Пятница , 10 октября 2025

СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕСІН фермерлердің өзі шешетін кез келді

Мемле­кет бас­шы­сы өзінің биы­лғы Жол­да­уын­да Қаза­қстан кәсіп­кер­лері Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтағы елдер­мен салы­сты­рған­да мем­ле­кет­тік қол­да­уды тиісті дең­гей­де ала алмай оты­рға­нын айтып, бұл жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша тиісті талап қой­ды. Әрине, алдағы уақыт­та салы­қтық рефор­ма­лар­дың арқа­сын­да мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің мүм­кін­ді­гі күшейе түс­се, Үкі­мет Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сын орын­дау мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік қол­дау тетік­терін де, қар­жы­лай қол­дау көле­мін де одан сай­ын жақ­сар­та­ды деген үміт­те­міз. Алай­да суб­си­дия төңіре­гін­де әлі де басы ашыл­маған екі үлкен мәсе­ле бар. 

​Бірін­ші­ден, суб­си­дия нор­ма­тив­терін есеп­те­ген­де, мем­ле­кет­тік орган­дар фер­мер­лер­дің нақты ішкі жағ­дай­ын, яғни мик­ро­эко­но­ми­ка­сын мүл­дем ескер­мей­ді. Оны еске­ре алмай­ды да! Себебі әр фер­мер­дің бух­гал­те­ри­я­лық есебі ком­мер­ци­я­лық құпия болып табы­ла­ды және тек өзіне ғана аян. Суб­си­ди­я­ның негіз­гі мақ­са­ты – шығын­дар­ды өтеу. Ал шығын­дар­дың нақты көр­сет­кі­ш­тері бел­гісіз болған жағ­дай­да суб­си­дия бір сала­да тым аз, ал бір сала­да тым көп төле­нетіні анық. Мыса­лы, соңғы 20 жыл­да ешқан­дай қол­да­у­сыз, өзі­мен-өзі өсетін шошқа шару­а­шы­лы­ғы суб­си­дия алып оты­рға­нын көр­дік. Ал нақты қиын­дық көріп оты­рған қой шару­а­шы­лы­қта­ры­ның жүн­ге суб­си­дия ала алмаған жыл­да­ры­ның болға­ны әлі де есімізде. 

Екін­ші­ден, суб­си­дия бағыт­та­рын аны­қтау бары­сын­да фер­мер­лер­дің ұсы­ны­ста­ры еле­усіз қалып жатыр. Мыса­лы, қуаң­шы­лы­ққа жиі кезі­гетін өңір­лер мем­ле­кет­тік орган­дар­дың табал­ды­ры­ғын талай тозды­рып, тиісті нәти­же өнді­ре алма­ды. Қысы ұзақ өңір­лер­дің де өз спе­ци­фи­ка­сы жетер­лік. Бұдан бөлек фер­мер­лер­дің суб­си­дия алушы­ларға қой­ы­ла­тын кри­те­рий­лері мен талап­тарға келіс­пей­тіні тағы бар. Бұл мәсе­ле­лер де наза­рдан тыс қалға­ны­на талай рет куә болдық. 

​Жал­пы кез кел­ген мем­ле­кет­тік қол­дау теті­гінің аста­рын­да сая­си аспек­тінің бар екенін ұмыт­паған жөн. «Суб­си­дия беріп жатыр­мыз» неме­се «суб­си­дия көле­мі өсіп жатыр» деп қан­ша рет айтыл­са та, фер­мер­лер­дің көңілі көн­шіп жатқан жоқ. Үкі­мет үлкен жұмыс атқа­рып жат­са да, «отыр­са опақ, тұр­са сопақ» болып тұр. 

Бұл про­бле­ма­ны шешудің тиім­ді жолы – суб­си­дия нор­ма­тив­тері мен бағыт­та­рын аны­қтау құқын фер­мер­лер­дің өздеріне беру! Бүгін­гі шару­а­лар эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­де өте сау­ат­ты, өз мүд­де­лерін қорғай ала­тын жағ­дай­ға жет­ті. Соңғы 20 жыл ішін­де әртүр­лі одақтар мен қауым­да­сты­қтар ашыл­ды. Бір Қаза­қстан фер­мер­лер қауым­да­сты­ғы­ның қата­рын­да 60 мың­нан аса фер­мер жиналған. Саны 100-ден асып жығы­ла­тын осы ұйым­дар­дың бар­лы­ғы «Ата­ме­кен» кәсіп­кер­лік пала­та­сы­ның құрамында. 

Демек, суб­си­ди­я­лау сая­са­тын жүр­гі­зу бары­сын­да оның нор­ма­тив­тері мен бағыт­та­рын аны­қтау функ­ци­я­сын «Ата­ме­кен» пала­та­сы­на жүк­те­у­ге бола­ды деп есеп­тей­міз. Әрине, соңғы кез­дері «Ата­ме­кен­ге» деген сенім­нің сей­іл­генін бай­қап жүр­міз. Алай­да пала­та­ның өзіне арналған жеке заңы бар. Қабыл­да­на­тын шешім­дер кір­шіксіз болуы үшін бұл заң­ды жетіл­діру­ге бола­ды. Басты­сы – суб­си­дия мәсе­лесін шешу құқын фер­мер­лер­дің өзіне беретін кез кел­ді! Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі мен жер­гілік­ті бей­ін­ді орган­дар суб­си­ди­я­лау жұмысын­да әкім­шілік функ­ци­я­лар­ды атқа­ру­ды жалға­сты­ра алады.

Әрине, кез кел­ген шешім біріне жақ­са, біріне жақ­па­уы мүм­кін. Бірақ дәл қазір мем­ле­кет­ке деген сенім­ді арт­ты­ра­мыз десек, билік пен қоғам­дық ұйым­дар ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты күшей­ту­ге тал­пы­нуы­мыз қажет. 

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісіндегі 

«Ауыл пар­ти­я­сы» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан Анас БЕКҚОЖАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн