Четверг , 6 ноября 2025

ЖЕР ҚОЙНАУЫ БАЙЛЫҒЫ — Қазақстан халқының конституциялық мұрасы

Кеше Пар­ла­мент Мәжілісін­де мем­ле­кет пен қоғам үшін аса маңы­зды «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну тура­лы» ҚР Кодексіне көмір­су­тек­тер мен уран сала­сын­дағы жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ды жетіл­ді­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» ҚР заң жоба­сы екін­ші оқы­лым­да қабыл­дан­ды. Төмен­де осы заң жоба­сын дай­ын­да­у­шы жұмыс тобы­ның жетек­шісі, Мәжілістің Эко­ло­гия мәсе­ле­лері және табиғат­ты пай­да­ла­ну коми­тетінің төраға­сы Еділ Жаң­быр­шин­нің баян­да­ма­сын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Қара­лып оты­рған заң жоба­сы 2025 жылғы 8 қазан күні Пар­ла­мент Мәжілісін­де бірін­ші оқы­лым­да мақұл­дан­ды. Заң жоба­сы­ның негіз­гі мақ­са­ты – аз зерт­тел­ген про­вин­ци­я­лар­да көмір­су­тек­тер­ді бар­ла­у­ға инве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­қты арт­ты­ру үшін бар­лау мен өндіру­ге басым құқық беру, сон­дай-ақ уран сала­сын­да мем­ле­кет­тің мүд­десін қорғау.

Заң жоба­сын екін­ші оқы­лы­мға дай­ын­дау бары­сын­да депу­тат­тар мүд­делі мини­стр­лік­тер мен ұлт­тық ком­па­ния бас­шы­ла­ры­мен және биз­нес өкіл­дері­мен бір­лесіп, мине­рал­дық-шикі­зат база­сын ұлғай­туға және гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұмыста­рын, соның ішін­де аз зерт­тел­ген, бірақ пер­спек­ти­ва­лы аумақтар­ды жан­дан­ды­руға бағыт­талған бірқа­тар заң­на­ма­лық өзгерістер­ді егжей-тег­жей­лі талқы­лап, қол­да­ды. Мәсе­лен, игеріліп жатқан аумақтар шегін­де қосым­ша бар­ла­уды ынта­лан­ды­ру мақ­са­тын­да келісім­шар­ттық аумақтар­дың ауда­ны сақталған жағ­дай­да қол­да­ны­стағы кен өнді­ру учас­ке­лерін терең­де­ту­ге мүм­кін­дік беру ұсынылады.

Қазір­гі кез­де қол­да­ны­стағы өнді­ру учас­кесінің шегін­де терең көк­жи­ек­тер­ді бар­ла­у­ға жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғын тек аук­ци­он арқы­лы ғана алуға бола­ды. Бұл нор­ма­ның өзін­дік қиын тұста­ры бар. Егер аук­ци­он нәти­же­сі бой­ын­ша терең көк­жи­ек­тер­ді бар­ла­уды жаңа жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы ұтып алса, онда оған сол кен орын­да жұмыс жасап оты­рған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның инфрақұры­лы­мын пай­да­ла­ну қиы­нға соға­ды. Осы­ған орай жаңа нор­ма мұнай-газ кен орын­да­рын игеріп оты­рған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ларға пай­да­ла­нып оты­рған учас­ке­лерін (тау-кен алаң­да­рын) 5000 метр­ге дей­ін терең­де­ту­ге құқық беру жаңа кен орын­да­рын ізде­у­ге ынта­лан­ды­ра­ды, қор­лар­дың өсі­мін қам­та­ма­сыз ете­ді, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның инве­сти­ция тар­туға қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­ты­ра­ды және мем­ле­кет­ке жаңа гео­ло­ги­я­лық ақпа­рат алуға мүм­кін­дік береді.

Заң жоба­сы­ның тағы бір жаңа­лы­ғы – ауыр және тақта­тас мұнайы (слан­це­вая нефть) сияқты өндіруі қиын көмір­су­тек­тер­ді иге­руді ынта­лан­ды­ру. Мұн­дай кен­дер­ді иге­ру қым­бат тех­но­ло­ги­я­лар мен арнайы эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­лар­ды талап етеді.

Депу­тат­тар осын­дай жоба­лар үшін жетіл­діріл­ген үлгілік келісім­шар­ттың кри­те­рий­лерін кеңей­туді ұсын­ды, өйт­кені тиісті қол­дау шара­ла­рын­сыз бұл жоба­лар­ды іске асы­ру эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тиім­сіз бола­ды. Бұл тақы­рып­ты кезін­де әріп­те­стері­міз, Мәжіліс депу­тат­та­ры Ізмұ­хам­бе­тов Бақты­қо­жа Сала­хат­динұ­лы және Бапи Ермұрат Сей­тқа­зы­ұ­лы көтер­ген бола­тын. Үкі­мет бұл баста­ма­ны қол­да­ды. Бұл орта мерзім­ді пер­спек­ти­ва­да Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Сары­бұлақ (ауыр мұнай) және Қызы­лор­да облы­сын­дағы Қараған­сай (тақта­тас мұнайы) кен орын­да­рын иге­ру­ге мүм­кін­дік береді. Олар­дың жиын­тық алы­на­тын мұнай қоры А,В,С1 + С2 сана­ты бой­ын­ша – 18,7 млн тонна.

Мем­ле­кет бас­шы­сы жуыр­да мұнай сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері­мен және арда­гер­лері­мен кез­де­су­де мұнай мен мұнай өнім­дерін өнді­ру, тасы­мал­дау және қай­та өңде­уді оңтай­лан­ды­ру үшін таза әрі озық тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зудің маңы­зды­лы­ғын атап өтті. Осы­ған бай­ла­ны­сты заң жоба­сын­да мұнай­бер­гі­штік­ті арт­ты­ру әдістерін қол­да­ну жөнін­де жеке нор­ма қарас­ты­ру және арнайы әдістер енгі­зетін жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ларға ынта­лан­ды­ру шара­ла­рын қол­да­ну мүм­кін­ді­гін беру ұсынылады.

Сарап­шы­лар­дың баға­ла­у­ын­ша, «Қаз­Мұ­най­Газ» Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның өндіру­ші кен орын­да­рын­да зама­на­уи мұнай­бер­гі­штік­ті арт­ты­ру әдістерін қол­да­ну 2050 жылға дей­ін қосым­ша 14-тен 25 млн тон­наға дей­ін мұнай өндіру­ге мүм­кін­дік береді. Бұл ескі кен орын­да­ры­ның тиім­ді пай­да­ла­ну мерзі­мін ұзар­тып, жұмыс орын­да­рын сақта­уға ықпал етеді.

Маңы­зды заң­на­ма­лық баста­ма­лар­дың бірі – газ және газ­кон­ден­сат кен орын­да­ры бой­ын­ша күр­делі жоба­ларға үлгілік келісім­шарт шар­тта­ры­на көшу про­цесін жеңіл­де­ту. Бұл шек­те­улі газ ресур­ста­ры мен мұнай кен орын­да­рын­дағы төмен рен­та­бель­ділік­ті ескер­сек, өзек­ті мәсе­ле болып табы­ла­ды. Атап айтқан­да, бар­лау кезеңін­де физи­ка­лық жұмыстар­ды, яғни бұрғы­лау жұмыста­рын орын­да­маған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ларға күр­делі жоба шар­тта­рын алуға тый­ым салу­дың орны­на, бұл мін­дет­те­ме­лер­ді дай­ын­дық неме­се өнді­ру кезең­дерін­де орын­дау мүм­кін­ді­гін беру ұсынылады.

Бұл өзгеріс жаңа кен орнын­да­рын иге­ру­ге мүм­кін­дік береді. Мыса­лы, Аты­рау облы­сын­дағы Шығыс Мұнай­бай кен орнын­дағы жиын­тық еркін газ­дың алы­на­тын қоры А,В,С1 + С2 сана­ты бой­ын­ша шама­мен 14 млрд м³.

Заң жоба­сын талқы­лау кезін­де тағы бір маңы­зды мәсе­ле Мәжіліс депу­тат­та­ры ара­сын­да біраз пікір­та­лас тудыр­ды. Ол – жер қой­на­уы қоры жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­сия тура­лы. Қол­да­ны­стағы Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну кодексіне сәй­кес, 2026 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап көмір­су­тек қор­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік есебі Гео­ло­гия коми­теті жанын­дағы Жер қой­на­уы қоры жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның мем­ле­кет­тік сарап­та­ма­сын өткіз­бей, тек жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның тап­сы­ры­сы­мен қыз­мет атқа­ра­тын құзы­рет­ті тұлға қоры­тындыс­ы­ның негізін­де жүр­гізілуі тиіс.

Мұн­дай нор­ма мем­ле­кет­тің Қаза­қстан халқы­на тиесілі пай­да­лы қаз­ба­лар қоры­ның толық әрі нақты есебін жоғал­туы­на және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар тара­пы­нан жер қой­на­уын ұтым­ды әрі кешен­ді пай­да­ла­ну­дың қағи­да­тын бұзуы­на алып келуі мүм­кін деп санай­мыз. Түп­теп кел­ген­де, бұл мәсе­ле тек көмір­су­тек­тер сала­сы­на ғана қаты­сты емес, жал­пы бар­лық қаз­ба бай­лы­қтарға қаты­сты болып отыр. Әзір­ше Жер қой­на­уы қоры жөнін­де­гі мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның жаңа талап­тарға сай жұмыс жасау меха­низ­мін халы­қа­ра­лық тәжіри­бені зерт­теп және маман­дар­дың ұсы­ны­ста­рын еске­ре оты­рып, Үкі­мет­пен бір­ге жасақтаған­ша, депу­тат­тар заң жоба­сы­на мына­дай маңы­зды өзгеріс енгізді: көмір­су­тек қор­ла­ры бой­ын­ша мем­ле­кет­тік бақы­лау мен сарап­та­ма­ны 2030 жылға дей­ін сақтау. Бар­лық тарап­тар осы шешім­ді біра­уы­здан қолдады.

Құр­мет­ті әріптестер!

Мәжілістің бар­лық коми­тет­тері заң жоба­сы­ның тұжы­рым­да­ма­сын қол­дап, оң қоры­тын­ды­лар бер­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты сіз­дер­ден «Көмір­су­тек­тер мен уран сала­сын­дағы жер қой­на­уын пай­да­ла­ну мәсе­ле­лерін жетіл­ді­ру тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну тура­лы» Кодексіне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заңын қабыл­дап, оны Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тінің Сена­ты­на жібе­руді сұраймын.

Осы Заң жоба­сын дай­ын­да­уда атса­лы­сқан бар­лық әріп­те­стері­міз­ге, мем­ле­кет­тік орган өкіл­деріне, жұмыс тобы­ның мүше­леріне, сарап­шы­лар мен ғалым­дарға және аппа­рат қыз­мет­кер­леріне алғы­сы­мы­зды айтамыз!

Республиканский еженедельник онлайн