Четверг , 3 июля 2025

«Өз сөзім – өзімдікі»

Сөй­тіп, Жур­на­ли­стер күні де өтті. Аста-төк ақ дастар­хан жай­ы­лып, омы­ра­у­ларға мара­пат бел­гілер тағы­лып, ойын-сауық сахна­сы айқа­ра ашыл­ды. Бәрі дұрыс, бәрі жөн.

Деген­мен, «Өткен­сіз бүгін жоқ» деген мақал бар. Осын­дай­да ел бас­пасөзінің өткені мен бүгінін салы­сты­рып, ой еле­гі­нен өткізіп оты­рға­ны­ң­ды өзің де бай­қа­май қала­ды екен­сің. Ол аз болған­дай, жаңа ғана «Фейс­бук­тан» қазақ тілін қол­дау тура­лы «Ақ жол» пар­ти­я­сы ұсы­нған хатқа бір­не­ше депу­тат, оның ішін­де төрт-бес қазақ депу­тат қол қою­дан бас тар­тқа­нын оқып қал­дым. Бәрі де – аты-жөні ел аузын­да жүргендер.

Мәсе­ле онда да емес, мәсе­ле ол аза­мат­тар­дың – Пар­ла­мент­ке, депу­тат қаза­қтар­дың қазақ деп ата­ла­тын ұлт­тық бол­мысқа қап-қара кір кел­тіруі тура­лы қазақ бас­пасөзінің үнсіз қалуын­да болып отыр. Әсіре­се мем­ле­кет­тік тіл­ге бай­ла­ны­сты жеке­ле­ген депу­тат­тар­дың осы сорақы­лы­ғы тура­лы «Ана тілі» газеті неге «басын бағып», үнсіз қал­ды?! Иә, өткен­сіз бүгін жоқ, осы «Ана тілі» газетін Мере­ке Құл­ке­нов басқа­рып тұрған­да, қазақ тіліне қар­сы осын­дай сатқын депу­тат­тар­дан бастап, мини­стр­лер­ге шей­ін аты-жөн­дері­мен, фото­су­рет­тері­мен қоса халы­ққа ұдайы жари­я­лап тұр­ды. Оған арнайы бір айдар бол­ды. Түр­кітіл­ді орыс фами­ли­я­ла­ры, орыс тілін­де­гі түр­кі сөз­дері, оры­стікі деп жүр­ген мың­нан астам сөз­дер­дің эти­мо­ло­ги­я­сы (ста­кан – тостақан, гусь – құс, отец – от иесі, т.т.) ұдайы беріліп тұрды.

Бір күні бас редак­тор Мере­ке Құл­ке­нов «Таң-Шол­пан» жур­на­лын­да істей­тін мені шақы­рып алып, әзіл-шынын ара­ла­сты­ра оты­рып: «Осы Қаза­қстан­да плю­ра­лизм, сөз бостан­ды­ғы деген­ді сенен қат­ты сүй­етін адам жоқ-ау дей­мін. Саған «Ана тілі­нен» «Сая­сат­тар тоғы­сын­да» деген айдар ашып бере­мін, Нұр­сұл­танға тиісіп арам­тер бол­май-ақ қой, басқа­сын аяма, бір­нәр­се шығып жат­са, өзім жау­ап бере­мін» деп, сол айдар­ды ашып бер­ді. Содан… О‑ой, сіл­те­дім-ау бір­не­ше жыл. Мәкең айт­са – айтқан­дай, сол кез­де­гі парақор («жемқор» емес), қазақ тіліне қар­сы қазақ министр, сот, про­ку­рор, рушыл – толып жатқан мемқыз­мет­тер­де­гі «рус­ско­языч­ный­лар мен «трехя­зыч­ный­лар», орыс шови­низ­мі дей­сіз бе, «Ана тілінің» «пышағы­на түс­пе­гені» жоқ шығар. Пат­ша­лық-ком­му­ни­стік Руси­ядан азды-көп­ті тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 34 жыл бол­са да, осы күні көп айты­ла бер­мей­тін Қаза­қстан­ның да, Руси­я­ның да ішкі һәм сыр­тқы сая­са­тын­дағы қазақ ұлт­ты­ғы­на қай­шы келетін тұстар әрі ащы, әрі «әп-әде­мі» тіл­мен ап-айқын айты­лып отырды.

Ұты­ры кел­ген­де айта кетей­ін, менің сол «Сая­сат­тар тоғы­сын­да» жари­я­ланған мақа­ла­ла­рым кей­ін «Ұлт уай­ы­мы» атты үш том­дық пуб­ли­ци­сти­ка­лық кітап болып шықты. Бар­лы­ғы 500 дан­амен шыққан сол үш том­ды­қты Ақтө­бе облы­сы «пышақ үсті­нен» «талап алып кет­ті». Қазір өзім­де бір-бір дана­сы ғана қал­ды. Сол жыл­да­ры «Ана тілінің» тара­лы­мы, ұмыт­па­сам – 200–300 мың­ның ар жақ-бер жағын­да бол­ды-ау деймін!

Шын­ды­қты айту­ды шырық бұзу­шы­лық неме­се біре­уді кем­сіту деп ойлап қал­маңыз (ойла­саңыз да өз еркіңіз ғой), әттең қазір­гі «Ана тілі» газеті бол­сын, басқа­сы бол­сын – бүгін­гі қазақ бас­пасөзін­де ұлт мәсе­лесіне, ең әуелі қазақ ұлты­ның сая­си, әле­умет­тік-тұр­мыстық, туған тіл­дік әлжу­аз аху­а­лы­на бай­ла­ны­сты сол бір жыл­дар­дағы­дай қай жағы­нан да сау­ат­ты, өршіл, өткір батыл рух­ты мате­ри­ал­дар жет­кілік­ті дей алмай­мыз. Оның есесіне, елі­міз­де «өте салиқа­лы, бай­сал­ды жүр­гізіліп жатқан әлдебір тіл сая­са­тын дәріп­теу, «қары­штап дамып» келе жатқан эко­но­ми­ка­мыз тура­лы мәй­мөң­ке­леп айтқан болу, бір-бірінің шала-шар­пы неме­се көр­кем­дік­тен, шебер сурет­кер­лік­тен мақұ­рым өлең кітап­та­ры мен про­за­лық шығар­ма-сымақта­ры­ның балағы­нан жел үрлетіп мақтау ерне­уі­нен асып, төгіл­гелі тұра­ды. Мүм­кін, бұның бәрі елі­міздің бүгін­гі ішкі-сыр­тқы сая­си аху­а­лы­на да қаты­сты шығар. Деген­мен, солай болған­ның өзін­де мұн­дай­да жур­на­ли­стің сая­си да, мәде­ни де, әде­би де сау­ат­ты­лық дең­гейі, айтар ойды әртүр­лі ситу­а­ци­яға (жағ­да­ятқа) орай бере білу шебер­лі­гі маңы­зды, өте маңы­зды рөл атқарады.

Әлгін­де «Ана тілі» газетінің, оның сол кез­де­гі бас редак­то­ры Мере­ке Құл­ке­но­втың сол бір жыл­дар­да ел өмірін­де үлкен өзгерістер жаса­уға айтар­лы­қтай атса­лы­сқа­нын қысқа­ша ғана айтып өттік. Осын­дай­да өзі­міз ойға түй­ген мына бір пікір­ді де айта кетудің еш сөкет­ті­гі жоқ деп білемін:

Иә, газет те, жур­нал да тірі жан иесі тәрізді. Оның сау­ат­ты, білім­ді, көр­кем басы­лып шығуы қан­дай бол­са – оның бас­шы­сы­ның да білім-білі­гі, аза­мат­тық ұста­ны­мы, абы­рой-беделі, дең­гей­інің жоға­ры неме­се төмен екенін дәл сон­дай ап-айқын көр­сетіп тұрады.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн