Пятница , 12 сентября 2025

МӘҢГҮРТТЕНУ көшеден басталады

Баяғы­да апам айту­шы еді: «Айтқан­ның аузы жаман, жылаған­ның көзі жаман» деп… Дей тұрған­мен айтай­ын. Өткен жолы оңтүстік­те­гі ең шет­кері ауыл­да бол­дым… Оның алдын­да Батыс Қаза­қстан­ды ара­лағам. Түсі­ру тобы­мыз аудан-аудан­ды түгел тас­па­лап жүр­міз. Жо-жоқ, тап­па­ды­ңы­здар… Мен жол, жарық, көпір, оны-мұны қозға­май­мын… Мен жер-жер­де­гі ауыл, аудан, қала, облыс орта­лы­ғы, Алма­ты, Аста­на­ны айтам… Бір сөз­бен бол­са – бүкіл Қаза­қстан­ды меңзейін…

Біз­де қазір кіш­кен­тай дүкен­нен үлкен супер­мар­кет­ке дей­ін, кафе, ресто­ран, фит­нес орта­лы­қтар – бәрі-бәрі шет тілін­де және басым көп­шілі­гі латын ғар­пін­де… Ау, ағай­ын ағы­л­шын тілін біл­ген жақ­сы, алай­да дүниенің бар­лы­ғын басқа тіл­де ата­сақ, сон­да ана тілі­міз­де не қала­ды?! «Ақы­маққа намаз үйрет­сең, жай­на­мазға шекесін жара­ды» демек­ші, көрін­ген­ге елік­теу – «бала­ның ауруы». Кезін­де бұл мәсе­ле­ге ешкім мән бер­ген жоқ шығар. Қазір де назар аудар­май­ды. «Сен тиме­сең – мен тимен, бады­рақ көз». Алай­да біз бүгін тәу­ел­сіз, дер­бес мем­ле­кет­піз. Біздің мем­ле­кет­тік тілі­міз – Қазақ тілі! Енде­ше Оно­ма­сти­ка­лық коми­тет осы мәсе­ле­ге қай­та ора­луы керек. Түр­ки­яда бар­лық нәр­се түрік тілін­де. Арме­ния, Гру­зи­я­ны айт­пай-ақ қой­дық. Мына көр­ші Ресей­де осы­дан екі-үш жыл бұрын заң қабыл­дан­ды. Бар­лық дүкен, кафе, ресто­ран­дар­дың ата­уы тек орыс тілін­де болуы керек…

Ал біз өрке­ни­ет көшіне қосы­ла­мыз деп, өз мен­та­ли­теті­міз­ден, өз жады­мы­здан айы­ры­лып қал­дық! Кез кел­ген көшені ара­лап шық­саңыз, бәрі дер­лік өзге тіл­де. Дағы­стан­ның дана­сы Расул Ғам­за­тов көкем­нің өлеңі есі­ме түсіп отыр:

 …Когда я ока­жусь на све­те том,

Отца и маму сно­ва встречаю.

Бесе­ду не отло­жим потом,

Как на земле?

Я не отвечаю…

Бұл – фило­со­фи­я­лық өлең. Жер бетін­де­гі жаман­дық пен зұлым­ды­қтан ұялған, бетін басып, қат­ты сасқан ақын­ның күй­зелісі, күй­іні­ші. Біз де сол күй­іні­ш­тен осы пәл­са­фа­мен шайырласақ…

Құдай оның бетін әрі қыл­сын! Әгәра­ки, Төле би, Әйте­ке би, Қазы­бек би Аста­на не Алма­ты­ға келіп қал­са – жаға­сын ұстап, көз­деріне жас ала­ры сөз­сіз… Себебі бәрі өзге тіл­де, емледе…

Бұл, біле біл­сек – үлкен қателік! Мен «шаш ал десе, бас алсын» деп оты­рға­ным жоқ… Әрине, дүние жүзіне таны­мал бренд­тер бар. Алай­да «бір­деңе Сити» деген­дер толып жатыр емес пе? Өткен жолы Ислам досым­ның айтқа­ны: екі үлкен қария Шым­кент­те тал түсте ада­сып кетіп­ті. Не орыс­ша емес, не қаза­қ­ша емес жазу­лар­дан ештеңе түсін­бей, бауы­ры­ның асы­на жете алмай, жылап отыр дейді…

Осы өткен ғасыр­да қазақ жазуы төрт рет топа­лаңға тап бол­ды. Бұл дегеніңіз – халы­қтың жадын ұрлау, бол­ма­са өші­ру. Айт­ма­тов айтқан­дай – мәң­гүрт­те­ну рефор­ма­сы. Қазір біз­де қай әліп­пе екені түсініксіз… Латы­нға көштік пе, көшпе­дік пе? Көшпе­сек, неге бәрі басқа емле?!

Қысқа­сы, қадір­лі ағай­ын, көше­де­гі ата­у­лар мен жар­на­ма­лар­ды қаза­қ­ша­ла­май, біздің көш ада­сып жүр­гені – жүр­ген… Оно­ма­сти­ка­лық коми­тет­тер мен әкім­шілік­те­гі «…Тірі бол­сам, қаза­ққа қыз­мет етпей қой­май­мын!» дей­тін жастар, енді­гі кезек сен­дер­дікі… Әйт­пе­се Ұлы көш­те шаң қауып қалуы­мыз ғажап емес!..

Талғат ТЕМЕНОВ, кино­ре­жис­сер

Республиканский еженедельник онлайн