Пятница , 5 сентября 2025

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстандағы әлеуметік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Әділет­ті Қаза­қстан: заң мен тәр­тіп, эко­но­ми­ка­лық өсім, қоғам­дық опти­мизм» атты Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да бер­ген тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау аясын­да әле­умет­тік сала мен еңбек нары­ғын сапа­лы транс­фор­ма­ци­я­ла­у­ға бағыт­талған жүй­елі жұмыстар жүргізілуде.

Үкі­мет­тің басты наза­ры Жол­да­удың негіз­гі қағи­дат­та­рын іс жүзіне асы­руға бағыт­талған. Әле­умет­тік әділет­тілік­ті қам­та­ма­сыз ету шең­берін­де мем­ле­кет­тік қол­да­удың про­ак­тив­ті және ата­у­лы моделіне көшу жүзе­ге асы­ры­лып жатыр, бар­лық аза­мат­тар үшін тең мүм­кін­дік­тері бар инклю­зив­ті орта қалып­та­сты­ры­лу­да. Эко­но­ми­ка­лық өсу­ге жәр­дем­де­су мақ­са­тын­да нәти­желі жұмыспен қам­ту­ды ынта­лан­ды­ру, кәсіп­кер­лік баста­ма­лар­ды қол­дау және сапа­лы жұмыс орын­да­рын құру жөнін­де­гі шара­лар кешені жүзе­ге асы­ры­лу­да. «Заң мен тәр­тіп» қағи­да­тын қам­та­ма­сыз ету аза­мат­тар­дың еңбек құқы­қта­рын қорға­уды күшей­ту­де, қауіп­сіз еңбек жағ­дай­ла­рын қам­та­ма­сыз ету­де және сын­дар­лы әле­умет­тік әріп­те­стік­ті дамы­ту­да көрініс табады.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның Жол­да­уын­да және өзге де тап­сыр­ма­ла­рын­да қой­ы­лған мін­дет­тер­ді жүзе­ге асы­ру бары­сы тура­лы толы­ғы­рақ Primeminister.kz сай­тын­дағы шолу­дан оқыңыз.

Әле­умет­тік қол­да­удың транс­фор­ма­ци­я­сы: ата­у­лы бағыт, про­ак­тив­тілік және цифрландыру

Мем­ле­кет жыл сай­ын шама­мен 4,5 млн адам­ды төлем­дер­мен қам­ти оты­рып, өзінің әле­умет­тік мін­дет­те­ме­лерін уақты­лы және толық көлем­де орын­дап отыр. Биы­лғы 7 айда жос­пар­ланған 6 трлн тең­генің 3,4 трлн тең­гесі төлен­ді. Оның ішінде:

  • 2,5 млн зей­нет­кер­дің 2,5 трлн тең­ге сома­сын­да зейнетақысы;
  • жал­пы сома­сы 382 млрд тең­ге бола­тын 542 мың аза­матқа арналған мүге­дек­ті­гі жөнін­де­гі және 195 мың отба­сы­ға арналған асы­ра­у­шы­сын жоғал­тқа­ны­на бай­ла­ны­сты жәрдемақы;
  • 613 мың­нан астам көп­ба­ла­лы отба­сы­ға және 243 мың мара­пат­талған ана­ларға арналған 354,5 млрд тең­ге төлемдер;
  • 200 мың­нан астам отба­сы­ға арналған бала тууы­на және бала күті­міне қаты­сты берілетін 61,8 млрд тең­ге жәрдемақы;
  • 102 млрд тең­ге көле­мін­де өзге­дей де төлемдер.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша әле­умет­тік қол­да­удың ата­у­лы бағы­ты күшей­тіл­ді. Негіз­гі өзгеріс санат­тарға бөлу қағи­да­ты­нан нақты қажет­тілік кри­те­рий­леріне көшу тура­лы бол­ды. Ол үшін әр отба­сы­ның әл-ауқа­тын объ­ек­тив­ті баға­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін ско­ринг­тік модель жасал­ды. Жаңа тәсіл­дер енді­гісі Шым­кент пен Қараған­ды облы­сын­да сынақтан өткізілуде.

«Біз мем­ле­кет­тің әле­умет­тік мін­дет­те­ме­лерін қысқарт­пай­мыз. Аталған өзгерістер зей­не­тақы­ға, мүге­дек­тік бой­ын­ша, асы­ра­у­шы­сы­нан айы­ры­лу бой­ын­ша жәр­де­мақы­ға және рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен төле­нетін басқа да төлем­дер сияқты мем­ле­кет­тік кепіл­дік­тер­ге еш әсер етпей­ді. Біз жер­гілік­ті дең­гей­де көр­сетілетін әле­умет­тік қол­да­удың ата­улы­лы­ғы мен ашы­қты­ғын күшей­те­міз», — деп түсін­дір­ді еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Свет­ла­на Жақыпова.

Ата­у­лы әле­умет­тік көмек­ті (АӘК) тағай­ын­дау кезін­де енді меди­ана­лық табыс көр­сет­кі­ші қол­да­ны­ла­ды, сон­дай-ақ отба­сы­ның кірістері ғана емес, шығы­ста­ры да ескеріледі. АӘК-ке осы жеті айда 18,6 млрд тең­ге төлен­ген, оны 48 мың мұқтаж отба­сы алды. Еңбек­ке қабілет­ті аза­мат­тар үшін көмек әле­умет­тік келісім­шарт талап­та­рын­да көр­сетіледі: биыл оны алушы 8,3 мың адам отба­сы­лық табысын арт­ты­ру үшін жұмысқа орналастырылды.

Ата­у­лы және бел­сен­ді көмек­тің тех­но­ло­ги­я­лық негізі – «Біры­ңғай цифр­лық плат­фор­ма және Отба­сы кар­та­сы». Оның мақ­са­ты – бюро­кра­тия мен ада­ми фак­тор­ды бол­дыр­мау үшін әле­умет­тік көмек­тің бар­лық түр­леріне арналған біры­ңғай «сан­дық тере­зе» құру. Плат­фор­ма әртүр­лі мем­ле­кет­тік жүй­е­лер­де­гі деректер­ді тал­дай­ды және қай отба­сы­ның қол­да­уға мұқтаж екенін өз бетін­ше анықтайды.

Жүй­е­ге бүгін­де 128 Отба­сын қол­дау орта­лы­ғы­ның қыз­меті кірік­тіріл­ген, ал жұмысқа білім беру, ден­са­улық сақтау, әле­умет­тік қорғау, поли­ция және про­ба­ция қыз­меті сала­ла­ры­нан 32 мың­нан астам мобиль­ді топ маман­да­ры жұмыл­ды­ры­лған. Осы цифр­лық эко­жүй­енің арқа­сын­да өмір­лік қиын жағ­дай­ға тап болған 4 мың отба­сы қазір­дің өзін­де толық кешен­ді қол­да­уға ие болып отыр.

Инклю­зив­ті орта қалып­та­сты­ру: қол­жетім­ділік, сапа және тең мүмкіндіктер

Инклю­зив­ті орта­ны қалып­та­сты­ру жөнін­де­гі жұмыс – Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның Жол­да­уда бел­гіле­ген Әділ Қаза­қстан қағи­да­тын іс жүзін­де асы­руға бағыт­талған әле­умет­тік сая­сат­тың негіз­гі басым­ды­қта­ры­ның бірі. Осы мақ­сат­та мүге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды қоғам өміріне толы­ққан­ды инте­гра­ци­я­ла­у­ға бағыт­талған 2030 жылға дей­ін­гі инклю­зив­ті сая­сат тұжы­рым­да­ма­сы жүзе­ге асырылуда.

Мұн­дағы негіз­гі құрал – «Әле­умет­тік қыз­мет­тер пор­та­лы», ол мар­кет­плейс ретін­де жұмыс істеп, мүге­дек­ті­гі бар адам­дарға оңал­ту құрал­да­ры мен қыз­мет­терін өз бетін­ше таң­дау құқы­ғын береді. Бүгін­де пор­тал арқы­лы 345 мыңға жуық тех­ни­ка­лық оңал­ту құрал­да­ры (ОТҚ) ұсы­ныл­ды, бұл жал­пы қажет­тілік­тің 72,5%-ын жаба­ды. Пор­тал толы­ғы­мен жаңғыр­тыл­ды: нашар көретін­дер­ге арналған нұсқа жасал­ды, сана­то­рий­лер­дің қол­жетім­ділі­гі тура­лы деректер­ді қара­уға бола­ды, меди­ци­на­лық-әле­умет­тік сарап­та­ма (МӘС) бөлім­деріне онлайн-тір­ке­лу­ге мүм­кін­дік бар, ал жақын ара­да инв­а­так­си қыз­мет­терін жет­кі­зу­шіні таң­дау функ­ци­я­сы пай­да бол­мақ, оны биыл 18,6 мың аза­мат пай­да­ла­нып үлгер­ді. ОТҚ-мен қам­та­ма­сыз ету теті­гі де өзге­ру­де: олар уақыт­ша және тегін пай­да­ла­нуға берілетін бола­ды, ал олар­дың жағ­дай­ын әле­умет­тік-тех­ни­ка­лық сарап­та­ма қыз­меті тек­серіп отыр­мақ. Мұн­дай құрал­дар­дың құнын өте­у­ге кепіл­дік беріл­ген сома­ны есеп­теу кезін­де объ­ек­тив­ті болу үшін енді элек­трон­дық мар­кет­плей­стер мен Пор­тал­дан алы­нған мәлі­мет­тер ескерілетін бола­ды. Сон­дай-ақ, жеке көмек­шілер­дің санат­та­ры кеңей­тіл­ді: енді олар­дың қата­ры­на егде жастағы ерлі-зай­ып­ты­лар­дың бірі кіреді, бұл рет­те көмек­тің жедел­ді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін олар­дың қамқо­рын­дағы адам­мен бір елді мекен­де тұру шар­ты енгізілді.

Соны­мен қатар кедер­гісіз орта құруға қоғам­дық бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету үшін «Интер­ак­тив­ті қол­жетім­ділік кар­та­сы» жоба­сы жұмыс істей­ді. 2025 жылғы 1 шіл­де­де­гі жағ­дай бой­ын­ша кар­та­да 23 мың­нан астам бей­ім­дел­ген нысан бел­гі­лен­ді, бұл жал­пы сан­ның 55%-ын құрай­ды. Бақы­ла­удың тиім­ділі­гі әле­умет­тік инспек­тор­лар жұмысы­ның нәти­же­лері­мен рас­та­ла­ды: биыл 279 тек­се­ру жүр­гізіліп, нәти­же­сін­де 586 бұзу­шы­лық аны­қтал­ды, 265 ұйға­рым шыға­ры­лып, 45 млн тең­ге­ге айып­пұл салынды.

Меди­ци­на­лық-сани­та­ри­я­лық сарап­та­ма сала­сын­да да про­ак­тив­ті жұмыс фор­ма­ты енгізіл­ді. Оған 60 тәу­ел­сіз сарап­шы дәрі­гер тар­ты­лып, 36,5 мың іс қарал­ды. Ауру­дың 30-дан астам нозо­ло­ги­я­лық нысан­да­ры бой­ын­ша мүге­дек­тік­ті бел­гіле­удің сырт­тай фор­ма­ты енгізіл­ді, ал ампу­та­ция неме­се Даун син­дро­мы сияқты қай­тым­сыз өзгерістері бар жеке­ле­ген нозо­ло­ги­я­лар бой­ын­ша авто­мат­ты режим­де 31 сарап­та­ма жүргізілді.

«Жыл соңы­на дей­ін біз жасан­ды интел­лек­тіні қол­да­на оты­рып, өмір сүру жағ­дай­ы­ның шек­те­луін баға­лай­тын бал­дық жүй­е­ге негіз­дел­ген пилот­тық жоба­ны іске қоса­мыз. Бүкіл ел бой­ын­ша мүге­дек­тік пен кәсі­би еңбек ету қабілеті­нен айы­ры­лу­ды баға­лау бір­дей көр­сет­кі­ш­тер болған кез­де ада­ми фак­тор­дың және сарап­шы­лар­дың субъ­ек­тив­ті пікірін­сіз авто­мат­ты түр­де бел­гі­ле­нетін біры­ңғай стан­дарт енгізіледі», — деп хабар­ла­ды Свет­ла­на Жақыпова.

Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Семей, Тараз, Кен­тау және Орал қала­ла­рын­да зама­на­уи жаб­ды­қтар­мен жаб­ды­қталған төрт жаңа әле­умет­тік оңал­ту орта­лы­ғы ашыл­ды. Олар­дың қыз­мет­тері­мен 2 мың­нан астам адам қамтылған.

Әле­умет­тік инно­ва­ци­я­ларға қол­дау көр­сетілу­де: Аста­на­да ITMLab жоба­сы­ның қоры­тын­ды кезеңі өтті, оның аясын­да 18 коман­да мүге­дек­ті­гі бар жан­дар­дың өмір сүру сапа­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша әзір­ле­ме­лерін ұсын­ды, олар­дың алта­уы 1 млн тең­ге­ден грант­тар алды. Бұл баста­ма инве­стор­лар мен биз­не­стің қызы­ғу­шы­лы­ғын туды­рып, олар бола­шағы зор стар­тап­тарға әріп­те­стік жаса­уды ұсынды.

Қыз­мет­тер сапа­сын арт­ты­ру үшін жүй­елі дең­гей­де лицен­зи­я­лау енгізіл­ді, бүгін­гі таң­да 572 орта­лық арна­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ге лицен­зия алды. Бұл жосы­қ­сыз жет­кі­зу­шілер­ді шет­тетіп, негіз­сіз қар­жы­лан­ды­ру мәсе­лесін шешу­ге мүм­кін­дік бер­ді, ал ала­яқты­қтың аны­қталған фак­тілері бой­ын­ша бар­лық мате­ри­ал­дар тиісті орган­дарға жіберіл­ді. Әле­умет­тік қорғау жүй­есін­де бар­лы­ғы 12 мың­нан астам әле­умет­тік қыз­мет­кер жұмыс істей­ді, олар­дың 11 мыңы оқу­дан өткен.

Жұмыспен қам­ту­ды ынта­лан­ды­ру және еңбек нары­ғын дамы­ту: жаңа жұмыс орын­да­ры және цифр­лық шешімдер

Мем­ле­кет бас­шы­сы 2029 жылға дей­ін 3,3 млн аза­мат­ты жұмыспен қам­ту­ды тап­сыр­ды, бүгін­де бұл жос­пар 73%-ға орын­дал­ды. Жыл басы­нан бері 480 мыңға жуық адам жұмыс тап­са, оның 134 мыңы жұмыспен қам­туға жәр­дем­де­судің бел­сен­ді шара­ла­ры­мен қам­тыл­ды. Бұл рет­те биыл­дан бастап еңбек шар­тын жаса­су және әле­умет­тік төлем­дер­ді ауда­ру мін­дет­ті шарт бол­мақ. Сапа­лы жұмыс орын­да­ры­ның саны да артып келеді: бүгін­де эко­но­ми­ка­да олар­дың саны 2,6 млн-ды құрай­ды, ал жос­пар бой­ын­ша 2029 жылға қарай 3,8 млн-ға жет­кі­зу көзделген.

Плат­фор­ма­лар арқы­лы жұмыспен қам­ту­ды ресім­де­у­ге ерекше көңіл бөлі­ну­де, олар – тап­сы­рыс жет­кі­зу­шілер (курьер­лер), так­си жүр­гі­зу­шілері және басқа да қыз­мет көр­се­ту сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері. Қазір­дің өзін­де 2024–2025 жыл­да­ры әле­умет­тік тәу­е­кел­дер туын­даған кез­де өздерін қорға­уды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, 2,5 млрд тең­ге­ден астам әле­умет­тік төлем­дер аударған 87 адам­ның қыз­меті рәсімделді. 

Халы­қтың осал топ­та­ры­на қол­дау көр­се­ту жұмыста­ры жалға­су­да. Елі­міз­де мүге­дек­ті­гі бар 119 мың адам еңбек ете­ді, олар­дың орта­ша жалақы­сы 266 991 тең­гені құра­ды. Жұмыспен қам­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на 273,2 мың жас тар­тыл­ды, нәти­же­сін­де 80 мыңға жуы­ғы жұмысқа орна­ла­сты­ры­лып, 38 мыңы тұрақты жұмыспен қам­та­ма­сыз етілді.

Кәсіп­кер­лік баста­ма­ны дамы­ту үшін әле­умет­тік осал санат­тағы аза­мат­тарға 4 мың­нан астам грант беріл­ді. Қара­жат­тың көп бөлі­гі тех­но­ло­ги­я­лық құрал-жаб­ды­қтар алуға және қосалқы шару­а­шы­лы­қты дамы­туға жұм­са­ла­ды. Соны­мен қатар өткен жылы тал­дау нәти­же­сі 20% жағ­дай­да қара­жат­тың тиім­сіз пай­да­ла­ны­лға­нын көр­сет­ті: 1,3 мың­нан астам грант алушы зей­не­тақы жар­на­ла­рын аудар­маған, ал оның 500-ден аста­мы тиесілі сома­дан аз болған. Осы­ған бай­ла­ны­сты бақы­лау күшей­тіліп, бюд­жет­ке қара­жат­ты қай­та­ру бой­ын­ша жұмыстар жүр­гізілу­де. Қабыл­данған шара­лар нәти­же­сін­де 1100-ден астам алушы мін­дет­ті зей­не­тақы жар­на­ла­рын ауда­ра бастады.

Сон­дай-ақ жұмыс орын­да­рын суб­си­ди­я­лау қағи­да­ла­ры қай­та қарал­ды: «Алға­шқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім­шар­ты» бағ­дар­ла­ма­ла­ры «Жастар прак­ти­ка­сы­на» бірік­тіріл­ді, жұмыс беру­шілер­ге қаты­су­шы­лар­ды кей­ін­нен тұрақты жұмысқа орна­ла­сты­ру бой­ын­ша талап­тар күшейтілді.

Жұмыс орын­да­ры­ның ашы­луын бақы­лау үшін «Инно­ва­ци­я­лық жоба­лар нави­га­то­ры» қол­да­ны­ла­ды. Жүйе 224 мың­нан астам жұмыс орнын ашу жос­па­ры­мен инве­сти­ци­я­лық 1 424 жоба­ны бақы­лай­ды. Бүгін­гі таң­да 918 жоба бел­сен­ді кезең­де, онда 33,6 мың жұмыс орны құрылған.

Жұмыспен қам­туға жәр­дем­де­су жөнін­де­гі бар­лық жұмысты жетіл­ген цифр­лық эко­жүй­е­мен қам­та­ма­сыз етіледі. Enbek.kz плат­фор­ма­сын­да ЖИ көмек­ші 50 мың­нан астам бос жұмыс орнын өңдеді, ал 678 мың­нан астам адам кур­стар­ды таң­да­уға жасан­ды интел­лект көмек­те­сетін Skills Enbek плат­фор­ма­сын­да оқу­дан өтті.

Өндірісте­гі еңбек құқы­қта­ры мен қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету: про­фи­лак­ти­ка­лық бақы­лау және әле­умет­тік диалог

Аза­мат­тар­дың еңбек құқы­қта­рын қорғау тұрақты мем­ле­кет­тік бақы­лау арқы­лы қам­та­ма­сыз етіледі. Есеп­ті кезең­де мем­ле­кет­тік еңбек инспек­ци­я­сы 3 514 тек­се­ру жүр­гізіп, оның бары­сын­да 4 132 құқық бұзу­шы­лық аны­қтал­ды және олар­ды жою тура­лы 2 287 нұсқа­ма беріл­ді. Нәти­же­сін­де 277 млн тең­ге­ден астам айып­пұл салы­нып, 3,4 мың қыз­мет­кер­ге 1,1 млрд тең­ге жалақы бере­ше­гі төлен­ді. Осы кезең­де бар­лы­ғы 28,4 мың қыз­мет­кер­дің құқы­қта­ры қорғалды.

Өндірістік жарақат­тар бой­ын­ша ста­ти­сти­ка тұрақты оң үрдісті көр­сетіп отыр. 2025 жыл­дың 7 айын­да өндірі­сте жарақат алған­дар саны 2024 жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да 11%-ға (719 адам), ал қаза тапқан­дар саны 14,7%-ға(93 адам) төмендеді.

Про­фи­лак­ти­ка­лық бақы­лау құрал­да­ры­ның бірі – «Еңбек тәу­е­кел­дерінің цифр­лық кар­та­сы», ол 94,8 мың кәсі­по­ры­нға мони­то­ринг жүр­гі­зеді. Әрбір про­бле­ма­лық кәсі­по­рын бой­ын­ша мақ­сат­ты іс-шара­ла­ры бар кесте құра­с­ты­ры­ла­ды, соның нәти­же­сін­де «қызыл аймақтағы» кәсі­по­рын­дар саны жыл басы­нан бері 8,9%-ға (1 715-тен 1 562-ге дей­ін) азайды.

Соны­мен қатар кәсі­би тәу­е­кел­дер­ді баға­лау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­тетін ұйым­дар санын оңтай­лан­ды­ру жұмыста­ры жүр­гізіл­ді. Қажет­ті құрал-жаб­ды­қта­ры мен білік­ті маман­да­ры жоқ ком­па­ни­я­лар тізілім­нен шыға­рыл­ды, нәти­же­сін­де олар­дың саны 162-ден 66-ға дей­ін қысқарды.

Әле­умет­тік әріп­те­стік­тің көп­дең­гей­лі жүй­есі де дамуын жалға­сты­ру­да. Елі­міз­де бас келісім, 17 сала­лық және 200 өңір­лік келісім­дер, сон­дай-ақ 169 мың­нан астам ұжым­дық шарт қолданылады.

Еңбек заң­на­ма­сы да жетіл­дірілу­де. Пар­ла­мент Мәжілісінің қара­уы­на ең төмен­гі жалақы тура­лы ХЕҰ кон­вен­ци­я­сын рати­фи­ка­ци­я­лау тура­лы заң жоба­сы енгізіл­ді. Сон­дай-ақ негіз­гі сала­лар­да еңбек қауіп­сізді­гі жөнін­де­гі мін­дет­ті өндірістік кеңе­стер құру, тех­ни­ка­лық инспек­тор­лар­дың құқы­қтық мәр­те­бесін бекіту, жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер жүр­гі­зу негіз­дерін кеңей­ту және еңбек қаты­на­ста­рын декла­ра­ци­я­лау бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер бел­гілеу сияқты жаңа нор­ма­лар ұсы­ны­лып отыр.

Еңбе­кақы төле­удің тиім­ділі­гін арт­ты­ру үшін ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы еңбек ресур­ста­рын нор­ма­лау жүй­есі әзір­лен­ді. Оны қол­да­ну ауыл­дық елді мекен­дер­ді дамы­туға, ауы­лға жастар­ды тар­тып, халы­қтың көшіп кетуін азай­туға ықпал ете­ді. Сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік сек­тор ұйым­да­ры үшін еңбек­ті нор­ма­ла­удың біры­ңғай жүй­есі құрылды.

Көші-қон про­це­стерін рет­теу және өңір­лік даму

Елі­міздің еңбек күші басым аймақта­ры­нан жұмыс күші тап­шы­лы­ғы бар өңір­лер­ге ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру­ды ынта­лан­ды­ру мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік қол­да­удың жаңа шара­ла­ры енгізіл­ді. Аталған сая­сат­тың негіз­гі құра­лы – «Эко­но­ми­ка­лық ұтқыр­лық сер­ти­фи­ка­ты», оның аясын­да тұрғын үй сатып алуға шама­мен 4,5 млн тең­ге көле­мін­де­гі қар­жы­лай көмек беріл­ді. Бұл қол­дау шара­сын Соңғы үш жыл­да жұмыс күші тап­шы­лы­ғы бар өңір­лер­ге қоныс аударған 6 мың отба­сы­ның жар­ты­сы­нан аста­мы пайдаланды.

Қабыл­да­у­шы өңір­лер­де де жеке мобил­ді қол­дау жүй­есі жұмыс істей­ді, оның қыз­мет­терін биыл 6 мың­нан астам адам пай­да­лан­ды. Қоныс ауда­ру­шы­лар үшін басқа да маңы­зды жеңіл­дік­тер қарас­ты­ры­лған: кон­кур­стан тыс тәр­тіп­те 5 жылға дей­ін­гі мерзім­ге ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер учас­ке­лерін алу құқы­ғы және мате­ри­ал­дық көмек­ті есеп­ке алу үшін ашық шот­тар­дан қара­жат өндіріп алуға тый­ым салу. Аза­мат­тарға ыңғай­лы болу үшін оған енді элек­трон­ды фор­мат­та өтініш беру­ге болады.

Бір мез­гіл­де отан­дастар­ды қол­дау бой­ын­ша жұмыс жалға­су­да: жаңа тетік жүзе­ге асы­ры­лған сәт­тен бастап 13 мың этни­ка­лық қазақ «қан­дас» мәр­те­бесіне ие болды.

Ішкі көші-қон­ды ынта­лан­ды­ру жөнін­де­гі бұл шара­лар ішкі еңбек нары­ғын қорғау жөнін­де­гі дәй­ек­ті сая­сат­пен толы­қты­ры­ла­ды. Соңғы бес жыл­да шетел­дік жұмыс күшін тар­ту кво­та­сы 25 мың­нан 17 мың ада­мға дей­ін қысқарды.

Республиканский еженедельник онлайн