Пятница , 12 сентября 2025

СЕРТТЕ ТҰРДЫҢ,ЕНДІ ӨЗІҢЕ СЕН!

«Қай­ра­ты­ңа әдісіңді жол­дас ет,

Әдісіңе ақы­лы­ң­ды жол­дас ет!»

Бауы­р­жан МОМЫШҰЛЫ

Менің Бедел­хан деген сынып­тас досым бол­ды. Сов­хоз дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры қыз­метін­де жүр­ген кезін­де 2004 жылғы пар­ла­мент сай­ла­уы бастал­ды. Алты­кен, Болат, Ораз, Төле­ген бастаған «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның үгіт-наси­ха­тын жасап, ауы­лға бар­дық. «Отан­ның» сілік­пе­сін шыға­рып, шаңын қағып жүр­міз. Мек­теп дирек­то­ры­ның өзі мұғалім­дер­ді жинап береді. Кей­бірі «Еге­мен Қаза­қстан­ның» вице-пре­зи­ден­ті мен облы­стағы тіл­шісі – біз­дер­ге – маған және Батық Мәжи­тұлы­на жал­бақтап, қасы­мы­зда оты­рып, жиын­ды бастай­ды. Газет оқыр­ман­да­ры­мен кез­де­суі­міз сәл­ден соң бір­ден сай­лау тақы­ры­бы­на ойы­сып кетеді.

«Мына Рекең аста­на­дан күн­де келіп жатқан жоқ. Қоғам­дағы, сая­сат­тағы, билік­те­гі жағ­дай­ларға, сай­ла­у­ға бай­ла­ны­сты кез кел­ген сұрақта­ры­ңы­зға жау­ап береді. Мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып қалы­ңы­здар», – дей­ді. Емін-еркін, ашық әңгі­мені аңсап жүр­ген­дер қып-қызыл сая­сатқа кіріп кет­кенін аңғар­май да қала­ды. «Отан» сияқты билік­тің қол­ба­ла пар­ти­я­ла­рын тас-талқан сынап, «Ақ жолға» жетер пар­тия жоқты­ғын, оның бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның және соны іске асы­ру­шы­лар­дың мықты­лы­ғын дәлел­деп бер­гені­міз­де, дирек­тор­лар­дың дег­бірі қаша­ды. Сыл­тау айтып, зыта­ды неме­се «уақыт бол­ды, сабақ баста­ла­ды» деп тықыр­ши­ды. Билік пар­ти­я­сы­на мүше болу­дың, оны жақтап бір­не­ше жер­де дауыс берудің, ұрлық жасап ұятқа қалу­дың сорақы әре­кет екенін айта­мыз. Мұн­дай тәсіл­дің бір нәти­же­сін мысалға алсақ: Жала­у­лы деген ауыл­да «Ақ жолға» 80 пай­ы­здан астам дауыс жиналды.

Енді жоға­ры­дағы досы­мы­зға ора­лай­ық. Ат басын соның ауы­лы­на бұр­дық. Әйелі еке­уі етін асып, дастар­ха­нын жай­ып, күтіп алды. Ақжарқын адам­дар шынайы қуа­нып, мәре-сәре. Үстін­де­гі киі­мін ауы­сты­рып, «Отан» деген жазуы бар ақ фут­бол­ка киіп кел­ген досқа таң­да­на қарап, қасым­дағы сері­гі­ме: «Қой, біз қате­лесіп келіп­піз. Қай­тай­ық. Ұры­лар пар­ти­я­сы­ның адам­да­ры­мен бір­ге оты­рып ас ішу­ге зауқы­мыз соқ­пай­ды. Рақ­мет, біз кет­тік. Сау болы­ң­дар!» – деп есік­ке бет­те­дім. Сері­гім қоса іле­сті. Үй иелері қат­ты абы­р­жып, сасып қал­ды. Кенет­тен не болға­нын түсін­бей тұр. «Не бол­ды, не бол­ды?» – дей береді. «Үстіңе қара!» – дей­мін. «Шолақ жең фут­бол­кам ұна­май қал­ды ма?» «Жазуы­на қара! «Отан» пар­ти­я­сы­на беріл­ген­дер­мен жолы­мыз бөлек!».

