018 жылы 21,1% бол­са, 2023 жылы 16,9%-ға азай­ды. Оның үстіне бұл үрдіс тоқта­у­сыз жүріп жатыр.

Шикі­заттық емес сек­тор 2019 жылы 51,5 трлн тең­ге бол­са, 2023 жылы 90,6 трлн тең­ге­ге дей­ін өсті, ЖІӨ-дегі үлесі 75,9%-ға дей­ін арт­ты. Бұл – басқа сала­лар­дағы өсім­ді көр­се­тетін үлкен өзгеріс.

Өңдеу өнер­кәсібі өнім­дері мен қыз­мет­тері экс­пор­ты­ның көле­мі де даму қарқы­ны­нан хабар береді. 2019–2024 жыл­да­ры маши­на жаса­удағы өндірістің әле­уеті 2,7 есе өсті. Жеті жыл бұрын шыға­ры­лған авто­мо­биль­дер саны 30 016 бол­са, 2023 жылға қарай бұл көр­сет­кіш 4 есе­ден аса өсіп, олар­дың саны 134 054-ке жетті.

Қаза­қстан бұры­нғы­дай жер қой­на­уын игеріп, шикі­затты экс­порт­тап қана қой­май­ды, жоға­ры сапа­лы болат, тазар­ты­лған мыс, титан құй­ма­ла­ры, фос­фор тыңай­тқы­шта­ры, поли­про­пи­лен, акку­му­ля­тор­лар шыға­ра­ды. Осы­лай­ша мұнай-газ хими­я­сы инду­стри­я­лық өсім­нің жаңа драй­веріне айна­лып келеді. Был­тыр бұл сала­дағы өндіріс көле­мі 540 мың тон­наға жет­ті, яғни 2023 жылғы көр­сет­кіш 150%-ға өсті деген сөз.

Кей­ін­гі жыл­да­ры ауыл шару­а­шы­лық сала­сын­да көп ілгерілеу бар. Оның нақты нәти­же­сі – был­тыр өсім көле­мі 13,7%-ға жет­ті. Жал­пақ тіл­мен айтқан­да, әр гек­тар­дан 16,2 цент­нер­ден 26,8 мил­ли­он тон­на дән­ді дақыл алдық.

Бұл – соңғы 12 жыл­дағы абсо­лют­ті рекорд. Бұл аз десеңіз, был­тыр агро­сек­тор­да 276,7 млрд тең­ге­ге 286 инве­сти­ци­я­лық жоба іске асты.

 Ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар мен инно­ва­ци­я­лар сала­сын­да жаңа­шыл­дық та, жаңа­лық та көп. Мысал үшін, Жаһан­дық инно­ва­ци­я­лық индекстің (Global Innovation Index) 2024 жылғы есебін­де Қаза­қстан Орта­лық Ази­ядағы бар­лық көр­шілерін арт­та қал­ды­рып, 78-оры­нға табан тіреді (132 елдің ішінде).

Жал­пы, ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар сек­то­ры – Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­да қарқын­ды дамып келе жатқан сала­ның бірі. Бағ­дар­ла­ма­лау сала­сын­дағы қыз­мет­тер­дің, IT сала­сын­да кеңес беру сияқты қыз­мет­тер­дің ұлт­тық эко­но­ми­ка­дағы үлесі был­тыр 1,5 трлн тең­ге­ге жет­ті. Бұл алды­ңғы жыл­мен салы­сты­рған­да 36,3%-ға артық.

Astana Hub осы күн­де Орта­лық Ази­ядағы ең ірі тех­но­парк­ке айнал­ды. Был­тыр ғана тех­но­парк рези­дент­тері 177 млн дол­лар­дан астам инве­сти­ция тар­тып, IT-қыз­мет­тер экс­пор­тын 481,5 млн дол­ларға жет­кізді, жал­пы табыс 1,3 млрд дол­ларға жетті.

Бүгін­де IT сала­сын­да ашы­лған жұмыс орын­дар саны 28 мың­нан асып­ты. Astana Hub-та қазір Playrix, TikTok, InDrive, EPAM, Glovo, Presight.ai сияқты ірі халы­қа­ра­лық ком­па­ни­я­лар­дың кең­се­лері орналасқан.Елімізде алты бір­дей аймақта IT-хаб ашыл­ды, тех­но­парк­тің басқа­руы­мен 18 облы­ста орта­лы­қтар жұмыс істеп тұр.

2024 жылы Astana Hub Қаза­қстан­да жасан­ды интел­лек­тіні (ЖИ) дамы­туға бағыт­талған AI Movement атты ауқым­ды баста­ма­ны қолға алды. Жыл басын­да бұл орта­лы­қтың ашы­лға­ны тура­лы мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі мәлім­де­ме жасаға­ны есіңіз­де болар.

Ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар мен жасан­ды интел­лек­ті­мен жұмыс істей­тін кәсі­би маман­дар­ды даяр­лай­тын AI Sana бағ­дар­ла­ма­сы іске қосыл­ды, оған кемін­де 100 мың сту­дент қаты­са алады.

Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы­нан кей­ін был­тыр­дан бері шетел­дік маман­дар мен ком­па­ни­я­ларға элек­трон­ды виза мен елде тұруға рұқ­сат беретін Digital NOMAD Visa және Digital Nomad Residency бағ­дар­ла­ма­ла­ры іске қосылды.

Пре­зи­дент Үкі­мет­ке супер­ком­пью­тер жасау тура­лы тап­сыр­ма бер­гені бел­гілі. Естуі­міз­ше, қазір Орта­лық Ази­ядағы алға­шқы супер­ком­пью­тер Цифр­лан­ды­ру мини­стр­лі­гінің Деректер орта­лы­ғын­да орна­ты­лып жатыр. Алдағы уақыт­та оған мем­ле­кет­тік орган­дар ғана емес, жасан­ды интел­лект сала­сын­да іргелі зерт­те­улер жүр­гі­зетін уни­вер­си­тет­тер, ғылы­ми орта­лы­қтар мен ком­па­ни­я­лар да қосы­ла алады.

Жоға­ры­да тәп­ті­ш­теліп айты­лған еле­улі жақ­сы жағ­да­ят­тар өзгерістер­дің сипа­ты ма, жоқ әлде өтірік көл­гір­су ме? Әрине, өзек­ті өзгерістер­дің бета­лы­сы деп айтуға әбден болады.

Мұның бәрі аз десеңіз, гео­са­я­си өзгерістер­ді өз мүд­десіне тиім­ді пай­да­ла­ну­дың арқа­сын­да Қаза­қстан транс­кон­ти­нен­тал­дық тасы­мал­дың негіз­гі тар­мағы­на айнал­ды. Был­ты­рғы жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша елі­міз­де көлік­тің бар­лық түр­лері­мен тасы­мал­дау көле­мі 10%-ға өсіп, 1 мил­ли­ард 78 мил­ли­он тон­наға жетті.

«Орта дәлізді» (Тран­с­кас­пий халы­қа­ра­лық көлік бағы­ты) қарқын­ды дамы­ту – гео­са­я­си тур­бу­лент­тілік­ке төтеп берудің шеші­мі әрі пай­да кір­гі­зетін сала­лар­ды, оның ішін­де ара­лас сала­лар­ды (қой­ма шару­а­шы­лы­ғы, сер­вис, қар­жы) дамы­та­тын стра­те­ги­я­лық инве­сти­ция. Жақын­да ғана Аста­на­да өткен «Орта­лық Азия – Қытай» сам­ми­тін­де Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Кас­пий­де­гі Құрық пор­тын­да Қытай­мен бір­ге жүк тер­ми­на­лын құру тура­лы ұсы­ны­сы­на ҚХР төраға­сы Си Цзинь­пин қол­дау білдірді.

Бүгін­гі таң­да Тран­с­кас­пий бағы­ты­ның жүк тасы­мал­дау қабілеті жылы­на 6 млн тон­на­ны құрай­ды. Осы бағыт­тағы тасы­мал көле­мі был­тыр 62%-ға өсті. Бұған себеп болған нақты шешім­дер­дің қата­рын­да 2029 жылға қарай кон­тей­нер­лік блок-пой­ы­здар санын жылы­на 600-ден 3000-ға дей­ін ұлғай­ту үшін Қытай­мен ара­да келісім жаса­лып, Қытай­дағы Сиань мен Ляньюнь­ган, Мәс­кеу маңын­дағы Селе­ти­но, Таш­кент, Әзір­бай­жан мен Вен­гри­ядағы Алят сияқты негіз­гі әлем­дік логи­сти­ка­лық орта­лы­қтар­да тер­ми­нал­дар желісінің салы­нуын, 2025 жылы Ақта­уда кон­тей­нер­лік хаб­тың, Гру­зи­я­ның Поти пор­тын­дағы жаңа тер­ми­нал­дың ашы­лға­нын атап өтсек жет­кілік­ті болар.

Биы­лғы жылы ел ішін­де 13 мың шақы­рым авто­мо­биль жолы мен 6 мың шақы­рым­нан аса темір жол жаңар­ты­лып жатыр. Аста­на, Алма­ты, Ақтау, Ақтө­бе, Қараған­ды мен Шым­кент ара­сын жалғай­тын алты бір­дей әуе­жай­дан әуе хабын құру жұмысы қарқын­ды жүріп жатыр.

Әрине, эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру «қара алтын» иге­ру­ден мүл­де бас тар­ту деген­ді біл­дір­мей­ді. Көмір­су­те­гі өндірісі мен экс­пор­ты Қаза­қстан үшін маңы­зды табыс көзі болып қала береді.

Әйт­се де, заман тала­бы­на сай көпса­ла­лы, теге­урін­ді эко­но­ми­ка құруға бет алдық, оның алға­шқы жемісін көріп те отыр­мыз. Сон­ды­қтан ауы­зды қу шөп­пен сүр­те бер­мей, қазір­гі эко­но­ми­ка құры­лы­мы 2018 жылғы­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да көш ілгері екенін мой­ын­дау керек.

  • Ақпа­рат­тық кеңістік­те­гі тағы бір миф «қос билік» жүй­есіне қатысты.

Ел ішін­де «Назар­ба­ев бәрін сахна сыр­ты­нан басқа­рып отыр», «елде қос билік бар» деген сөзді әлі де сағы­здай созып, айтып жүр­ген­дер бар. Оның аста­рын­да фак­ті де, заң­дық негіз де жоқ. Тек елге іріт­кі салу­ды көз­дей­тін теріс пиғыл ғана бар. Тіп­ті осы теріс пікір­ді ескі, сүрі жүй­енің жақ­та­ста­ры тара­тып жүруі де ғажап емес.

2022 жыл­дың мау­сым айы­нан бері Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есі­нен толы­қтай шет­тетіл­ген. Оның сая­си қыз­меті де, лау­а­зы­мы да, ресми мәр­те­бесі де күшін жой­ған. Оның мем­ле­кет­тік дең­гей­де шешім шыға­руға, сая­си про­цес­ке ара­ла­суға мүм­кін­ді­гі де, құзы­реті де, құқы­ғы да жоқ.

Оның туы­ста­ры бір кез­де­гі мем­ле­кет­тік орган­дар­да, әкім­дік­тер­де­гі лау­а­зым­ды қыз­мет­тері­нен босаған. Олар­дың бір­де-бірі мем­ле­кет­тік құры­лым­дарға, билік­ке ара­ла­са алмай­ды. Кей­бірі тіп­ті ел үсті­нен көр­ген дәу­леті­нен айы­ры­лып, мүл­кі тәр­кі­леніп, өздері істі болып жатыр. Бас аман­ды­ғын ойлап, шетел асып кет­кені қан­ша­ма. «Мың асқанға – бір тосқан» деген сол.

Тоқе­терін айтқан­да, мем­ле­кет­тік аппа­рат тұта­стай, оның ішін­де елдің қару­лы күш­тері түгел – қазір­гі мем­ле­кет бас­шы­сы­ның, Үкі­мет­тің және басқа да тиісті ресми мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қолында.

Көп адам тереңіне бой­лай бер­мей­тін сая­сат­тың мәні экс-пре­зи­дент­тің ел тарихын­дағы рөлін объ­ек­тив­ті түр­де еске­ру­ге, яғни мем­ле­кеті­міздің Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы отыз жылын­да жүріп өткен жолы­на құр­мет­пен қара­уға негізделген.

