Пятница , 1 августа 2025

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ағым­дағы жылғы 30 шіл­де­де Аста­на қала­сын­да ғылым және сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы өкіл­дерінің қаты­суы­мен кәме­лет­ке тол­маған аза­мат­тарға ЛГБТ наси­ха­ты­ның ықпа­лы тура­лы зерт­теу қоры­тын­ды­ла­рын талқы­лау өткізіл­ді.

         Аталған зерт­теу 2024 жылғы 6 тамы­здағы «Біз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ЛГБТ-ның ашық және жасы­рын наси­ха­ты­на қар­сы­мыз» пети­ци­я­сын қарау бой­ын­ша жұмыс тобы­ның шеші­мін­де көз­дел­ген ҚР Пар­ла­мен­тінің Мәжілісі депу­тат­та­ры­ның баста­ма­сы бой­ын­ша өткізіл­ді.

Зерт­теу қоры­тын­ды­ла­ры зерт­теу тақы­ры­бы бой­ын­ша әле­умет­та­нулық сау­ал­на­ма­лар мен ғылы­ми-құқы­қтық тал­дау жүр­гіз­ген зерт­теу ұйым­да­ры және сарап­шы­лар тобы­мен ұсынылды.

Зерт­те­уді жүр­гі­зу және оның қоры­тындысы бой­ын­ша есеп­ті дай­ын­дау жұмысы «Өркен­де­у­ге жәр­дем­де­судің Ұлт­тық қоры» ҚҚ үйле­стіруі­менқор­дың жеке және зерт­теу ұйым­да­ры мен сарап­шы­лар­дан тар­ты­лған  ресур­ста­ры есебі­нен жүргізілді.

         Аны­қта­ма ретінде:

          Өркен­де­у­ге жәр­дем­де­судің Ұлт­тық қоры – адам құқы­қта­рын қорға­уға, демо­кра­ти­я­ны нығай­туға және аза­мат­тық қоғам­ды дамы­туға арналған, осы сала­лар­да жоба­лар мен баста­ма­лар­дың кең спек­трін іске асы­ра­тын, шетел­де мой­ын­далған Қаза­қстан­ның алды­ңғы қатар­лы құқы­ққорға­у­шы­ла­ры мен сарап­шы­ла­рын бірік­тіретін тәу­ел­сіз қоғам­дық ұйым.

Талқы­ла­у­ға ұсы­ны­лған есеп­те кәме­лет­ке тол­маған аза­мат­тарға сыр­тқы ақпа­рат­тық орта­ның пси­хо­ло­ги­я­лық ықпа­лы және дәстүр­лі емес қаты­на­стар­ды наси­хат­та­удың қоғам­дық қабыл­да­уы мәсе­ле­лері бой­ын­ша қаза­қстан­дық және шетел­дік ғылы­ми және әле­умет­та­нулық зерт­те­улерінің қоры­тын­ды­ла­ры, сон­дай-ақ халы­қа­ра­лық тәжіри­бені есеп­ке ала оты­рып кәме­лет­ке тол­маған­дар ара­сын­дағы дәстүр­лі емес қаты­на­стар­ды наси­хат­та­уды рет­те­удің құқы­қтық аспек­тілері жалпыландырылған.

Сарап­шы­лар­дың пікірі бойынша:

  • дәстүр­лі емес жыны­стық қаты­на­стар тақы­ры­бы­мен маз­мұн­ды тұрақты түр­де тұты­на­тын жасөс­пірім­дер жеке ген­дер­лік неме­се жыны­стық сәй­кест­ік­ке қаты­сты ішкі шата­су, маза­сыздық және ыңғай­сыздық сезі­мін сезінеді;
  • цифр­лық кеңістік жасөс­пірім­дер көзқа­ра­сы­ның қалып­та­суы­на күр­делі ықпал ете­ді, соның ішін­де жыны­стық бағ­дар және ген­дер­лік сәй­кест­ік­ке қаты­сты тақы­рып­тар­ды қабыл­да­уды қоса;
  • ауди­то­ри­я­ның жастық және пси­хо­ло­ги­я­лық ерекшелік­терін есеп­ке алмай, дәстүр­лі емес жыны­стық қаты­на­стар тақы­ры­бы­на толы ақпа­рат­тық шу жасөс­пірім­дер тұлға­сы­ның қалып­та­суын­да деструк­тив­тік фак­тор болуы мүмкін;
  • бала­ларға арналған мульт­фильм­дер, кітап­тар мен сери­ал­дар арқы­лы дәстүр­лі емес жыны­стық қаты­на­стар­ды сим­вол­дық заң­да­сты­ру жасөс­пірім­нің тұрақты­лық және айқын­дық сезі­мін бұзуы мүмкін. 

Осы­лай­ша, Рес­пуб­ли­ка­лық пси­хи­ка­лық ден­са­улық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық орта­лы­ғы­ның өкілі Н.Б. Есі­мо­втың айтуын­ша, «жыны­сты­ққа қаты­сты идео­ло­ги­я­ланған маз­мұн­мен жасөс­пірім­дер­ді пси­хо­ло­ги­я­лық шама­дан тыс жүктеу:

  • маза­сыздық пен сенім­сіздік­тің жоға­ры деңгейіне;
  • эмо­ци­о­нал­ды тұрақ­сыздық және депрес­си­я­лық көңіл-күйге;
  • сән мұрат­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін әле­умет­тік оқша­у­ла­ну сезіміне;
  • тұлға­ара­лық қарым-қаты­нас пен өзін-өзі аны­қта­удағы қиын­ды­қтарға алып келуі мүмкін».

Соны­мен қатар зерт­теу бары­сын­да әле­умет­тік медиа­да ЛГБТ тақы­ры­бы бой­ын­ша бір­ша­ма жари­я­ла­ным­дар аны­қтал­ды. Атап айт­сақ, зерт­теу жүр­гі­зу кезеңін­де аталған тақы­рып бой­ын­ша 1559 мате­ри­ал жари­я­лан­ды. Бұған қоса, әле­умет­тік меди­а­ның таны­мал алаң­да­рын­да дәстүр­лі емес бағ­дар сұрақта­ры­на қаты­сты, ЛГБТ құн­ды­лы­қта­рын наси­хат­та­у­мен мате­ри­ал­дар­ды жари­я­лай­тын бло­гер­лер мен тұты­ну­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гі байқалды.

ЛГБТ тура­лы ақпа­рат­ты алу­дың қай­нар көзі бой­ын­ша сау­ал­на­маға қаты­су­шы­лар­дың көбі аталған тақы­рып бой­ын­ша мәлі­мет­ті дәл осы әле­умет­тік желілер­ден (63,7%) ала­ты­нын хабар­ла­ды, ал дәстүр­лі БАҚ – теле­ди­дар, радио, бас­па басы­лым­да­ры – екін­ші дең­гей­де (42,6%) болып қалуда.

«Жасөс­пірім­дер, сәй­кест­ік­ті қалып­та­сты­ру кезеңін­де бола оты­рып, медиа-маз­мұнға сезім­тал­ды­қтың жоға­ры дең­гей­ін көр­се­те­ді, бұл маза­сызды­қты, ішкі шата­су­ды және өзін-өзі аны­қта­уда қиын­ды­қтар­ды туын­да­туы мүм­кін. Жас аза­мат­тар үшін дәстүр­лі емес жыны­стық қаты­на­стар тура­лы ақпа­рат­тың негіз­гі көзі әле­уметік желілер болып табы­ла­ды, бұл цифр­лық тәу­ел­ділік­тің жоға­ры дең­гей­ін және тек­серіл­ме­ген неме­се идео­ло­ги­я­лық боя­лған ақпа­рат алдын­дағы осал­ды­ғын көр­се­те­ді», — деп есеп­те айтылады.

Жүр­гізіл­ген зерт­теу бой­ын­ша есеп бала­лар­дың құқы­қта­ры мен әл-ауқа­тын қорға­уды қам­та­ма­сыз ету жұмысын­да есеп­ке алу мақ­са­тын­да зерт­теу автор­ла­ры­мен уәкілет­ті орган­дарға және ҚР Пар­ла­мен­тіне берілді.

Осы мәсе­ле бой­ын­ша қоғам­дық талқы­ла­у­лар ҚР Пар­ла­мен­тінің қабы­рға­сын­да а.ж. қыр­күй­ек­те жалға­сты­ры­ла­ды деп күтілуде.

Республиканский еженедельник онлайн