Четверг , 28 августа 2025

Шың басында ҚОС АҚЫН

Абай­ды оқу бір басқа да, тану бір басқа… Табы­ну – бөлек әңгі­ме. Өйт­кені Ибраһим біз әлі түсін­бе­ген, тілін біл­ме­ген, ескер­ме­ген, еле­ме­ген, ұқпаған, ұға алмай жүр­ген дүни­е­лер­ді баяғы­да қағазға түсір­ген екен.

Сонау ХІХ ғасыр­да Шыңғы­ста­удың ете­гін­де­гі Құнан­бай­дың қара бала­сы қиыр­да жатқан­мен, көңілі Еуро­па мен Петер­бор­да болған сияқты. Жай жат­пай, зама­на ақын­да­ры­мен үндес болға­ны­на риза бола­сың… Бұл кезең Ресей жерінің кеңей­ген, сонау Қиыр Шығыс пен Кав­каз Орта Азия мен Қазақ жеріне әбден енген кезі. Бұл уақыт – орыс әде­би­еті мен мәде­ни­етінің жауын­нан соңғы қозы­құй­ры­қтай мол да мәу­елі шағы-тын. Пуш­кин, Лер­мон­тов, Тур­ге­нев, Досто­ев­ский­лер­дің арты­на мол мұра қал­ды­рған кезеңі.

Абай­дың әсіре­се өзе­гі өзіне жақын, таны­мы мен толғағы ұқсас, тәңір қосқан «Татья­на­сы ортақ» Пуш­кин­мен руха­ни жақын болға­ны­на таң қала­сың, таңданасың…

Менің жаз­бам тари­хи зерт­теу бол­ма­са, әде­би тал­дау емес. Ол әде­би сын­шы­лар­дың алаңы… Менің түй­ген­дерім тек режис­сер­лік көзқа­рас. Сон­ды­қтан да әде­би­ет көше­сін­де­гі «әкім­дер­ден» артық кет­сем… сөге жаман­да­мас деймін.

Жақын­да ойла­маған жер­ден А. Пуш­кин­нің «Эле­ги­я­сын» қай­та қара­уға тура кел­ді. Әрине, Алек­сандр Сер­ге­е­ви­чтің ұлы ақын екеніне дау жоқ. Оның ұлы­лы­ғы – фило­со­фи­я­сын­да, дәлірек айт­сам, лири­ка­лық пәлсапасында…

Безум­ных лет угас­шее веселье

Мне тяже­ло, как смут­ное похмелье,

Но как вино-печаль минув­ших дней

В моей душе чем ста­рей, тем сильней.

Я путь уныл. Сулит мне труд и горе

Гря­ду­ще­го вол­ну­е­мое море…

Ал енді Абай­ға келейік…

Есің­де бар ма жас күнің,

Кім­ді көр­сең – бәрі дос.

Махаб­бат, қызық, мал мен бақ,

Көрі­ну­ші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сон­дай қызық шақ?

Эле­гия… Лири­ка­дағы бұл жанр поэ­зи­яда, музы­ка­да бар­шы­лық. Баян­сыз махаб­бат­тың мұңы бір­те-бір­те ақын­ды сара ала сағы­ныш пен өзек­ті өрте­ген шер­ге бөлей­ді. Өзінің жастық атты бекет­тен бай­қа­май түсіп қалға­ны қын­жы­л­та­ды, қинай­ды… Сон­ды­қтан да сал ақын сағым қуған дүни­е­ге сый­май барады…

Эле­гия көп ақын­дар­да кез­де­се бер­мей­тіні рас. Әсіре­се ком­му­ни­стік кезең­де Совет елін­де эле­ги­яға орын жоқ деген қағи­да болған.

Екі ақын­да да өткен­ге деген сары ала сағы­ныш сары самау­рын­ның қақ­пағы­нан төгіл­ген ыстық судай кемеріне сый­май тұр. Өткен­ді қима­стық бар… Еке­уі де поез­дың тере­зесі­нен қол бұлғап қала бер­ген баға­на­лар тәрізді. Тек сана­дағы жалт-жұлт еткен жары­қтай… Мұх­тар Құл-Мұхам­мед айт­пақ­шы, «Пере­клич­ка гени­ев» бол­ма­са, «Ұлы­лар үндесті­гі»… Олар өткен жастық шағын… кім­ді көр­сең бәрі дос балаң кезді… махаб­бат қызық… мал мен бақ – масты­қты, ұйқы­сыз түн­дер мен алаң­сыз таң­дар­ды аңсай­ды… Иә, дәл солай… қазір­гі­дей… ақ таңға асы­ққан албырт жүрек­тер­дің ақшаға мән бер­мей­тін мәрт кезі…

Болар ма сон­дай қызық шақ???

Бұл сұрақ емес. Бұл – өкініш. Адам­ның бала­лы­ғын, балғын кезін сағы­нған­дай… бол­ма­са көр­ші үйге қонаққа кел­ген балау­са қыздың саған ұрла­на қарап жымиға­нын­дай… неме­се әлгі ару­дың алы­сқа, тым жыраққа бір­жо­ла кетіп бара жатып, соңғы рет саған қараға­ны­ның көрінісі.

Поэ­зи­я­ның құдіреті – кез кел­ген оқыр­ман­ды бау­лап алуын­да… Ақын­ның өлеңі таңер­тең­гі таңғы шықтай мөл­дір бол­са, әр үйдің тере­зесі­нен сәу­ле боп кіреді, нұрын шаша­ды… Сон­ды­қтан да шын ақын досың, сыр­ла­сың, сері­гің… Лүпіл­де­ген жүре­гіңнің соғы­сы іспетті.

Құдай-ау, қай­да сол жылдар,

Махаб­бат, қызық мол жылдар?!

Ақы­рын, ақы­рын шегініп,

Алы­стап кет­ті-ау құрғырлар…

Абай өткен жыл­дар­ды емес, махаб­ба­тын іздей­ді, қым­ба­ты­на ах ұра­ды… жаны­на жақын, жүре­гіне жылы «құрғыр» сезім­дерін сағы­на­ды. Бір ауыз сөз­де қан­ша­ма сый­ла­стық, қан­ша­ма сағы­ныш жатыр…

Иә, Абай – сурет­кер… Тек боя­у­дың орны­на сөз­бен сурет сала­ды… Қиын­нан қиы­сты­рған ер дана­сы… Қараңызшы!..

Ақы­рын, ақы­рын шегініп… Осы сөй­лем­де «ақы­рын» сөзі екі рет қай­та­ла­нып тұр. Бұл ақын сөзінің азды­ғы емес – мол­ды­ғы. Теңіз­де­гі толқын­ның қай­тқа­нын­дай… қай­та­ла­на­ды… Өзі айтқан алды­ңғы толқын – аға­лар, кей­ін­гі толқын – інілер.

Алға қарай жылжиық…

Пуш­кин:

Но не хочу, о дру­ги, умирать;

Я жить хочу, чтоб мыс­лить и страдать;

И ведаю, мне будут наслажденья

Меж горе­стей, забот и треволненья:

Порой опять гар­мо­ни­ей упьюсь,

Над вымыс­лом сле­за­ми обольюсь…

Бұл жер­де­гі «вымы­сел» сөзінің мағы­на­сын өнер мен өлең­нен ізде­ген жөн… Иә, солай. Пуш­кин өлім­нің заң­ды­лы­ғын біле тұра, өлгім кел­мей­ді… «Я жить хочу, мыс­лить и стра­дать»… дейді.

Біздің Абай:

Жалы­на­сың, боқтайсың,

Сағы­на­сың, жоқтайсың.

Махаб­бат кет­ті, дос кетті,

Жете алмай­сың, тоқтайсың.

Көзі­ме жас бер, жылайын.

Шыдам бер, сабыр қылайын.

Жара­лы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын.

Жүре­гі кеудесіне сый­маған ақын бір сәт пен­де­шілік­тің емес, адам­ды­қтың шыңы­на өрме­леп шығып, Құдай­мен тіл­дескен­дей… тіл табысқа­нын­дай… сыбыр­ласқан­дай, сыр­ласқан­дай… Бұл хакім Абай емес, ақын Абай­дың биіктігі.

Шың басын­да қос ақын тұр. Олар бей­мәлім таныс достар. Еке­уі де руха­ни үзең­гілес. Еке­уі де зар заман­да запы­раң ішкен қос мұңлық… Оларға ортақ Табиғат пен Тыл­сым күш… Поэ­зия хәм Фило­со­фия… Ойшыл оғлан­дар… Баяғы­да бір жазға­ным еске түсті: «У гени­ев не быва­ет наци­о­наль­но­сти». Шыны солай. Адам­за­тқа Күн ортақ, Жер ортақ, Су ортақ және Дана ақындары.

Алай­да осы жер­де екі ақын қос өзен­нің бөлін­ген саға­сын­дай… Еділ мен Жай­ы­қтай екі­ге айы­рыл­ды. Егер Пуш­кин өмірінің соңғы сәтін­де бәрі­нен қалған көңіліне махаб­бат­тың сәу­лесі тағы бір рет жарқ ететініне үміт­те­нетін бол­са… Абай «Көзі­ме жас бер, жылай­ын. Шыдам бер, сабыр қылай­ын», деп Құдай­мен тіл­де­седі. Құд­ды Пай­ғам­бар… Абай­ды осы сәт­те Жел­ма­яға мініп, жерұй­ы­ғын ізде­ген Асан Қай­ғы дер­сің. Бол­ма­са қобы­зын қолы­на алып, тір­шілік­тің тамы­зғы­сын қалай тауы­спа­уға болар деп, ажал­мен арпа­лы­сқан Қорқыт па дегің келеді.

Амал­сыздан Асқар Тоқ­па­нов айтқан әңгі­ме еске түседі…

Бір­де бір жазу­шы Жам­был­дан «Тәте, Абай қан­дай ақын?» деп сұраған­да, «Тәйт әрі… қызы­ң­ды ұрай­ын! Абай ақын ба екен?! Ол – Пай­ғам­бар ғой! – деген екен» әңгі­менің болға­ны рас.

Ал біздің Абай өз фило­со­фи­я­сын осы­лай қалып­та­сты­ра­ды. Әлем­де Сократ салған пәл­са­па соқ­пағын­да талай­лар­дың ізі жатыр. Ал маған жақын, біз­ге етене таныс… ол – Абай философиясы.

Өлсем орным қара жер сыз бол­май ма?

Өткір тіл бір ұял­шақ қыз бол­май ма?

Махаб­бат ғала­у­ат­пен майдандасқан,

Қай­ран менің жүре­гім мұз бол­май ма?..

Абай фило­со­фи­я­сы осы­лай. Шыңғы­ста­удан жоға­ры ұшып, сонау көк аспанға, иә ғары­шқа бет­те­ген… Құд­ды қай­ран елі қаза­ғы­ның көңілін­дей тым асқақ, тым биік…

Талғат Теме­нов, кино­ре­жис­сер, Қаза­қстан­ның халық артисі, профессор

Республиканский еженедельник онлайн