Четверг , 4 декабря 2025

ЭВФЕМИЗМ ЖӘНЕ ДИСФЕМИЗМ немесе ҚҰҚЫҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚЫСЫМ

Қаза­қтың тіл мәде­ни­етін­де эвфе­мизм мен дисфе­миз­мнің орны айры­қ­ша. Эвфе­мизм – сыпайы, әдеп­ті сөй­ле­удің бел­гісі; дисфе­мизм – дөрекі, анайы сөз­дер арқы­лы мен­сін­бе­уді біл­діреді. Бірақ қазір­гі қоғам­дағы тіл аху­а­лы­на көз жүгірт­сек, осы екі ұғым­ның мәні күрт ауы­сып бара жатқан­дай. Қазақ тілін қадір­ле­мей­тін­дер­дің анайы, тұр­пайы сөз­дері көп жағ­дай­да еске­русіз қалып жата­ды. Ал керісін­ше, мем­ле­кет­тік тіл­ді талап еткен аза­мат­тың сыпайы сөзі – айы­пқа айна­лып отыр.

Жақын­да жур­на­лист Мир­бо­лат Мыр­за­тай­ұ­лы Бишой­ы­но­вқа тағы­лған айып қоғам­ды ойлан­дыр­май қой­ма­ды. Ол «Көк-Төбе» тұрғын үй коопе­ра­тиві бас­шы­сы­нан қазақ тілін­де ақпа­рат беруді талап етіп, қарым-қаты­на­ста «Сіз» деп сыпайы сөй­ле­ген. Бір­де-бір рет «Сен» деп айт­паған. Бір­де-бір дөрекі сөз, бір­де-бір дисфе­мизм қол­дан­баған. Тек тұты­ну­шы ретін­де заң­мен бекітіл­ген өз құқы­ғын пай­да­ла­нып, мем­ле­кет­тік тіл­де қыз­мет көр­се­туді сұраған.

Ал коопе­ра­тив төраға­сы оған: «Я вас не пони­маю», «Орыс тілі – госу­дар­ствен­ный язык» деп, Кон­сти­ту­ци­я­ны бұр­ма­лап жау­ап бер­ген. Бұл – біздің қоғам­да жиі кез­де­сетін, тіл­ге бағыт­талған дисфе­миз­мнің бір түрі – мем­ле­кет­тік тіл­ді мен­сін­беу. Бірақ мұн­дай сөз­дер­ге ешқан­дай құқы­қтық баға беріл­мей­ді. Тіп­ті қалып­ты жағ­дай­ға айна­лып бара жатқандай.

Ал дәл осы жағ­дай­да мем­ле­кет­тік тіл­ді талап еткен аза­мат­тың әре­кетіне «ұлт­тық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру» деген ауыр айып тағыл­ды. Бұл – пара­докс! Эвфе­мизммен сөй­ле­ген, сыпайы түр­де мем­ле­кет­тік тіл­де жау­ап беруді сұраған тарап – кінәлі, ал Кон­сти­ту­ци­ядағы мем­ле­кет­тік тіл­дің құзы­ретін жоққа шығарған дөрекі дисфе­мизм иесі – жауапсыз?!

Бұл тек бір адам­ның тағ­ды­ры емес. Бұл – тіл сая­са­ты­ның, заң­ның және әділет­тің таразыс­ын көр­се­тетін үлкен мәсе­ле. Қазақ тілі – Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша мем­ле­кет­тік тіл. Мем­ле­кет­тік меке­ме­де, қоғам­дық қыз­мет көр­се­ту­де, ресми қаты­на­ста аза­мат­тың қаза­қ­ша ақпа­рат талап етуі – оның заң­ды құқы­ғы. Ал бұл талап үшін қуда­лау – құқы­қтың өзіне жасалған қысым.

Мен қазақ тілі мұғалі­мі ретін­де қат­ты алаң­дай­мын, ертең біз оқу­шы­ла­ры­мы­зға «мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­ле» деп айтқа­ны­мыз үшін де жау­а­пқа тар­ты­луы­мыз мүм­кін бе?! Қазақ тілін­де таза сөй­ле деп талап қоя­мыз (Постым­нан ілік іздеп, аңдып оты­рған­дарға бір­ден жау­ап бере салай­ын: мен ағы­л­шын тілін, орыс тілін үйрен­ген поли­глот­тық білім­ді қол­дай­мын және Тари­хи Ота­ным­да қазақ тіліне қыз­мет етемін).

Егер мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­да­ну – құқық емес, қауіп­ке айнал­са, онда Кон­сти­ту­ци­я­ның 7‑бабы кім үшін жазылған?

«Сот­та­лушы М.М. Бишой­ы­нов теле­ком­му­ни­ка­ция (интер­нет) желісін пай­да­ла­нып оты­рып, ұлт­тық ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­руға бағыт­талған әре­кет­тер­ді іске асы­рған. Аталған қыл­мысты М.М. Бишой­ы­нов келесі­дей мән-жағ­дай­лар­да жасаған» – деп айып тағы­лып­ты. «Көк-Төбе» тұрғын үй иелері тұты­ну­шы­лық коопе­ра­тивінің (ТИТК/ПКСД) бас­шы­сы­мен жан­жал бары­сын­да өзінің ұялы 2 теле­фо­ны­на ұза­қты­ғы 8 минут 6 секунд бола­тын бей­не­жа­з­ба түсіріп, онда құра­мын­да ұлт­тық араз­ды­қты қоз­ды­ру­дың тіл­дік бел­гілері бар келесі­дей: «Бас­шы­лық қыз­мет­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­ді сый­ла­май­сыз», «Мем­ле­кет­тік тіл­ді неғып біл­мей­сіз?», «Сіз білу­ге мін­дет­тісіз», «Масқа­ра, міне қараңы­здар», «Иә, онда орны­ңы­зды боса­ты­ңыз», «Орнын босат­сын иә, сіз сияқты міне Шол­пан апа­мыз отыр­сын, қаза­қ­ша біледі екен, Құдай­ға шүкір», «Дереу орны­ңы­зды боса­ту­ды талап ете­міз, бой­кот», «Маг­ну­мға» қалай бой­кот жари­я­ла­дық, сол сияқты бой­кот жари­я­лау керек, міне», «Сіз қаза­қтарға қар­сысыз ба?» деп сөйлепті.

Мир­бо­лат тұты­ну­шы болған соң «Көк-Төбе» атты қоқыс төгетін меке­ме­ге барып, қаза­қ­ша ақпа­рат алуға тыры­сқан. Коопе­ра­тив төраға­сы «Я вас не пони­маю, рус­ский язык по Кон­сти­ту­ции госу­дар­ствен­ный язык» деп нешетүр­лі айта бастаған соң, теле­фо­нын алып, түсіру­ге тура кел­ген. «Ты нацист, кло­ун, я тебя не пони­маю, хоть айта бер» деген бас­шы­дан тұты­ну­шы ретін­де қазақ тілін­де сөй­ле­уін талап еткен. БОЛДЫ!

Бишой­ы­но­втің сөз­дері­нен менің байқағаным:

* жек­көру­шілік­ке шақы­ру жоқ

* этно­са­ра­лық өшпен­ділік­тің бел­гісі жоқ

* қан­дай да бір этно­сты кем­сіту жоқ

* жеке бастың ар-намысы­на тиетін сөз жоқ

* дисфе­мизм жоқ

* тек тұты­ну­шы ретін­де мем­ле­кет­тік тіл­ді талап ету бар.

Мир­бо­лат – көше­ден ері­гіп кіре сал­маған, сол коопе­ра­тив­тің тұтынушысы.

БАР БОЛҒАНЫ ОСЫ!

Қыл­мыстық құрам қай бұры­шын­да, көр­сетіп жіберіңіздерші?

Тіл – елдің тұғы­ры! Эвфе­мизмді пай­да­ла­нып, сыпайы түр­де өз тілін қорғаған аза­мат­ты айып­тау – дисфе­мизм­ге жол ашу деген сөз. Біз бұл айыр­ма­шы­лы­қты түсін­бе­сек, қоғам­да әділет­сіздік пен тіл­ге деген құр­мет­сіздік күшейе береді.

Алма­ты­да 3000-нан астам қазақ тілі мен әде­би­еті пәні мұғалім­дері бар. Біз­дер, мұғалім­дер, қазақ тілін­де таза сөй­ле деп талап қоя­мыз. Тіл таза­лы­ғы дей­тіні­міз – қазақ тілін басқа тіл­мен шұбар­ла­мау. Біз сон­да қазақ тілін­де сөй­ле, шұбар­лат­пай таза сөй­ле деу­ге құқы­лы­мыз ба? Әлде қалай?!

Тарих өлмей­ді – ол халы­қтың жадын­да, жаз­ба­да, мәде­ни­етін­де мәң­гі сақта­ла­ды. Тарих дегені­міз – ең алды­мен өмір­дің өзі­нен құра­ла­ды. Ол адам­дар­дың жүріп өткен жолы­нан, айтқан сөзі­нен, жасаған ісі­нен, көңіл­ге сақталған естелік­тері­нен өріліп шыға­ды. Тіл­ді сақтау жолын­да айып­пұлға кесу, қуда­лау, түр­ме­ге тоғы­ту – бұл тек әділет­сіздік қана емес, халы­қтың жүре­гін жара­лау. Ыңғай­сыз емес пе?!

Ата заңы­мы­здағы қазақ тілінің ойып тұрып алған орны солқыл­дақ бол­маған­да, қағам­да дәл бүгін­гі болып жатқан бас­сызды­қтар да бол­мас еді!

Мир­бо­лат­тың жаза­сын барын­ша жеңіл­детіп, бостан­дық беруін сұраймын!

Құр­мет­пен,

Ақма­рал ШАТЕМІРҚЫЗЫ,

қазақ тілі мен әде­би­еті пәні мұғалімі,

ҚР Білім беру ісінің құр­мет­ті қызметкері,

Ы.Алтынсарин төс­бел­гісі иегері

Республиканский еженедельник онлайн