Четверг , 10 июля 2025

Негізсіз айыптау немесе Болашағына балта шабылған сарбаз

Көзі қарақты, елге­зек қауым­ның есін­де болар, сонау 2015 жыл­дың қоңыр күзін­де Кас­пий теңізінің жаға­ла­у­ын­да өткен әске­ри оқу-жат­ты­ғуға дай­ын­дық кезін­де «БТР-80» маши­на­сы суға батып, екі сар­баз мерт болған еді. Қай­ғы­лы оқиға­ның себебі тиісті ұйым­дарға бел­гілі болға­ны­мен, қалың көп­шілік хабар­сыз екені анық. Ал сал­да­ры – біздің әскері­міздің жауын­гер­лік жағ­дай­ы­ның әбі­гер, коман­дир­лер – біліксіз, про­ку­ра­ту­ра – жау­ап­сыз, сот – гума­ни­стік тұрғы­да жеке тұлға­ның бола­шағы­на мүл­де мән бер­мей­тін, тек сот­та­уды ғана мақ­сат тұта­тын билік тар­мағы екенін көр­сетіп тұрғандай.

Мәсе­ленің мәнісі

Сол жылы күз­де Ресей­дің «Дон­гуз­ский», Қаза­қстан­ның «Ойма­ша» поли­гон­да­рын­да, соның ішін­де Кас­пий теңізінің жаға­ла­у­ын­да біздің елі­міздің аймақтық сула­рын­да «Орта­лық-2015» ата­уы­мен екі елдің бір­лес­кен стра­те­ги­я­лық коман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­ты­ғу­ла­ры өтетін бола­ды, мұн­да теңіз десан­тын түсі­ру де қарас­ты­ры­ла­ды. Бір­лес­кен іс-қимыл­ды ұйым­да­сты­ру, оқу-жат­ты­ғу­ды жан-жақты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да тарап­тар жат­ты­ғу өтетін аймақты барын­ша зерт­тей­ді. Соның нәти­же­сін­де бұрын таң­далған жер­де «БТР-80» әске­ри маши­на­сы құм­да батып қалуы мүм­кін екені ескеріліп, теңіз десан­тын түсі­ру орнын 16.8 бел­гісін­де­гі ауданға ауы­сты­ру жөнін­де шешім қабылданады.

ҚР Қорға­ныс мини­стрі бір­лес­кен оқу-жат­ты­ғу жұмыста­ры жөнін­де № 443 бұй­ры­ғын шыға­рып, «Ойма­ша» және «Шығыс» поли­гон­да­рын­да нақты іс-әре­кет­тер­дің жос­па­рын жаса­уды ҚР ҚК Құр­лық әскер­лерінің бас қол­бас­шы­сы­на жүк­тей­ді. Бұл бұй­рық орын­дау үшін «Батыс» өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы­ның қол­бас­шы­сы, пол­ков­ник М.Нұғмановқа түседі. Үлкен өкініш­ке қарай, ол оны орын­дау бой­ын­ша өзінің бұй­ры­ғын­да құтқа­ру-эва­ку­а­ци­я­лау тобын қарас­тыр­май­ды. 2015 жылғы 3 қыр­күй­ек­те оған жат­ты­ғу өтетін аймақты зерт­теу есебі де жол­да­на­ды. Онда арт­дай­ын­ды­қтан кей­ін кеме­лер­дің трал­ды топ­пен өтуі және 8 суда жүзу­шінің 2 қай­ы­қта дивер­си­яға қар­сы шара­лар өткі­зуі, 5 десант­тық кеме­мен теңіз жаяу әскері және 5 «БТР-80» әске­ри тех­ни­ка­сын теңіз­ге түсі­ру ұсы­ны­лған. Қол­бас­шы М.Нұғманов мұны қабыл­дап, № 25744 әске­ри бөлі­мінің коман­ди­рі под­пол­ков­ник Е.Толықбаевқа 2 теңіз жаяу әскері бата­льо­ны, 5 рота­сы­ның әске­ри қыз­мет­шілері мен тех­ни­ка­ла­ры осы эпи­зодқа қаты­са­тын­ды­ғы тура­лы өз шеші­мін жеткізеді.

Өз кезе­гін­де под­пол­ков­ник Е.Толықбаев төтен­ше жағ­дай­да жеке құрам мен әске­ри тех­ни­ка­ны құтқа­руға жау­ап­ты бола тұра, қыз­мет­ке салғырт­тық таны­тып, өз тара­пы­нан құтқа­ру коман­да­сын жасақтау үшін, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық мүм­кін­шілік­тің жоқты­ғы тура­лы пол­ков­ник М.Нұғмановқа хабар­ла­май, № 25744 әске­ри бөлі­мі коман­ди­рінің қару-жарақ жөнін­де­гі орын­ба­са­ры, май­ор Р.Жылқайдаровқа, 2 бата­льон коман­ди­рінің орын­ба­са­ры, май­ор К.Шаймерденовке, осы бата­льон­ның 5 рота коман­ди­рі Р.Жұмалиевке десант­ты кеме­лер­ден түсіруді көр­се­ту әре­кетін еле­сте­ту­ге, жеке құрам­ды және «БТР-80» маши­на­ла­рын дай­ын­да­уды баста­уға өкім беріп, оған аға жетек­ші етіп май­ор Р.Жылқайдаровты тағай­ын­даған. Ол әске­ри тех­ни­ка­лар­дың құры­лы­сын және пай­да­ла­ну ере­же­лерін, олар­дың тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын білу, қару-жарақ, әске­ри және басқа да тех­ни­ка­лар­ды үйре­ту бой­ын­ша сабақтар өткі­зу тіке­лей мін­деті сана­ла­тын бастық бола тұра, қыз­метіне салғырт­тық таны­тып, фор­му­ляр­дағы «Семей Инжи­ни­ринг» АҚ жаз­ба­ла­ры­на сәй­кес күр­делі жөн­деу бары­сын­да суда жүзу­де сынақтан өтпе­ген 2 бір­лік, борт­тық нөмір­лері 220 және 221 сан­ды «БТР-80»-ді Кас­пий жаға­ла­у­ы­на жіберген.

Атап көр­се­тетін жайт – Р.Жылқайдаров тан­кілер, БМП және БТР-лер­дің су кедер­гілері­нен өтуі кезін­де қол­да­ны­ла­тын Бас­шы­лық ере­же­лерінің 113-тар­мағын бұзған. Соған сәй­кес, ол құтқа­ру коман­да­сын қажет­ті құрал­дар­мен жасақта­уды қам­та­ма­сыз ету­ге тіке­лей жау­ап­ты бола тұра, өз әре­кетінің сал­да­ры ауыр зарда­пқа ұшы­ра­туы мүм­кін екенін алдын ала біле тұра, мен­мен­дік­ке беріліп, жеңіл­тек­тік таны­тып, БТР-лер суға түсер алдын­да ауа кіретін және ауа шыға­ра­тын, сон­дай-ақ мотор үстін­де­гі қақ­пақтар­ды жабуға меха­ник-жүр­гі­зу­шілер­ді үйрет­пей, қыз­метіне салғырт қарап, құтқа­ру коман­да­сы бол­ма­са да, жеке құрам­ды суға түсу­ге жіберіп, дай­ын­дық жат­ты­ғу­ла­рын өткізу­ге кіріс­кен. Әске­ри бөлім коман­ди­рінің 2015 жыл, 9 қыр­күй­ек­те­гі № 790 бұй­ры­ғы­мен ол 5 рота­ның жеке құра­мын «БТР-80»-мен жүзуді үйре­ту бой­ын­ша жат­ты­ғу­лар­да бас­шы жетек­ші етіп тағай­ын­далған соң да құтқа­ру­шы­лар коман­да­сын­сыз жат­ты­ғу­лар өткізген.

2015 жылғы 10 қыр­күй­ек­те «Ойма­ша» поли­го­нын­дағы оқу-жат­ты­ғу­лар өткізілетін ауданға әске­ри басқа­ру орган­да­рын және бел­гі­лен­ген әскер­ді шыға­ру жүзе­ге асы­ры­лған, яғни әске­ри бөлім­ше­лер жоға­ры дең­гей­де­гі жауын­гер­лік әзір­лік­ке кел­тіріл­ген. Осы күн­нен бастап пол­ков­ник М.Нұғманов сол әскер­ді басқа­руға кіріс­кен. Осы­ған бай­ла­ны­сты әрбір әске­ри қыз­мет­ші­ден қауіп­сіздік шара­ла­ры бой­ын­ша тек­се­ру сынағын қабыл­да­уға және оқу-жат­ты­ғу бары­сын­да қатаң сақта­уға мін­дет­ті бол­са да, қыз­метіне салғырт­тық таны­тып, ере­же­лер­де бел­гі­лен­ген қауіп­сіздік шара­ла­рын әзір­ле­ме­ген және қам­та­ма­сыз етпе­ген, су кедер­гілерін­де құтқа­ру қыз­метін ұйым­да­стыр­маған. Сон­дай-ақ ол жат­ты­ғу кезін­де­гі әскер­лер­дің іс-қимыл кестесін бекіт­пе­ген, оның жос­па­ры да дай­ын­дал­май қалған.

Осы мерзім­де май­ор Р.Жылқайдаров қауіп­сіздік ере­же­лерін, танк, БМП және БТР-лар­мен су кедер­гілері­нен өту бой­ын­ша бас­шы­лық, нұсқа­ма талап­та­рын дөрекі бұзып, теңіз бой­ын­да инже­нер­лік бар­лау жүр­гіз­бей, құтқа­ру коман­да­сы бол­ма­са да, жеке құрам­ды құтқа­ру жилет­тері­мен қам­та­ма­сыз етпей, ақа­улы­қта­ры бар тех­ни­ка­лар­мен сабақ және жат­ты­ғу өткі­зуді жалға­сты­рған. Оның үстіне меха­ник-жүр­гі­зу­шілер­ге ауа кіретін және шыға­тын, мотор үстін­де­гі қақ­пақтар­ды жабу­ды, жеке құрам­ды су кір­ген жағ­дай­да қалай әре­кет ету­ге үйретпеген.

Әрине, қай­ғы­лы оқиға­ның қалай орын алға­нын тәп­ті­ш­теп түсін­ді­ру өте көп уақыт­ты ала­ды және ол мін­дет те емес. Ары қарай қысқа­ша айта­тын бол­сақ, екі ел әскер­лерінің бір­лес­кен оқу-жат­ты­ғуы­на Ресей ҚК мен әске­ри тех­ни­ка­сы, Кас­пий фило­ти­ли­я­сы­ның десант­тық кеме­лері бел­гі­лен­ген мерзім­де кел­мей­ді. Олар ауа рай­ы­ның қолай­сыз болуы, теңіз­де­гі толқын­ның ойлаған мөл­шер­ден жоға­ры екенін ескеріп, БТР-лар­ды теңіз­ге түсіру­ге бол­май­ды деп шешеді. Ал пол­ков­ник М.Нұғманов бұл ақпа­рат­ты біле тұра, осын­дай жағ­дай­да «БТР-80»-мен теңіз десант­та­рын түсі­ру мін­дет­ті бол­ма­са да, бұл жат­ты­ғу­ды өткі­зу­ден бас тарт­паған. Сөй­тіп, теңіз­де­гі толқын­ды көре тұра, төніп тұрған қауіп­ті сезе тұра, жау­ап­сыз қада­мға барған.

Нәти­же­сін­де осын­дай салғырт­тық, өзім­шіл­дік, әлдеқа­шан бел­гі­лен­ген ере­же, нұсқа­улық талап­та­ры­ның орын­дал­мауы­нан, коман­дир­лер­дің білім­сізді­гі, біліксізді­гі сал­да­ры­нан әске­ри қыз­мет­те­гі бар өмірі алдағы жап-жас сар­ба­з­дар қаза тап­ты. Өзек­ті өртей­тін өкініш те осы!

Біз мұның бәрін ауа­дан алып жазып оты­рған жоқ­пыз, қолы­мы­зда Бас әске­ри про­ку­рор­дың көмек­шісі, осы қай­ғы­лы оқиғаға бай­ла­ны­сты қозғалған № 157220101000047 қыл­мыстық істі тер­геу және тер­геу тобы­ның жетек­шісі, әділет пол­ков­ни­гі С.А.Сырлыбаев аны­қтап, 2016 жылғы 18 мамыр күні қол қой­ған қаулы­сы бар. Осы қаулы­да Тіке­лей бас­шы­лар­дың қыз­мет­ке салғырт­ты­ғы нәти­же­сін­де төрт мерзім­ді әске­ри қыз­мет­ші – А.Жолдыбай, З.Адилов, Б.Қалыбай, А.Махамбетовтер қай­тыс болға­ны, сот-меди­ци­на­лық сарап­та­ма­ның қоры­тындыс­ы­на сәй­кес, олар меха­ни­ка­лық афик­са­ция, жоға­ры тыныс ағза­ла­ры сумен толып, тұн­шы­ғу нәти­же­сін­де қай­тыс болға­ны тай­ға таң­ба басқан­дай жазу­лы тұр.

Қыл­мыстық іске кінәлілер

қалай жаза­лан­ды

Әрине, адам қаза­сы орын алып, қыл­мыстық іс қозғалған соң, оларға әртүр­лі жаза бел­гі­лен­ді. Ақтау гар­ни­зо­ны­ның әске­ри соты 2016 жылғы 25 қара­ша күні ҚР Қыл­мыстық кодексінің 2‑бап, 453-бөлі­гі­мен М.Нұғманов Е.Толықбаев, Р.Жылқайдардың әрбірін 2 жыл 6 айға, А.Баймұратовты 1 жыл 6 айға бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға, ал Б.Төлегенов пен Е.Көбегенді 6 айға шар­тты түр­де бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жөнін­де үкім шығарды.

Бірақ Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әске­ри соты Қыл­мыстық істер жөнін­де­гі апел­ля­ци­я­лық сот алқа­сы Ж.Мұсабекұлының төраға­лы­ғы, судья­лар К.А.Сихимбаева, К.Е.Симанбетов, хат­шы Б.Ж.Абдималик, ҚР Бас әске­ри про­ку­ра­ту­ра­сы­ның про­ку­ро­ры Н.О.Узаков, адво­кат­тар – Н.Ш.Саркулов, М.К.Елемесова, М.Н.Каплан және Д.Ж.Ержумановтың қаты­суы­мен 2017 жылғы 2 ақпан­да бұл үкім­ді өзгер­тіп, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы­на орай жари­я­ланған рақым­шы­лық негізін­де олар­ды қамаудан боса­ту тура­лы қау­лы қабыл­дай­ды. Сөй­тіп, төрт адам қаза тауып, олар­дың жақын-жуы­қта­ры­на ауыр мораль­дық, әске­ри бөлім­ге қомақты мате­ри­ал­дық шығын кел­тіріл­се де, олар жаза­дан босатылады.

Әрине, бұл – пре­зи­дент­тің Жар­лы­ғы­мен адам­гер­шілік ізгі ниет­тің нақты іс жүзіне асқа­ны­ның көрінісі. Бірақ осы қыл­мыста ине­дей кінәсі жоқ екі сар­ба­з­дың, мүм­кін, келе­шек­те­гі мықты бір гене­рал­дың бола­шағы­на бал­та шабы­лға­ны­на ешкім мән бер­ген жоқ!

Келе­шек­ке жол жапқан негіз­сіз жаза

Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның тума­сы, 1996 жылы 3 ақпан­да дүни­е­ге кел­ген Көбе­ген Ера­сыл Ержанұлы­ның бала күн­нен ең асыл арма­ны – ер жетіп, есей­ген­де әске­ри қыз­мет­ші болып, еліне адал қыз­мет ету, кең бай­тақ Ота­нын қорғау еді. Мек­теп­ті бітір­ген соң, осы мақ­сат жолын­да ол Бура­бай­дағы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің Ш.Уәлиханов атын­дағы кадет кор­пу­сы­на оқуға түседі. Кіш­кен­тай кезі­нен әске­ри адам болу­ды аңсай­тын әр бала­ның соғыс жай­лы кітап­тар­ды көп оқи­ты­ны заң­ды­лық қой, ол да қаза­қтың даңқты батыр­ла­ры – Бауы­р­жан Момы­шұ­лы, Рақым­жан Қошқар­ба­ев, Талғат Бигел­ди­нов, Қасым Қай­се­нов және басқа батыр ата-әке­лері­міз жай­лы жазы­лған дүни­е­лер­ді көп оқып, тұрақты түр­де спорт­пен айна­лы­сып, шымыр болып өседі. Соларға елік­теп, мың өліп, мың тіріл­ген халқы үшін қал­тқы­сыз қыз­мет еткісі келеді.

Кадет кор­пу­сын сәт­ті аяқтап, 2015 жылы ҚР Қару­лы Күш­терінің қата­ры­на шақы­ры­ла­ды. Көп ұза­май-ақ № 25744 әске­ри бөлім коман­ди­рінің мін­детін уақыт­ша атқа­ру­шы, гвар­дия под­пол­ков­ни­гі М.Дарбишевтің қолы­нан ҚР ҚК Сер­жант­тар кор­пу­сы­ның қата­ры­на қабыл­данға­ны тура­лы сер­ти­фи­кат ала­ды. Осы бөлім­де 2 теңіз жаяу әскері бата­льо­ны, 5 рота, 2 взво­ды, 3 бөлім­ше – әскер­де­гі негіз­гі буын коман­дир­лі­гіне тағай­ын­да­лып, офи­цер­лер­дің сенім­ді сүй­ені­шіне айна­ла­ды. Әске­ри жарғы негізін­де қара­мағын­дағы сар­ба­з­дар­дың тәр­тіп­ті сақтап, жау­ап­ты болуы­на, әске­ри даяр­лық пен жауын­гер­лік тех­ни­ка­ны мең­ге­руіне үлгі болады.

