Четверг , 25 декабря 2025

ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ САТҚЫНДАР

Бүгін Сағат Батыр­хан апай­дың: «Жел­тоқ­сан желі: Қай­ы­р­жан мен Қуа­ныш» атты жаз­ба­сын оқып, ауыр ойларға бат­тым. Аста­на мен Маңғы­стау аспа­нын­дағы екі жарым сағат уақыт бой­ы­на сол көңіл­сіздік­тен босай алсамшы…

Иә, сатқын­дық ұлт, уақыт, дәуір таң­да­май­ды. Ол бар­лық уақыт­та бар­лық жер­де кез­де­се беретін руха­ни апат. «Екі­жүзді арсыздың жаулы­ғы­нан да досты­ғы қатер­лі» демек­ші, күл­лі екі­жүзділер – сатқын­дар! Жарай­ды, бей­біт уақыт­тағы сатқын­ды­қтар жеке­ле­ген жан­дар­ды әбі­гер­ге салуы неме­се өмірін бұзуы мүм­кін. Ал ел ертеңі, ер тағ­ды­ры сына­лар екіта­лай тұста жасалған опа­сызды­қтар, беті әрмен, ол бүкіл отан-орма­ны­ң­ды отап кетуі мүм­кін… 37-де сөйткен!

Ауыр ойлар осы­дан тура 39 жыл бұрын Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де өткен екі-үш реңсіз һәм рей­ім­сіз әре­кет­тер­ді жадым­да жаңғыртты…

20 жел­тоқ­сан күні түс ауа Розы­ба­ки­ев, 259-дағы пәтерім­нен шығып, жұбай­ым Бибіай­ша мен Жанат қарын­да­сым Аймұ­хам­бе­то­ва­ны сабақтан алып кету­ге Қаз­МУ-дің қала­шы­ғы­на кел­дім. Шыным­ды айтай­ын, қазір батыр­сы­нып оты­рғам жоқ, туы­мыз құлаған, ұнжы­рға­мыз түс­кен, бірақ рухы­мыз сын­бап еді. Бір Алла мен атам Бекет­ке сиы­нып алып, жалғыз жор­та беретіні­ме кей­ін таңға­лам. Қан­ша мәр­те өлім­нен, басқа да қатер­лер­ден аман қал­дым сол қаһар­лы күн­дер­де. Қаза­қстан атты кеңістік­те «қазақ» атты халы­қтың бұралқы ит құр­лы құны жоқ еді! Қаза­қтың қаза­қтан басқа ешкім­ге керек емесін жан уә ділі­міз­бен ұғып едік қатер­лі күндерде!

Әуелі жур­фак­тың 5‑жатақханасына соғып, доста­рым­мен жолы­ғып, аман­ды­қта­рын біл­дім. Бауы­р­жан Үсе­нин, Жұма­бай Құли­ев, Табыл­ды Досы­мов бастаған жігіт­тер­дің әрқай­сысы екікүн­дік тең емес шай­қа­ста баста­ры­нан өткен уақиға­лар­ды айты­сып жатыр. Сол кез­де Әмір­жан Қоса­нов кіріп келіп: «Жігіт­тер, тараң­дар, қазір КГБ обла­ва жасай­ды!» деген суыт хабар жет­кізді. Тез жылы­сып, оқу орны­нан жұбай­ым мен Жанат­ты ертіп, пәтер­ге жет­тік. Тым көңіл­сіз едік. Үйге жет­кесін ептеп «тіріл­дік». Олар бүгін оқу орнын­да өткен «сауы­қты­ру» жиы­нын­дағы әңгі­ме­лер­ді қозға­ды. Жай­шы­лы­қта жаз­ди­дар әйгілі ұста­зы­мы­здың бірі бұларға «жел­тоқ­сан-қаһар­мен» күні бойы жынын шашып бағып­ты: «Кілең құл-құтан­ның жал­шы­маған ұрпақта­ры, асы­рап-өндір­ген, мал­дан төмен болып жүр­ген­дерің­де оқы­тып-тоқы­тып, адам сана­ты­на қосқан Әке-Пар­ти­я­мы­здың қадірін біл­медің­дер! Ұлы Ленин иде­я­сын сат­ты­ң­дар, қыры­лғыр­лар! Ұлы орыс халқы­ның алдын­да бізді қара­бет қыл­ды­ң­дар! Кім­ді қырай­ын деп жүр­сің­дер, тексіз сүме­лек­тер!..». Осын­дай леп­пен неше сағат бойы лапыл­даған ғой, жары­қтық! Өздері мұз­ды алаң­дағы рақым­сыз күшпен шай­қа­ста шара­сыз жеңіл­ген жастар­ды одан сай­ын жер­леп, рахат тапқан ғой! Бұл, әрине, аға-буын­ның сатқын­ды­ғы еді. Бес-ақ жыл­дан соң сол «жаз­ди­дар­дың» Жел­тоқ­сан көтерілісі жай­лы мүл­де басқа­ша бағыт­та сай­рап тұрға­нын көріп, тағы бір «тән­ті» болғам…

Екін­ші сатқын­ды­қты өз заман­даста­ры­мы­здан көр­дік. Әлгі «жаз­ди­дар-жам­поз­дың» тұрғы­ла­сы тағы бір про­фес­сор ұста­зы­мыз бар-тын. Ол Ұлт Мұра­ты­на өте адал адам бола­тын. Жұбайы да күл­лі қаза­ққа мәшһүр тек­ті әулет­тің қызы еді де, оның әкесі 37-жылы озық өнері, асыл тегі, ұлты­на деген адал махаб­ба­ты үшін аты­лып кет­кен. Тағ­дыр­дың усой­қы­сы­на қараңыз­шы, осы­нау екі асыл­дан дүре­ген бір әуке­бас дүре­гей жүретін. Атын да тауып қой­ған – Ғада­у­ат! Әуелі Ленин­град­та оқып, одан шығып қалып, біздің кур­сқа кел­ген. Біз­ден де қалып, кей­ін­гі кур­спен оқып жатқан. Жел­тоқ­сан­да сол арам шөп «гүл­деді»! Факуль­тет­те­стер мен кур­с­та­ста­ры­на шыны­мен ғада­у­ат орнат­ты: ашық сат­ты! Көтеріліс­ші жастар­ды әшке­ре­леу жолын­да жан­та­ла­са қай­рат қыл­ды. Қан­ша­ма қыз-жігіт­тер­ді көзі­нен тізіп, жен­дет­тер­дің қолы­на тапсырды!

Әлі есім­де, Қар­лы­ғаш Төленқы­зы, Жанат Әскер­бекқы­зы, жұбай­ым Бибіай­ша Іли­ясқы­зы баста­рын түй­істіріп алып: «Япыр­май, мына пәле­ге не істе­у­ге бола­ды?..» – десіп, тау­сы­лып оты­ра­тын. Мен де әлгіні жолы­мы­здан алып таста­удың талай тәсілін ойла­стыр­дым, алай­да біздің бар тарап­та жолы­мыз кесіл­ген, айла-ама­лы­мыз түгесіл­ген кезең-тін… Бере­гірек­те сол әщады­ның талай жыл­дар­дан бері шетел­дер­де елші екені, жат жер­де жүріп өзі­мен сала­лас қаза­қтың әлдебір аза­ма­ты­на жасаған қысас-қия­на­ты тура­лы оқып, жағам­ды ұста­дым. Ей, Ата-Қазақ, «жаман­ды бол­мас жаса­уға» деп осын­дай­да айтқан екенсің-ау…

Осы­нау Сатқын КГБ-ға ұстап бер­ген аяу­лы қыздың бірі аты­на заты сай, иба­сы жүзіне жұққан Әзи­за бола­тын. Біз­ден екі курс соң оқы­ды. Сор­маң­дай қыз есі­мі Мал­та­бай ма, Қал­та­бай ма, біти көзді, сықи сөзді біре­умен сөз бай­ла­сты, тіп­ті үйле­ну той­ла­ры­нан бұрын бір бөл­ме­де тұрып жат­ты. Ал әлгі біти көз ғашық жары­ның басы­на күн туған­да, мүл­де басқа кей­іп­ке енді, одан ада-күде безініп, бар­ри­ка­да­ның қар­сы бетіне өтіп, өкі­мет пен пар­ти­яға «адал­ды­ғын» жан­ке­штілік­пен таны­тып бақты! Қазір де Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның халал қанын құлға­на­дай сорып, бар мақ­сат, бар­ша мұра­тын ада­лап жүріп жат­са керек…

Көтерілі­стен соңғы жаза­лау кезеңін­де – «наш суд, самый гуман­ный суд в мире» – шыбы­нға да зала­лы тиме­ген бақ­сыз Әзи­за­ны суық жаққа әлде­не­ше жылға жер ауда­рып жібер­ді. Сол азапты айда­удан дерт тауып қай­тып, елге жет­кесін ұза­май жан­тәсілім етіп­ті әзіз жан… Әрине, Ұлты­ның азатты­ғы жолын­да опат тапқан аяу­лы жан­ның мәң­гі мекені Бей­іш екеніне күмәнім жоқ. Әйт­се де, Сағат апай­дың кей­іп­кері «сар сай­тан-сатқын­дар» мадаққа малы­нып, тон жамы­лып жатқан­да, шын шей­іт­тер­дің мүл­де еле­усіз – тоң төсеніп, мұз жаста­нып, топы­рақ жамы­лып қала барған­да­ры­на қамы­ға­сың… Маған Әзи­за импе­рия жен­дет­терінің зия­нат-зор­лы­ғы­нан гөрі, «аза­мат» деп сеніп, ете­гі­нен ұстаған жігітінің опа­сызды­ғы – қия­нат-қор­лы­ғы­нан өлген­дей көрі­неді де тұрады…

PS. Бұл шағын жаз­бам­да бел­гілі себеп­тер­мен біраз пен­денің есім­дерін өзге­ше таң­ба­ла­дым. Алай­да мен қым­таған­мен, Уақыт атты Үкім­дар бар­лық бет­пер­дені сыпы­ра­ды ғой бір күні: өлісінің де, тірісінің де! Мен «аяу­шы­лық» таны­тқан­мен, Әділет атты Жаза­гер Ұлты­ның Азаттық жолын­дағы сан ғасыр­лық күресін жалға­сты­рған әһілі шей­іт­тер­ге қия­нат қылған бар­лық сатқын­дар­дың тәм­бай­ын тар­тқы­за­ды ғой ертелі-кеш! Әрине, оған қан­дай күмән болуы мүмкін?!

АЙТ-МАН Маңғы­стау уәлаяты,Көздіойық қонысы,17.12.25.

Республиканский еженедельник онлайн