Самұрық-Қазына» қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) нейрожелісін – Директорлар кеңесінің цифрлық тәуелсіз мүшесін таныстырды.
SKAI — жасанды интеллект негізінде әзірленген және өңір бойынша Директорлар кеңесінің дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз мүшесі.
Таныстыру рәсімі Астанада Digital Bridge халықаралық форумы аясында өтті.
📍SKAI корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттырудың жаңа құралы болмақ.
Нейрожелі ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарды, 2008 жылдан бергі Директорлар кеңесінің шешімдерін және Қордың құрылған сәтінен бастап жинақталған басқа да материалдарды талдайды.
❗️Бұл — Кеңестің әлдеқайда ұтымды әрі сараланған шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.
«Жасанды интеллект негізіндегі нейрожелінің Директорлар кеңесіне тағайындалуы – бұл нағыз кванттық серпіліс: технология мен адамдар шешімді бірлесе қабылдайды, ал цифрландыру тек қана бизнес-процестермен шектелмей, басқару философиясының бір бөлігіне айналуда», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Қауіпсіздік те басты назарда: SKAI «Қазақтелекомның» екінші суперкомпьютері Al Farabium-ның жабық контурында жұмыс істейді.
🖲️Осылайша, ақпарат ел аумағынан тысқары тарамайды, ал жоғары есептеу қуаты талдаудың сенімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз етеді. Жүйенің негізі ретінде қазақстандық Alem LLM тілдік моделі қолданылған.
Нейрожеліні қолданысқа енгізу – Қордың цифрландыру мен басқаруды трансформациялауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі.
🔘
Первый в регионе: цифровой член совета директоров теперь в «Самрук-Қазына»
▶️Фонд «Самрук-Қазына» презентовал Главе государства Касым-Жомарту Токаеву нейросеть SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) — цифрового независимого члена Совета директоров.
SKAI разработан на основе ИИ, он стал первым в регионе цифровым независимым членом Совета директоров с правом голоса.
Презентация прошла в Астане в рамках международного форума Digital Bridge.
📍SKAI станет новым инструментом повышения прозрачности и качества корпоративного управления.
Нейросеть анализирует внутренние и внешние нормативные документы, решения Совета директоров с 2008 года и другие материалы, накопленные с момента основания Фонда.
❗️Это позволит Совету принимать более взвешенные и аргументированные решения.
«Назначение нейросети на основе ИИ в Совет директоров – это квантовый скачок: технологии и люди начинают принимать решения вместе, а цифровизация выходит за рамки процессов и становится частью философии руководства», — отметил председатель правления АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов.
Особое внимание уделено безопасности: SKAI функционирует в закрытом контуре на втором в Казахстане суперкомпьютере Al Farabium от «Казахтелекома».
🖲️Таким образом, информация не покидает пределы страны, а высокая вычислительная мощность обеспечивает надежность и скорость анализа. За основу системы взята казахстанская языковая модель Alem LLM.
Внедрение SKAI — часть долгосрочной стратегии Фонда по цифровизации и трансформации управления.