Пятница , 24 октября 2025

Хош иісті өндіріс

Сабын жасау – оның көп­тен айна­лы­са­тын дәстүр­лі қолө­нері ғана емес, соны­мен қатар соңғы жыл­да­ры қарқын­ды дамып келе жатқан зама­на­уи инду­стрия. Ол өз өндірісін­де ешқан­дай син­те­ти­ка­лық қос­па­лар­сыз эко­ло­ги­я­лық таза ингре­ди­ент­тер пай­да­ла­на­ды. Сон­ды­қтан болар, өнім­деріне деген сұра­ныс өте жоғары.

Бесағаш ауы­лын­да тұра­тын жас кәсіп­кер Болат Дулат дәл осын­дай хош иісі аңқы­ған және сұра­ны­сқа ие сабын түр­лерін шыға­ра­ды. Оның цех­та­ры Бесағаш және Пан­фи­лов ауыл­да­рын­да орна­ласқан. Өзі Рай­ым­бек ауда­нын­дағы  Жаңа­те­кес ауы­лы­ның тума­сы, Алма­ты маңы­на бір­не­ше жыл бұрын көшіп кел­ген. Туған ауы­лын­да орта мек­теп­ті бітір­ген соң Алма­ты эко­но­ми­ка­лық кол­ле­джін­де оқып, менедж­мент және сауда  мама­ны ата­на­ды.  Сөй­тіп, әр түр­лі сауда ком­па­ни­я­ла­рын­да дис­три­бью­тер, мене­джер болып жұмыс істеп, халық тұты­на­тын тау­ар­лар­ды сату­мен айна­лы­са­ды. Күн­делік­ті өмір­де аса қажет бұл өнім­дер­дің өтім­ділі­гін анық бай­қаған ол оны сату­ды қалай ұйым­да­сты­руға бола­ты­нын да үйрене жүріп, өзінің жуу құрал­да­рын өндіретін «Болат» жеке фир­ма­сын ашуға шешім қабыл­дай­ды. Оған аса үлкен  қара­жат та сал­май­ды, өз кәсібін бар-жоғы 1 мил­ли­он тең­ге­мен бастай­ды. Бұл жер­де тек Болат­тың сабын өнді­ру про­цесін Тараз қала­сы­на арнайы барып, жеке кәсіп  иелері­нен үйреніп қай­тқа­нын айту керек. Онсыз сірә бол­май­ды, кез кел­ген істі қалай жүр­гізу­ге бола­ты­нын өз көзің­мен көріп, тіп­ті оны баста­май тұрып өз қолы­ң­мен жасап, ойы­ңа әбден тоқып алғанға не жет­сін! Ал біздің елі­міз­де­гі нағыз тәжір­белі сабын қай­на­ту­шы­лар дәл осы Таразда.

Бола­шақ кәсібінің қан­дай бола­ты­нын әбден зерт­теп-зер­де­леп, өзін­де «мен мұны кәдім­гі­дей жүр­гі­зе ала­мын» деген нық сенім пай­да болған кезін­де Болат  Пан­фи­лов ауы­лы­нан жал­пы  ауда­ны 200 шар­шы­метр ғима­рат­ты жалға алып, өз қара­жа­ты­на  қажет­ті құрал-сай­ман­дар сатып ала­ды да оны шағын цех етіп жаб­ды­қтай­ды. Сабын шыға­ру үшін де шикі­затты алы­стан ізде­мей, жер­гілік­ті өнім­ді пай­да­ла­на­ды. Бүгін­де оның  осы ауыл­дағы цехын­да айы­на 3 мың дана өнім шыға­ра­тын 20 адам жұмыс істей­ді. Сабын­ның ассор­ти­мен­ті де әр түр­лі. Олар – «Гли­це­рин», «Қылқан жапы­рақты», «Дег­тяр­ное», «Мон­ша», «Дет­ское» және т.б. 8 ата­удан тұра­ды. Кәсіп­кер­дің айтуын­ша, сабын өнді­ру үдерісі көп еңбек­ті қажет ете­ді, бірақ нәти­же алуға тұрарлық.

Шағын кәсіп иесі тау­ар­ла­рын өз дис­три­бью­тор­ла­ры арқы­лы жер­гілік­ті базар­лар­да, көтер­ме сауда орын­да­рын­да, Алма­ты­дағы ел аузын­да «Бара­хол­ка» ата­нып кет­кен үлкен база­рда  сата­ды. Жақын­да ғана 35 мил­ли­он тең­ге көле­мін­де пай­да тауып, 100 тон­на хош иісті өнім сатқан. Ол аз десеңіз, кәсіп­кер өзі тұра­тын Бесағаш ауы­лын­да тағы бір цех ашып, онда «Жеміс букеті», «Жасыл алма», «Алма», «Анти­бак­те­ри­ал­ды» және т.б. сұй­ық сабын түр­лерін шыға­ра­ды.  Бұл цех­та үш жұмыс­шы­ның күші­мен 100 тон­на мөл­дір иісті шағын бөтел­ке­лер шығарылады.

      – Сабын­ның қат­ты сұрып­та­рын өндіру­де табиғи ингре­ди­ент­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, отан­дық өндіріс қағи­да­тын ұста­на­мыз, деген­мен фин тех­но­ло­ги­я­сы бой­ын­ша жұмыс істей­міз. Сабын­ның жұм­сар­та­тын және аллер­ги­яға қар­сы әсері болуы үшін хими­я­ны емес, табиғи қой май­ын, басқа да табиғи қос­па­лар­ды қоса­мыз. Өнім мем­ле­кет­тік сер­ти­фи­кат­та­удан өтті. Біздің сабын сапа­сы жағы­нан ресей­лік­тен кем түспейді.

Қат­ты сабын өндірісі – бұл май­ды сабын­дау, қалып­тау, кеп­ті­ру және буып-түюді қам­ти­тын көп кезеңді про­цесс. Өндірістің негізін­де сабын­да­удың хими­я­лық реак­ци­я­сы жатыр, онда май­лар (жану­ар­лар неме­се өсім­дік­тер) сіл­ті­мен әре­кет­тесіп, сабын мен гли­це­рин қалып­та­са­ды. Алы­нған мас­са­ны қалы­пқа құй­ып, содан кей­ін кеп­тіріп, буып-түй­е­міз, – дей­ді біз­ге өз өндірісінің егжей-тег­жей­ін барын­ша түсін­дір­ген Болат.

Әрине, атам қазақ ежел­ден «жалғы­здың үні шық­пас, жая­у­дың шаңы шық­пас» деген. Бірақ Болат биз­не­сте жалғыз емес, оған туы­ста­ры мен жақын­да­ры, әйелі мен аға­ла­ры көмек­те­седі. Көп болып көтер­ген жүк­тің де жеңіл бола­ты­ны бел­гілі, бола­шақта кәсіп­кер  цех­тар­ды кеңей­тіп,  шыға­ры­ла­тын өнім көле­мін анағұр­лым ұлғай­ту­ды жос­пар­лап қой­ға­нын да жасыр­ма­ды. Сөй­тіп, «Маг­нум», «Все в дом» супер­мар­кет­тер желісін­де тау­ар­лар сатуға келісім-шар­ттар жаса­сып, жұмыс­шы­лар санын да көбейт­кісі келеді.

Көп­шілік кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық маңы­зын жете түсіне бер­мей­ді. Олар­дың ойын­ша, бар­лы­ғын мем­ле­кет жасап, қам­та­ма­сыз ету керек. Бұл – мүл­дем қате түсінік. Мыса­лы, біз әңгі­ме­ле­ген жеке кәсіп­кер Болат Дулат қазір­дің өзін­де  25 адам­ды жұмыспен қам­тып отыр. Олар­дың айлық жалақы­ла­ры да жаман емес. Егер ол сияқты мың­даған, жүз мың­даған жеке тұлға­лар өз кәсіп­терін ашып, 25–30 адам­ды жұмыспен қам­ти­тын бол­са, елі­міз­де жұмыс­сыздық мәсе­лесі мүл­де бол­мас еді. Бұл дегеніңіз тек жұмыс емес, соны­мен бір­ге табыс, аза­мат­тар­дың тұр­мыс дең­гей­інің жақ­са­руы, қазы­наға түсетін мол қар­жы, түп­теп кел­ген­де қоғам­дағы бей­біт өмір мен тұрақты­лық, даму емес пе!

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн