Четверг , 25 декабря 2025

Кәсіпкерлікті ҚОЛДАЙМЫЗ БА,ҚОРЛАЙМЫЗ БА?

Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма және өңір­лік даму коми­тетінің төраға­сы Нұр­тай Саби­лья­но­втың «Жеке кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілеріне мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын көр­се­ту тиім­ділі­гіне жүр­гізілетін мем­ле­кет­тік аудит» тақы­ры­бын­дағы Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның есебіне қосым­ша баяндамасы.

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та төраға­сы өзінің баян­да­ма­сын­да мем­ле­кет­тік аудит нәти­же­лері бой­ын­ша аны­қталған негіз­гі заң бұзу­шы­лы­қтар мен кем­шілік­тер­ді атап өтті. Мен кей­бір мәсе­ле­лер­ге тоқта­лып өткім келеді.

Бірін­ші­ден. Шағын және орта кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері 4,4 млн адам­ды жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп отыр, бұл жұмыспен қам­ты­лған халы­қтың жал­пы саны­ның 48%-ын құрай­ды. Алай­да бюд­жет­тен қыру­ар қар­жы құй­ы­лға­ны­на қара­ма­стан, орта биз­не­стің эко­но­ми­ка­дағы үлесі төмен­де­уде және ол соңғы бес жыл­да 6,7%-дан аспай отыр (2024 жылғы жос­пар бой­ын­ша 8,2%). Мәсе­лен, соңғы бес жыл­да (2019–2024 жыл­да­ры) кәсіп­кер­лер­ге мем­ле­кет тара­пы­нан 4,5 трил­ли­он тең­ге көле­мін­де көмек көр­сетіл­ді. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік қол­да­удың қай­та­ры­мы, тиім­ділі­гі болуы маңызды.

Екін­ші­ден. Мем­ле­кет­тік қол­дау құрал­да­ры­ның тиім­ділі­гі. Жүр­гізіл­ген тал­дау мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның бүкіл жүй­есін тал­да­уда, есеп­ке алу­да және басқа­ру­да орын алған про­бле­ма­лар­ды аны­қта­ды, бұл осы шара­лар­дың нәти­желі болуы­на әсер ете­ді. Бұл шара­лар жүй­есіз көр­сетіліп жатыр. Қол­дау шара­ла­ры­ның қай­та­ла­нуы және ұқсас болуы сал­да­ры­нан Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі мен сала­лық мем­ле­кет­тік орган­дар ара­сын­дағы жау­ап­кер­шілік айқындалмаған.

Көп­те­ген даму инсти­тут­та­ры: Қаза­қстан­ның даму бан­кі, Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры, «Даму» кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту қоры, «ҚазИн­даст­ри» қаза­қстан­дық инду­стрия және экс­порт орта­лы­ғы, «ҚазТрейд» сауда сая­са­тын дамы­ту орта­лы­ғы және т.б. опе­ра­тор­ла­ры құрыл­ды. Олар­да тиім­ділік­ті аны­қтау, тал­дау жүй­есі қалыптаспаған.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның «бір тере­зе» қағи­да­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын ұсы­ну жөнін­де­гі тап­сыр­ма­сы әлі күн­ге дей­ін орын­далған жоқ. Сон­дай-ақ бір субъ­ек­тінің әртүр­лі опе­ра­тор­лар­дан, әртүр­лі қол­дау құрал­да­ры арқы­лы үне­мі қол­дау алу жағ­дай­ла­ры аны­қтал­ды. Мыса­лы: «Тер­ра» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гіне 19 қол­дау құра­лы арқы­лы 10 жыл бойы 17 млрд 11 млн тең­ге сома­сы­на үздіксіз қар­жы­лық қол­дау көр­сетіл­ген (2015–2024 жж.);

«Актеп» ЖШС – 13 қол­дау арқы­лы 10 жыл бойы (2015–2024 жж.) 11 млрд 679 млн тең­ге сома­сы­на қол­дау көрсетілген;

«Пол­три Агро» ЖШС – 2019 жылғы мамыр­да құры­лған. Ал 2020 жыл­дан бастап 4 жыл бойы (2020–2023 жж.) 7 қол­дау құра­лы арқы­лы 2 млрд 932 млн тең­ге сома­сы­на үздіксіз қар­жы­лық қол­дау көрсетілуде.