Жоға­ры­да айты­лған пол­ков­ник М.Нұғманов және оның бағы­ны­сын­дағы басқа офи­цер­лер өзім­шіл­дік, өктем­дік, салғарт­ты­қ­пен өткізіп, төрт әске­ри қыз­мет­ші қаза болған жат­ты­ғу кезін­де Ера­сыл Көбе­ген эки­паж коман­ди­рі ретін­де БТР-дағы сар­ба­з­дар­ды ажал­дан құтқа­рып, өмір­лерін сақтап қала­ды, соны­мен бір­ге олар­дың рух­та­рын көтеріп, төзім­ді болуға шақы­ра­ды. Оны эки­паж құра­мын­дағы сар­ба­з­дар­дың төмен­де­гі пікір­лері толық дәлелдейді.

– Мен «БТР-80» көлі­гін­де меха­ник-жүр­гі­зу­ші бол­дым. 18.09.2015 жылы дауыл күшті бол­ды. Теңіздің толқы­ға­ны­на қара­ма­стан, бұй­рық бой­ын­ша 6 «БТР-80» оқу-жат­ты­ғу өнерін көр­се­ту­ге теңіз­ге шықтық. Бел­гі­лен­ген мәре­ге жет­кен­ше, мөл­шері 150–200 метр­дей, алды­мы­зда ештеңе көрін­бей, көлі­гі­міз суға бір кіріп, бір шығып, қалқып жүр­ді. Бұры­лған мезет­те жаны­нан соққан толқын­ның кесірі­нен әске­ри маши­на суға толып, арт жағы­нан бата баста­ды. Десант­та оты­рған сар­ба­з­дар­дың біре­уі «Су кір­ді!» деп айқай­ла­ды. Сол сәт­те эки­паж коман­ди­рі Ера­сыл Көбе­ген «Дереу сыр­тқа!» деген бұй­рық бер­ді. Бар­лы­ғы­мыз жан­та­ла­сып сыр­тқа шыға баста­дық. Мен көп су жұтқан­нан есім кетіп, тұн­шы­ға баста­дым. Ең соңы­нан сыр­тқа шыққан эки­паж коман­ди­рі қасы­ма мал­тып келіп, мені сабы­рға шақыр­ды. Жаға­дан сон­ша қашы­қты­қта, толқы­ған теңіздің екпініне қара­ма­стан, еш ойлан­ба­стан, өз өмірін қатер­ге тігіп, мені бір қолы­мен, сар­баз Спан Сұл­тан­ды екін­ші қолы­мен құтқа­ру­шы­лар кел­ген­ге дей­ін бізді суға батыр­май, ұстап тұр­ды. Эки­паж коман­ди­рінің бұл ісін мен ерлік деп баға­лай­мын. Сол күні біз­дер­ді ажал аузы­нан ара­ша­лап қалған Ера­сыл­дың ата-ана­сы­на мың алғыс айта­мын, – дей­ді Думан Бекетаев.

– 18.09.2015 жылы оқу-жат­ты­ғу кезін­де мен № 226 «БТР-80» эки­па­жын­да десант құра­мын­да бол­дым. Сал­мағы 11 тон­на маши­на теңіз­де сірің­кенің қора­бын­дай қалқып жүр­ді. Кенет теңіз­де қат­ты дауыл тұр­ды. Толқын­ның күштілі­гі­нен БТР-дің іші суға тола баста­ды, сол кез­де эки­паж коман­ди­рі Ера­сыл Көбе­ген шұғыл шешім қабыл­дап: «Люк­ті ашы­ң­дар, дереу сыр­тқа!» – деген бұй­рық бер­ді, өз мін­детін толық атқа­рып, біз­дер­ді аман алып қалуға әре­кет етті. Ашық люк­тен соққан судың толқы­ны­нан есі­нен танып қалған ол өзі бір өлім­нен әзер аман қалып, тұн­шы­ғып қалған мені және айқай­лап көмек­ке шақы­рған Думан Беке­та­ев­ты да құтқар­ды. Бәрі­мізді сабы­рға шақы­рып: «Қоры­қ­паң­дар! Бір-бірің­нен ұстап тұры­ң­дар, қазір құтқа­ру­шы­лар келеді!» – деп, рухы­мы­зды көтер­ді. Толқын­ның күштілі­гі­нен біз қай­та-қай­та суға бата бер­дік. Құтқа­ру­шы­лар бізді қай­ы­қ­пен жағаға жет­кіз­кен­нен кей­ін де өзінің қал­ты­рап, тоңып тұрға­ны­на қара­ма­стан, қай­та­дан қай­ы­ққа мініп, басқа­лар­ды құтқа­руға жанын сал­ды. Ауыр жағ­дай­ды көзім­мен көріп, басым­нан өткіз­ген­дік­тен, досым­ның осы жан­ке­штілі­гін нағыз баты­рға лай­ық ерлік деп санай­мын. Сол кез­де­гі басы­мы­здан өткен жағ­дай­ды жай сөз­бен айтып жет­кі­зу мүм­кін емес, ол мәңі­гілік есі­міз­де қал­ды. Жағаға жет­кен сәт­те адам өмірі­нен артық ешнәр­се жоқ екенін анық сезін­дім! – дей­ді екін­ші сар­баз Спан Сұлтан.