Біз сыр­тқа шығып кет­тік. Көлі­гі­міз­ге жет­кіз­бей алды­мы­зды ора­ды. «Үй-үйді ара­лап, тегін тара­тып бер­ген соң алған­быз. Су жаңа деп кие салған едім». Дау­сын­да ыза­лы өкініш бар. Дереу шешін­ді де, жер­ге атып ұрды. «Әкесінің аузын! Ал таста­дым. Сыр­тым «Отан» бол­са да, ішім, жүре­гім –«Ақ жол!» – деп қарап тұр. «Біз сенің жүре­гіңе сен­дік! Ал төр­ле­тей­ік!» – деп үйге бет­те­дік. Досым да, әйелі Күшән да шат-шады­ман қуа­нып қалды…

Айна­лай­ын, алтын аза­ма­тым, Думан! Қалай­сың? Саған хат­ты естелік айту­дан баста­дым. Неге олай­ын түсіне жатар­сың. Сенің де, біздің де үсті­міз­де қан­дай киі­мі­міз, онда қан­дай жазу, сызу бол­са да, жүре­гі­міздің ақ екені айқын ғой. Үсті­міз­де­гі киім­ге қарап таныл­май­мыз. Мұн­дағы айтқым кел­гені – адам­дар­дың адал­ды­ғы, жүре­гінің таза­лы­ғы – қашан­да оның басты өлше­мі. Аса қым­бат мата­дан тігіл­ген кәстөм, шал­бар тіп­ті май­мыл­ды да көрік­ті етіп көр­се­тер. Бірақ ол оны ақыл­ды, дана, батыр жасай алмай­ды. Жыр­тық шапан­ды Алдар Көсені халық қастер­леді. Соғы­ста тұтқы­нға түс­кен жүз­де­ген мың, мил­ли­он сол­дат лагерь­дің ала­ба­жақ киі­мі­мен жүр­ді. Қор­лан­ды. Бірақ көн­ді. Оның бәрінің уақыт­ша екен­ді­гін, тірі қалу, өмір сүру мақ­са­ты бұдан құтқа­ра­ты­нын біл­ді. Уақыт­ша кезі­гетін қолай­сыздық, қиын­шы­лық арт­та қала­ды. Оны­мен ере­ге­су, мұн­дай­да әділет­тілік іздеу оңды нәти­же бермейді.

Өткен жолы, Қызы­лор­даға барға­ны­мы­зда Адам құқы­ғын қорғау жөнін­де­гі өкіл: «Кей­ін Афри­ка­да мем­ле­кет басқарған Нель­сон Ман­де­ла да түр­ме киі­мін киді ғой», – деп біл­гіш­сін­ді. «Қаза­қстан Афри­ка­дан қалы­спай­ын деп, алдағы уақыт­та халық сай­лап пре­зи­дент бола­тын Думан Мұхам­мет­кәрім­ді күрес­кер­лі­гі үшін түр­ме­ге салған екен ғой. Егер Ман­де­ла Қызы­лор­да­да жаза өте­се, оны да Думан сияқты кар­цер­ге қамар едің­дер!» – деп едім, сон­да оты­рған ұят­сыздар­дың езу­лері ербең етті. Құдай ақы, бұлар одан тай­ын­бай­ды! Мен оларға қосы­лып, азаттық жолын­дағы әлем­ге таны­мал күрес­кер сияқты киіне бер деп үгіт­те­мей­мін. Бірақ мұның жақ­сы мысал екен­ді­гін мой­ын­дай­мын. Ол кісі­ден үлгі ал, сон­дай бол деп үгіттеймін.

«Тәр­тіп­ке бағы­нған – құл емес» деп Бауы­р­жан Момы­шұ­лы айтқан», – деді сон­да оты­рған погон­ды­ның бірі. «Осын­дай меке­ме­лер­де­гі, әске­ри бөлім­дер­де­гі кере­ге­де, маң­дай­ша­да жазы­лып тұра­тын бір ауыз сөзді жатқа біледі екен­сің­дер. Адам­гер­шілік, ар-намыс, әділет­тілік тура­лы Бау­кеңнің не айтқа­нын қай­сың білесің?» – деген сұрағы­ма біре­уі тіл қат­па­ды. «Тәр­тіп­тің өзі кей­де тәр­тіп­сіздік туғы­за­ды» деген Бау­кеңнің ақиқат сөзін бұлар қай­дан ұқсын! Қыл­мыс жаса­маған адам­ды қыл­мыс­кер­лер сияқты қалып­та киін­ді­ру тәр­тіп сана­ла­ды екен-дағы, оған нара­зы­лық біл­ді­ру – «тәр­тіп­сіздік» болып шыға­ды екен. Қисын­сыз шар­тты­лық. Тәр­тіп­сіздік­тің қай­дан туға­нын түсініп, оған кешірім­мен қарай­тын бұлар емес. Және ең қиы­ны – қырық рет қар­сы­лас­саң да, мұны ұқты­ра алмай­сың. Тіп­ті өзіңді құр­бан­ды­ққа шалып жібер­сең де, сана­ла­ры­на сәу­ле түс­пей­ді, дегені­нен тан­бай­ды. Ерлік­ке пара­пар әре­кет қылу­дың жөні жоқ. Бау­кең ондай­да: «Орын­сыз ерлік адам­ды өкін­дір­мей қой­май­ды», – деп ескерт­кені бар.

Менің шын мәнін­де­гі Батыр інім – Дума­ным – Бауы­р­жан атаң­дай әділет­сіздік­ке қасқай­ып қар­сы тұр­дың, тай­сал­ма­дың. Азаптал­саң да, осы күн­ге дей­ін серт бер­ген­дей сіре­стің, тіре­стің. Жеңіл­медің. Ары қарай айқа­су­дың енді мәні кем. Сен жең­ген сай­ын, ұпай­ды олар өз пай­да­ла­ры­на жаза береді. Есеп қазір 8:0, ол 80:0 болуы да мүм­кін. Арсыздар­мен алы­сып жең­бей­сің. Бау­кең: «Серт – ер сері­гі, серт­ті жең­бей, өзіңе сен­бе!» – деген. Серт­те тұр­дың, серт­ті жеңдің, енді өзіңе сен! Даңқты атаң­ның тағы бір ақы­лын есіңе салай­ын: «Қай­ра­ты­ңа әдісіңді жол­дас ет, Әдісіңе ақы­лы­ң­ды жол­дас ет!».

Әлем­де, елі­міз­де болып жатқан сұм­ды­қтар­ды сара­лай­тын, ақиқа­тын ақта­ра­тын, тал­дай­тын, сана­ларға сіңіретін жур­на­лист Думан Мұхам­мет­кәрім­нің орны ойсы­рап тұр әлі күн­ге. Ақпа­рат май­да­нын­да кім басым­ды­ққа ие бол­са, жеңістің сол жақта бола­ты­ны мәлім. Сенің бұры­нғы бейне- жаз­ба­ла­ры­ң­ды қай­та­лап көре­мін де, әттең-аймен оты­ра­мын. Аға­лық жасап, екпініңді сәл бас­паға­ны­ма, көбірек сақтан­дыр­маға­ны­ма күй­і­не­мін. Қазақ қоға­мы үшін дәл қазір сен керек едің, көрік едің қызды­ра­тын. Мір­жақып оята алмаған қаза­ққа сөз арнаған, қозғал­та бастаған сенің есіл еңбе­гің далаға кет­пе­уі үшін оны жалға­сты­ру қажет. Ал бұл – бостан­ды­ққа шық­пай, іске аспай­ды. Сая­си пар­ти­я­лар­ды тап­тап тастаған билік бел­сен­ді топ­тар­ды қуыр­шақ санай­ды. Қауқа­ры жоқ, олар­дың кей­бірі «сатқын» ізде­умен сан­сы­рап жүр. Өресі таяз, хайп қуғанға мәз, бір-бірін көре алмай­тын, айғай-аттанға әуе­стері де жүр көп­тің ішін­де. Жаға­ла­суға бой­ла­ры жет­пей­тін, балаққа жар­ма­са­тын, айдап сал­са жала жауып, жүй­кені жұқар­та­тын­дар шар­ша­та­ды, түңіл­те­ді. Жақ­сы адам­дар бар­шы­лық. Шынайы ынта­сы­мен, ақыл пара­са­ты­мен ортақ шару­аға жана­шыр­лық таны­та­тын­дар – көңіл­ге демеу. Халы­қ­пен ағар­ту­шы­лық жұмысын мықтап жолға қой­ма­са, кері құл­ды­ра­удың кезеңі баста­лып келеді. Көп қателік­тер кет­ті. «Өзінің қате­лері­нен сабақ алу әркім­нің қолы­нан келе бер­мей­ді». Бұл – Бауы­р­жан атаң­ның ақиқат сөзі екенін біліп отыр­сың. Саған және маған бағыт­тал­маған дей­ік­ші. Өйт­кені біз өз қате­лері­міз­ден сабақ алуға ақы­лы мен жігері жететін адам­дар­мыз ғой. Қоғам алдын­дағы ертең­гі жау­ап­кер­шілік­тің ауыр сал­мағы саған түседі, Думан інім. Сон­ды­қтан сен бостан­ды­ққа тезірек, аман-есен шығуың керек! 

Қаза­қы салт­пен Бауы­р­жан ата­мы­здың әру­ағын шақы­рып, Құдай­дан тілеу тілей­міз! Ақиқат жолын­да халқы­ның сөзін сөй­леп, бей­біт ісі­мен күрес­кен Думан Мұхам­мет­кәрім­нің басы­на бостан­дық бере гөр, әділет­тілік­ке жол аша гөр!

Сені сағын­дым! Түсім­де көре­мін. Мар­жан еке­уміз сенің жай­ы­ң­ды ойлап, көңілі­міз бұзы­ла­ды. Анаң мен Әкең қан­дай мықты адам­дар! Рухы күшті. Пара­сат­ты, түсінік­тері кең, жан-жақты, жақ­сы адам­дар­дың лай­ы­қты ұлы­сың. Ол кісілер­дің басы­на түс­кен қиын­шы­лы­қтар кет­сін, жақ­сы­лы­қтар жетсін!

 Ізгі ниет­пен, ағаң Рыс­бек, апай­ың Маржан

Республиканский еженедельник онлайн