Суббота , 2 августа 2025

Президенттің тапсырмасы бойынша көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Көлік қыз­мет­кер­лері күні қар­саңын­да Пре­мьер-министр Олжас Бек­те­нов сала маман­да­ры мен арда­гер­лерін Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­нан кәсі­би мере­ке­лері­мен құт­ты­қтап, мем­ле­кет­тік награ­да­лар табыс етті.

Пре­мьер-министр өз сөзін­де көлік-логи­сти­ка сек­то­ры­ның ел эко­но­ми­ка­сын дамы­ту­дағы басты рөлін атап өтті.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев біздің алды­мы­зға көлік сек­то­ры­ның әле­уетін арт­ты­рып, Қаза­қстан­ды сенім­ді тран­зит­тік хаб ретін­де дамы­ту мін­детін қой­ды. Бұл орай­да, жола­у­шы­лар мен жүк тасы­ма­лын қауіп­сіз әрі үздіксіз қам­та­ма­сыз етіп оты­рған көлік қыз­мет­кер­лерінің қажыр­лы еңбе­гі қашан­да маңы­зды. Отан­дық көлік сала­сы биы­лғы 6 айдың қоры­тындысы бой­ын­ша 22,7% дең­гей­ін­де қарқын­ды өсім көр­сет­ті. Мұның бар­лы­ғын­да өздеріңіз сияқты сала маман­да­ры мен арда­гер­лерінің маң­дай тері, адал еңбе­гі жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша жүзе­ге асып жатқан инфрақұры­лым­ды жаңғыр­ту, цифр­лан­ды­ру және Қаза­қстан­ның тран­зит­тік әле­уетін арт­ты­ру бой­ын­ша ауқым­ды шара­лар атап өтіл­ді. Қазір­гі уақыт­та 13 мың шақы­рым авто­жол жөн­де­лу­де, 1,3 мың шақы­рым­нан астам жаңа темір­жол желілері, зама­на­уи логи­сти­ка­лық хаб­тар мен әуе­жай­лар салы­ну­да. 2029 жылға қарай ел аумағы арқы­лы өтетін тран­зит­тік жүк­тер­дің көле­мін 100 млн тон­наға дей­ін арт­ты­ру жоспарлануда.

Тран­с­кас­пий халы­қа­ра­лық көлік дәлізін қоса алған­да, муль­ти­мо­даль­ды марш­рут­тар­ды дамы­туға ерекше назар ауда­ры­лу­да – бұл жоба­ны жүзе­ге асы­ру үшін Ақтау және Құрық порт­та­ры жаңғыр­ты­лу­да. Сон­дай-ақ Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша биыл наурыз айын­да Ұлт­тық құры­л­тай оты­ры­сын­да Аста­на – Арқа­лық – Торғай – Ырғыз бағы­ты бой­ын­ша ТХКБ-ға шыға­тын «Орта­лық – Батыс» маги­стралінің құры­лы­сы бастал­ды, бұл елдің орта­лық және батыс өңір­лері ара­сын­дағы марш­рут­ты 560 шақы­ры­мға қысқар­туға мүм­кін­дік береді.

Соны­мен қатар авиа­ция сала­сы­ның дамуы да атап өтіл­ді. Елі­міздің түгел­дей дер­лік әуе­жай­ын­да «әуе еркін­ді­гінің» бесін­ші дәре­же­сі бар. Туризмді дамы­ту мақ­са­тын­да Катонқа­рағай, Зай­сан және Кен­дір­лі курорт­тық аймақта­рын­да жаңа әуе­жай­лар салы­ну­да. Алма­ты, Қызы­лор­да және Шым­кент қала­ла­рын­да жаңа жола­у­шы­лар тер­ми­нал­да­ры ашыл­ды. Арқа­лық әуе­жай­ын қал­пы­на кел­ті­ру жұмыста­ры жүргізілуде.

Пре­мьер-министр Қаза­қстан­ның көлік сала­сы тұта­стай алған­да жаңа цифр­лық шешім­дер­ді, оның ішін­де басқа­ру­дың авто­мат­тан­ды­ры­лған жүй­е­лерін, цифр­лық дис­пет­чер­лен­діруді енгі­зу нәти­же­сін­де барған сай­ын тех­но­ло­ги­я­лық және кли­ент­ке бағ­дар­ланған сипатқа ие боп келе жатқа­нан атап өтті. 

Олжас Бек­те­нов Пре­зи­дент аты­нан еңбе­гі­мен көз­ге түс­кен қыз­мет­кер­лер­ге көлік сала­сын дамы­туға қосқан үлесі үшін мем­ле­кет­тік награ­да­лар мен құр­мет­ті атақтар табыс етті.

«Биыл Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы аясын­да мем­ле­кет­тік мара­пат­тар жүй­есіне алғаш рет “Қаза­қстан­ның көлік сала­сы­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері” деген құр­мет­ті атағы енгізіл­ді. Мұны Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның және бүкіл Қазақ елінің өздеріңіз сияқты нағыз еңбек адам­да­ры­на деген шынайы құр­меті деп қабыл­даңы­здар. Бүгін елі­міздің басқа да өңір­лерін­де көлік сала­сы­ның өндіріс озатта­ры мен еңбек арда­гер­лерін ұлы­қтау рәсі­мі өтіп жатыр. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша 200-ге жуық ада­мға мем­ле­кет­тік награ­да­лар мен құр­мет­ті атақтар табыст­а­ла­ды. Бұл – ел игілі­гі жолын­да еселі еңбек етіп жатқан отан­дық көлік сала­сы қыз­мет­кер­лерін қол­да­удың айқын көрінісі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мара­пат­талған­дар аты­нан Қанат Шай­мин мен Әну­ар­бек Шұлға­у­ов сөз сөй­леді. Көлік сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері Пре­зи­дент­ке риза­шы­лы­қта­рын біл­діріп, олар­дың еңбе­гіне беріл­ген жоға­ры баға Қаза­қстан игілі­гі үшін әрі қарай да адал жұмыс істе­у­ге ынта­лан­ды­ра­ты­нын атап өтті.

«Мем­ле­кет бас­шы­сы­на біздің еңбе­гі­мізді мой­ын­даға­ны және құр­мет көр­сет­кені үшін шын жүрек­тен алғыс айта­мыз. Ел игілі­гі үшін қажы­май еңбек ету – біздің аза­мат­тық борышымыз. 

Бұл мара­пат – біз үшін үлкен қуа­ныш. Одан әрі де адал қыз­мет ету­ге жаңа­ша жігер мен шабыт береді. Еңбе­гі­міз халық игілі­гіне жара­сын», — деді «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бура­бай курор­ты рельс дәне­кер­леу кәсі­пор­ны» фили­а­лы­ның дирек­то­ры Әну­ар­бек Шұлғауов.

Мара­пат­талған­дар:

«Пара­сат» орденімен

  • Айдар Беков – «Жаңа-Арқа – 2006» ЖШС директоры
  • Аға­бек Әйде­нов – «Халы­қа­ра­лық Алма­ты әуе­жайы» АҚ сан­тех­ни­ка­лық жүй­е­лерінің инженері

«Қаза­қстан­ның көлік сала­сы­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері» құр­мет­ті атағымен

  • Қанат Шай­мин – «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС бас дирек­то­ры­ның кеңесшісі

«Құр­мет» орденімен

  • Талғат Ласта­ев – ҚР көлік вице-министрі
  • Гүл­нәр Бөлек­ба­е­ва – «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Маги­страль­дық желі дирек­ци­я­сы» фили­а­лы Жол және құры­лы­стар депар­та­мен­тінің бас менеджері
  • Нұр­дәу­лет Бай­ға­зи­ев – «ҚТЖ-Жүк тасы­ма­лы» ЖШС «Шым­кент жүк тасы­ма­лы бөлім­ше­сі» фили­а­лы­ның директоры
  • Айдар Оржа­нов – «Қаза­қ­теңіз­көлік­фло­ты» ұлт­тық теңіз кеме қаты­на­сы ком­па­ни­я­сы­ның» ЖШС бас директоры
  • Нәсі­п­бай Смағұ­лов – «АБИ-Аста­на» ЖШС директоры
  • Олег Чека­нов – «SCAT» әуе­ком­па­ни­я­сы» Шым­кент қала­сын­дағы әуе кеме­леріне тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту желілік стан­са­сы­ның бастығы
  • Нұр­бол Абы­з­ба­ев – «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС Түр­кістан облы­стық фили­а­лы­ның директоры
  • Талғат Бек­бер­ге­нов – «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС Қараған­ды облы­стық фили­а­лы­ның Қарқа­ра­лы қала­сы №72 жол пай­да­ла­ну бекетінің жол жұмысшысы

«Ерен еңбе­гі үшін» медалімен

  • Евге­ний Аль­шан­ский – «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Пав­ло­дар маги­страль­дық желі бөлім­ше­сі» фили­а­лы Пав­ло­дар сиг­на­ли­за­ция және бай­ла­ныс дистан­ци­я­сы­ның электромеханигі
  • Арғы­нқа­зы Сей­іт­жан – «ҚТЖ-Жүк тасы­ма­лы» ЖШС «Қараған­ды жүк тасы­ма­лы бөлім­ше­сі» фили­а­лы­ның Қараған­ды пай­да­ла­ну локо­мо­тив депо­сы­ның жүк қозға­лы­сы­ның элек­тро­воз машинисі
  • Мұх­тар Ыды­ры­сов – «ҚТЖ-Жүк тасы­ма­лы» ЖШС «Алма­ты жүк тасы­ма­лы бөлім­ше­сі» фили­а­лы­ның Ақтоғай локо­мо­тив пай­да­ла­ну депо­сы­ның теп­ло­воз машинисі
  • Айнұр Сал­ме­но­ва – «Кас­пий Авто Парк» ЖШС бас диспетчері
  • Юрий Оле­нев – «FlyArystan» АҚ-ның Қараған­ды қала­сын­дағы әуе­жай­да қыз­мет көр­се­ту жөнін­де­гі менеджері
  • Васи­лий Усти­мен­ко – «Өске­мен әуе­жайы» АҚ Жедел меди­ци­на­лық көмек­ке, әуе­ай­лаққа қыз­мет көр­се­ту және шару­а­шы­лы­қ­пен қам­ту жөнін­де­гі кешен­ді колон­на­сы­ның трак­тор­лы тех­ни­ка машинисі
  • Алек­сандр Ершов – «Air Astana» АҚ-ның Әуе кеме­леріне жедел тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жөнін­де­гі аға инже­нері (Алма­ты қаласы)
  • Игорь Кар­лин – «Халы­қа­ра­лық Алма­ты әуе­жайы» АҚ жылы­ту, жел­де­ту және ауа­ны бап­тау жүй­есінің жетек­ші инженері
  • Жұма­бай Құл­та­нов – авто­жол сала­сы­ның арда­гері, «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС Қызы­лор­да облы­стық фили­а­лы­ның №51 жол пай­да­ла­ну бекетінің жол жұмысшысы
  • Жанат Жүсі­пов – «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС Көк­ше­тау қала­сы фили­ла­лы­ның №5 жол-пай­да­ла­ну учас­кесінің басшысы
  • Ержан Бай­жан – «ҚазАв­то­Жол­сер­вис» ЖШС Қараған­ды облы­стық фили­а­лы­ның Ақсу-Аюлы кен­тін­де­гі №77 жол-пай­да­ла­ну учас­кесінің таң­ба­лау авто­көлі­гінің операторы
  • Әну­ар­бек Шұлға­у­ов – «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бура­бай курор­ты рельс дәне­кер­леу кәсі­пор­ны» фили­а­лы­ның директоры
  • Асқар Шокул­ба­ев – «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Темір жол көлі­гі пер­со­на­лын баға­лау және дамы­ту орта­лы­ғы­ның» өндірістік оқы­ту шебері
  • Юрий Каш­ка­ров – «Қаза­қстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жол диа­гно­сти­ка­лық орта­лы­ғы» Аста­на фили­а­лы­ның №70156 (118) мобиль­ді-диа­гно­сти­ка­лық кешенінің қадаға­лау-өлшеу вагон­да­ры­ның баптаушысы
Республиканский еженедельник онлайн