Бұл – ең әуелі мем­ле­кет­тілік­ке деген құр­мет. Әрі тәу­ел­сіз елдің еге­мен­ді­гін нығай­тып, тұрақты даму үшін сая­си дәстүр қалып­та­сты­руға жасалған қадам.

Ең басты­сы – Тоқа­ев заң­ның ешкім­ді ала­ла­май­ты­нын көр­сетіп отыр: заң алдын­да бәрі­міз бір­дей­міз, яғни ешкім бұры­нғы еңбе­гін бұл­дап неме­се бұры­нғы­дай туы­стық бай­ла­ны­сы­на иек артып, құқы­қтық жау­ап­кер­шілік­тен құты­ла алмай­ды. Бұл – сөзі­міздің басын­да айтып өткен Әділет­ті Қаза­қстан­ның басты қағидасы.

Назар­ба­ев­тың басқа елдер­ге жасаған жеке сапа­рын әсіре­леп, «жасы­рын сая­сат жүріп жатыр» деп сыбыс тара­тып жүр­ген­дер бар. Жақын­да оның Ресей­ге барып, тағы да Путин­мен кез­дескені тура­лы ақпа­рат тара­ды. Экс-пре­зи­дент, яғни қазір­гі зей­нет­кер­дің сапа­ры­нан соң көлең­кесі­нен қорқа­тын­дар тағы өре түрегелді.

Жал­пы, бұры­нғы көш­бас­шы­лар­дың басқа елдер­ге сапар­лап, олар­дың іс басын­дағы бас­шы­лар­мен кез­де­суі – халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­де қалып­ты жайт. Гер­ма­ни­я­ның бұры­нғы канц­лер­лері (Г.Шредер, А.Меркель), АҚШ-тың бұры­нғы пре­зи­дент­тері (Б.Обама, кіші Дж.Буш.), Фран­ци­я­ның (Н.Саркози, Ф.Олланд), Ұлы­бри­та­ни­я­ның (Т.Блэр) бұры­нғы бас­шы­ла­ры әріп­тес мем­ле­кет­тер­дің қазір­гі пре­зи­дент­тері­мен сөй­лесіп, пікір­лесіп жүреді, түр­лі форум­дарға шақы­ры­лған спи­кер ретін­де қаты­сып, сөз сөй­лей­ді. Бұдан олар­дың өз елдерінің қазір­гі сая­са­ты­на «ықпал-беделін» іздеп, аттан­дап жүр­ген ешкім жоқ. Бар болға­ны – қыз­мет­тен кет­кен сая­сат­кер­лер­дің жеке және қоғам­дық өмірінің бір көрінісі ғана.

Ал біздің қоғам мұн­дай оқиға­дан әлдеқан­дай сая­си астар іздеп, түр­лі дол­бар жасап, біреу жақтап, біреу дат­тап, қып-қызыл дау-дамай туды­рып, әп-сәт­те әбі­гер­ге түсе қала­ды. Неге? Шама­сы, бір кез­де «орта­лы­ққа бағы­нған» ішкі ком­плек­с­тен әлі толық арыл­маға­ны­мы­здың көрінісі.

Өз билі­гі өзін­де, кемеліне кел­ген озық елдер сияқты жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың тари­хи ролі мен оның мем­ле­кет­тік істер­ге шын мәнісін­де­гі ықпал-беделін ажы­ра­тып үйре­нуі­міз керек-ақ. Мұн­сыз өз ойы­мы­здағы қорқы­ны­штар­мен алы­сып қана қой­май, олар­ды мем­ле­кет­тік жүй­е­ге таңып, жаңы­ла береміз.

Қоғам­да кең тараған тағы бір алып-қашпа сөз – «Мем­ле­кет бас­шы­сы елдің ішкі мәсе­ле­лері­мен айна­лы­су­дың орны­на сыр­тқы сая­сатқа көбірек көңіл бөледі-мыс».

Мұны енді билік жүй­есінің қалай жұмыс істей­тінін толық түсін­бей­тін жан­дар айтады.

