Өңірге шығып, сайлаушылармен кездесу – маңызды міндетіміз. Осыған орай «AMANAT» Фракциясының депутаттары жазда еліміздің барлық өңіріндегі 543 елді мекенге арнайы сапар жасап, мыңнан астам кездесуге қатысып, елді алаңдатып отырған негізгі мәселелерді анықтап келді.
Бүгін депутаттар тарапынан қойылған 30-дан астам сұрақ – сол күрделі проблемалардың шағын ғана бөлігі. Әрбір мәселенің артында мыңдаған түйткіл мен жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелер тұр.
Үкіметтен келген жауаптың 46 пайызы – тек түсіндірме, 20 пайызы – «орындау сатысында», 13 пайызы – «мүлде шешілмеген», тіпті, 5 пайызы жауапсыз қалғаны анықталды.
Бұл статистика – Үкіметтің сұрақтардың жартысынан астамы бойынша нақты шешім қабылдамағанын, ал әр бесінші өтініштің бюрократиялық созбалаңға ұшырағанын көрсетеді.
Әлі де инфляция ауыздықталмай және қымбатшылықтың үдей түсті. Бұл жай ғана экономикалық көрсеткіш емес, халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін күрделі мәселе.
Ауыл-аймақтағы халықтың айтуынша, олар өз табысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды. Бағаның күнделікті өсуі отбасылардың бюджетін қысқартып, азаматтардың мүмкіндігін шектейтіні айтпаса да түсінікті.
Екінші мәселе – ауыл тұрғындарының табысы қала тұрғындарымен салыстырғанда екі есе төмен. 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі жалақы алатындардың бір миллионнан астамы ауылда тұрады. Яки, табысы да, жалақысы да ең төмен адамдар – ауыл тұрғындары.
Үшінші мәселе – жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтып, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін, құзыретін арттыру. Биыл алғаш рет AMANAT партиясы ұйымдастырған форумда Президент әкімдердің өкілеттілігін кеңейту және функциясын қайта қарау, жергілікті бюджетке салықтың біраз бөлігін қалдыру жөнінде нақты тапсырма берді.
Бұл тек ұсыныс емес, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған саяси шешім. Сондықтан ауыл әкімдеріне лайықты құзырет беру – ұлттық жүйені жаңғыртудың басты шарты.
Бұл мәселе – ауыл тұрғындарынан ұдайы көтіріліп, бізге аманат болып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды.
Четвёртый вопрос – незавершённые проекты. Эта бородатая проблема уже стала системной.
Государство тратит миллионы, готовит ПСД и другие документы, а потом всё это откладывается в долгий ящик — на годы.
В итоге бюджетные средства, которых и так сегодня крайне не хватает, а также другие ресурсы, говоря народным языком, просто уходят в песок.
По итогам ВАП сегодня каждый пятый ПСД просрочен, прошёл трёхлетний срок с его разработки.
На каждом втором социальном объекте есть неосвоение денег. Каждый четвёртый объект становится долгостроем.
Картина наглядная.
Потом, когда появляются средства, мы готовим новые ПСД и опять тратим деньги.
Всё это вызывает справедливое недопонимание со стороны общества. Такие истории не раз становились предметом критичных публикаций в СМИ.
Всё это происходит на фоне того, что значительная часть водопроводных сетей, канализационных систем в наших городах и сёлах держатся просто чудом.
Износ электросетей в ряде регионов достигает 90%.
Ввод крупных объектов КОС в Мангистау, газопроводов в Атырау, водопровода в Байконуре задерживается из-за проблем с проектированием, споров с подрядчиками и задержки финансирования.
В результате всего этого мы ежегодно тратим большие бюджеты на латание дыр, а не на развитие.
Пятая проблема – кризис в сфере грузовых железнодорожных перевозок.
Национальный оператор КТЖ отдаёт приоритет транзиту в ущерб отечественным перевозчикам.
Введение временных запретов Правительством приводит к систематическим задержкам отечественных товаров.
Например, вагоны с зерном, отправленные в октябре, до сих пор не достигли стран назначения.
Наши производители теряют рынки сбыта, которые тут же захватываются конкурентами.
Шестой вопрос – проблема праворульных минивэнов.
За 10 месяцев 2025 года количество ДТП выросло на 27%. Несмотря на запрет на использование праворульных авто для такси с 1 января 2025 года, нелегальные водители продолжают работу, а агрегаторы не обеспечивают контроля.
Праворульные Toyota Alphard и Estima обрели дурную славу. Как вы знаете, за два дня июля текущего года с участием «Альфардов» были два крупных ДТП в Жамбылской и Алматинской областях, где погибли десять человек и ещё четверо пострадали.
Необходимо ввести полный и безусловный запрет на использование праворульных транспортных средств для любых пассажирских коммерческих и междугородних перевозок.
Следующий вопрос – неготовность к конструктивному диалогу членов Правительства, что подрывает доверие народа к государственной власти. Показательным примером стала ситуация с принятием Налогового кодекса.
Правительство проигнорировало предупреждения Парламента о его рисках, пообещав провести широкую разъяснительную работу.
Но ситуация обострилась.
И лишь вмешательство Главы государства привело к заморозке части норм.
Правительство в очередной раз спряталось за Президента, прикрыв свои ошибки решением Главы государства.
Кроме того, настоящими мемами стали неэтичные и необдуманные высказывания чиновников, демонстрирующие их отрыв от народа.
Например, недавно вице-министр торговли посоветовал полагаться на «кошелёк и желание» при обсуждении стоимости новогоднего дастархана.
А на вопросы о ценах на продукты наши члены Правительства всегда «плавают».
Заместитель акима Алматинской области публично унизил лиц с инвалидностью, оскорбив их честь и достоинство.
Также ироничный ответ Министра обороны о суицидах в армии переходит все границы элементарной человеческой этики и сочувствия.
Өйткені, қазір тіпті ауыл тұрғындарының өзі әскердегі әлімжеттік пен суицидтің орын алуына алаңдаулы. Бұл бойынша біздің партиямызға да, депутаттарға да көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде.
Мысалы, соңғы 3,5 жылда Қазақстанның әскери қызметінде 281 адам өлімі тіркелген. Бұл дабыл қағатын мәселе.
Келесі мәселе – Астанадағы Tesla оқу орталығы төңірегіндегі дау білім беру жүйесіндегі құрылымдық проблемаларды ашық көрсетті. Ата-аналар адал тапқан 1 млрд теңгесінен қағылды.
Бүгінде балалар мектепке барғанымен, мектеп бағдарламасын қайта түсіну үшін курстарға тағы барады.
Соңғы жылдары репетиторлық қызметке, арнайы мектеп бағдарламасын үйрететін курстарға сұраныс 25 пайызға өскен.
Қосымша сабақ бүгінде қажеттілікке айналып, ата-аналар ҰБТ-ға дайындау үшін жаппай оқу орталықтарына жүгінуде. Бір сөзбен айтқанда, бұл – парадокс.
Бүгінде қарапайым халық көбіне министрді немесе әкімді емес, алдымен депутатты іздейді. Өйткені депутат – халықтың тікелей сенім мандатына ие тұлға.
Мұндай жағдайдың қалыптасуына салалық ведомства басшылары қарапайым халықтың сұрағына жүрдім-бардым жауап беретіні және көтерілген мәселелерге терең мән бермейтіні себеп болуда.
Керек десеңіздер, біздің депутаттық сауалға формалды сипатта жауап берілетінін бұған дейін де айтқанбыз. Сессия басталғалы бері АМАНАТ Фракциясы Үкіметке әлеуметтік-экономикалық маңыздағы 117 депутаттық сауал жолдады. Алайда сол жауаптардың шамамен 60 пайызы формалды, мазмұнсыз «отписка» сипатында болды.
Сондықтан Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы өкінішке қарай атқарушы билік тарапынан әлсіз қолдау тауып отыр.
Біле білсек, «Еститін үкімет» дегеніміз – мәселені тыңдап қана қоймай, оған нақты, жүйелі, уақытылы және тиімді шешім ұсына алатын саяси институт. Осындай жүйелі жұмысқа көшпей, халық сенімін нығайту қиын.
Парламент депутаттары көтерген әр сауал – тек қағаз емес, миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан мемлекеттік органдар формализмнен арылып, нақты нәтижеге бағытталған іс-қимыл жасауға тиіс.