Шынын­да да бұл нағыз ерлік! Ең басты­сы, қай­ғы­лы оқиға­ның орын алуын­да Ера­сыл Көбе­ген мен Бауы­р­жан Төле­ген­нің ешқан­дай кінәсі жоқ екен­ді­гін заң-зәкүн­нен хаба­ры бар адам былай тұр­сын, ниеті түзу кез кел­ген адам бағам­дай ала­ты­ны күмән­сіз. Үлкен өкініш­ке қарай, про­ку­ра­ту­ра, сот ондай бей­іл таны­та алмай отыр. Олай дей­тіні­міз, керек десеңіз, жоға­ры жауын­гер­лік мара­патқа ұсы­нуға лай­ық бұл ерлік іс тиісті баға­сын алу­дың орны­на шар­тты бол­са да «қамауға алын­сын» деген үкім шығып, олар­дың өмір жолы­на, еңбек кітап­ша­сы­на «сот­ты­лы­ғы бар» деген қара дақ болып жазылды.

Ал өзіне қаты­сты бұл үкім­нің әділет­сіз екеніне шағым­да­нып, тоғыз жыл бойы оны алып таста­уды өтін­ген Ера­сыл Көбе­ген­нің арыз-зары­на ешкім құлақ асар емес.

– Менің тағ­ды­ры­ма тер­ге­ушілер, про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері, сот­тар немқұрай­лы қара­ды. Оның дәлелі – менің заң­сыз сот­та­луым, жыл­дар бойы жазған өтіні­ш­терім, ары­зда­ры­ма дұрыс жау­ап ала алмауым. Соңғы дәлел – биы­лғы ақпан айын­да ҚР бас про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Шын­да­ли­ев­тің қолы қой­ы­лған жау­ап. Менің ойым­ша, ары­зым­ды тек­серіп, жау­ап дай­ын­даған про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кері Ғ.Мұқанов істің құжат­та­ры­мен толық таны­спаған. Іс 30 том­нан тұра­ды, онда менің кінәм­ді дәлел­дей­тін айғақтар жоқ. Егер ол жан-жақты, толық таныс­са – менің кінәсіз екені­ме көзі жетер еді. Яғни, ҚР және РФ Қару­лы Күш­терінің бір­лес­кен жат­ты­ғуы­ның сәт­сіз аяқта­луы­ның басты себебі – Қаза­қстан тара­пы­нан жау­ап­ты әске­ри қол­бас­шы­лар­дың ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғы­на бай­ла­ны­сты БТР-лер­ді теңіз­ге түсіру­ге бол­май­тын­ды­ғы жөнін­де­гі ескер­ту­леріне құлақ аспа­уын­да екенін түсі­нер еді. Ал РФ әскер­лерінің қол­бас­шы­ла­ры өз БТР-лерін теңіз­ге түсір­ген жоқ, сон­ды­қтан әске­ри тех­ни­ка суға батқан жоқ, жауын­гер­лері де аман қалды.

Ал мен өз мін­деті­ме салғырт қараған жоқ­пын, керісін­ше, суға батып кет­кен БТР-ден сар­ба­з­дар­ды дер кезін­де шыға­рып, аман алып қал­дым. Теңіз толқып жатыр, біз бол­сақ суда құтқа­ра­тын күр­те­ше емес, бұй­рық бой­ын­ша бро­но­жи­лет киіп алған­быз. Оның үстіне жауын­гер­лер­дің біра­зы суда жүзе алмай­ды екен. Соған қара­ма­стан, өз жауын­гер­лерім­нің аман-есен теңіз жаға­ла­у­ы­на шығуы­на бас-көз болдым.

Жау­ап хат­ты дай­ын­даған Ғ.Мұқанов: «…жауын­гер­лік көлік­тің теңіз­ге батуы­на тіке­лей әске­ри бас­шы­лар жау­ап­ты деген уәжіңіз тер­геу және сот бары­сын­да толық тек­серіл­ген», – дей­ді. Расын­да да, толық тек­серіл­ді, оның бары­сын­да менің кінәм­нің жоқты­ғы дәлел­ден­ді. Алай­да маған бай­ла­ны­сты жиналған айғақ, дәлел­дер­ді не тер­ге­уші, не про­ку­рор, не сот дұрыс сара­лаған жоқ. Себебі ауа рай­ын болжай­тын бөлім­шенің ақпар-аны­қта­ма­ла­ры, ескер­ту­лері тіке­лей әске­ри қол­бас­шы­ларға баян­да­ла­ды, ал мен қол­бас­шы емес­пін ғой!

Ғ.Мұқановтың менің бұры­нғы ары­зда­ры­ма бер­ген атүсті жау­ап­тар­ды қай­та­ла­уы – оның бұл істің мате­ри­ал­да­рын оқы­маған­ды­ғын көр­се­те­ді. Ол тағы бұрын БМП маши­на­сын жүр­гі­зуді үйрен­ген менің әске­ри бөлім­ге кел­ген­нен кей­ін 1,5 ай ішін­де БТР маши­на­сы­на үйреніп кетуім мүм­кін емес екеніне назар ауда­ра­ды. Бұдан бұй­ры­қты орын­дап, үйрен­бе­ген маши­наға оты­руы­ма менің кінәлі еме­сті­гім­ді түсініп отыр деген ой туын­дай­ды. Сон­дай-ақ егер толық оқы­са, маши­на­лар­ды зерт­теп, үйрен­ген­нен бөлек, олар­дың күр­делі жөн­де­уден кей­ін тиісті сынақтан өтпе­генін де түсініп, бұл менің мін­деті­ме жат­пай­тын­ды­ғы­на көзі жетер еді.

Сон­ды­қтан мен енді ҚР бас про­ку­ро­ры­на шағым­да­нып, бұл істе­гі маған қаты­сты жағ­дай­лар­ды кәсі­би дең­гейі жоға­ры және өз ісіне аса жау­ап­кер­шілік­пен қарай­тын қыз­мет­кер­ге тап­сы­руын өті­не­мін! – дей­ді сол кез­де кіші сер­жант шенін­де «БТР-80» эки­па­жы­ның коман­ди­рі болған Ера­сыл Көбеген.

Тоқ­сан сөздің түйіні

Нелік­тен осын­ша ұзақ жазу­дың қажеті бар еді деп ойла­маңы­здар. Адам тағ­ды­ры ойын­шық емес. Кей­де қыл­мыстық істер бір­не­ше ондаған, тіп­ті жүз­де­ген том бола­ды. Мәсе­ле оның көп­ті­гін­де емес, кей­де бір айты­лған нәр­се бір­не­ше рет қай­та­ла­нып, мем­ле­кет­тік тіл­де сау­ат­сыз жазы­ла­тын­ды­қтан, олар тым көп болып, адам­ды қай­та шата­сты­ра­ды. Мәсе­ле – істің жан-жақты да тия­нақты тек­серіліп, толық дәлел­де­нуін­де, сот­тың мем­ле­кет аты­нан әділ үкім шығаруында!

Мына жағ­дай­да іс 30 том болған­мен, бұл шар­ттар толық орын­далған деу­ге кел­мей­ді. Ера­сыл Көбе­ген­нің өзіне қаты­сты шыға­ры­лған сот актілері­мен келіс­пей­тін­ді­гі тура­лы өтініш хаты­на Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 2‑ші Қыз­мет басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Р.Дубаеваның қолы­мен: «ҚПК-нің 489-бабы 1‑бөлігінің 1), 2) тар­мақта­ры­на сәй­кес, заң­ды күшіне енген сот актілерін қай­та қарау тура­лы өтіні­ш­хат, осы Кодекстің 488-бабы­ның талап­та­ры­на сай кел­ме­се неме­се шағым жаса­уға құқы­ғы жоқ адам­дар бер­се, олар бер­ген адам­да­ры­на қай­та­ры­ла­ды… Сот­талған (адам) заң­ды күшіне енген сот актілерін қай­та қарау жөнін­де Жоғарғы сотқа кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­те өтіні­ш­хат кел­тіру­ге құқы­лы» деген жау­ап келеді.

