Четверг , 10 июля 2025

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: Тұсаукесер

Қазақ халқы ежел­ден бала тәр­би­есіне ерекше мән бер­ген, әр кезең­ге сәй­кес салт-дәстүр­лер­ді орын­дау арқы­лы ұрпақ бой­ы­на ұлт­тық тәр­би­ені сіңіріп оты­рған. Солар­дың бірі – тұса­у­ке­сер сал­ты. Бұл – бала­ның алға­шқы қада­мы­на жаса­ла­тын киелі рәсім, әрі терең фило­со­фи­я­лық мәні бар дәстүр. Халы­қта «тұса­уы кесіл­ме­ген бала сүрі­неді» деген сөз бекер айтыл­маған. Тұса­у­ке­сер — бала­ның өмір жолы­ның сәт­ті баста­луы­на бағыт­талған ырым.

Тұса­у­ке­сер рәсі­мі бала еңбек­те­уден жүріп кету­ге бет бұрған­да орын­да­ла­ды. Бала­ның аяғы­на ала жіп (ақ пен қара­ның ара­лас түсі) бай­лап, оны сый­лы, елге үлгі болар­лық, жолы ашық, жүрісі түзулі, ақ ниет­ті, тілек­тес ада­мға қиды­ру — бұл салт­тың негіз­гі шар­ты. Ала жіп – адал­дық пен әділет­тілік­тің бел­гісі. Кей­де тұса­уды көк шөп­пен неме­се қой­дың тоқ іше­гі­мен кесу де кез­де­седі. Бұл – бала­ның өмірі көк­тей көгеріп, малы мен дәу­леті тоқ бол­сын деген ырым­мен бай­ла­ны­сты.

Рәсім кезін­де үлкен­дер: «Күр­ме­уің шешіл­сін, жолың ашыл­сын, сүрін­бей өт өмір­ден!» – деп бата береді. Бала­ны жете­леп, алға­шқы қадам­да­рын жаса­уға көмек­те­су – үлкен жау­ап­кер­шілік. Бұл салт арқы­лы балаға тек физи­ка­лық емес, руха­ни демеу де беріледі. Осы­лай­ша тұса­у­ке­сер тек қадам басты­ру емес, өмір есі­гі­нен бір­ге кір­гі­зу, бола­шағы­на тілек айту, сәт­тілік тілеп жол ашу болып есеп­те­леді.

Қазір­гі кез­де де бұл дәстүр ұмыт қалған жоқ. Тек ауыл­дық жер­де емес, қала­да да ата-ана­лар бала­сы­ның тұса­уын үлкен той­ға айнал­ды­рып өткі­зеді. Бұл — салт­тың жаңғы­рып, қай­та жан­данға­ны­ның дәлелі. Соны­мен қатар, бала­ның тұса­уын кесетін адам­ды мұқи­ят таң­дау, оған үлкен құр­мет­пен қарау – салт­тың маңы­зын көр­се­те­ді.

Тұса­у­ке­сер – ұлт­тың ұрпағы­на деген сені­мі мен үмітінің көрінісі. Бұл дәстүр арқы­лы ата-баба­ла­ры­мыз әр бала­ның өмірі адал, жолы ашық, тағ­ды­ры бере­келі бол­сын деп тіле­ген. Осын­дай терең мағы­на­лы дәстүр­лер­ді сақтау — қазақ халқы­ның руха­ни тіре­гін бекіту болып табылады.

Сабы­р­жанқы­зы Нұрбибі

Республиканский еженедельник онлайн