Пятница , 26 сентября 2025

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

Алма­ты­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­сия мен ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің қол­да­уы­мен «BeWoman Asia» фору­мы өтті.

BeWoman Asia – Орта­лық Ази­ядағы әйел­дер көш­бас­шы­лы­ғы­ның ең ірі халы­қа­ра­лық алаңы. Фору­мға жиыр­ма елден жүз­ден астам қаты­су­шы жинал­ды. Құр­мет­ті қонақтар қата­рын­да ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Әйел­дер істері және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­си­я­ның төраға­сы, ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва, Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­но­ми­ка және ком­мер­ция мини­стрінің орын­ба­са­ры Гүл­шат Асыл­ба­е­ва, Әзер­бай­жан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мил­ли Медж­лисі жанын­дағы Отба­сы, әйел­дер және бала­лар істері жөнін­де­гі коми­тетінің төраға­сы Иджран Гусей­но­ва, Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Стра­те­ги­я­лық рефор­ма­лар агент­ті­гінің Нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу кең­сесінің жетек­шісі Ази­за Ума­ро­ва, Корея Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сауда және өнер­кәсіп сала­сын­дағы әйел­дер халы­қа­ра­лық феде­ра­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Софи Канг және басқа да бедел­ді тұлға­лар болды.

«Бүгін­де қаза­қстан­дық қоғам­ның даму бағыт­та­ры айқын. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан­ның жаңа идео­ло­ги­я­лық тұғы­рын қалып­та­стыр­ды. Ол ұзақ мерзім­ді тұжы­рым­да­ма­ларға негіз­дел­ген. Атап айт­сақ, «Заң мен Тәр­тіп», «Таза Қаза­қстан», «Адал Аза­мат» баста­ма­ла­ры. Осы тұжы­рым­да­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру­да біз­ге – көш­бас­шы әйел­дер­ге, құн­ды­лы­қтар­ды сақтап ұрпақта-ұрпаққа жет­кі­зетін ана­ларға жау­ап­кер­шілік жүк­тел­ді. Біз жас ұрпаққа ішкі мәде­ни­ет пен заңға бағы­ну­ды, дамуға ұмты­лу­ды, еңбекқор және жау­ап­ты аза­мат болу­ды, өз мәде­ни­еті мен дәстүріне ұқып­ты қара­уды, табиғат­ты сүю мен ада­ми қадір-қаси­ет­ті қастер­ле­уді, бір­лік пен толе­рант­ты­лық құн­ды­лы­қта­рын дәріп­теп, сіңіруі­міз керек»,– деді Аида Бала­е­ва өз сөзінде.

Ұлт­тық комис­сия төраға­сы­ның айтуын­ша, Қаза­қстан әйел құқы­қта­рын қорғау көр­сет­кі­ш­тері бой­ын­ша әлем­нің бірқа­тар елі­нен алда тұр. Деген­мен, ген­дер­лік теңдік пен әйел­дер кәсіп­кер­лі­гін дамы­ту мәсе­ле­лері әлі де өзекті.

«Бүгін­де Қаза­қстан­да отба­сы­лық-тұр­мыстық қаты­на­стар сала­сын­да про­грес­сив­ті заң­дар қабыл­дан­ды. Заң­на­ма­лық дең­гей­де харас­смент қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­тын бола­ды. Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық үшін тек жау­ап­кер­шілік күшей­тіліп қана қой­май, қоғам­ның нара­зы­лы­ғын туды­рып, ұят сана­ла­тын құбы­лы­сқа айнал­ды. Қалы­ң­ды­қты ұрлау да қатаң жаза­ла­на­тын қыл­мысқа енді, ол үшін он жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы қарас­ты­ры­лған», – деді министр.

Өз сөзін қоры­тын­ды­лай келе, ол фору­мға қаты­су­шы­лар жұмысы­на табыс, баста­ма­ла­ры­на сәт­тілік тіледі.

Биы­лғы «BeWoman Asia» фору­мы «Транс­фор­ма­ция. Тұлға. Отба­сы. Қоғам. Бола­шақ. Көш­бас­шы­лық. Шабыт. Бір­лік» ұра­ны­мен өтті. Форум аясын­да цифр­лан­ды­ру, жасан­ды интел­лект, биз­нес және отба­сы инсти­ту­ты­ның құн­ды­лы­қта­ры сияқты кең ауқым­ды мәсе­ле­лер талқы­лан­ды. Спи­кер­лер қата­рын­да халы­қа­ра­лық және қаза­қстан­дық кәсіп­кер­лер, зерт­те­ушілер, жур­на­ли­стер мен инфлю­ен­сер­лер де болды.

ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн