Пятница , 12 декабря 2025

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚҚА ҚАС ПА, ДОС ПА?

Тех­но­ло­ги­я­лық тұрғы­да дамы­ған АҚШ-пен жаға­ла­сып оты­рған, Жапо­ни­я­мен иық тіресіп келе жатқан Қытай біз­ге дос па, қас па?

 Кез кел­ген елдің жан-жақты дамуын айқын­дай­тын фак­тор – инно­ва­ция екеніне ешкім шәк кел­ті­ре қой­мас. Бұған Қаза­қстан­мен қарым-қаты­на­сын барын­ша нығай­тып, біздің эко­но­ми­ка­мы­зға қомақты инве­сти­ция құй­ып жатқан Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сын­да ерекше мән беріліп отыр. Өткен жылы бұл елде жал­пы ғылы­ми-зерт­теу (R&D) шығын­да­ры қарқын­ды өсті, оның ішін­де база­лық зерт­те­улер­ге бөлі­нетін қара­жат 249,7 млрд юань болған.  

Сол себеп­ті 2024 жыл­дың соңын­да Қытай­да жарам­ды (valid) қылу (invention) патент­терінің саны алғаш рет 4,76 мил­ли­он­нан асқан.  Оның ішін­де «жоға­ры құн­ды» (high-value) патент­тер саны 10 000 ада­мға шаққан­да 14 патент­тен тура кел­ген. Сон­дай-ақ мың­даған ком­па­ния неме­се 497 000 меке­ме жарам­ды патент­тер­ге ие болға­ны хабар­лан­ды. Бұл алды­ңғы жыл­мен салы­сты­рған­да 69 мыңға артық.

Ал жаңа тех­но­ло­ги­я­лық биз­нес-модель­дер­дің ІЖӨ-дегі үлесі 18,01%-ды құра­ды. Жал­пы Қытай­дың инно­ва­ци­я­лық орта­сы жыл­дам дамып келеді. Өткен жылы оның «инно­ва­ци­я­лық индексі» 5,3%-ға өскен. Мұның бәрі Қытай­дың тек өндірістік қуа­ты бар «маса-зауыт» емес, келе­шек­те ғалым­дар, инже­нер­лер, зерт­теу инсти­тут­та­ры, кәсі­по­рын­дар, тех­но­ло­ги­я­лық стар­тап­тар және интел­лек­ту­ал­ды мен­шік жүй­есі арқы­лы инно­ва­ци­я­лық дер­жа­ваға айна­луы­на мүм­кін­дік туғы­зып отыр. Оның тех­но­ло­ги­я­лық және ғылы­ми база­сы – R&D‑ге бөлі­нетін қара­жат, патент­тік белсенділік.

Қытай­дың инно­ва­ци­я­лық қуа­ты бүгін­де ең дамы­ған ел сана­ла­тын Аме­ри­ка­ның тех­но­ло­ги­я­лық көш­бас­шы­лы­ғы үшін үлкен сын-қатер­ге айнал­ды. Соңғы жыл­да­ры Қытай АҚШ-пен R&D шығын­да­ры бой­ын­ша теңе­су­ге шақ қал­ды. Егер Құра­ма Штат­тар­да бұл көр­сет­кіш $823 млрд-ты құра­са, Қытай­да ол $781 млрд-қа жет­ті. Салы­сты­ру үшін айта кетей­ік, 2007 жылы Қытай бұған сол кез­де­гі Испа­ния мен Ита­ли­я­ның дең­гей­ін­де ғана – бар-жоғы 136 млрд дол­лар жұм­саған. Яғни, бұл ел 17 жыл ішін­де Еуро­па соғы­стан кей­ін­гі кезең­де қай­та­лай алмаған сер­піліс жасады.

Қытай­да қазір­дің өзін­де 150 мың­нан астам кор­по­ра­тив­тік зерт­теу орта­лы­қта­ры, 5 мил­ли­он инже­нер бар, жыл сай­ын 50 мың STEM-док­то­ры шыға­ры­ла­ды. Бұл АҚШ-тағы­дан да едәуір артық, әрі осы бета­лыс жыл өткен сай­ын қарқын алып келеді. Мұның бәрі мини­стр­лік­тер, уни­вер­си­тет­тер, өнер­кәсіп және про­вин­ци­я­лар бір үлкен ста­н­ок­тың бөл­шек­тері ретін­де жұмыс істей­тін­дей етіп, орас­ан зор тех­но-бюро­кра­ти­я­лық эко­жүй­е­ге енгізіл­ген. Био­ме­ди­ци­на­дан бастап, өлшеу аспап­та­ры­на дей­ін, авто­мо­биль өнер­кәсібі­нен бастап, элек­тро­ни­каға дей­ін жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық өндіріс­ке салы­на­тын қар­жы көле­мі бір­не­ше есе­ге өсті. Мыса­лы, жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық өндірістер­ге бағыт­та­ла­тын инве­сти­ция түсім­нің 5%-ына жақын­да­ды, ал өнер­кәсіп­тік робот­тар шыға­ру тұрақты өсуін жалға­сты­ру­да. Күн панель­дерінің өндірісі 2021 жылғы 250 ГВт-тан 2024 жылы шама­мен 600 ГВт-қа дей­ін, жаңа энер­ге­ти­ка­лық авто­мо­биль­дер­ді шыға­ру – үш жыл­да үш есе­ге жуық ұлғайды.

Дәл осы тұста АҚШ-та ғылы­мға бюд­жет­тік қысым дәуірі бастал­ды: Трамп әкім­шілі­гінің жанын­дағы феде­рал­дық ғылы­ми бағ­дар­ла­ма­лар­дың қысқа­руы жетек­ші зерт­теу бағыт­та­ры­на қауіп төн­діретіні анық. Тех­но­ло­ги­я­лық көш­бас­шы­лық – бұл нарық күші ғана емес, ол – ұзақ мерзім­ді мем­ле­кет­тік инве­сти­ци­я­лар­дың нәти­же­сі. Іргелі ғылым­ды дамы­туға жет­кілік­ті қар­жы сал­май­тын елдер тұтас инно­ва­ци­я­лық эко­жүй­ені құра­тын басқа елдер­ден сөз­сіз арт­та қала­ды. Осы тұрғы­дан алған­да Вашинг­тон мен Пекин ара­сын­дағы бәсе­ке­ле­стік тек ақша төңіре­гін­де ғана емес. Бұл дегеніңіз – мем­ле­кет­тің ұзақ жыл­дар бойы мығым тұруы және ағым­дағы сая­сат­тың қысы­мы­м­ен өз инсти­тут­та­рын бұзып алмау қабілетін берік сақта­уы деген сөз.

2024 жылы Қытай­дың ғылыми‑зерттеу және тәжірибелік‑конструкторлық жұмыстарға (R&D) жұм­сай­тын жал­пы шығы­ны 3,6 трил­ли­он юань болған, бұл 2020 жыл­мен салы­сты­рған­да өсім 48 %-ға артқа­нын біл­діреді. R&D қар­жы­сы жал­пы ішкі өнім­нің шама­мен 2,68 % дең­гей­іне жетіп, Еуро­па­лық одақ елдерінің орта­ша дең­гей­і­нен жоға­ры көр­сет­кіш­ке айнал­ды. Ал «негіз­гі (fundamental) зерт­те­улер­ге» бөлі­нетін қара­жат көле­мі жал­пы R&D бюд­жетінің шама­мен 6,91%-ын құра­ды. Халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі жоға­ры дәре­желі ғылы­ми мақа­ла­лар мен патент­тер саны бой­ын­ша Қытай бес жыл қата­ры­нан әлем көш­бас­шы­сы болып келеді. Қытай­дың «жал­пы инно­ва­ци­я­лық қабілет­тілік» рей­тин­гі бұдан бес жыл бұрын әлем елдері ара­сын­да 14‑орында бол­са, өткен жылы 10‑орынға көтеріл­ді. Бұл деректер Қытай­дың ғылым мен тех­но­ло­ги­яға салған инве­сти­ци­я­сы мен ғылы­ми бел­сен­ділік­тің нақты өскенін айқын көрсетеді.

Сарап­шы­лар­дың дере­гіне сәй­кес, Xiaomi секіл­ді ірі ком­па­ни­я­лар соңғы 5 жыл­да 105 млрд юань көле­мін­де R&D‑ге инве­сти­ция салған. Олар алдағы уақыт­та да «ақы­рғы тех­но­ло­ги­я­ларға» (мыса­лы, жоға­ры дең­гей­лі чип­тер, жаңа мате­ри­ал­дар) баса көңіл бөлу­ге ниетті.

Southern University of Science and Technology вице‑президенті Jin Li-дің айтуын­ша, Қытай «білім, ғылым және талант жүй­есін түбе­гей­лі рефор­ма­лап», ғылы­ми кадр­лар­ды үйле­сті­ре оты­рып, «жоға­ры сапа­лы даму үшін ғылыми‑технологиялық инно­ва­ци­я­ның қуа­тын толық ашуға» дайын.

Шынын­да да, соңғы жыл­да­ры Қытай «ғылым-өндіріс-инно­ва­ция» инте­гра­ци­я­сын өте жедел­дет­ті: ғылы­ми зерт­те­улер мен өндірістік инно­ва­ци­я­лар бір плат­фор­ма­да іске асы­ры­лып, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар нақты тез ара­да өндіріс пен ком­мер­ци­яға айна­лу­да. Ғарыш сала­сы, био­тех­но­ло­гия, мате­ри­ал­та­ну, квант­тық ғылым­дар сияқты сала­лар­да нақты ерекше зерт­те­улер мен жоба­лар іске асып жатыр. Бұл –Қытай­ды тек тех­но­ло­ги­я­лар­ды көшіру­ші емес, жаңа­шыл «шығар­ма­шы­лық күш­ке» айнал­ды­ра­ты­ны ақиқат.

Мем­ле­кет­тік сая­сат­та 2035 жылға дей­ін «ғылым мен тех­но­ло­ги­яда жоға­ры дең­гей­ге», «тех­ни­ка­лық тәу­ел­сіздік­ке» қол жет­кі­зу – ресми мақ­сат ретін­де бел­гі­лен­ген. Соңғы төрт жыл­да жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық өндіріс өні­мі 42 %-ға өскен. «Үш жаңа» эко­но­ми­ка – жаңа инду­стри­я­лар, қыз­мет түр­лері, бизнес‑форматтар – ІЖӨ‑нің дер­лік бес­тен бір бөлі­гін құрап отыр. Ком­па­ни­я­лар мен өндірістер­ге ЖИ мен робо­то­тех­ни­ка бел­сен­ді түр­де енгізілу­де. Бұл инно­ва­ци­я­ның өндіріс, меди­ци­на, қыз­мет көр­се­ту сияқты прак­ти­ка­лық сала­лар­да кеңі­нен қол­да­ны­лып жатқа­нын көр­се­те­ді. Ғарыш, био­тех­но­ло­гия, квант, жаңа мате­ри­ал­дар­ды зерт­теу бел­сен­ділі­гі де артып отыр.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне сүй­ен­сек, осын­дай бағыт­тар – Қытай­дың инно­ва­ци­я­лық бола­шағы­ның негізі. Олар­дың айтуын­ша, қазір Қытай – толық өнер­кәсіп­тік жүй­есі бар жалғыз ірі дер­жа­ва, бұл жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­ды өндіріс­ке жедел енгізу­ге толық мүм­кін­дік береді. Мем­ле­кет + жеке сек­тор + ғылы­ми инсти­тут­тар – бір­лі­гі үйлесім­ді мем­ле­кет­тік сая­сат инно­ва­ци­я­лық жүй­ені жүй­елі түр­де дамы­туға жол аша­ды. Зерт­теу қар­жы­сы­ның тұрақты өсуі, база­лық ғылы­мға да көңіл бөлу – ұзақ мерзім­ді ғылы­ми әле­ует­ті нығайтады.

Кей­біре­улер жоға­ры инве­сти­ция мен патент саны – сапа емес, жан‑жақты ізденістің ғана көр­сет­кі­ші болуы мүм­кін деп ескер­те­ді. Сон­дай-ақ ірі және мем­ле­кет­тік бақы­ла­у­мен жүзе­ге аса­тын жүй­е­лер­де бюро­кра­тия, тиім­сіздік неме­се инно­ва­ци­я­лық еркін­дік­тің шек­те­лу мүм­кін­ді­гі барын айта­ды. Жедел даму – ноу‑хау мен нақты тәжіри­бенің үйлесім­ділі­гін, сон­дай-ақ әділ бәсе­ке­ле­стік пен автор­лық құқы­қты қорға­уды талап ететінін де ескертеді.

Әлем­дік сарап­шы­лар­дың ортақ пікірін­ше, қалай деген­де де, Қытай қазір тек өндіріс фаб­ри­ка­сы ғана емес, толы­ққан­ды «инно­ва­ци­я­лық дер­жа­ваға» айна­лу жолын­да. Инве­сти­ци­я­лар, ғылы­ми зерт­те­улер, өндіріс пен тех­но­ло­ги­я­лар­дың инте­гра­ци­я­сы – бұл бағыт­тағы нақты қадам­дар. Егер бұл қарқын сақтал­са және сапа + шығар­ма­шы­лық + ашық нарық қағи­дат­та­ры бір­ге жүр­се, Қытай алдағы 10–20 жыл­да жаһан­дық тех­но­ло­ги­я­лық көш­бас­шы дең­гей­іне көтерілу­ге лай­ы­қты мүм­кін­дік­тер­ге ие.

Ал Қытай инно­ва­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға тигі­зер әсері мен мүм­кін­дік­тері қан­дай? «Қара қытай қап­та­са…» деп, онсыз да қара аспанға топан су қап­та­тып жүр­ген кей­бір кер­тарт­па бауыр­ла­ры­мыз бұған қалай қарай­ды? Жал­пы, «мем­ле­кет­тер ара­сын­да достық жоқ, тек мүд­де­лер ғана жүреді» деген тұжы­рым тұрғы­сы­нан қарай­тын бол­сақ, біздің елі­міз­ге қомақты инве­сти­ция салып жатқан бұл елден жақ­сы­лық күту­ге бола ма өзі?!

Бұл рет­те айта­ры­мыз, сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, Қытай­дың тех­но­ло­ги­я­лық сер­піні Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на бір­не­ше бағыт­та, атап айтқан­да – эко­но­ми­ка, инве­сти­ци­я­лар және тех­но­ло­гия транс­фері, білім және кадр­лар даяр­лау, гео­са­я­си және стра­те­ги­я­лық мәсе­ле­лер­де ұнам­ды ықпал ете­ді. Соның ішін­де эко­но­ми­ка­да Қытай­дың робот­тан­ды­ру, өндіріс­ке жасан­ды интел­лект енгі­зу тәжіри­бесі Қаза­қстан­дағы өндіріс сала­ла­рын – тау-кен, мұнай-газ, метал­лур­гия, агроө­нер­кәсіп­ті цифр­лан­ды­ру арқы­лы өнер­кәсіп­ті жаңғыр­туға мүм­кін­дік береді. Ал «Жібек жолы­ның цифр­лық бел­де­уі» және жаңа логи­сти­ка­лық тех­но­ло­ги­я­ла­ры Қаза­қстан­ның тран­зит­тік әле­уетін арт­ты­руға ықпал етуі мүм­кін. Alibaba, JD, Tencent секіл­ді плат­фор­ма­лар­дың өңір­ге енуі елі­міз­де­гі элек­трон­ды сауда, мобиль­ді төлем­дер, фин­тех сер­висін жедел дамытады.

Ал инве­сти­ци­я­лар және тех­но­ло­гия транс­фері арқы­лы жаңар­ты­ла­тын энер­гия (күн, жел), акку­му­ля­тор­лар мен энер­гия сақтау жүй­е­лері, «ақыл­ды» ауыл шару­а­шы­лы­ғы, цифр­лық қауіп­сіздік және бұлт­ты сер­ви­стер дами­тын бола­ды. Қаза­қстан үшін бұл – тех­но­ло­гия транс­фері, яғни жаңа құрал­дар мен инже­нер­лік білім­нің келуі деген сөз.

Қытай тара­пы­нан Қаза­қстан­дағы туризмді дамы­ту мүм­кін­ді­гі өз алды­на бөлек тақы­рып. Қаза­қстанға турист алыс Еуро­па­дан емес, ірге­де­гі Қытай­дан келеді. Бұл – аксиома!

Білім және кадр­лар даяр­лау тұрғы­сы­нан Қытай ЖОО-лары­ның ғылы­мға бағыт­талған грант­та­ры мен бір­лес­кен зерт­ха­на­ла­ры Қаза­қстан жаста­ры­на инже­не­рия, қол­дан­ба­лы мате­ма­ти­ка, био­тех­но­ло­гия, жасан­ды интел­лект сияқты бағыт­тар­да жаңа мүм­кін­дік­тер береді.

Қытай­дың инно­ва­ци­я­лық күше­юі аймақтағы эко­но­ми­ка­лық тепе-теңдік­ті өзгер­те­ді. Қаза­қстан үшін бұл – тең­герім­ді сая­сат­ты сақтау, көп­век­тор­лы тех­но­ло­ги­я­лық әріп­те­стік, Қытай + ЕО + АҚШ тех­но­ло­ги­я­ла­рын қатар пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі. Гео­са­я­си және стра­те­ги­я­лық әсер дегені­міз осы.

Бұдан басқа Қытай инно­ва­ци­я­сы­ның өндірісті авто­мат­тан­ды­ру арқы­лы өнім­ділік­тің өсуі, Аста­на, Алма­ты қала­ла­рын Қытай­дың смарт-қала жүй­е­леріне бей­ім­деу, суа­ру тех­но­ло­ги­я­ла­ры, жел/күн жоба­ла­рын­дағы тех­но­ло­ги­я­ның жаңа­руы, 5G/6G инфрақұры­лы­мы­ның, көлік-логи­сти­ка және цифр­лық кеден­нің жедел дамуы арқы­лы тигі­зетін тіке­лей пай­да­сы да аз болмайды.

Әрине, «қай қазақ сүт­ті сиы­рын беру­ші еді» демек­ші, мұның бәрі өз-өзі­нен бол­май­ды, Қытай тара­пы да барын­ша пай­да көру­ге тыры­са­ты­ны анық. Ол үшін асқан дипло­ма­ти­я­лық шебер­лік, ұлт­тық мүд­де тұрғы­сы­нан тиім­ді келіс­сөз­дер жүр­гі­зе ала­тын мем­ле­кет­шіл қаси­ет пен қарым­ды қабілет қажет. Заң­дар негізін­де жаса­ла­тын қауіп­сіздік мәсе­лесі де басты наза­рда болуы тиіс!

Жал­пы, қазақ ұлты – ешкім­ді қас көр­мей­тін, Ұлы Абай айтқан­дай, адам­заттың бәрін бауы­рын­дай көретін бей­біт те бауыр­мал, мей­ірім­ді де мей­ман­дос, елге­зек те қай­ы­рым­ды халық. Бірақ солай екен деп ешкім­ге есе жібе­ру­ге бол­май­ды! Қай мәсе­ле­де де ұлт­тық мүд­де ең жоға­ры орын­да тұруы тиіс!

Менің­ше, кім-кім­ді де қас қыла­тын да, дос қыла­тын да – өза­ра қарым-қаты­на­стағы озбыр­лық пен мен­мен­дік, әділ­дік пен шынайы сый­ла­стық. Шен­ділері­міз осы қағи­дат­тар­ды іс жүзін­де ұста­на біл­се – нұр үстіне нұр!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн