Четверг , 2 октября 2025

Ерліктің 300 жылдық тарихы – «БҰЛАНТЫ ШАЙҚАСЫ» ҰМЫТ ҚАЛМАСЫН!

ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат министрі

Аида Бала­е­ваға!

Бүгін­гі таң­да елдің рухын көте­ретін, елді бірік­тіретін, жастар­дың пат­ри­от­тық сезі­мін арт­ты­ра­тын құрал – төл тарихы­мы­зды ұлы­қтау болып табы­ла­ты­ны анық. Осы орай­да «Бұлан­ты шай­қа­сы» жай­лы деректер­ді жинақтап, біздің тарих сахна­сын­да қазақ болып сақталға­ны­мыз тура­лы деректер болға­ны­мен, оны ұлы­қтау дұрыс дең­гей­де еме­сті­гі көп­ті ойлан­ды­ра­ды. 2027 жылы қазақ тарихын­дағы маңы­зды тари­хи оқиға – Бұлан­ты шай­қа­сы­на 300 жыл толады.

Кеңес зама­нын­да ғылы­ми айна­лым­да атал­маға­ны­мен, елдің шежіресін­де, қари­я­лар­дың есін­де және де басқа деректер­де сақта­лып, Қазақ елі тәу­ел­сіздік алы­сы­мен оқиға­ның маңы­зды­лы­ғы тура­лы сөз көтері­ле баста­ды. Жоңғар басқын­шы­ла­ры 1723 жылы Түр­кістан­ды алған­нан кей­ін, қаза­қтың басы­на қиын қасірет төн­ді, тарих бетін­де ол кезең «Ақта­бан шұбы­рын­ды, алқа­көл сұла­ма» деп атал­ды. Күл­лі шығыс аумақ жаудың қол астын­да қалып, Қара­та­удан асқан ел Қарақал­пақтың шөл дала­сы мен Бет­пақ­да­ла­ны пана ету­ге мәж­бүр бол­ды. Жоңғар­лар­дың қара­уыл таста­ры Сары­су өзенінің сол жаға­ла­у­ын­дағы төбе­лер­де әлі күн­ге дей­ін тұр. 1726 жылғы Ордаб­а­сын­дағы бүкіл қазақ Құры­л­тай­ын­да бір-бірі­мен қай­шы­ла­сып жүр­ген төре-сұл­тан­дар­дың ара­сы­нан бір қол­бас­шы – Кіші жүздің ханы Әбілқай­ыр­ды – сай­лаған­нан кей­ін орын алған басты тари­хи оқиға, халы­ққа рух бер­ген Ұлы шай­қас – Бұлан­ты шайқасы!

Зерт­те­ушілер­дің айтуы бой­ын­ша, 1727 жылы Бұлан­ты мен Біле­уті өзенінің орта­сын­да өткен ұры­сқа екі жақтан 100 мыңға жуық сар­баз қаты­сып­ты. Жан-жақты ойла­сты­рған әске­ри так­ти­ка мен стра­те­ги­я­ның арқа­сын­да қазақ қолы жоңғар­ларға күй­ре­те соққы беріп жеңді. Бұл жеңі­стен кей­ін май­дан кін­ді­гі болған Біле­уті өзені «Қал­мақ қыры­лған» атан­ды. Сол жеңістің жаңғы­ры­ғы Жеті­су бағы­ты­на қарай шегін­ген жаудың ізі­мен Жетіқоңыр құмын­дағы Ақкең­се маңын­да «Қал­мақ қыры­лған» деген жер ата­уын­да көрініс тапты.

Ал талай­лар­ды там­сан­ды­рып, аңы­зға айналған аты­шу­лы соғыс «Бұлан­ты шай­қа­сы» деп ата­лып, ұлт тарихын­да алтын әріп­пен жазыл­ды. Өлше­усіз тари­хи маңы­зы бар бұл жеңіс жай­лы Мұх­тар Маға­у­ин былай деген еді: «Егер Бұлан­ты мен Аңы­рақай­дағы жеңістер бол­ма­са, Қазақ Орда­сы осы­дан үш жүз жыл бұрын мүл­де тозып құрып біт­кен Ноғай Орда­сы­ның кебін киері анық-ты. Тоқтау көр­ме­ген жоңғар­лар енді бірер сер­пін­нен соң Еділ қал­мағы­мен тоғы­сар еді».

Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дық мерей­тойы қар­саңын­да ел мен жер­дің тағ­ды­ры сынға түс­кен Ұлы­тау өңірін­де­гі «Бұлан­ты шай­қа­сы» стел­ла­сы ашы­лған бола­тын. Ол жер­ге осы шай­қасқа қаты­сқан Бөгем­бай, Қабан­бай батыр­лар­дан бастап, басқа да батыр­ларға көп­те­ген құл­пы­та­стар қой­ы­лып, ел жина­лып, үлкен ас берілген.

Осы­ған орай:

1. 2027 жылы Бұлан­ты – Біле­уті шай­қа­сы­ның 300 жыл­ды­ғын рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де атап өту жөнін­де арнайы іс-шара­лар жос­па­рын әзірлеуді;

2. Ғылы­ми-зерт­теу жұмыста­рын, архео­ло­ги­я­лық және деректа­нулық жоба­лар­ды, деректі фильм­дер мен оқу құрал­да­рын дай­ын­да­уды қолдауды;

3. Ұлы­та­удағы Бұлан­ты­дағы батыр­лар стел­ла­сын абат­тан­ды­ру және туризм инфрақұры­лы­мын дамы­ту жұмыста­рын қолға алу мәсе­лесін қарас­ты­ру­ды сұраймын.

Мәжілісте­гі «AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның мүше­сі Ербо­лат САТЫБАЛДИН

Республиканский еженедельник онлайн