Бұған қоса, бұл кәсі­по­рын­дар салық жеңіл­дік­терін де пай­да­ланған (инве­сти­ци­я­лық келісім­шарт негізін­де импорт кезін­де қосы­лған құн салы­ғын және кеден­дік әке­лу бажын төле­уден боса­ту бой­ын­ша). Сон­ды­қтан бір субъ­ек­ті­ге қай­та-қай­та бір­не­ше мем­ле­кет­тік қол­дау түрін көр­се­туді тоқта­ту керек. Тиісін­ше уәкілет­ті орган­дар әрбір мем­ле­кет­тік қол­дау шара­сы­ның тиім­ділі­гін баға­лап, тал­да­уды қам­та­ма­сыз еткені жөн.

Сон­дай-ақ «Ата­ме­кен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы жыл сай­ын бюд­жет қар­жы­сы есебі­нен 1 млрд тең­ге­ге биз­неске кон­суль­та­ция беруді және сер­ви­стік қол­дап оты­ру­ды жалға­сты­ру­да және оны онлайн фор­матқа көшіру­ге асы­ғар емес (90% офлайн). Осы­ның сал­да­ры­нан биз­неске фор­маль­ды түр­де көр­сетіл­ген қыз­мет­тер­ге бюд­жет қара­жа­ты­ның тиім­сіз жұм­са­луы орын алу­да. Мұны түзе­ту қажет.

Қарыз алушы­мен үле­стес кәсі­по­рын­дар­ды жеңіл­дік­ті қара­жат есебі­нен жасы­рын қар­жы­лан­ды­ру мысал­да­ры да бар (Мәсе­лен, «Орал транс­фор­ма­тор зауы­ты» мем­ле­кет­тен қол­дау түрін­де 4,2 млрд тең­ге қар­жы алып, оны өзіне бай­ла­ны­сы бар ком­па­ния – «Energy Components» ЖШС-не ауда­рып, ешқан­дай жұмыс жаса­май, 2 ай ішін­де қай­та­рып берген).

Үшін­ші­ден. Цифр­лық фор­мат­тар­ды енгі­зу. 2025 жылғы 20 мау­сым­да Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­мен Мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның тізілі­мі бекітіл­ді. Алай­да бұл Тізілім әлі күн­ге дей­ін жұмыс істе­мей­ді және ұсы­ны­ла­тын мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның толық көле­мін көр­сет­пей­ді. Соны­мен қатар опе­ра­тор­лар ұсы­нған бар­лық шара­лар­ды, оның ішін­де салық жеңіл­дік­терін, мүлік­ті жал­дау бой­ын­ша жеңіл­дік­тер­ді қадаға­лап оты­руға бола­тын біры­ңғай цифр­лық плат­фор­ма жоқ. Нәти­же­лер­ді баға­лау мен тиім­ділік көр­сет­кі­ш­тері қарас­ты­рыл­маған. Осы­ған бай­ла­ны­сты, Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау үшін жуыр­да Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­ры мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры бой­ын­ша біры­ңғай цифр­лық плат­фор­ма­ны енгі­зу тура­лы баста­ма­шы­лық жасап, түзе­ту­лер қабылдады.

Бұл плат­фор­ма бар­лық қол­да­ны­стағы шара­лар­ды жүй­е­лен­діру­ге, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді. Сон­ды­қтан Үкі­мет өз тарапынан:

– тиім­ділік көр­сет­кі­ш­терін әзірлеу;

– мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын ұсы­ну бой­ын­ша мем­ле­кет­тік орган­дар мен даму инсти­тут­та­ры­ның бар­лық ақпа­рат­тық жүй­е­лерін интеграциялау;

– осы цифр­лық плат­фор­ма­ны қол­да­ны­сқа енгі­зу қажет.

Осы плат­фор­ма­да мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын ұсы­ну мерзі­мін аны­қтау керек. Соны­мен қатар бір және сол кәсі­по­рын­дар­дың, сон­дай-ақ құры­л­тай­шы­ла­ры мен неме­се акци­о­нер­лері бір тұлға болып табы­ла­тын, олар­мен үле­стес ұйым­да­ры бар кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілерінің қол­дау шара­ла­рын алуын бол­дыр­мау қажет.

Төр­тін­ші­ден. Өңде­уші өнер­кәсіп. Депу­тат­тар бюд­жет қара­жа­ты­ның ұтым­ды пай­да­ла­ныл­мауы мәсе­лесін үне­мі көтеріп келеді. Осы орай­да кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын алу бары­сын­да рәсім­дер­дің күр­делілі­гіне тап бола­ды. Өкініш­ке орай, көп­те­ген кәсіп­кер­лер мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­ры­ның бар екенін тіп­ті біле де бермейді.

Тағы бір про­бле­ма. Мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу бары­сын­да құры­лы­стың сме­та­лық құны асы­ра көр­сетілетіні аны­қтал­ды, мұн­дай жағ­дай мем­ле­кет­тен шама­дан тыс қол­дау шара­ла­рын пай­да­ла­нуға алып келеді. (Мыса­лы, мына­дай инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­ру кезін­де (мем­ле­кет­тік қол­дау шара­сы – экс­порт­та­у­шы­лар­ды қаржыландыру):

– «Өнім­ділі­гі жылы­на 5 млн тон­на бола­тын, құра­мын­да алты­ны бар баста­пқы кен­ді қай­та өңдеу кешенін салу және пай­да­ла­ну» жоба­сы­ның сме­та­лық құны 208,6 млн тең­ге­ге асы­ра бағаланған;

– «Бай­ы­ту фаб­ри­ка­сын, агло­ме­ра­ци­я­лық фаб­ри­ка­сы бар Сары­арқа фер­роқо­рыт­па зауы­тын салу және жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыр­ту» жоба­сы­ның құны 137,8 млн тең­ге­ге артық көрсетілген.

Өңде­уші өнер­кәсіп субъ­ек­тілеріне көр­сетіл­ген жиын­тық мем­ле­кет­тік қол­да­удың әрбір тең­гесіне орта есеп­пен 20 тең­ге­ден төлен­ген салы­қтар келеді. Бұл тиім­ділік­тің төмен екенін көрсетеді.(«Шри-Лайн» ЖШС – 0,5 тең­ге, «Орал транс­фор­ма­тор зауы­ты» ЖШС – 0,49 тең­ге, «Құю өндірісі» ЖШС – 0,24 тең­ге, «QAZAQASTYQ GROUP» ЖШС – 0,05 тең­ге, «Мол­про­дукт» ЖШС – 0,5 тең­ге (про­бле­ма­лық актив ретін­де таны­лған), «AGRITECH» ЖШС – 0,12 тең­ге, «Мас­ло-Дел Пет­ро­пав­ловск» ЖШС – 0,005 теңге).

Тағы бір мысал – экс­порт көле­мін төмен­детіп көр­се­ту. Мәсе­лен, «Қай­нар-АКБ» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гіне кре­дит желісін ашқан кез­де 2019 жыл­дан бастап жыл сай­ын экс­порт­тық түсім­нің көле­мін кемін­де 17 млрд тең­ге­ге жет­кі­зу бой­ын­ша талап қой­ы­лған. Ал серік­те­стік­тің 2017 жыл­дан бер­гі экс­порт­тық түсі­мі онсыз да 17,4 млрд тең­ге. Бұл рет­те экс­пор­тқа дей­ін­гі қар­жы­лан­ды­ру – мем­ле­кет­тік қол­дау шара­сы ретін­де экс­порт көле­мін ұлғай­ту мақ­са­тын­да ғана берілу­ге тиіс. Және қар­сы мін­дет­те­ме­лер­ді аны­қтау кезін­де экс­порт­тың өсуі бой­ын­ша талап­тар­ды бел­гілеу қажет (өндірістік құн көле­мін, өнім­нің көле­мін, лока­ли­за­ция дең­гей­ін арт­ты­ру, жұмыс орын­да­рын ашу, жалақы­ны көтеру).

Бұған қоса, тау­ар­лар экс­пор­ты­ның құры­лы­мы­на тал­дау жасау шикі­заттық емес (өңдел­ген) тау­ар­лар экс­пор­ты­ның үлесі төмен екенін көр­сетіп отыр: 2022–2023 жыл­да­ры экс­порт­тың жал­пы көле­мін­де­гі үлесі – 32%; 2024 жылы – 35%. Сон­ды­қтан дай­ын өнім шыға­ра­тын өңде­уші өнер­кәсіп­тің мұқтаж кәсі­по­рын­да­ры­на мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау көр­се­ту қажет. Сон­дай-ақ мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау ала­тын кәсі­по­рын­дар шикі­затты, тау­ар­лар мен қыз­мет­тер­ді Отан­дық тау­ар өндіру­шілер тізілі­міне енгізіл­ген біздің өндіру­шілері­міз­ден ғана алуы қам­та­ма­сыз етілуі қажет.

Бесін­ші. Әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар­дың қыз­метіне тоқта­ла кет­кен жөн. Әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар­дың аймақтар­дағы 20 жылға жуық қыз­меті эко­но­ми­ка­ның қажет­ті ауқым­да дамуы­на түбе­гей­лі әсер етпе­ді. Тек соңғы 5 жыл­да 13 өңір­лік әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­яға кре­дит беру­ге 288,6 млрд тең­ге бюд­жет қара­жа­ты бөлінді.

Қазір­гі уақыт­та кор­по­ра­ци­я­лар­дың қыз­метін рет­тей­тін стра­те­ги­я­лық құжат жоқ. Бұл рет­те қол­да­ны­стағы заң­на­ма­да жал­пы нор­ма­лар қам­ты­лған (АҚ тура­лы, Мем­ле­кет­тік мүлік тура­лы заң­дар, Кәсіп­кер­лік және Жер кодек­с­тері). Мұн­дай жағ­дай бақы­ла­удың бол­мауы­на, бюд­жет қара­жа­ты мен мем­ле­кет­тік актив­тер­ді тиім­сіз пай­да­ла­нуға, сон­дай-ақ қар­жы­лық бұзу­шы­лы­қтарға алып кел­ді. 13 әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­яға жүр­гізіл­ген аудит бойынша:

– 137,9 млрд тең­ге­ге қар­жы­лық заңбұ­зу­шы­лы­қтар (оның ішін­де бух­гал­тер­лік есеп пен қар­жы­лық есеп­тілік­ті бұр­ма­лау – 132, 7 млрд теңге);

– 33,6 млрд тең­ге­ге бюд­жет қара­жа­ты мен актив­терін тиім­сіз пай­да­ла­ну ісі анықталды.

Мем­ле­кет 13 кор­по­ра­ци­я­ның жарғы­лық капи­та­лын толы­қты­ру үшін 596,3 млрд тең­ге бөл­ді. Бірақ осы­ған қара­ма­стан, жыл­дан-жылға олар­да шығын­ды­лық сақта­лу­да. 2024 жыл­дың соңын­да 13 кор­по­ра­ци­я­ның 8‑інің жабыл­маған шығы­ны 209,5 млрд тең­гені құрады.

Кор­по­ра­ци­я­лар негіз­гі кірісті алы­нған бюд­жет қара­жа­тын банк­тер­де­гі депо­зит­тер­ге орна­ла­сты­ру­дан және кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілеріне қарыз беру­ден ала­ды (лицен­зия алмастан).

Сон­дай-ақ әле­умет­тік кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар, көбі­не­се кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері мен «Азық-түлік келісім­шарт кор­по­ра­ци­я­сы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» акци­о­нер­лік қоға­мы ара­сын­дағы мәміле­лер­де кепіл­гер ретін­де әре­кет ете­ді. Бұл үне­мі тиім­ді бола бер­мей­ді. Олар­дың инве­сти­ци­я­лық қыз­меті іс жүзін­де терең құл­ды­рау кезеңін­де. Инве­стор­лар тара­пы­нан көп­тен бері сенім жоқ.

Оның үстіне кор­по­ра­ци­я­лар жарғы­лық капи­тал­ды қалып­та­сты­ру және толы­қты­ру арқы­лы өздерінің мен­ші­гіне өтетін ком­му­нал­дық мен­шік объ­ек­тілеріне қол жет­кі­зе ала­ды. Бұдан әрі осы актив­тер­ді басқа­ру, оның ішін­де иелік­тен шыға­ру ашық емес жағ­дай­лар­да, әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар­дың қала­уы бой­ын­ша және жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­мен мін­дет­ті түр­де келісіл­мей жүзе­ге асырылады.

Кор­по­ра­ци­я­лар­дың жер учас­ке­леріне мен­шік құқы­ғы­нан бас тар­ту фак­тілері де бар. Бұдан басқа, әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар рен­та­бель­ді емес еншілес ұйым­дар құрып, кей­ін­нен олар­дың қыз­меті тоқта­ты­ла­ды. Осы­лай­ша, тал­дау көр­сет­кен­дей, кор­по­ра­ци­я­лар бәсе­ке­ге қабілет­сіз және ола­рың қомақты боры­штық мін­дет­те­ме­лері бар. Сон­ды­қтан Үкіметке:

– әле­умет­тік-кәсіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­лар­дың қыз­метін рет­ке кел­тіруді және оның тиім­ділі­гін қам­та­ма­сыз етуді;

– уәкілет­ті мем­ле­кет­тік орган­ды айқындауды;

– олар­дың қыз­метін толық цифр­лан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз етуді;

– қар­жы­лық бұзу­шы­лы­қтарға жол бер­ген тұлға­лар­ды жау­ап­кер­шілік­ке тартуды;

– еншілес кәсі­по­рын­дар құруға тый­ым салуды;

– кор­по­ра­ци­я­ларға беріл­ген мүлік­ті, жер учас­ке­лерін мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ру­ды және мақ­сат­сыз пай­да­ла­ны­лған бюд­жет қара­жа­тын қай­та­ру­ды қам­та­ма­сыз етуді ұсынамыз.

Сөз соңын­да айта­рым, жеке кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілеріне мем­ле­кет тара­пы­нан көр­сетілетін қол­дау шара­ла­ры әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан әсер беру­ге тиіс. Мем­ле­кет­тік қол­дау алған кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері өз қыз­метін тоқтатқан жағ­дай­да кәсі­по­ры­нға, оның құры­л­тай­шы­ла­ры мен акци­о­нер­леріне көр­сетіл­ген мем­ле­кет­тік қол­да­уды толық көлем­де мем­ле­кет­ке қай­та­руға мін­дет­теу керек.

Үкі­мет эко­но­ми­ка­ны дамы­ту мақ­са­тын­да жеңіл­детіл­ген несие беру жүй­есін қалып­та­сты­руы қажет. Атап айтқан­да, кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілеріне жыл­дық 8–10 пай­ыз мөл­шер­ле­ме­мен несие беру теті­гін енгі­зуі керек.іҚайтарымсыз суб­си­дия беру тәжіри­бесін тоқта­ту қажет. Себебі соңғы 3,5 жыл­да биз­нес субъ­ек­тілерін қол­дау мақ­са­тын­да бюд­жет­тен банк­тер­дің сый­ақы мөл­шер­ле­месін суб­си­ди­я­ла­у­ға 686 млрд тең­ге жұмсалған.

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та жүр­гіз­ген мем­ле­кет­тік аудит уәкілет­ті орган­дар­дың, даму инсти­тут­та­ры­ның, әкім­дік­тер­дің жұмысын­да кем­шілік­тер бар екенін көр­сет­ті. Оны жой­ып, қате­мен жұмыс істеу керек.

Республиканский еженедельник онлайн