Қазір­гі әлем ала­са­пы­ран жағ­дай­ды бастан кешіп жатыр. Жаһан­дық сая­сат күн сай­ын құбы­ла­ды. АҚШ пен Қытай ара­сын­дағы стра­те­ги­я­лық тұрғы­да бәсе­ке күшей­ді. Таяу Шығы­ста жағ­дай ушы­ғып тұр. Ресей­ге салы­нған әлем­дік санк­ци­я­лар­дың салқы­ны көр­ші елдер­ге тиіп жатыр. Осын­дай қиын заман­да сыр­тқы сая­сат – ел қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етудің бір­ден-бір тетігі.

Біз екі алпа­уыт – Ресей мен Қытай­дың ара­сын­да орна­ласқан елміз. Әлем бой­ын­ша 9‑орында тұрған ұлан-ғай­ыр жері­міз, бай табиғи ресур­сы­мыз бар. Ал халқы – салы­стыр­ма­лы түр­де аз мем­ле­кет­піз. Яғни, Қаза­қстан – гео­са­я­си тұрғы­да өте маңы­зды, бәрінің наза­рын­да тұрған мем­ле­кет. Сон­ды­қтан Пре­зи­дент­тің шетел­дер­мен тең дәре­же­де салиқа­лы әрі бел­сен­ді қарым-қаты­нас жүр­гі­зуі – тәу­ел­сізді­гі­міз бен тыны­шты­ғы­мы­здың кепілі.

Қай­та­лап айтай­ын, қазір­гі халы­қа­ра­лық қаты­на­стар жағ­дай­ын­да мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гі мен тұта­сты­ғын әске­ри жол­мен толық қам­та­ма­сыз ету мүм­кін емес. Біздің шека­ра­мы­здың бір жағын­да соңғы үш жыл ішін­де соғы­сқа қаты­сқан, 25 мил­ли­он­дық жұмыл­ды­ру резерві бар 1 мил­ли­он адам­нан тұра­тын армия орна­ласқа­нын, екін­ші жағы­мы­зда – 2 мил­ли­он тұрақты арми­я­сы мен 1,5 мил­ли­ард халқы бар мем­ле­кет орна­ласқа­нын бағам­дау қажет.

Оның үстіне қазір үлкен армия мен зама­на­уи қару-жарақтың өзі қауіп­сіздік­тің кепілі бола алмай­ты­нын соңғы әлем­дік оқиға­ларға қарап сара­лай ала­мыз. Осы­ның бәрін ескер­ген­де, елдің қауіп­сізді­гі сау­ат­ты, көп­дең­гей­лі сыр­тқы сая­сатқа тіке­лей бай­ла­ны­сты екенін түсі­ну­ге болады.

Мұн­дай жағ­дай­да мем­ле­кет бас­шы­сы сыр­тқы сая­сат­тың кәсі­би стра­те­гі әрі так­ти­гі болуға мін­дет­ті. Ал Пре­зи­дент­ті ішкі күн тәр­тібіне назар аудар­ма­ды деп айып­тау – совет­тік пери­фе­ри­я­ның тар құр­са­уы­нан шық­пай қалған пікір­дің жаңғырығы.

КСРО кезін­де рес­пуб­ли­ка­ның бірін­ші бас­шы­сы­нан тек орта­лы­қтың нұсқа­у­ла­рын орын­дау және астық жинау, сүт сауу жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету талап етіл­ді. Өйт­кені еге­мен елдің тәр­тібін орна­туға, тәу­ел­сіз сыр­тқы сая­сат жаса­уға рұқ­сат жоқ еді. Диван­да оты­рып алып сынай­тын­дар Қаза­қстан бұры­нғы Қазақ КСР‑і емес екенін түсін­бей­ді неме­се түсін­гісі келмейді.

Тоқа­ев үлкен елдің бір аймағын басқа­рып оты­рған жоқ, ол – гео­са­я­си аху­ал мың құбы­лған заман­да тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гін, еге­мен­ді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғын сақта­уға жау­ап­ты тұлға. Оны бел­сен­ді, праг­ма­ти­ка­лық және сараб­дал сыр­тқы сая­сат­сыз жасау мүм­кін емес. Әрбір халы­қа­ра­лық кез­де­су, әр сам­мит, Пре­зи­дент­тің сапар­ла­ры – осы басты мүд­де­лер­ді қорға­уға бағыт­талған қадам­да­ры. Қиын кезең­де ол ірге­лес елдер­мен де, Еуро­одақ мүше­лері­мен де, Ислам – араб әле­мі­мен, түр­кі мем­ле­кет­тері­мен, тіп­ті алыс Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры­мен де тұрақты әрі өза­ра тиім­ді қарым-қаты­на­сты сақтап отыр. Дәл қазір де және бола­шақта да біз­ге осын­дай бас­шы қажет.

