Четверг , 16 октября 2025

ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА қос палатаны қосумен ғана ШЕКТЕЛМЕУІ КЕРЕК

Жұмыс тобы­ның жетек­шісі Е. Қарин мыр­за­ның, Жұмыс тобы жетек­шісінің орын­ба­сар­ла­ры Е. Жиен­ба­ев пен А. Қыры­қ­ба­ев мыр­за­ның және Жұмыс тобы­ның өзге де мүше­лерінің назарына!

Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2025 жылғы 8 қазан күні Пар­ла­мент­тік рефор­ма жөнін­де­гі жұмыс тобы­ның жетек­шілері құра­мын бекіт­ті. Енді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік кеңес­шісі Ерлан Қарин мыр­за­ның жетек­шілі­гі­мен Тоқа­ев дәуірін­де­гі кезек­ті Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ның жоба­сы жаса­ла­тын болады.

Мен Ерлан Қарин, Ержан Жиен­ба­ев, Арман Қыры­қ­ба­ев бастаған Жұмыс тобы­ның жетек­шілері мен мүше­лерін ұлты­мыз бен мем­ле­кеті­міз үшін аса зор тари­хи маңы­зға ие осы­нау сая­си рефор­ма­ны­ның жоба­сын жасай­тын құра­мға енуі­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын және олар­дың жұмысы­на сәт­тілік тілей­мін! Алла бұй­ырт­са, енді қос пала­та­ны қосу үшін Ата заңға өзгеріс енгізіледі.

Сөздің тоқе­теріне кел­сек, бұл жолғы Пар­ла­мент­тік рефор­ма тек қос пала­та­ны қосу­мен ғана шек­тел­мей, Кон­сти­ту­ци­ядағы өзге де кем-кетік­тер­ді, нақты­лап айт­сам, тари­хи әділет­сіздік пен сая­си қателік­тер­ді толы­қтай жоюы керек. Осы орай­да Жұмыс тобы­ның жетек­шілері мен мүше­леріне өз ұсы­ны­ста­рым­ды жет­кі­зуді жөн көрдім.

Бірін­ші, Кон­сти­ту­ция «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның тала­бы­на сәй­кестен­дірілуі керек.

Шын­ды­ғы­на кел­сек, 1995 жыл­дан бер­гі Кон­сти­ту­ци­я­ның бәрі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның тала­бы­на мүл­де сай емес!

Неге? 1991 жылғы 16 жел­тоқ­сан­да қабыл­данған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заңы 18 бап­тан тұра­ды. Аталған заң­ның 7 және 8‑бабы толы­ғы­мен шека­ра сыр­тын­да қалған қаза­қтарға арналған. Онда былай деп жазылған:

7‑бап. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өз аза­мат­ты­ғы бар. Басқа мем­ле­кет­тер­де тұра­тын Рес­пуб­ли­ка тер­ри­то­ри­я­сын тастап шығуға мәж­бүр болған бар­лық қаза­қтар­дың сол мем­ле­кет­тер­дiң аза­мат­ты­ғы­мен бiр­ге, егер бұл олар аза­ма­ты болып оты­рған мем­ле­кет­тер­дің заң­да­ры­на қай­шы кел­мей­тiн бол­са, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы танылады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көшi-қон про­це­стерiн рет­теп отырады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы жап­пай қуғын-сүр­гiн, күш­теп ұжым­да­сты­ру кезең­дерiн­де, адам­гер­шiлiк­ке жат өзге де сая­си шара­лар нәти­же­сін­де Рес­пуб­ли­ка тер­ри­то­ри­я­сы­нан кету­ге мәж­бүр болған адам­дар мен олар­дың ұрпақта­ры­ның, сон­дай-ақ бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар тер­ри­то­ри­я­сын­да тұра­тын қаза­қтар­дың өз тер­ри­то­ри­я­сы­на қай­тып ора­луы үшiн жағ­дай жасайды».

8‑бап. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка шегi­нен тыс жер­лер­де тұра­тын қаза­қтар­дың ұлт­тық-мәде­ни, руха­ни және тiл­дiк қажет­терін қанағат­тан­ды­руға қамқор­лық жасай­ды, олар аза­ма­ты болып оты­рған мем­ле­кет­тер­мен жасалған шар­ттар негiзiн­де бұл аза­мат­тар­дың мүд­де­лерiн қорғайды».

1993 жылы қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­ның 4 және 5‑баптарында жоға­ры­дағы екі бап­тың шека­ра сыр­тын­да қалған қаза­қтарға қаты­сты нор­ма­ла­ры бір нүк­тесі қал­ды­рыл­май толық қамтылған.

Өкініш­ке қарай, 1995 жылы қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­яда соның бір әрібі де қал­май, түгел алы­нып тасталған.

Елі­міз Тәу­ел­сізді­гінің тұғы­ры да, тіре­гі де – «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заң! Бұл – осы кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның «Осы Заң Қазақ КСР Мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гі тура­лы Декла­ра­ци­я­сы­мен бір­ге Рес­пуб­ли­ка­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сын әзір­ле­у­ге негіз бола­ды» – деген 18-бабы­на мүл­де қай­шы! Бір емес, екі бір­дей негізі жойылған!

Тәу­ел­сіздік – әлем­де­гі бар­лық қаза­ққа ортақ құн­ды­лық. Шет­те­гі қаза­қтар­дың хақы­сы Кон­сти­ту­ци­ядан тыс қал­мауы керек!

Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев  «Заң және Тәр­тіп» қағи­да­тын ұста­нып отыр. Біз Заң­ның әр нүк­тесіне дей­ін бұл­жыт­пай орын­да­уға тиіспіз.

 Әсіре­се «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның 18-бабын ескер­меу – тари­хи әділет­сіздік және сая­си қателік! Екі бір­дей бап­ты Кон­сти­ту­ци­ядан алып тастау – Тәу­ел­сіздік­ке жасалған зор қия­нат және шека­ра сыр­тын­да қалған қаза­қтарға жасалған қастан­дық деп есептеймін!

Осы жер­де тағы бір тари­хи оқиға тура­лы айт­пай кету­ге бол­май­ды. Өздеріңіз жақ­сы білесіз­дер, 1991 жылғы Қазақ Совет­тік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тiк еге­мен­дi­гi тура­лы декла­ра­ци­я­сы қабыл­данған 25 қазан – тари­хи күн ретін­де «Рес­пуб­ли­ка күні» деген атпен мем­ле­кет­тік мере­ке­лер тіз­бесіне енгізіліп, той­ла­нып кел­ді. Неге екені бел­гісіз, сол «Рес­пуб­ли­ка күні» 2009 жылы жой­ыл­ды. Бұл да орны тол­мас тари­хи әділет­сіздік пен сая­си қателік еді.

 2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тіке­лей пәр­мені­мен Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы қар­лы­ға­шы болған сол «Рес­пуб­ли­ка күні» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық мере­кесі болып бел­гі­леніп, 25 қазан­да қай­та­дан жоға­ры дең­гей­де той­ла­на­тын бол­ды. Қасе­кеңнің арқа­сын­да тари­хи әділет­сіздік қал­пы­на кел­ді, сая­си қателік түзетілді!

Пре­зи­дент­тің бұл тари­хи шеші­мін жұрт өте жылы қабыл­дап, алғы­сын жаудырды.

Жал­пы, менің ұғы­мым­дағы Ұлт­тық, Мем­ле­кет­тік идео­ло­гия – ол – Ата заң! Оның әр бабы, әр тар­мағы біздің Ұлт­тық, Мем­ле­кет­тік идеологиямыз!

Жоға­ры­да айты­лған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның екі бабы­на қаты­сты тари­хи әділет­сіздік пен сая­си қателік түзел­ген­де ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның «Шетел­де­гі қан­даста­ры­мы­зды елге қай­та­ру ісі ешқа­шан наза­рдан тыс қалған емес, қал­май­ды да. Дүние жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті парызымыз»,«Қай мем­ле­кет­ті мекен етсе де, қаза­қтың бір ғана тари­хи Ота­ны бар, ол – Қаза­қстан!» – деген ұста­ны­мы қағаз жүзін­де қал­май, толық жүзе­ге асады!

Сон­ды­қтан Пар­ла­мент­тік рефор­ма қар­саңын­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 18-бабын ерекше еске­ре оты­рып, аталған заң­ның 7 және 8‑баптарындағы шека­ра сыр­тын­дағы қаза­қтарға қаты­сты нор­ма­лар­ды түгелі­мен Кон­сти­ту­ци­яға қай­та­дан енгі­зуді, сөй­тіп сая­си қателік­ті түзетіп, тари­хи әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тіруді ұсынамын.

Екін­ші, аза­мат­тар­дың сай­лау және сай­ла­ну құқы­ғын қам­та­ма­сыз етуі­міз керек.

Кон­сти­ту­ци­я­ның 33-бабын­да: «Рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын сай­ла­у­ға және оларға сай­ла­нуға, сон­дай-ақ рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­ду­мға қаты­суға құқы­ғы бар», – деп жазылған.

Пре­зи­дент биы­лғы Жол­да­уын­да «Пар­ламентті тек қана пар­ти­я­лық тізім бойын­ша сай­лаған жөн деп санай­мын», – деген ұсы­ны­сын ортаға салды.

Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның бұл баста­ма­сын қос қолым­ды көтеріп қол­дай­мын. Бірақ осы­ған дей­ін­гі Пар­ла­мент­ке пар­ти­я­лық тізім бойын­ша сай­ла­у­ға түс­кен және пар­ти­я­лық тізім бойын­ша сай­ланған аза­мат­тар­дың да, сай­ла­у­шы­лар­дың да Кон­сти­ту­ци­я­ның осы 33-бабын­дағы сай­ла­ну және сай­лау құқы­ғы­ның әбден тап­та­лып кел­генін ешкім жоққа шыға­ра алма­са керек!

Себебі Пар­ла­мент­ке пар­ти­я­лық тізім бойын­ша сай­ла­у­ға түсетін­дер­дің де, сай­ла­удан өтіп, Пар­ла­мент­ке депу­тат болып барған­дар­дың да тізі­мін Пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен пар­тия жетек­шілері және ықпал­ды лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың жасап кел­гені, депу­тат болған­дар­дың солар­дың ірік­те­уі­мен және келісі­мі­мен заң шыға­ру­шы органға «сай­ла­нып» барға­ны – бел­гілі шындық.

Соның кесірі­нен аза­мат­та­ры­мы­здың Кон­сти­ту­ци­я­ның 33-бабын­да­дағы құқы­ғы тап­тал­ды. Сай­лау инсти­ту­ты даму­дың орны­на кері кет­ті. Сай­лау мәде­ни­еті тоқы­ра­уға ұшы­рап, халық «сай­лау» десе, теріс айна­ла­тын жағ­дай­ға жет­ті. Пар­ти­я­лар да бедел­ден жұр­дай болды…

Біздің қаза­қта: «Сөй­леп үйрен­ген ауыз жыбы­рын қой­май­ды» деген кере­мет сөз бар. Бір пала­та­лы Пар­ла­мент орнаған соң, сай­лау про­цесіне Пре­зи­дент әкім­шілі­гі ара­лас­пай­ды деу – мүм­кін емес. Ол ежел­гі әдетіне қай­та баса­ды, сөз­сіз ара­ла­са­ды. Бұл – бір жағы­нан орын­ды да шығар…

Сон­ды­қтан егер Пре­зи­дент әкім­шілі­гі сай­лау про­цесіне ара­ласқы­сы кел­се, пар­ти­я­лық тізім­мен сай­ла­у­ға бара­тын аза­мат­тар­ды ірік­теу кезін­де ғана ара­ла­суы керек. Бірақ сай­ла­у­ға түсер­де, Кон­сти­ту­ци­я­ның «бата­сын» алған аза­мат­тар­дың іші­нен кім­ге дауыс беруді сай­ла­у­шы­лар­дың өздерінің еншісіне қал­ды­ра­тын меха­низм қарас­ты­ры­луы тиіс.

Нақты­лап айт­сақ, сай­лау бюл­ле­теніне Пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен пар­тия жетек­шілерінің ірік­те­уі­нен өткен депу­тат­ты­ққа үміт­кер­лер­дің есім­дерін жазып, сай­ла­у­шы­ларға солар­дың іші­нен қалаған тұлға­сы­на дауыс беретін мүм­кін­дік бер­ген дұрыс.

Қысқа­сы, Пар­ла­мент­ке Пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен пар­тия жетек­шілерінің ірік­те­уі­нен өтіп барып, пар­ти­я­лық тізім­мен сай­ла­у­ға қаты­сқан үміт­кер­лер­дің қай­сысы бар­са да – бәрібір емес пе?!

Бұл өзгеріс өз кезе­гін­де Пре­зи­дент ортаға қой­ған «Ықпал­ды Пар­ла­мент» тұжы­рым­да­ма­сын нығай­та­ды, пар­ти­я­лар ара­сын­дағы бәсе­ке­ле­стік­ті күшей­те­ді, халы­қтың сай­ла­у­ға деген сені­мін оята­ды. Ең басты­сы – рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын сай­ла­у­ға және оларға сай­ла­нуға беріл­ген Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын бел­гілі дәре­же­де қорғайды.

Үшін­ші, Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның саны 300-ден кем бол­мауы тиіс.

Қазір­гі Мәжілістің 98 депу­та­ты мен Сенат­тың 50 депу­та­тын қосып, бір пала­та­лы Пар­ла­мент құруға 148 депу­тат сөз­сіз аздық ете­ді. 148 депу­тат Пар­ла­мент­ке келіп түс­кен заң жоба­ла­рын мұқи­ят қара­уға, зерт­те­у­ге үлгер­мей­ді. Соны­мен бір­ге Пре­зи­дент­тің әр рет­кі Жол­да­у­ла­ры мен Ұлт­тық құры­л­тай­да, Үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­ста­рын­да бер­ген тап­сыр­ма­ла­рын қадаға­ла­у­ға да шама­ла­ры кел­мей­ді. Сон­ды­қтан Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның саны ең кемін­де 300-ден кем бол­мауы керек. 350 бол­са, тіп­ті жақсы.

Төр­тін­ші, ауыл­дар­ды сақтап қалу­дың және дамы­ту­дың бір­ден-бір жолы – облыс пен аудан­ды мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен ажы­ра­тып, оны тіке ауыл­дық округ­ке беру.

Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин бауы­рым маған рен­жі­месін, 2022 жылғы ол кісі бас болып жоба­сын жасаған «Сая­си рефор­ма» жемқор­лық пен урба­ни­за­ци­я­ны тоқта­та алған жоқ. Керісін­ше, үдетіп жібер­ді. Жал­пы жемқор­лы­қты былай қой­ып, мем­ле­кет­тен бөлін­ген суб­си­ди­я­ның өзі діт­те­ген жеріне жет­пей, жемқор­лар­дың жеміне айналды.

Был­ты­рғы Жол­да­уда Пре­зи­дент­тің: «Арнайы комис­сия 2 мил­ли­он ірі қара және 3 мил­ли­он­нан астам ұсақ мал сан­да бар, санат­та жоқ екенін аны­қта­ды. Егін шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­да да осын­дай жайт­тар бар екені бел­гілі бол­ды. Шын мәнін­де, мұның бәрі – мем­ле­кет­тен суб­си­дия алу үшін жасалған көз­бо­я­у­шы­лық…» – дегені естеріңіз­де болар. 

 Ал биыл Үкі­мет бас­шы­сы Олжас Бек­те­нов: «Соңғы 5 жыл­да ауыл­дық елді мекен­дер­дің саны 194 бір­лік­ке азай­ды. Негіз­гі себеп – инфрақұры­лым­дық, ғылы­ми-тех­ни­ка­лық, инду­стри­я­лық және өндірістік про­гресс әсері­нен туын­даған ғалам­дық урба­ни­за­ция», –деді.

Кеше депу­тат Ерлан Саи­ров Ербол Сей­іл­ханға бер­ген сұх­ба­тын­да отыз жыл­дың ішін­де 1400 ауыл­дың жой­ы­лып кет­кенін айт­ты. Бұл сұм­дық емес пе?!

Иә, осы­ған дей­ін Үкі­мет ауыл­ды сақтап қалу, урба­ни­за­ци­я­ны тоқта­ту үшін біраз шара қол­дан­ды. Ол шара­ны жүзе­ге асы­руға бөлін­ген қара­жат­ты есеп­те­сек, тіп­ті жаңа­дан 1400 ауыл құрып шыға­тын ақша жұм­салған болуы мүм­кін… Егер осы­лай кете беретін бол­са, Қаза­қстан­ның ауыл­да­ры, әсіре­се шека­ра­лық аймақтар бос қала­ры шын­дық. Сон­ды­қтан ауыл­дар­ды сақтап қалу­дың жалғыз жолы – мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті аудан мен облы­сқа емес, ауыл­дық округ­тер­ге беру!

Ол үшін: 1. Ауыл­дық округ­тер­дің шека­ра­сын айқын­дау керек; 2. Кемін­де 25 адам­нан тұра­тын Ауыл­дық кеңес құры­луы керек; 3. Ауыл­дық округ әкі­мінің құзы­ретін тағы да үш бағы­тқа кеңей­ту керек!

Осы жер­де баса айта кетей­ін, ерте ме, кеш пе, Үкі­мет менің осы жобам­ды орын­да­уға мәж­бүр бола­ды. Енді кешік­тір­сек, біз ауыл­дан айы­ры­ла­мыз. Сон­ды­қтан уақыт ұттыр­май, бүгін­нен бастай бер­ген дұрыс!

Бесін­ші, кадр тап­шы­лы­ғын шешудің бір жолы – экс-депу­тат­тар­дың әле­уетін пайдалану.

Елі­міз­де кадр­лар мен маман­дар тап­шы­лы­ғы­ның шегіне жет­кені сон­ша­лық, Пре­зи­дент биы­лғы Жол­да­уын­да «Білік­ті маман­да­ры­мы­зды елге қай­та­ру­дың тиім­ді тәсіл­дерін ойла­сты­рып, қол­да­ны­сқа енгі­зу керек. Кадр тап­шы­лы­ғын жою үшін, көші-қон сая­са­тын да қай­та қараған жөн. Шетел­ден елі­мізді дамы­туға үлес қоса ала­тын мықты маман­дар­ды ұлты­на қара­май тар­ту – өте маңы­зды мін­дет. Олар­дың Қаза­қстан­да қалуы­на жағ­дай жасау керек», – деді.

Қазір­гі таң­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке бара­тын жастар­дың саны өте аз екені бел­гілі. Себебі, бірін­ші­ден, мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің еңбе­кақы­сы өте аз. Екін­ші­ден, олар зей­нет­ке шыққан­да, одан да аз ақша ала­ты­нын өте жақ­сы біледі. Сол себеп­ті экс-депу­тат­тар­ды мем­ле­кет­тік маңы­зы бар қала­лар мен аудан­нан жоға­ры орын­дарға лау­а­зым­ды қыз­мет­ке қою мәсе­лесін қарас­ты­рған жөн.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Сенатқа он жыл бас­шы­лық етіп, соңын­да Пре­зи­дент бол­ды. Демек, Пар­ла­мент – білік­ті кадр дай­ын­да­удың нағыз ұста­ха­на­сы. Сон­ды­қтан Пар­ла­мент – кадр тап­шы­лы­ғын шешудің тағы бір жолы­на айна­луы тиіс. Менің Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның саны 300–350-ден кем бол­мауы тиіс деуім­нің бір себебі осы. Бола­шақтың ең кемел кадр­ла­ры Пар­ла­мент­тен өтіп барып, биік лау­а­зым­дарға жай­ға­суы керек…

Соны­мен бір­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге зей­не­тақы тағай­ын­дау мәсе­лесін қай­та қарап, экс-пре­зи­дент­тің зей­не­тақы­сы секіл­ді, оларға да лау­а­зым­дық жалақы­сы­ның 80% мөл­шерiн­де зей­не­тақы тағай­ын­дау тәр­тібін енгі­зу арқы­лы да кадр тап­шы­лы­ғын оңтай­лы шешу­ге бола­ты­нын ескер­ген абзал.

***

Жал­пы, мен ұсы­нып оты­рған бұл жоба­лар­дың Кон­сти­ту­ци­я­мен және Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар­мен рет­те­летіні белгілі.

Осы жолғы Пар­ла­мент­тік рефор­ма­ның жоба­сын жасаған кез­де Ерлан Қарин жетек­шілік ететін Жұмыс тобы­ның менің бұл ұсы­ны­ста­рым­ды сөз­сіз талқы­ға салуын, жан-жақты зерт­те­уін және жүзе­ге асуы­на ықпал етуін сұраймын.

Ауыт МҰҚИБЕК,«Құр­мет» орденінің иегері

Республиканский еженедельник онлайн