Четверг , 2 октября 2025

«Асылып өлді», «тілініп өлді» дегенге сенбеңіздер!

  • Жеті жыл арқа­лап кет­кен, түр­ме­де жат­са да, күресін тоқтат­паған жур­на­лист Думан Мұха­мет­кәрім­нің әкесі Алмас Тле­пов және қорға­у­шы­сы Ғалым Нұр­пей­і­сов жур­на­ли­ст­тің ден­са­улы­ғы мен өміріне алаң­да­у­шы­лы­қта­рын біл­дір­ді. Бұл жөнін­де 24 қыр­күй­ек күні «Адам құқы­қта­ры мен заң­ды­лы­қты сақтау жөнін­де­гі Қаза­қстан халы­қа­ра­лық бюро­сы» қабы­рға­сын­да өткен бас­пасөз-мәс­ли­ха­ты бары­сын­да айты­лып, жур­на­ли­ст­тің түр­ме­ден жазған хаты жария етілді.

ҚР Пре­зи­ден­ті әкімшілігіне,

ҚР Бас прокуратурасына,

ҚР ІІМ Өзін­дік қауіп­сіздік бөліміне,

ҚРІІМ Қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі комитетіне,

ҚР Пар­ла­мен­ті Сена­ты мен Мәжілісіне

 (құдай­ға қараған­да­ры таны­су үшін),

 қорға­у­шы­ла­рым: Ғалым Нұр­пей­і­сов және

 «Ар.Рух. Хақ» ҚҚ бас­шы­сы Бақыт­жан Төреғожина

 наза­ры­на заң­сыз сот­талған сая­си тұтқын

 Мұха­мед­кәрім Думан Алмасұлынан

ЖСН780709302011

Қауіп­сіздік талап ету

Ары­зы

Әуелі талап­та­рым­ды тізіп өтейін:

1. Менің, Мұха­мед­кәрім Д.А.-ның өмірі­ме қауіп төн­ген­дік­тен, өзі­ме қауіп­сіздік талап ете­мін. Мені шұғыл түр­де заңға сәй­кес Алма­ты маңы­на ауы­сты­ру­ды талап ете­мін. Өйт­кені Қызы­лор­да­да № 60 меке­ме тара­пы­нан ғана емес, облы­стық    про­ку­ра­ту­ра, облы­стық ҚАЖД, облы­стық поли­ция депар­та­мен­ті тара­пы­нан маған қар­сы ұйым­дасқан жүй­елі қысым байқалады.

2. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, Бас про­ку­ра­ту­ра және қос пала­та­лы Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­нан құралған топ мені­мен жеке кез­де­суді талап етемін.

3. Бес ай сәл-пәл басы­лып, 20.08.2025 ж. күні қай­та жан­данған, тіп­ті бұры­нғы­сы­нан жаман күшей­ген қысым­дарға қаты­сты, Заң мен жақта деп оңды-сол­ды желім­де­мей жап­сы­ра беретін әкім­шілік жаза­лар мен тамы­здың алты­сы күні түр­ме­де аты­лған оққа қаты­сты Аста­на­дан арнайы тер­геу тобы жіберілуін талап ете­мін. Ол топ тек­серісті № 60 мем­ке­ме­де ғана емес, облы­стық про­ку­ра­ту­ра­да, облы­стық ҚАЖД мен облы­стық ПД-де жүргізсін.

4. 06.08.2025 ж. күні «Түр­ме­де аты­лған оқ» мені балағат­таған (боқтаған және шығу тегі­ме тіл тигіз­ген) Фар­хад Сей­ті­мов сияқты қыз­мет­кер­лер­ге қаты­сты және жазған шағым­да­рым­ның меке­ме­ден жіберіл­ме­уі бой­ын­ша № 2 қапас ішін­де­гі бейне жетон­дар­дағы және дәліз­де­гі виде­о­лар мұқи­ят зерттелсін.

5. Менің түр­ме үлгісін­де­гі робо киім­ді киме­уден басқа бүкіл әкім­шілік жаза­лар мен ескер­ту­лер күшін жойсын.

Енді ары­здың өзіне кел­сек. Шыны­мен айт­сам, осы күн­де менің хат жазу түгілі, кітап оқуға күй­ім жоқ. 29.08.2025 ж. күні Тота­ли­тар­лы кон­сти­ту­ци­я­ның 30 жыл­ды­ғы­на арналған ашты­ғым әлі тоқтаған жоқ. Содан бері он келі сал­мақ тастап­пын. Тәу­ел­сіздік­тің отыз төрт жыл­ды­ғы­на дей­ін шыда­сам, сал­мағым, бәл­кім, сол отыз төрт­ке дей­ін түсіп те қалар…

Негізі, бұл шағым­ды жазуы­ма мені әбден қажы­тқан қызы­лор­да­лық ҚАЖД-ның орын­ба­са­ры, аса дарын­ды әділет пал­коб­ни­гі Ж.Зиябеков түрт­кі бол­ды. Ол кісі 05.03.2025 ж. күні кіріс № 655 Д жау­а­бы­на: «60 меке­ме қыз­мет­кер­лерінің заң­сыз әре­кет­тері өз дәлелін тап­па­ды» деп жазып­ты да, арты­нан «сен өзің кәкәй деген­дей жаза өтеу тәр­тібі мен мін­дет­терін бұзға­ны­ңыз аны­қтал­ды», – деп­ті. Оны­мен қой­май, ҚР ҚК 419-бабы­мен (көрі­неу жалған сөз жет­кі­зу) қорқытады.

Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, ҚАЖД-ден бір­де-біре­уі келіп, мені­мен сөй­лес­кен емес. Ешқан­дай қыз­мет­тік тер­геу жүр­ген жоқ. Ал 06.08.2025 ж. күні қапас ішін­де жары­лған бел­гісіз затқа қаты­сты араға жар­ты ай салып, 20.08.2025 ж. күні участ­келік инспек­тор 19:20 сағат­та келіп, ат үсті, нем кет­ті деген тер­геу жүр­гіз­ген бол­ды. Оның өзін­де «Бұған дей­ін 2012, 2020 деген басқа жыл­да­ры шағым түсіріп пе едіңіз?» деген бір түр­лі сұрақтар қой­ып, өзім­ді мазақ қылып кет­ті. Сұрақ жау­а­бы­мыз сол поли­цей­дің бейне жето­ны­на түсті.

  Ал 06.08.2025 ж. күн­гі сағат 16:20, 17:00 ара­лы­ғын­дағы № 2 қапас ішін­де­гі дәліз­де­гі және айғақ заттар­ды (ұсақ шеге сияқты 3–4 темір затты) жой­ып жібер­ген кезек­ші Бағлан Қали­ев­тің бейне жето­нын­дағы виде­о­лар сол беті зерт­тел­меді. № 2 қапас ішін­де­гі жары­лған заттан қалған қара дақтар да зерт­те­у­ге алынбады.

 Қызы­лор­да облы­сы про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Махмут Алмас та бұл жәй­тқа немқұрай­лық таны­тып отыр. 11.08.2025 ж. күні жеке қабыл­да­у­мен ғана шектелді.

Неге енді ғана қауіп­сіздік талап етіп отыр­мын? Өйт­кені мен­де әділ тер­геу өте­ді деген (06.08.2025 ж. күні жары­лған затқа бай­ла­ны­сты) үміт болған еді. Бір ай өтті. Жары­лғыш затты қапасқа кір­гіз­ген адам­ның артын кезек­ші Бағлан Қали­ев жап­ты. Ал оның артын № 60 меке­ме бас­шы­ла­ры, олар­дың артын облы­стағы басқа құзыр­лы орган­дар жаба баста­ды. Яғни, менің өмірі­ме қауіп төн­дір­ген № 60 меке­ме емес, бүкіл орган­дар деген күді­гім бар. Сон­ды­қтан Қызы­лор­да облы­сын­да және оған көр­шілес басқа аймақтар­да маған тыны­штық жоқ. Мен, әрине, өлім жаза­сы­на кесіл­ген адам екенім­ді түсін­дім. Алма­ты­да бол­сам да, ажал қуып жете­ді. Деген­мен, үйі­ме жақын өлу­ге мұр­сат беріңіздер.

  Билік­те оты­рған маған жана­шыр­лар наза­ры­на: егер мені Алма­ты маңы­на ауы­стыр­май жатып, аяқ асты Қызы­лор­да түр­месін­де өліп кет­сем, «Асы­лып өлді» неме­се «тілініп өлді» деген­дер­ге сен­беңіз­дер. Мен Әділ­дік жолын­дағы күресім­ді жалға­сты­ру үшін өмір сүр­гім келеді.

  «Піс қаза­ным бес ай» деген­ге «Оты­рай­ын он ай» деген Қоже­кеңнің сөзі еріксіз ойы­ма орал­ды. Менің де № 60 меке­ме­де оты­рға­ны­ма он ай бол­ды. Шық бер­мес Шығай­бай­дың қаза­ны екі рет пісетін уақыт бол­ды. Ішіне тас түсіп кет­кен бе, әйте­уір қазан­дағы ет піс­пек түгілі, суы да ысы­ма­ды. Ста­ро-новый Казах­стан­дағы сияқты қазан­да да отыз төрт жыл­дық тұрақты­лық бар сияқты. Он айдың ішін­де үнсіздік сақтап, тым-тырыс оты­рып та көр­дім. Алай­да менің тыны­шты­ғым­ды мұн­дағы кей­бір қыз­мет­кер­лер әлсіздік­ке балаған сияқты. Дөрекі сөй­леді, балағат­та­ды, шығу тегі­ме тіл тигізді. Енді, міне, тағы – арыз-шағым­да­рым­ды жібер­мей­тін ескі әдет­теріне басты. Үсті­міз­де­гі жыл­дың 20, 26, 28 және 29 тамыз күн­дер­гі шағым­да­рым шық­па­ды. Еріксіз каме­ра бетін жауып, улап-шулап, 28‑і мен 29 тамыз күн­гі ары­зда­рым­ды әйте­уір жіберт­тім. Ал 20 мен 26 тамыз күн­гі шағым­да­рым сол беті жоқ. Осы шағым­ды тағы жоқ қылып жібер­ме­се көрім. Айт­пақ­шы, 20.06.2025 ж. күн­гі «Ар.Рух.Хақ» қоғам­дық қоры­ның бас­шы­сы Бақыт­жан Төреғо­жинға жазған тоғыз бет­тік хатым­ды 16:25-те қапас ішін­де­гі бейне бақы­лау каме­ра­сы­на бір-бір­ден көр­сетіп, жасақ басты­ғы Әли Жұба­ты­ро­втың қолы­на ұста­тып жібер­ген­мін. Ал 26.08.2025 ж. күн­гі Еске алу шағы­мын таңғы тек­серіс кезін­де (09:15) кезек­шісі Құт­ты­бек­тің қолы­на ұстат­тым. Мұның алдын­да 11.03.2025, 13.03.2025 ж. және 26.03.2025 ж. арыз шағым­да­рым жасалған еді. Бұлар­ды да сол күн­гі видео­дан көре ала­сыздар. ҚАЖК видео мұраға­ты тоғыз айға дей­ін сақта­ла­ты­нын ескер­сек, тер­геу жүр­гізу­ге әлі уақыт жетеді.

  Сол сияқты 06.08.2025 ж. күн­гі мен оты­рған № 2 қапа­с­та жары­лған зат бой­ын­ша да видео­ма­те­ри­ал­дар­ды алдыр­саңы­здар екен. Әсіре­се айғақ заттар­ды жой­ып, қыл­мыс­кер­дің ізін жасы­рған Бағлан Қали­ев­тің бейне жето­нын тер­геу керек.

Енді менің түр­ме үлгісін­де­гі киім­ді (робо) киме­уден басқа әкім­шілік жаза­лар мен ескер­ту­лер күшін жоюға қаты­сты айтарым.

  Арыз шағым­да­рым шық­па­са, қыз­мет­кер­лер мазақ қылып балағат­та­са, тегі­ме тіл тигіз­се, мен бейне бақы­лау каме­ра­сын жап­пай қай­те­мін? Оның өзін­де Аста­на­дағы ҚАЖК наза­рын аудар­са екен деп жаба­мын. Негізі, каме­ра жабыл­мас бұрын кемін­де үш сағат бұрын қыз­мет­кер­лер­ді, бас­шы­лы­қты ескер­те­мін. Ымдап, қағазға жазып, каме­раға көр­се­те­мін. Алдын алу әре­кеті бол­маған­ды­қтан, барып жаба­мын. Сосын мені боқтаған қыз­мет­кер­лер неге жау­а­пқа тар­тыл­май­ды да, мен неге әкім­шілік жаза­ға тар­ты­ла береді екенмін.

  Қысқа­сы, мені­мен жеке сөй­ле­су үшін Аста­на­дан адам жіберіңдерші.

Айта­рым көп.

10.09.2025 ж. күні де каме­ра жабық тұр­ды. Өйт­кені бас­шы­лық 5 күн бойы мені қабыл­да­май жүр.

Құр­мет­пен ұры жүй­енің қас жауы Мұха­мед­кәрім Д.А. 11.09.2025 ж.

Республиканский еженедельник онлайн