Четверг , 25 декабря 2025

Ұрпаққа ұлы аманат

«Алаш» сөзі – қазақ үшін қашан да қаси­ет­ті ұғым. Өткен ғасыр­дың басын­да ұлты­мы­здың бас көте­рер аза­мат­та­ры «Алаш» иде­я­сы­ның төңіре­гіне бірік­ті. Олар елінің азатты­ғы мен өркен­де­уі жолын­да қыз­мет етті. Халы­қтың рухын оятып, сана­сы­на сіл­кініс әкел­ді. Кең бай­тақ жері­міздің тұта­сты­ғы­ның сақта­луы­на ықпал етті. Төл әде­би­еті­міз бен мәде­ни­еті­мізді бұрын-соң­ды бол­маған дең­гей­ге көтер­ді. Өрке­ни­ет­ті зия­лы­лы­қтың негізін қалады.

Алаш ары­ста­ры заман­ның сын-қатеріне қара­май, Қазақ елінің мем­ле­кет­шіл­дік иде­я­сын жаңғырт­ты. Өкініш­ке қарай, түгел­ге жуы­ғы «халық жауы» ата­нып, қуғын-сүр­гін құр­ба­ны бол­ды. Еңбек­тері жой­ыл­ды, ұзақ жыл­дар бойы олар­дың атын ата­уға тый­ым салын­ды. Бірақ ұлты­мыз ұлы пер­зент­терінің есі­мін сана­сы­нан өшір­мей, жадын­да сақтай біл­ді. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Алаш иде­я­сы мен Алаш мұра­сы түбе­гей­лі қай­та қарал­ды. Биыл «Алаш» авто­но­ми­я­сы­ның құры­лға­ны­на 108 жыл толып отыр.

Осы­ған орай Талғар ауда­ны, Бесағаш ауыл­дық Мәде­ни­ет үйін­де «Алаш» мұра­сы – ұрпаққа ама­нат» атты ауқым­ды еске алу шара­сы өтті. Жиы­нға кел­ген жұрт­шы­лық алды­мен аудан­ның Тіл­дер­ді дамы­ту, мәде­ни­ет және спорт бөлі­мінің қол­да­уы­мен аудан­дық орта­лық кіта­п­ха­на қыз­мет­кер­лері ұйым­да­сты­рған көр­ме­мен таны­сты. Оның ең басын­да Алаш ары­ста­ры­ның аты-жөні, туған-қай­тқан жыл­да­ры көр­сетіліп, Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы, Мір­жақып Дулатұ­лы бастаған Алаш ары­ста­ры­ның сурет­тері қой­ы­лған. Әрі қарай Алаш, Ала­шор­да тура­лы жазы­лған кітап­тар, одан соң сол ары­стар­дың өздері жазған кітап­тар, сосын Жел­тоқ­сан көтерілісі мен оның қаһар­ман­да­ры тура­лы шығар­ма­лар, соңы­на қарай оның қаһар­ман­да­ры – Қай­рат Рысқұл­бе­ков, Ербол Сыпа­та­ев, Ләз­зат Аса­но­ва, Сәби­ра Мұха­меджа­но­ва­ның порт­рет­тері орын алыпты.

– Бұл көр­ме негізі­нен қазақ халқы­ның азаттық жолын­дағы екі тари­хи кезеңді – Алаш қозға­лы­сы және Жел­тоқ­сан көтерілісін қам­ти­ды. Бұл еке­уінің де негіз­гі иде­я­сы – Тәу­ел­сіздік бол­ды. Сон­ды­қтан елі­міздің ең ұлы мере­кесі – Тәу­ел­сіздік күні қар­саңын­да жастарға Алаш ары­ста­ры мен Жел­тоқ­сан қаһар­ман­да­ры­ның азаттық жолын­дағы ерлік істерін наси­хат­тау, олар­ды отан­шыл­ды­ққа тәр­би­е­леу мақ­са­тын­да осы көр­мені ұйым­да­стыр­дық, – дей­ді оның мән-маз­мұ­нын жан-жақты түсін­дір­ген аудан­дық орта­лық кіта­п­ха­на­ның биб­лио­гра­фы Сәу­ле Кәрібозова.

Ары қарай мере­келік шараға жиналған жұрт­ты Мәде­ни­ет үйінің үлкен залын лық тол­ты­рған ауыл тұрғын­да­ры мен мек­теп оқу­шы­ла­ры орын­да­ры­нан тұрып, үлкен құр­мет­пен қол соғып қар­сы алды. Жиы­нға кел­ген құр­мет­ті қонақтар­дың ара­сын­да Жел­тоқ­сан арда­гері, қоғам қай­рат­кері Қасен Қожа Ахмет, қоғам қай­рат­кері, сая­сат­та­ну­шы, «Ұлт тағ­ды­ры» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы Дос Көшім, «Мұха­меджан Тыныш­ба­ев қоры­ның» пре­зи­ден­ті, Алаш ары­сы­ның жиен неме­ресі Нұр­шә­кен Жүнісқы­зы, қоғам қай­рат­кері, Жел­тоқ­сан арда­гері, «Алаш ары­ста­ры» ескерт­кі­шінің авто­ры Бей­сенға­зы Сәдуұ­лы, Талғар ауда­ны­ның Жел­тоқ­сан арда­гер­лері, басқа да біраз ғалым­дар мен таны­мал аза­мат­тар бол­ды. Мере­келік шара­да сөз сөй­ле­ген олар Алаш ары­ста­ры­ның ұлы еңбе­гі мен Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де алаңға шығып, ұлты­мы­здың намысын қорғаған ұл-қызда­ры­мы­здың ерлі­гі, мұның тәу­ел­сіз ел болуы­мы­здағы тари­хи маңы­зын тебірене әңгімеледі.

– Ардақты ағай­ын, отар­шыл­дар қан­ша жер­ден атта­рын өшір­гісі кел­се де, шама­сы жет­пе­ді. Шын­дық, адал аза­мат­тар­дың күрес­кер­лі­гі айты­ла­тын күн де кел­ді. Бірақ біз оған оңай­лы­қ­пен жет­кен жоқ­пыз. Халық аман бол­са, халық күрес­се, қай жауды да жең­бей қой­май­ды. Қан­ша­ма ары­ста­ры­мыз қуда­лан­ды, олар­ды атты, асты, абақты­ға қама­ды, кітап­та­рын өрте­ді – бәрібір ақиқат жеңді! «Алмас қылыш қын түбін­де жат­пай­ды» демек­ші, шын­дық бәрібір жарып шықты. Тек күре­се білу керек. Бізді тап­тап жатыр, жой­ып жібер­гісі, жері­мізді тар­тып алғы­сы келеді деп құр жылай бер­меу керек. Қар­сы күре­су керек, пікір айту керек, халы­қты оята білу керек!

Менің жастарға тілей­тінім: біз Алаш ары­ста­ры бастаған – елі­мізді қалай көте­ре­міз, ата-баба­мыз қал­ды­рған ұлан-ғай­ыр жер­ді қалай бөтен­дер­ге тап­тат­пай, тонат­пай, халқы­мыз өзі пай­да­ла­нып, қызы­ғын көре ала­ды деген ой-пікірі­мізді айтып жүр­міз. Сіз­дер­ге де ама­нат – біздің осы ісі­мізді жалға­сты­рас­ы­ң­дар деп сене­мін. Өйт­кені келе­шек­те тағы бір отар­шыл­дар­дың қолы­на түс­пей, аман-есен сақта­лып, мықты ел болуы­мыз – сіз­дер­дің қол­да­ры­ңы­зда! Алаш ары­ста­ры­ның иде­я­сы мен арман-мұрат­та­рын наси­хат­тай­тын, соны нақты іске асы­ра­тын сіз­дер­сіз­дер! Әйт­пе­се көше­ге атын бере­міз, ескерт­кіш орна­та­мыз, бірақ неге олар­дың бағ­дар­ла­ма­сын наси­хат­та­май­мыз?! Құр шай ішу­ге жина­ла­мыз, атта­рын атап өте­міз, кон­церт қоя­мыз. Олар қаза­қты қалай көр­кейт­пек бол­ды? Соны неге қазір­гі заманға лай­ы­қтап пай­да­лан­басқа! Сол жағы­на көңіл бөлі­нуі керек, соны зерт­те­уі­міз керек. Өкініш­ке қарай, соған әлі қолы­мыз жет­пей отыр. Сіз­дер­дің бір мақ­са­ты­ңыз осы болуы керек! Үкі­мет әлі Ала­шор­даға не Алма­ты­да, не Аста­на­да бір ескерт­кіш қой­ған жоқ, – деді Қасен Қожа Ахмет.

– Алаш ары­ста­ры жай­ын­да жүз­де­ген кітап­тар шығар­дық, ескерт­кі­ш­тер қой­дық. Қаза­қстан бой­ын­ша Ала­шор­даға қой­ы­лған жалғыз ескерт­кіш Тұз­ды­ба­стау ауы­лын­да тұр. Оның өзіне осы­дан он жыл бұрын екі-үш ақсақал қар­сы шықты. Бір кәсіп­кер аза­мат сол жер­ге ата­сы­ның ескерт­кі­шін қой­ғы­сы келетінін айт­ты. Біз сол кез­де екі мәсе­ле­де тала­суға бол­май­ты­нын айт­тық. Оның бірін­шісі – Ала­шор­даға, екін­шісі – Жел­тоқ­сан­ды­қтарға ескерт­кіш қою. Осы­лай­ша осы жалғыз ескерт­кі­штің өзі үлкен қиын­ды­қ­пен қойылды.

Енді мен осы күн­ге дей­ін миы­ма сый­май жүр­ген бір нәр­сені айтай­ын. Кітап, кино шығар­дық, ескерт­кіш қой­дық, бәрін жасап жатыр­мыз. Бірақ мына­дай сұрақ бар: неге біз олар­ды құр­мет­тей­міз? Олар не істе­гісі кел­ді, не айт­ты? Қазақ үшін нені жүзе­ге асы­рғы­сы кел­ді? Иә, бірін­ші орын­да тәу­ел­сіз дер­бес мем­ле­кет болу! Бірақ ол қан­дай болуы керек, билік жүй­есі қан­дай болуы керек, қан­дай басқа­ру тәсілі болуы керек – міне осы­ны айт­пай­мыз. Ала­шор­да­ның алға қой­ған мақ­сат­та­ры­ның біре­уі ғана жүзе­ге асты – біз 34 жыл бойы тәу­ел­сіз мем­ле­кет­піз. Қалған бір­де-біре­уін жүзе­ге асыр­ма­дық, тіп­ті оған қар­сы­мыз. Ескерт­кіш қоя­мыз да, олар мына­дай нәр­сені жүзе­ге асы­рғы­сы кел­ді деп айт­пай­мыз. Айт­пақ­шы, олар­дың бір ойы – жеке мүф­ти­ят болу еді. Бұл, ұмыт­па­сам, 1992 жылы жүзе­ге асты.

Ала­шор­да­ның бағ­дар­ла­ма­сын­да «біз­де зем­ство бола­ды» делін­ген, ол – жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру деген сөз. Біз­де ол әлі күн­ге дей­ін жоқ! Сон­дай-ақ бұл бағ­дар­ла­ма­да «баста­уыш сынып тек ұлт­тық тіл­де бол­сын» деген талап бар. Қазір Аста­на мен Алма­ты қала­сын­дағы қазақ бала­ла­ры­ның 40 пай­ы­здан аста­мы орыс тілін­де оқи­ды. Олар шын мәнісін­де әділет­ті қазақ мем­ле­кетін құрғы­сы кел­ді. Дәл сон­дай, Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де көтеріл­ген мәсе­ле­лер­дің 34 жыл­да бір­де-беруі жүзе­ге асқан жоқ! Бірақ ескерт­кіш қояды, Халық қаһар­ма­ны атағын береді. Бұл – үлкен қитұрқы, жаман сая­сат! Адам­дар­ды ақтай­ды, бірақ олар­дың көтер­ген мәсе­лесін, қой­ған тала­бын айт­пай­ды. Менің­ше, бұл – бола­шаққа қой­ы­ла­тын ең үлкен сұрақ. Тәу­ел­сіздік алған­да, Ала­шор­да ары­ста­ры­ның, Жел­тоқ­сан қаһар­ман­да­ры­ның алға қой­ған талап­та­рын жүзе­ге асы­ра­мыз дедік, бірақ жүзе­ге асы­ра алма­дық, – деді Дос Көшім.

– 12 жел­тоқ­сан – қазақ үшін үлкен мей­рам болуы керек. Біздің тұңғыш пре­зи­ден­ті­міз – Әли­хан Бөкей­хан. Бөліп айта­тын бір жайт, жел­тоқ­сан – біздің ұлты­мыз үшін қаси­ет­ті де, қасірет­ті ай. Алаш зия­лы­ла­рын ұлт­шыл­дар деп айып­та­ды. Олар неге ұлт­шыл бол­ды? Мыса­лы, Әли­хан Бөкей­хан Ресей­дің кадет кор­пу­сын­да оқып жүріп, оның бағ­дар­ла­ма­сы қаза­қтың ұлт­тық авто­но­ми­я­сы­на қар­сы екенін түсін­ді. Сон­ды­қтан кадет­тен шығып, Ала­шор­да авто­но­ми­я­сын құруға атса­лы­сты. Ресей пат­ша­лы­ғы талап-ұсы­ны­ста­рын тың­да­маған соң, қазақ ұлтын сақтап қалу мақ­са­тын­да оларға ұлт­шыл болуға тура келді.

1986 жылы да сол бол­ды. 80-жыл­да­ры Қаза­қстан ұлт­сыздан­ды­ру лабо­ра­то­ри­я­сы­на айнал­ды. Сөй­тіп тағы да қаза­қты құр­ту жолы­на түсті. Өйт­кені қазақ ешкім бол­май қал­ды, құқы­ғы тап­тал­ды, дала­дан кім­ді әкеліп бас­шы қып қой­са да көне беретін ұлтқа айнал­ды. Бұған шыда­маған көкірек көзі ояу, бой­ын­да рухы бар намысты қазақ жаста­ры Қона­ев­ты қыз­меті­нен босатқан күні алаңға шықты. Мен сол кез­де М.Тынышбаев атын­дағы Темір жол инсти­ту­ты­ның 3‑курс сту­ден­ті едім. Бұры­нғы Бреж­нев атын­дағы алаң қазақ жаста­ры­на лық тол­ды. Деректер­ге сәй­кес, сол кез­де 35 мың­нан 40 мыңға дей­ін жастар жиналған екен. Міне, олар осы­лай қаза­қтың бар екенін, өз тағ­ды­ры үшін күре­се ала­ты­нын көр­сет­ті. Біз­ден кей­ін әзір­бай­жан, гру­зин, Бал­тық бойы рес­пуб­ли­ка­ла­ры көтеріл­ді. Сөй­тіп қазақ жаста­ры бар­лы­ғын тәу­ел­сіздік­ке баста­ды. Олар­дың рухы қаза­қты бүкіл әлем­ге паш етті. Ардақты ақсақа­лы­мыз Совет­хан Ғаб­ба­сов сол 86-жылы Мәс­ке­уде ғылы­ми кон­фе­рен­ци­яда оты­рған­да, оның жұмысы тоқта­ты­лып, Алма­ты­да қазақ жаста­ры алаңға шыққа­ны айты­ла­ды. Сон­да бүкіл өзге ұлт­тың өкіл­дері «Қазақ жаса­сын!» деп айқай­лай­ды. Міне, көр­діңіз­дер ме!

Сол Жел­тоқ­сан көтерілісін бүгін­ге дей­ін Жел­тоқ­сан оқиға­сы дей­міз. Мен бұл көтерілісті көп зерт­те­дім. Баку­де де бол­дым. Әзір­бай­жан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті 1990 жылы көтеріліс­ке шыққан жастарға «Тәу­ел­сіздік күрес­кер­лері» деген атақ беріп, бар­лық жағ­дай­ды жасаған екен. Бүгін­ге дей­ін олар сол мем­ле­кет­тің құр­мет­ті аза­мат­та­ры. Осы көтеріліс жөнін­де бұл ел қабыл­даған заң­ның жанын­да біздікі түк­ке тұр­май­ды. Біз – өз батыр­ла­ры­мы­зды көтер­мей­тін, қадір­ле­мей­тін ел екен­біз. Сол сияқты ала­шты­қтар­ды да біз әлі күн­ге дей­ін қадір­ле­мей­міз. Тіп­ті Пре­зи­дент жаны­нан құры­лған комис­си­я­ның өзіне Жел­тоқ­сан көтерілісі кір­ген жоқ, оған дұрыс баға беріл­ген жоқ. 200-дей адам құр­бан бол­ды, алаң қанға боя­лып, әскер 168 жастың денесін шығарған. Таңғы сағат 4‑те ыстық сумен алаң­ды жуған. Неге оған баға беріл­мей­ді?! Сон­да не, біз өз батыр­ла­ры­мы­зды ізде­мей­тін, ару­ақты сый­ла­май­тын ұлт­пыз ба?! Неге олар­дың көміл­ген жері табыл­май­ды, неге жана­за­сы шық­пай­ды, біз мұсыл­ман емес­піз бе?! Неге сол жер­ге біз үлкен бел­гі қоймаймыз?!.

Тұз­ды­ба­стау ауы­лын­дағы Кали­нин­нің ескерт­кі­шін құла­тып, орны­на Ала­шор­да­шы­ларға ескерт­кіш қой­ы­ла­тын кез­де мені сот­тал­сын деп, үстім­нен 70 адам арыз жазған, солар­дың көбі өзі­міздің қаза­қтар. Сол кез­де Талғар ауда­ны­ның әкі­мі, ару­ағы риза бол­сын, Жолан Ома­ров дей­тін жігіт болған, сол бір­ту­ар аза­мат: «Бей­сенға­зы аға, жұмысы­ңы­зды жалға­сты­ра беріңіз, бәрі дұрыс бола­ды», – деп шешіп айт­ты. Оның орнын­да басқа біреу оты­рған­да, мен сот­та­лып кете берер ме едім, кім білсін!

Сол ескерт­кі­шті біз Ала­шор­да үкі­метінің құры­лған күні – 12 жел­тоқ­сан мей­ра­мға айнал­сын, біздің жаста­ры­мыз сол жер­ге барып, гүл шоқта­рын қой­сын, тағ­зым етсін, ары­стар­ды еске алсын, олар­дың ел үшін жасаған еңбек­тері айтыл­сын, есім­дері ешқа­шан ұмы­тыл­ма­сын деп аштық, – деді Бей­сенға­зы Сәдуұлы.

Тәу­ел­сіздік күні қар­саңын­да өткен шара­да сөз алған басқа ғалым­дар мен қонақтар да Ала­шор­да­шы­лар­дың қыз­меті мен Жел­тоқ­сан көтерілісінің ел тарихын­да ала­тын орны және тари­хи маңы­зы жөнін­де өз ойла­ры­мен бөлісті. Олар­дың ортақ пікірі бой­ын­ша Алаш мұра­сы – өске­лең ұрпаққа ұлы аманат!

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ,

Талғар ауда­ны

Республиканский еженедельник онлайн