Четверг , 28 августа 2025

Қоғамның бірлігі қазір бұрынғыдан да маңызды

Халы­қа­ра­лық қаты­на­стар сала­сын­дағы сарап­шы, сая­сат­та­ну­шы Риз­зат Тасым «Datnews» пор­та­лы­на сұх­бат бер­ді. Сая­сат­та­ну­шы қазір Қаза­қстан­дық қоғам­дық даму инсти­ту­ты­ның Қоғам­дық үрдістер­ді зерт­теу орта­лы­ғы­на жетек­шілік ете­ді. Ол ресми қыз­меті­мен қатар қоғам­дағы өзек­ті сая­си-әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ге пікір біл­діріп жүр­ген сараб­дал маман ретін­де де танымал.

– Қош көр­дік, Риз­зат мыр­за! Бірер күн бұрын пре­мьер-министр көп­тен бері алғаш рет ашық бри­финг өткізіп, үш сағат­тан астам уақыт бойы әріп­те­стерім­нің сау­ал­да­ры­на жау­ап бер­ді. Соны­мен қатар соңғы кез­де ел ішін­де­гі сая­си рефор­ма­ларға қаты­сты пікір алма­су күшей­іп келеді. Мыса­лы, Ермұрат Бапи­дың мақа­ла­сы мен Айдос Сарым­ның сұх­ба­ты қоғам­да қызу пікір­та­лас тудыр­ды. Осы про­це­стер нені біл­діреді? Бұл пікір­лер мен бри­финг­тің артын­да шынайы рефор­ма­лар тұр ма, әлде олар тек идео­ло­ги­я­лық реңк­ке ие сая­си сим­во­лизм бе?

– Қоғам­ның дамуы дис­кус­си­я­ны талап ете­ді. Әсіре­се сарап­шы­лар ара­сын­дағы дис­кус­си­я­ның орны ерекше. Себебі олар әдет­те эмо­ци­яға емес, салқы­нқан­ды ана­лиз бен фак­тілер­ге жүгінеді.

Жал­пы, өзім елде­гі сая­си рефор­ма­ларға қаты­сты ой толғап, пікір біл­діріп жүр­ген аза­мат­тар­дың жазға­ны мен айтқа­ны­на зер салып оты­ра­мын. Өйт­кені ел тағ­ды­рын айқын­дай­тын өзгерістер жай­лы әрбір баға, әрбір көзқа­рас – сана­лы аза­мат ретін­де бізді бей­жай қал­дыр­май­тын, ішкі жау­ап­кер­шілік­ті оята­тын дүние. Жасы емес, зама­ны бір құр­дас дей­тін бол­сақ, бір дәуір­де өмір сүріп жатқан заман­даста­ры­мыз бұл үдерістер­ді қалай қабыл­дап жатыр, осы­ны түсі­ну әрқа­шан маңы­зды. Көп жағ­дай­да біз айс­берг­тің су бетін­де­гі бөлі­гіне ғана үңіліп, оның аста­рын­да, тереңін­де жүріп жатқан күр­делі құбы­лы­стар­ды бай­қай бер­мей­міз. Қоғам­да да солай, жұрт наза­рын жалқы оқиға­лар мен жарқын көріністер ауда­ра­ды да, шын мәнін­де­гі үдерістер, ішкі күй­зелістер мен бет­бұры­стар көлең­ке­де қалып қояды.

Шын мәнін­де, бүгін­де қоғам­дық қаты­на­стар жедел транс­фор­ма­ци­ядан өтіп жатыр. Қысқа мерзім­де мем­ле­кет­тік басқа­ру инсти­тут­та­ры­на рефор­ма жасал­ды. Аза­мат­тар­дың шешім қабыл­дау мүм­кін­ді­гі кеңей­іп, Кон­сти­ту­ци­яда адам­ның құқы мен еркін қорғау қағи­дат­та­ры нығай­ды. Аны­ғы­рақ, Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма бой­ын­ша 2022 жылы тиісті заң­дар­дың 39 бабы­на 70 түзе­ту енгізіл­ді. Олар 2019 жылғы билік тран­зи­ті­нен кей­ін­гі қалып­тасқан қос билік­ті жоюға бағытталды.

Халы­қа­ра­лық дең­гей­де де адам, қоғам және мем­ле­кет ара­сын­дағы өза­ра әре­кет­те­су фор­мат­та­ры мен өмір сүру мәнінің түбе­гей­лі өзге­руі әле­умет­тік және идео­ло­ги­я­лық негіз­де­гі оқша­у­ла­ну мен ыды­ра­у­шы­лы­ққа әкел­ді. Осы­ған сәй­кес ішкі орта­дағы қоғам­дық қаты­на­стар­ды жүзе­ге асы­ру және қай­та құру үшін, ең алды­мен идео­ло­ги­я­лық жұмы­лу қажет.

– Сөзіңіз­ге қараған­да, қоғам­ның бет­кі қаба­тын ғана емес, тереңін­де­гі үдерістер­ді де аңдау қажет дей­сіз ғой. Енде­ше Пре­зи­дент Қ. Тоқа­ев­тың көз­де­гені де дәл осы терең­де­гі қозға­лы­стар­ды бай­қап, жүй­елі өзгерістер­ге жол ашу ма?

– Мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ны қазақ қоға­мын сая­си жаңғыр­ту мін­дет­теріне сай келетін жаңа маз­мұн­мен толы­қты­ру қажет­ті­гі Пре­зи­дент Қ.Тоқаевтың тұжы­рым­да­ма­лық жол­да­у­ла­рын­да, баян­да­ма­ла­рын­да және сөй­ле­ген сөз­дерін­де толық көрініс тап­ты. Оның осы тақы­рып­тағы сөз­дері мен мәлім­де­ме­лері жаңа ұлт­тық біре­гей­лік­ті қалып­та­сты­ру иде­я­сы­ның прак­ти­ка­лық және тео­ри­я­лық өзек­тілі­гін айтар­лы­қтай арттырды.

Бүгін­де демо­кра­ти­я­лық дис­курс билік­тің халы­қ­пен кеңе­суін элек­то­рал­ды про­це­ду­ра арқы­лы сай­лау науқа­ны мен рефе­рен­дум кезеңін­де ғана емес, соны­мен қатар аза­мат­тар­дың басым бөлі­гінің неме­се жер­гілік­ті халы­қтың өміріне қаты­сты сая­си шешім қабыл­дау про­цесін­де үздіксіз жүр­гізілуін талап етіп отыр. Осы рет­те Пре­зи­дент Қ.Тоқаев Қаза­қстан­да бар­лық мүд­делі қоғам­дық топ­тар­дың билік­пен және өза­ра сапа­лы сая­си ком­му­ни­ка­ция негіз­ге алы­нған демо­кра­ти­я­ның дели­бе­ра­тив­ті яки кеңе­су­ші демо­кра­тия моделін құру кур­сын бекіт­ті. Оның мәні – демо­кра­ти­я­ның қоғам­дық пікір­ге сүй­ен­ген, еркін маз­мұн­ды пікір­та­лас нәти­же­сін­де алы­нған, раци­о­нал­ды негіз­дел­ген, ең қолай­лы үлгісін табу.

Кез кел­ген рефор­ма мен баста­ма­ның түп­кі бағ­да­ры – әділет сал­та­нат құрған мем­ле­кет құру. Халы­қтың сені­мі мен үміті де әділет­тен баста­ла­ды. Ең үздік үлгі де, ең үлкен мұрат та – дәл осы әділет­ті мем­ле­кет болуға тиіс емес пе?

– Қазір «ескі» және «жаңа» деген меже­ге бөлетін бұл­дыр, өтпе­лі кезең арт­та қал­ды. «Әділет­ті Қаза­қстан» ең өзек­ті идео­ло­ги­я­лық кон­цепт ретін­де орны­қты. «Әділет­ті Қаза­қстан» мем­ле­кет­тің игілі­гін тең бөлі­су­ден бастап, әрбір аза­мат­тың әл-ауқа­ты­на дей­ін­гі мәсе­ле­лер­ді қам­ти­ды. Әрбір аза­мат­тың құқы­ғы мен бостан­ды­ғы жоға­ры құн­ды­лық десек те, адам көп­эт­но­сты, көп­кон­фес­си­я­лы, көпқыр­лы қоғам­да өмір сүріп жатқан­ды­қтан, «әртүр­лі пікір – бір­тұ­тас ұлт», «заң мен тәр­тіп», «адал аза­мат» қағи­дат­та­рын абстрак­тілі ғана емес, қоғам­ды ұйы­сты­ру­шы ұғым­дар деп қабыл­даған жөн. Бұл тұжы­рым­да­ма­лар аза­мат­тар­ды мем­ле­кет­ке бой­ұ­сын­ды­ру неме­се мін­дет­те­уді емес, ең алды­мен ортақ ұста­ны­мға шақы­ру­ды көздейді.

Елде­гі сая­си жаңғы­ру үрдісі үздіксіз жалға­сып келеді. 2019 жыл­дан бері супер­пре­зи­дент өкілет­ті­гі жой­ы­лып, кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жүзе­ге асты. Пре­зи­дент рефор­ма­ны өзі­нен баста­ды. Мем­ле­кет­тік билік­тің моно­по­ли­я­сын шек­тей­тін Пре­зи­дент­тің бір рет­кі жеті жыл­дық мерзі­мі бел­гі­лен­ді. Одан бөлек, Пре­зи­дент­тің жақын туы­ста­ры­на мем­ле­кет­тік сая­си қыз­мет пен ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор бас­шы­сы лау­а­зы­мын атқа­руға тый­ым салын­ды. Мұн­дай қадам отыз жыл ішін­де қалып­тасқан клан­дық капи­та­лизм жүй­есіне тосқа­уыл бол­ды және билік­тің «қол­мен басқа­ру» тәсілі­нен бас тар­туы­на ықпал етті.

Билік тар­мақта­ры ара­сын­да тең­герім орнай баста­ды. Бұрын бар­лы­ғын ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұстай­тын Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің құзы­реті азай­ған. Пар­ла­мент, Үкі­мет оты­ры­ста­ры онлайн өткізіліп, жари­я­лы­лық артып келеді. Сенат пен Мәжілістің соңғы жыл­дар­дағы тіке­лей эфир­де өткен оты­ры­ста­рын орта­ша есеп­пен бір­не­ше мың адам көріп шыққан. Қоғам­да ерекше резо­нан­сқа ие болған «Бишім­ба­ев ісінің» 24 оты­ры­сы 48 рет тіке­лей эфир­де көр­сетіліп, жал­пы 119 сағатқа созыл­ды, алыс-жақын шетел­ден 60 млн-нан астам адам көр­ген, ал «Шер­зат оқиға­сы» бой­ын­ша 36 тіке­лей эфир жал­пы 80 сағатқа созы­лып, оны алыс-жақын 40 шақты елдің аза­мат­та­ры көр­ген. Олар сот жүй­есінің ашы­қты­ғы мен аза­мат­тар­дың құқы­қтық сау­а­ты­на едәуір әсер етті.

Сөзі­міз­ге тұз­дық ретін­де 2024 жылғы қазан айын­да Қаза­қстан­дық қоғам­дық даму инсти­ту­ты жүр­гіз­ген әле­умет­та­нулық сау­ал­на­ма нәти­же­лерін (1200 респон­дент) айта кету­ге бола­ды. Респон­дент­тер­дің пікіріне сәй­кес, ең алды­мен әділет­тілік­ті қаза­қстан­ды­қтар­дың көбі бар­лық аза­мат­тар­дың заң алдын­дағы теңді­гі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды екен (71,8%). Яғни, әділет­тілік пен құқы­қтық тәр­тіп қағи­дат­та­рын сана­лы түр­де ұста­ну – мем­ле­кет стра­те­ги­я­ның іргетасы.

Оған қоса, сай­лау жүй­есі, сая­си пар­ти­я­лар, Пар­ла­мент тура­лы заң­дар өзгер­тіл­ді. Кон­сти­ту­ци­я­лық сот қай­та құрыл­ды. Осы пара­диг­ма жаңа қоғам­дық келісім­нің қалып­та­суы­на ықпал етті. Мұн­дай үрдістер айна­ла­мы­здағы елдер­дің ішін­де тек біздің Қаза­қстан­да ғана жүріп жатқа­нын еске­ру қажет.

Мем­ле­кет­тік қазы­на бай­лы­ғы­ның оли­гар­хат­тың қолын­да шоғыр­ла­нуы, заң­сыз-есеп­сіз шет­ке шыға­ры­луы қара­ша халы­қтың мем­ле­кет­тік инсти­тутқа деген сені­мін­де дағ­да­рыс туды­рға­ны рас. Сон­ды­қтан әле­умет­тік әділ­дік­ті орна­ту­дың бір бөлі­гі – шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру. Заң­сыз актив­тер есебі­нен мем­ле­кет кірісіне жыл басы­нан бері 900 млрд тең­ге ауда­ры­лған. Сон­дай-ақ актив­тер­ді ерік­ті түр­де қай­та­ру тура­лы 40-тан астам келісім мақұл­дан­ды. Қай­та­ры­лған қара­жат елдің әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­туға жұм­са­лып жатыр. Актив­тер­ді қай­та­ру нәти­же­сін­де жал­пы сома­сы 134 млрд тең­ге­ге 82 мек­теп­тің құры­лы­сы қаржыландырылды. 

Бұдан бөлек, ірі кәсіп­кер­лер­дің ара­сын­да әле­умет­тік маңы­зы бар жоба­лар­ды қол­дау баста­ма­сы көтеріліп, елі­міз­де биз­не­стің әле­умет­тік жау­ап­кер­шілі­гі күшей­ді. Нәти­же­сін­де «Қаза­қстан халқы­на» қоры­на түс­кен қара­жат­тың басым бөлі­гін ірі кәсіп­кер­лер­дің салы­мы құрап отыр. Қазір қор шотын­дағы қар­жы білім беру, ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы бағ­дар­ла­ма­ларға жұм­са­лып жатыр. Осы­лай­ша халы­ққа тиесілі игілік­тер қай­та­дан өзіне берілуде.

– Сіз өте ауқым­ды, түбір­лі мәсе­ле­лер­дің түй­інін тарқат­ты­ңыз. Жүйе әділет­ке бет бұр­са да, сол әділет­ті арқа­лап жүретін адам бол­ма­са, ниет­тің дұры­сты­ғы­на қара­ма­стан нәти­же солғын болып қал­май ма?

– Әлбет­те, «Әділет­ті Қаза­қстанға» адал кадр­лар қажет. Алай­да әділет­тілік қоғам­дық ұйы­су­дың идео­ло­ге­ма­сы ретінде:

Бірін­ші­ден, әділет­тілік­тің орны­ғуы қоғам­да сәй­кесін­ше атмо­сфе­ра­ны қалып­та­сты­ру­ды талап ете­ді (Жаңа қоғам­дық эти­ка);

Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік аппа­рат өз бетін­ше әділет­тілік­ті қам­та­ма­сыз ете алмай­ды, әсіре­се өзіне қаты­сты, сон­ды­қтан қоғам күшін жұмыл­ды­ру қажет. Яғни, қоғам өзін­дік «Әділет­тік хар­ти­я­сын» қалып­та­сты­ру керек. Сол себеп­ті 1‑ші және 2‑тармақ тіке­лей қоғам­да адал аза­мат­тар­ды, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те адал кадр­лар­ды талап етеді.

Осы тұрғы­да сая­си рефор­ма бары­сын­да іске асқан маңы­зды баста­ма – Пре­зи­дент­тік жастар кадр­лық резерві. Бұл талант­ты жастар үшін тиім­ді әле­умет­тік лифт. Қазір­гі таң­да Пре­зи­дент­тік кадр­лық резерв­ке 400 адам өтіп, олар­дың 75%-ы орта­лық және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­да, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­да, өндірі­сте қыз­мет атқа­ру­да. Өткен жылы өңір­лік кадр­лық резерв­тер құрыл­ды. Өңір­лік кадр­лық резерв осы жоба­ның барын­ша мас­шта­б­ты және инклю­зив­ті екенін айғақтай­ды. Бұл про­цесс мем­ле­кет­тік аппа­ратқа жаңа маман­дар­ды әкеліп қана қой­май, елі­міз­де­гі HR жүй­есіне тың сер­пін берді.

Ада­ми әле­ует­ті әле­умет­тік капи­талға айнал­ды­ра­тын уақыт кел­ді. Қазір халық саны­ның қарқын­ды өсі­мінің «демо­гра­фи­я­лық диви­денд­терін» ұтым­ды пай­да­ла­ну маңы­зды. Елде­гі сая­си тұрақты­лық пен қолай­лы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай демо­гра­фи­я­лық өсім­ге де әсер етті. Соңғы жыл­дар­мен салы­сты­рған­да Қаза­қстанға көшіп келу­шілер­дің саны көбей­ген. Бұл аза­мат­та­ры­мы­здың басқа жақтан «жерұй­ық» ізде­мей, елде­гі қоғам­дық-сая­си өзгерістер­ге қанағат­та­нуын, елдің бола­шағы­на деген сені­мінің артқа­нын көрсетеді.

– Дұрыс-ақ. Деген­мен, бүгін­гі қоғам­да кадр мәсе­лесін былай қой­ған­да, талқы­ла­удың өзі терең­нен емес, көбіне эмо­ция мен алып-қашпа әңгі­ме­ден тамыр алып жүр­ген жоқ па? Мұн­дай маз­мұн­сыз айтыс-тар­тыс, бос дау­ры­қ­па нағыз адал еңбек етіп жүр­ген жан­дар­дың ынта-ықы­ла­сын суы­тып, күш-жігерін қажет­сіз арна­ларға бұрып жібер­мей ме?

– Иә, бұл рет­те ғылы­ми негіз­ге сүй­ен­бей тұжы­рым жасау үстірт­тік­ке ұрын­ды­ра­ды. Әрбір аза­мат, әрбір пікір иесі қоғам­да іріт­кі туғы­зуы мүм­кін мәсе­ле­лер­ге абай болға­ны жөн. Себебі сөз де – жау­ап­кер­шілік. Оның үстіне елі­міз­де сая­си ком­му­ни­ка­ци­я­ның орны­қты тәжіри­бесі енді ғана қалып­та­сып келеді. Сон­ды­қтан сын мен пікір­дің де мәде­ни­еті, эти­ка­сы болуы қажет. Әйт­пе­се эмо­ция жете­гін­де­гі талқы шынайы рефор­ма­лар жолын­дағы сенім­ді шай­қал­тып жібе­руі әбден мүм­кін. Әсіре­се сая­си ком­му­ни­ка­ция аясын­да раци­о­нал­ды­лық (праг­ма­тизм) және құн­ды­лы­қтарға (эмо­ция туды­ру) жүгі­ну маңызды.

Осы орай­да қоғам­ды ынта­лан­ды­ру­шы ком­му­ни­ка­ци­я­ның құры­лы­мы төрт өлшем­ге негіз­де­луі тиіс:

Өзек­тілік. Нелік­тен бұл мәсе­ле маңы­зды, неге ол жал­пы кон­тек­сте ерекше­ле­неді? Оның шешіл­ме­уі қан­дай зиян тигі­зеді? Кім зардап шегеді? Неден айы­ры­луы­мыз мүмкін?

Қажет­тілік. Нелік­тен дәл осы­лай істеу керек? Неге басқа нәр­се жаса­уға болмайды?

Тиім­ділік. Ұсы­ны­лған ұсыным/жоспар нелік­тен тиім­ді болады? 

Жүзе­ге асуы. Бұл жос­пар­дың жүзе­ге асуы қан­ша­лы­қты шынайы?

Қоғам­да осы кри­те­рий­лер­ге негіз­дел­ген ортақ жария поле­ми­каға түсу дағ­ды­ла­рын дамы­ту және сіңі­ру арқы­лы ради­кал­ды бағыт­тар­ды (Red Line) ысы­руға болады.

– Сон­да қазір­гі күні ұтым­ды да салиқа­лы ой айту­дан бөлек, қоғам­ды бірік­ті­ре ала­тын үнде­удің маңы­зы артып отыр дегіңіз келе ме?

– Иә, ұлт­ты ұйы­сты­рар үндеу – тек өткір сөз емес, ортақ мүд­дені тап басар пара­сат­ты ой болуы керек. Ондай үнде­удің өзе­гі – әділет, сенім және бола­шаққа деген ортақ жау­ап­кер­шілік. Бұған қазір орын алып оты­рған поля­ри­за­ци­я­ның күше­юі мен сенім дағ­да­ры­сын қосы­ңыз. Мұн­дай кезең­де ұтым­ды, бірік­тіру­ші ой – жік­ке бөлін­ген көңіл­дер­ді жақын­да­сты­рып, елдік мүд­дені алға шыға­ра­тын ең басты құрал.

Эдель­ман сенім баро­мет­рінің 2023–2024 жылғы шыға­ры­лым­да­ры­на жүгін­сек, қоғам­дағы поля­ри­за­ци­яға әсер ету­ші фак­тор ретін­де сенім­нің төмен­ді­гі, әле­умет­тік инфрақұры­лым­ның әлсізді­гі және әділет­сіздік көр­сетіл­ген. Поля­ри­за­ци­я­ның артуы­на үкі­мет­ке деген сенім­нің төмен­ді­гі, ортақ біре­гей­лік­тің (identity) жоқты­ғы және жүй­елі түр­де­гі әділет­сіздік көп әсер ете­ді. Респон­дент­тер пікірін­ше, қоғам­дағы келіс­пе­ушілік­тер шешіл­мей, поля­ри­за­ци­я­ның күше­юі­нен тууы ықти­мал про­бле­ма­лар көбей­еді, олар: дис­кри­ми­на­ци­я­ның өршуі, эко­но­ми­ка­лық өсім­нің төмен­де­уі, көше­де­гі қыл­мыстың жиіле­уі, әле­умет­тік про­бле­ма­лар­ды шеше алмау, қар­жы­ның жетіс­пе­уі. Дәр­мен­сіз сая­си инсти­тут­тар мен жемқор­лық та үлкен про­бле­маға айна­лып отыр. Аза­мат­тар­дың пікірін­ше, осы­ның бар­лы­ғы сая­си «жат­сы­нуға» (alienation) әкеледі.

Сол себеп­ті қоғам­ның бір­лі­гі қазір бұры­нғы­дан да маңы­зды. Жасы­рын сая­сат­тан бас тар­ту, жария сая­сат­ты дамы­ту және қоғам­ның сая­си шешім­дер қабыл­да­уға қаты­суын кеңей­ту жолын­да қоғам­ның бір­лі­гі мен тұта­сты­ғын одан әрі нығай­ту бой­ын­ша иде­я­лар мен қадам­дар­ды әзір­леу, кең ауқым­ды сапа­лы дис­кус­сия ұйым­да­сты­ру және ұтым­ды ойлар­ды ірік­теу аса қажет.

– Шынайы әрі әсер­лі әңгі­меңіз үшін көп рақмет!

Сұх­бат­тасқан Айгүл ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Республиканский еженедельник онлайн