ҚР Жоғарғы соты­нан Қыл­мыстық істер жөнін­де­гі сот алқа­сы­ның судья­сы Е.Боранбаевтың қолы қой­ы­лған: «… ҚПК 484-баб­ның 3‑бөлігіне сәй­кес сот­тар­дың онша ауыр емес қыл­мыстық істер бой­ын­ша шыға­ры­лған сот актілері кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­те қай­та қара­луға жат­пай­тын­ды­ғы түсін­діріледі. Сон­ды­қтан Сіз …кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­те қай­та қарау үшін ҚР Про­ку­ро­ры­на нара­зы­лық кел­ті­ру жөнін­де өтіні­ш­хат­пен жүгі­ну­ге құқы­лы екен­ді­гі түсін­діріледі» деген жау­ап алады.

Ал Бас про­ку­ра­ту­ра­ның бер­ген жау­а­бы жоға­ры­да айтыл­ды. Енді тек онда «Заң­ды күшіне енген сот актісінің күшін жоюға неме­се өзгер­ту­ге әкеп соға­тын қыл­мыстық және қыл­мыстық-про­це­стік заң­на­ма нор­ма­ла­ры­ның бұзы­луы аны­қтал­маған­ды­қтан, кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­те нара­зы­лық кел­тіру­ге құқы­қтық мүм­кін­дік жоқ» деп жазы­лып, шорт кес­кен жау­ап барын айтуы­мыз қалды.

Ата заңы­мы­здың 1‑бап, 1‑тармағында «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзін демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де орны­қты­ра­ды, оның ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры» деп жазылған.

Ал 78-бап­та: «Сот­тар­дың Кон­сти­ту­ци­я­мен баян­ды етіл­ген адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­на нұқ­сан кел­тіретін заң­дар мен өзге де нор­ма­тив­тік құқы­қтық актілер­ді қол­да­нуға хақы­сы жоқ. Егер сот қол­да­ны­луға тиісті заң неме­се өзге де нор­ма­тив­тік-құқы­қтық акт Кон­сти­ту­ци­я­мен баян­ды етіл­ген адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­на нұқ­сан кел­тіреді деп тап­са, іс жүр­гі­зуді тоқта­та тұруға және осы актіні кон­сти­ту­ци­я­лық емес деп тану тура­лы ұсы­ны­спен Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа жүгі­ну­ге мін­дет­ті» екені көрсетілген.

Соған қара­ма­стан, қай­сы органға қарас­ты тер­ге­уші, заң­ды­лы­қтың сақта­луын қадаға­лай­тын про­ку­ра­ту­ра, әділ төрелік айтуы тиіс сот бол­сын, кей жағ­дай­да өз мін­дет­терін лай­ы­қты атқар­май, мәсе­лені «айып­ты ма – жаза­лау керек» деген тұрғы­дан қарай­ды. Ата заң бар­лық басқа заң­дар­дан биік тұр­са да, ол бас­шы­лы­ққа алы­на бер­мей­ді. Көбі сыдырт­па жау­ап беру­ге бей­іл, адам құқы­ның сақта­луы, оның бола­шағы көп жағ­дай­да олар­ды қызы­қты­ра бер­мей­ді. 30 жыл бойы қалып­тасқан бұл жүйе әлі аса өзге­ре қой­ған жоқ!

Соның сал­да­ры­нан шар­тты түр­де бол­са да 6 айға сот­та­лып, келе­шек­те әске­ри маман бола­мын, елі­ме, халқы­ма адал қыз­мет ете­мін деп арман­даған жап-жас жігіт­тің бола­шағы­на бал­та шабыл­ды. Шар­тты бол­са да, «сот­ты­лы­ғы бар» деген­ді желеу етіп, енді ол 9 жыл­дан бері не қалаған оқу орны­на түсе алмай, не жұмысқа орна­ла­са алмай, әбден торы­ғып жүр.

Ал мем­ле­кет бас­шы­сы заң мен тәр­тіп негізін­де әділет­ті жаңа қоғам құрғы­сы келеді. Осын­дай жау­ап­сыздық, біліксіздік, адам­ның тағ­ды­ры­на жаны ашы­май­тын без­бүй­рек­тік пен қағаз тол­ты­руға, онда да сау­ат­сыз, бюро­кра­тия бұл ұлы мұратқа әзір­ше мей­лін­ше бөгесін болып тұр. Бұдан былай оған жол беру­ге болмайды!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн