Четверг , 18 сентября 2025

Жасанды интеллект тілі – ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЛУЫ ТИІС!

 Біз қала­сақ та, қала­ма­сақ та, жасан­ды интел­лект өмірі­міздің бар­лық сала­ла­ры­на терең­дей енетін бола­ды. Бұл – ғалам дамуы­на тән заң­ды­лық. Деген­мен әр ел осы даму үрдісін өзінің ұлт­тық мүд­десіне қарай ыңғай­лап жатыр. Өйт­кені ЖИ деген бір қараған­да жан­сыз, рух­сыз, цифр­лан­ды­ру­мен ғана бай­ла­ны­сты дүние сияқты көрін­гені­мен, оның ұлт­тың ұлт ретін­де дамуы­на да әсері орас­ан болға­лы тұр.

ЖИ қыз­меті ұлт зей­іні­мен бай­ла­ны­сты. Ғылым, білім­нен бөлек, әле­умет­тік өмір мен тұр­мыстық қол­да­нуға қаты­сты бар­лық салаға дей­ін жасан­ды интел­лек­ті­ге тәу­ел­ді бола­ды. Ол түгілі ұлт­тың тілі, әде­би­еті, өнері, музы­ка­сы, бар руха­ни­я­ты да жасан­ды интел­лект арқы­лы жаңа құбы­лы­сқа енеді. Соның тілін­де сөй­лей­ді, соның тілін­де тілі шыға­ды. Дамы­ған елдер­ден ЖИ-ге негіз­дел­ген, ағы­л­шын, қытай, жапон, т.б. тіл­дер­де «сөй­лей­тін» тех­ни­ка­лар мен тех­но­ло­ги­я­лар, цифр­лық бағ­дар­ла­ма­лар, басқа да өнім­дер жап­пай келе бастай­ды. Осы­ның бәрін қазақ тілін­де сөй­ле­ту де – стра­те­ги­я­лық мін­дет­тер­дің бірі болуы шарт. Бір сөз­бен айтқан­да, елі­міз­де жасан­ды интел­лект тілі қазақ тілі болуға тиіс.

Жол­да­уда Цифр­лық кодексті тезірек қабыл­дау қажет екені де айтыл­ды. Бұл заң­да цифр­лан­ды­ру үдерісінің негіз­гі бағыт­та­ры, соның ішін­де жасан­ды интел­лект, плат­фор­ма­лық эко­но­ми­ка, үлкен дере­кқор­лар­ды пай­да­ла­ну және басқа да мәсе­ле­лер айқын­да­луға тиіс екені айтыл­ды. Осы заң­да ЖИ-дің тілі мәсе­лесі де көрініс табуға тиіс.

Сон­дай-ақ Пре­зи­дент қой­ған стра­те­ги­я­лық мін­дет­тер­ді жүзе­ге асы­ра­тын «Жасан­ды интел­лект және цифр­лық даму мини­стр­лі­гі» құры­ла­ты­ны да айтыл­ды. Менің­ше, осы мини­стр­лік­тің бір депар­та­мен­ті «ЖИ-ді ұлт­тық тіл­ге бей­ім­деу депар­та­мен­ті» деп атал­са, дұрыс болар еді. Қазір­дің өзін­де мем­ле­кет ЖИ-дің қазақ тілін­де сөй­ле­уіне ерекше назар ауда­рып, үлкен жұмыстар жаса­лып жатыр. Қазақ тілінің ұлт­тық тіл моделі жасал­ды. Әлі де қолға алы­нуға тиіс жұмыс орасан.

Пре­зи­дент айтқан үш жыл­да толық цифр­лан­ды­ры­лған мем­ле­кет құру меже­сіне жет­кен­де, мем­ле­кет­тік тіл­дің мерейі үстем болып тұруға тиіс.

Әділ­бек ҚАБА

Республиканский еженедельник онлайн