Елдің қауіп­сізді­гі мен аза­мат­тар­дың өмір сапа­сы көш­бас­шы­ның жаһан­дық сая­сат­тың ең мықты қай­рат­кер­лері­мен тере­зе теңе­стіретін қабілетіне тіке­лей бай­ла­ны­сты дәуір кел­ді. Бұл – Тоқа­ев­тың күн­делік­ті жұмысы, оның іскер­лік бай­ла­ныс орна­ту­дағы қары­мы. Пре­зи­дент­тің беделі елі­міздің қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­де де, инве­сти­ци­я­лар мен тех­но­ло­ги­я­лар­ды тар­ту­да да, көлік марш­рут­та­ры­ның үзіл­ме­уіне де ықпал етеді.

Тоқа­ев­тың сыр­тқы сая­сат­тағы бел­сен­ділі­гі Қаза­қстан­ның сенім­ді әрі сын­дар­лы әріп­тес ретін­де­гі ұста­ны­мын нығай­та­ды, шетел­дік инве­стор­лар­дың сені­мін арт­ты­рып, жаңа мүм­кін­дік­тер­ге жол аша­ды. Қаза­қстан­ның әлем­дік аре­на­дағы қазір­гі абы­рой-беделі жаһан көш­бас­шы­ла­ры­ның ара­сын­да тәжіри­белі дипло­мат, мықты интел­лек­ту­ал ретін­де таны­лып, сая­си эли­та­ның сый-құр­метіне ие болған Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тұлға­сы­на байланысты.

Пре­зи­дент ішкі сая­сат­та даму­дың стра­те­ги­я­лық бағыт­та­рын Қаза­қстан халқы­на жыл сай­ы­нғы Жол­да­у­ла­ры арқы­лы айқын­дап, негіз­гі мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды, ұлт­тық жоба­лар­ды, бюд­жет пара­метр­лерін, заң­на­ма­лық баста­ма­лар­ды бекіту арқы­лы бекем­дей­ді. Бұл рет­те оның ішкі мәсе­ле­лер бой­ын­ша да өткі­зетін кеңе­стерінің кестесі бар. БАҚ-тар­да жари­я­ла­на­тын ақпа­рат­тар­дан жұрт­шы­лық өзі де көріп-біліп оты­рған­дай, мем­ле­кет бас­шы­сы көбіне дема­лыс күн­дерін де кең­се­де өткізіп, ел ісі­мен айналысады.

Сөзі­ме тұз­дық бол­сын деп, ерін­бей соңғы екі айдағы Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың ресми жұмыс кестесін­де­гі іс-шара­лар­ды санап шықтым. БАҚ хабар­ла­ры­на жүгін­сек, 1 мамыр мен 30 мау­сым ара­лы­ғын­да Тоқа­ев 18 ресми іс-шараға қаты­сып, 11 іс-шара­да сөз сөй­ле­ген. Оның ішін­де Ұлы Жеңістің 80 жыл­ды­ғы­на арналған парад, Аста­на халы­қа­ра­лық фору­мы мен Ақтө­бе облы­сын­дағы жастар­дың «Айбын» әске­ри-пат­ри­от­тық ойы­ны бар.

Ұлт­тық банк, ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­ле­леріне арналған арнайы жина­лы­стар өткізіп, 23 адам­ды қабыл­даған. Қаза­қстан­ды­қтарға жеті құт­ты­қтау арнап, мере­ке­лер қар­саңын­да әске­ри қыз­мет­кер­лер­ге, қоғам қай­рат­кер­леріне, меди­ци­на және БАҚ өкіл­деріне мара­пат тап­сы­рған. Осы ара­лы­қта жал­пы саны 31 заңға, 16 Жар­лы­ққа және 7 Өкім­ге қол қой­ған. Маңғы­стау, Ақтө­бе облы­ста­ры мен Шым­кент қала­сы­на жұмыс сапа­ры­мен барып, өңір­лер­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лері­мен таны­сты. Аста­на­да бір­не­ше кәсі­по­ры­нға барып, өндіріс ошақта­ры мен әле­умет­тік нысан­дар­ды ара­ла­ды. Барған жерін­де жұрт­шы­лы­қ­пен кез­десіп, халы­қтың мұң-мұқта­жын тыңдайды.

Яғни, қос бағыт­ты қатар алып жүр. Мәсе­лен, осы екі айда Пре­зи­дент Қаза­қстанға кел­ген шетел­дік деле­га­ци­я­лар­мен 19 кез­де­су өткізіп, 12 екі­жақты келіс­сөз жүр­гіз­ген. Бес дүр­кін ресми ісса­пар жасаған, оның төр­те­уі – шетел­дер­ге. Үш бір­дей халы­қа­ра­лық сам­мит­ке қаты­сқан, Түр­кітіл­дес мем­ле­кет­тер сам­ми­ті, Орта­лық Азия – Ита­лия, Орта­лық Азия – Қытай сияқты біздің ел үшін аса маңы­зды басқо­су­лар­да оның бел­сен­ді жұмыс істе­геніне бәрі­міз куә­міз. 26 халы­қа­ра­лық құжатқа қол қой­ып, 21 теле­грам­ма жіберіп, 9 рет теле­фон арқы­лы сөй­лесіп, күр­делі мем­ле­ке­та­ра­лық мәсе­ле­лер­ді талқы­лаған. Мұның бәрі – ашық дереккөз­ден алы­нған ресми ақпа­рат. Ал хатқа түс­пе­ген бей­ре­сми кез­де­су­лер мен келіс­сөз­дер қаншама?

Әділет­ті Қаза­қстан құру жолын­да Тоқа­ев бірқа­тар игі баста­ма­лар көтер­ді. Қор­шаған орта­ның таза­лы­ғы мен ар-ұждан таза­лы­ғын сақта­уға үндей­тін «Таза Қаза­қстан» жал­пы­ұлт­тық жоба­сы, сапа­лы ұлтқа тән сипаттар­ды тәр­би­е­лей­тін «Адал Аза­мат» құн­ды­лы­қтар жүй­есі, қоғам­да жоға­ры құқы­қтық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­руға бағыт­талған «Заң мен Тәр­тіп» қағи­да­ты – осы­ның бәрі Пре­зи­дент аузы­нан таста­май айтып, жат­пай-тұр­май жұр­тқа түсін­діріп, қажет­ті құжат­та­рын дай­ын­да­тып, мем­ле­кет­тік сая­сат­тың басым бағыт­та­ры­на айнал­ды­рған баста­ма­лар емес пе?!

Бір ғана «Таза Қаза­қстан» жоба­сы аясын­да ел аумағын­да 1,3 млн тон­на қоқыс шыға­ры­лып, 2,5 млн гек­тар­дан аса аумақ тазар­ты­лған. Бұл жобаға бүгін­ге дей­ін 8 мил­ли­он­нан аса аза­мат қатысты.

Соны­мен қатар сапа­лы білім беру мәсе­лесіне көңіл бөліп, «Келе­шек мек­теп­тері» деген баста­ма­ны қолға алды. 2022 жыл­дан бері «Жай­лы мек­теп» жоба­сы аясын­да ел аумағын­да 105 мек­теп салы­нып, биыл 112 мек­теп пай­да­ла­нуға беріледі.

Салы­стыр­сақ, соңғы үш жыл­да салы­нған мек­теп саны өткен отыз жыл­да тұрғы­зы­лған мек­теп­тен көп. Оның үстіне жаңа білім орда­ла­ры жоға­ры стан­дар­тқа сай жаб­ды­қталған. Онда бала­лар­дың барын­ша қауіп­сіз, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­нып, сапа­лы білім алуы­на баса көңіл бөлініп отыр. Баяғы­дай бай-бағлан­ның бала­сы ғана емес, ауыл­дың қара­до­ма­лағы­ның да сапа­лы білім­ге қолы жет­келі отыр.

Осы­дан кей­ін мем­ле­кет бас­шы­сы елдің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­на көңіл бөл­мей­ді деп кім айта алады?

Ашы­ғын айтқан­да, көше таза­лы­ғы, елді көгал­дан­ды­ру, мек­теп салу – дәл мем­ле­кет бас­шы­сы­на қарап тұрған шару­а­лар емес қой. Бірақ Тоқа­ев қоғам­дық құн­ды­лы­қтар мен ұлт­тық мінез өзгер­мей, толық жаңа­ру бол­май­ты­нын біледі.

Жал­пы, елде­гі ішкі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сая­сатқа жау­ап­ты құзыр­лы орган бар, ол – Пре­мьер-министр бастаған Үкі­мет. Біз­де 20 мини­стр­лік пен 17 облы­стың және 3 рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­ның әкім­дік­тері, көп­те­ген коми­тет­тер, агент­тік­тер мен ведом­ство­лар бар. Олар­дың тіке­лей және бірін­ші кезек­те­гі мін­деті – эко­но­ми­ка­ны, әле­умет­тік сала­ны жедел әрі тиім­ді басқа­ру, нақты жоба­лар­ды іске асы­ру және өз дең­гей­ін­де ішкі сая­сат­тың ағым­дағы мәсе­ле­лерін шешу. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша Пре­зи­дент­тің рөлі стра­те­ги­я­лық басым­ды­қтар­ды айқын­дау мен елдің қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету. Терең дипло­ма­тия арқы­лы еге­мен­дік пен қауіп­сіздік қам­та­ма­сыз етіл­мей­ін­ше, кез кел­ген ішкі рефор­ма­ның мәні жоқ.

Қаза­қстан жаңа дәуір алдын­да тұрға­нын түсі­нуі­міз керек. Бұл үшін қоғам­дық сана­ны сер­піл­тіп, алтын уақы­ты­мы­зды сана­ны улай­тын, қисын­сыз миф тара­ту­шы­лар­дың күңкіліне сарп етпей, мақ­сатқа жету жолын­да алған бағы­ты­мы­здан қайт­паға­ны­мыз жөн.

Рефор­ма­лар – бір­ден орын­да­ла қала­тын ерте­гі емес, бір­лесіп әре­кет етудің және төзім­ділік таны­ту­дың арқа­сын­да жүзе­ге аса­тын қиын да күр­делі процесс.

Қоры­та айтқан­да, Әділет­ті Қаза­қстан­ды құруға заң­дар мен инсти­тут­тар ғана емес, жаңа­ша ойлай­тын аза­мат­тар да керек. Елдің бола­шағы сана­мы­зды шыр­маған қасаң қағи­да­лар­дан, бөстекі әңгі­ме­ден, орын­сыз сөз тала­сты­ру­дан ары­лып, өз күші­міз­ге сеніп, ортақ мақ­сат үшін жұмы­лып әре­кет ете білуі­міз­ге байланысты.

Өсек сөздің, алып-қашпа әңгі­менің зама­ны арт­та қал­ды. Еңбек­ке құр­мет­пен қарап, жау­ап­кер­шілік жүгін арқа­ла­удан тай­сақта­май, өз күші­міз­ге сеніп, нақты іс тын­ды­ра­тын кез кел­ді. Сырт­та жүріп, ел ішін толқы­туға, әле­умет­тік-сая­си тең­селістер туды­руға құштар күш­тер­дің дегеніне еріп, ала­тай­дай тулаған жеке­ле­ген аза­мат­тар біз­де­гі даму жолы­ның басқа аль­тер­на­ти­ва­сы жоқ екенін түсіне біл­се дейміз…

Қалай болған­да да, қазір­гі уақыт – Қаза­қстан үшін нақты өзгерістер жаса­уға, яғни шын мәнін­де­гі тәу­ел­сіз сая­сат құрып, даб­ы­ра мен даңға­за­дан ары­луға беріл­ген мүм­кін­дік. Менің­ше, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың айт­пағы да, жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты да осы­ған келіп сая­ды. Тари­хи мүм­кін­дік­ті уыстан шыға­рып алмай­ық ендеше!

Ермұрат БАПИ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн