Пятница , 19 декабря 2025

«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛМАҚ?

«Бай­қоңыр» кос­мо­дро­мын­дағы жақын­да болған апат қоғам­да­сты­қты алаң­да­тып отыр. Редак­ци­яға кел­ген ақпа­рат­та: «Рос­кос­мос» бас­шы­лы­ғы мәлім­де­месі­нен 31-алаң­дағы, адам ұшы­ры­ла­тын сақта­лып қалған жалғыз старт­тық кешен орна­ласқан жер­де орын алған құры­лым­ның тас-талқа­ны шығып құла­уы жағ­дай­ды қай­та­ру­сыз нүк­те­ге жет­кізді. Бұл оқиға нысан­ды әрі қарай пай­да­ла­ну тех­ни­ка­лық та, ұйым­да­сты­ру­шы­лық та тұрғы­дан мүм­кін еме­сті­гін көр­сет­ті. Қай­ғы­лы жағ­дай­дан бір­не­ше сағат өткен соң-ақ ғарыш сала­сы бас­шы­лы­ғы, Үкі­мет өкіл­дері және тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер шұғыл кеңес өткізіп, бар­лық ықти­мал нұсқа­лар­ды қарас­ты­ра бастады.

Кеш­ке таман-ақ кешен­ді қал­пы­на кел­тірудің мәні жоғалға­ны анық бол­ды. Ондаған жыл­дар бойы жүк­те­ме­лер мен модер­ни­за­ци­я­лар­ды көтеріп кел­ген старт­тық қон­ды­рғы ақы­рын­да өзінің ресур­сы­нан айы­рыл­ды. Метал­ло­кон­струк­ци­я­лар­дың ірі бөлік­тері дефор­ма­ци­яға ұшы­рап, кей­бір ірге­та­стар толы­қтай қираған. Сарап­шы­лар жөн­деу құны жаңа нысан салу­дан да қым­батқа түсетінін, ал қал­пы­на кел­ті­ру мерзім­дері бір­не­ше жыл­дан аса­ты­нын растады.

Осы­дан кей­ін бүкіл инфрақұры­лым­ның бола­шақ тағ­ды­ры талқы­ла­на баста­ды. Дәл осы сәт­те шешу­ші шешім қабыл­дан­ды: «Бай­қоңыр» ғарыш айлағын жалға алу мерзі­мін жос­пар­дан тыс тоқта­тып, оны Қаза­қстан жағы­на мерзі­мі­нен бұрын тап­сы­ру және бар­лық адам қаты­суы­мен ұша­тын бағыт­тар мен маңы­зды тех­но­ло­ги­я­лық жоба­лар­ды толы­қтай «Восточ­ный» ғарыш айлағы­на көші­ру. Бұл шешім көп­тен бері пісіп-жетіліп жатқан еді. Құлау оқиға­сы тек ұзақ уақыт­тан бері жинақталған қажет­тілік­ті жедел­дет­ті – сала бола­шағын 1960 жыл­дар­дағы кон­струк­ци­я­ларға сүй­еніп құра алмай­ты­нын түсін­ді. Ал старт­тық құры­лғы іс жүзін­де жой­ы­лған­нан кей­ін, бұл мәсе­ле тео­ри­я­лық дең­гей­ден прак­ти­ка­лық кезең­ге өтті.

Сала­ның тұтас құры­лы­мын қай­та жос­пар­лау бастал­ды. Бас­шы­лық бөлім­ше­лер­ді, архив­тер­ді, жаб­ды­қтар­ды және маман­дар­ды кезең-кезеңі­мен шыға­ру жұмыста­рын баста­уды тап­сыр­ды. Мерзім­дер аны­қтал­ды: бүкіл инфрақұры­лым 2026 жыл­дың 1 мамы­ры­нан кешік­тіріл­мей «Восточ­ный­ға» көшірілуі тиіс.

Қыз­мет­кер­лер үшін уақыт­ша көшу бағ­дар­ла­ма­ла­ры дай­ын­да­лып жатыр, тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер­ге тасы­мал­да­уға жарай­тын жаб­ды­қтар­ды бөл­шек­теу тура­лы тап­сыр­ма­лар беріл­ді, ал инже­нер­лік бөлім­дер­ге жоба­лар­ды «Восточ­ный­дағы» жаңа жұмыс алаң­да­ры ара­сын­да қай­та бөлу мін­деті жүктелді.

Қазір­гі уақыт­та «Бай­қоңыр­да» жос­пар­дан тыс жұмыстар жүріп жатыр. Комис­си­я­лар қираған нысан­дар­ды баға­лап, апат­ты аймақтар­ды жою кесте­лерін жасап жатыр. Жаб­ды­қтар­дың бір бөлі­гі есеп­тен шыға­ры­ла­ды, бір бөлі­гі кон­сер­ва­ци­я­ла­нып, нысан­дар­мен бір­ге Қаза­қстанға беріледі. Жұмыс көле­мі орас­ан, бірақ мерзім тым қысқа – толық көшу­ге дей­ін бәрін аяқтау қажет.

Бір­тін­деп басқа көрініс айқын­да­ла бастай­ды. Ондаған жыл­дар бойы адам қаты­суы­мен ұшы­ры­ла­тын бағ­дар­ла­ма­ның жүре­гі болған «Бай­қоңыр» эста­фе­та­ны «Восточ­ный­ға» табыст­а­уда. Онда кеңей­тіл­ген жүк­те­ме­лер­ді қабыл­да­уға дай­ын­дық жүру­де, жаңа модуль­дер­ге арналған алаң­дар әзір­лен­ген, келесі буын ұшы­ры­лым­да­ры­на арналған жоба­лар жасалуда.

Осы­лай­ша 31-алаң­дағы құлау тек апат емес, бүкіл сала­ның даму тра­ек­то­ри­я­сын өзгерт­кен сим­во­ли­ка­лық нүк­те бол­ды. Қабыл­данған шешім жаңа дәуір­ге өтуді жедел­дет­ті: Қиыр Шығы­ста орта­лы­қтан­ды­ры­лған даму­дың, тех­но­ло­ги­я­лар­ды жаңар­ту­дың және өз мін­детін адал атқарған ескі инфрақұры­лым­нан бас тар­ту дәуірі басталды.

Мен білетін мұн­дай жағ­дай үш рет қай­та­лан­ды. Бірін­ші жағ­дай КСРО құлап, Қазақ елі еге­мен­дік алып жатқан тұста 22.02.1992 ж. – 27.02.1992 ж. ара­лы­ғын­да «Бай­қоңыр» ғарыш айлағын­да сол­дат­тар көтерілісі бол­ды. Нәти­же­сін­де «Бай­қоңыр» зымы­ран ұшы­ру айлағын­дағы (Арал 4, 5, 6, 7 гар­ни­зо­ны, Кас­пий фло­ти­ла­сы, При­озерск, Сары­шаған гар­ни­зо­ны, Қарақұм, Азғыр раке­та сынақ поли­гон­да­ры, Сәт­ба­ев гар­ни­зо­ны, Арыс құмы гар­ни­зо­ны, Ембі гар­ни­зо­ны, Шиелі гар­ни­зо­нын қоса алған­да, қазақ жерін әске­ри етік­пен тап­таған әске­ри адам­дар жұмысы РФ пре­зи­ден­ті Ель­цин­нің жар­лы­ғы­мен жабыл­ды. Осы стра­те­ги­я­лық өңір­де­гі 1 мил­ли­он 4 мың әске­ри кон­ти­нент (11 армия, 3 әске­ри округ, 1200-ге тар­та әске­ри полк, мың­даған құры­лым­дар) ықшам­да­лып, тара­тыл­ды, кей­бірі Ресей­ге қай­та­рыл­ды және жауын­гер­лік күзет­те шах­та­да тұрған 456 МБР жой­ыл­ды неме­се залал­сыздан­ды­рыл­ды. АҚШ, Фран­ция, Гер­ма­ния, Қытай үкі­мет­терінің ара­ағай­ын­ды­ғы­мен жері­міз­де­гі Ресей­дің атом қаруы­нан құтылдық.

Бай­қоңыр қала­сын­да әске­ри отба­сы­ларға арналған 303 көпқа­бат­ты үй-ғима­рат­тар бол­ды. Старт алаң­да­рын­дағы пәтер­лер­ді қоса алған­да, пәтер­лер саны 31 000 болып­ты. 14 отба­сы­лық жатақ­ха­на болған. Қала­ның өзін­де­гі тұрғын­дар саны 82 мың адам болған. Қаза­қтар­дың үлесі 4 пай­ыз болған екен.

1992 жылы сәуір­де әске­ри қала Бай­қоңыр – ҚР құзы­ры­на беріл­ді. Қала­ның алға­шқы әкі­мі болып Вита­лий Брын­кин ҚР пре­зи­ден­ті жар­лы­ғы­мен тағайындалды.

ҚР тер­ри­то­ри­я­сын­да Әкім­шілік инсти­ту­ты енгізіл­ді. Жер­гілік­ті мәс­ли­хат құрыл­ды. Алай­да Бай­қоңыр қала­сын­дағы қазақ билі­гі 1994 жылы тара­ты­лып, Брын­кин Ресей­ге асты. Қала қай­та­дан РФ құзы­ры­на жалға беріліп жат­ты. Қала­ның инфрақұқры­лы­мы қира­ды. 27 көпқа­бат­ты үйлер, жатақ­ха­на, қонақүй­лер қирап, қаңы­рап қал­ды. Қала­ның Мәде­ни­ет үйі қасақа­на өртел­ді. Ала­са­пы­ран баста­лып кет­ті. Әске­ри отба­сы­лар жұмысы қысқа­рып, Ресей­ге тобы­мен көшіп жат­ты. Төре­там, Ембі, Арал, Жоса­лы, Арыс, Балқаш стан­са­ла­рын­да жүк кон­тей­нер­лері жет­пей, айқай болып жат­ты», – делінген.

Осы хабар­ды алған­нан кей­ін Бай­қоңыр қала­сын­дағы тиісті мем­ле­кет­тік орган­дарға хабар­ла­стық. Олар бер­ген мәлі­мет бой­ын­ша, ғары­штық мақ­сат­тағы зымы­ран штат­тық режим­де, ешқан­дай ескер­тус­із ұшы­ры­лып, кеме халы­қа­ра­лық ғарыш стан­ци­я­сы­на сәт­ті түйіскен.

Әрбір ұшы­ру­дан кей­ін орын­да­ла­тын­дай, ұшы­ру алаңы­на тек­се­ру бары­сын­да старт үстелінің бірқа­тар эле­мент­терінің зақым­данға­ны аны­қталған. «Қазір старт кешенінің жағ­дай­ы­на баға беру жұмыста­ры жүр­гізілу­де. Қал­пы­на кел­тіру­ге қажет­ті бар­лық қосалқы бөл­шек­тер бар және жақын уақыт­та бұл зақым­дар толық жой­ы­ла­ды. Зақым­да­ну­дың нақты себеп­тері аны­қта­лу­да. Алдын ала болжам бой­ын­ша, бұл каби­на толық таза­лан­ба­уы­нан неме­се газ­ди­на­ми­ка­лық жүк­те­мені қабыл­да­уға арналған қорға­ныс пли­та­сы­ның істен шығуы­нан болуы мүмкін.

«Рос­кос­мос» бас­пасөз қыз­меті ұшу­лар кестесіне өзгерістер енгі­зу мүм­кін­ді­гі тура­лы сұраққа жау­ап бере оты­рып, қазір­гі уақыт­та бар­лық құрам­дас бөлік­тер жина­лып, старт алаңын жөн­де­удің мерзім­дері баға­ла­на­ты­нын хабар­ла­ды. «Адам қаты­са­тын бағ­дар­ла­ма қауіп-қатер­де емес», – деп мәлім­деді мем­ле­кет­тік корпорация.

Қай мәлі­мет­ке сенеті­мізді біл­мей, не де бол­са уақыт көр­се­тер деп отырмыз.

«ТС» ақпа­рат Саду­ақас АҢСАТТЫҢ ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды

Республиканский еженедельник онлайн