Четверг , 15 января 2026

МЕДАЛЬ МЕН АТАҚ САТУ дағдысын доғару бола ма?

Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры – Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Ғалы­мқы­зы Бала­е­ваға фото­сын ішкі бет­ке беріңдер.

Атағы жоқ, медаль алмаған кім қал­ды? Айтай­ын дегенім, атаққұ­мар­лық кәдім­гі дерт­ке айна­лып бара­ды. Мара­пат пен атақ – база­рда саты­ла­тын суве­нир сияқты. Атақ сата­тын аты бел­гісіз қоғам­дық ұйым­дар медаль, орден­дер­ді шүлен таратқан­дай оңды-сол­ды үле­стіріп жүр. Бұған өзі тоқтам бар ма?

Бұған дей­ін бұл мәсе­лені біраз әріп­те­стерім де көтер­ді. Арнайы заң, нор­ма да қабыл­дан­ды. Алай­да бұл үрдіс керісін­ше үдеп бара­ды. Мәсе­лен, «Қаза­қстан­ның құр­мет­ті аза­ма­ты» төс­бел­гісі, «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қыз­мет­кері» медалі және «Ұлт ұста­зы» дей­тін атақтар кей­бір деректер­ге қараған­да, ашық не жасы­рын түр­де 20 мың­нан 100 мың тең­ге­ге дей­ін­гі ара­лы­қта баға­ла­на­ды екен. Пысы­қай ұйым­дар кәдім­гі зәулім ғима­рат­тар­ды жалға алып, ақша­сы бар кәсіп­кер­ден бастап мұғалім­ге дей­ін қызыл кілем төсеп, сахнаға сал­та­нат­ты түр­де тұрып мара­пат­тай­ды. Өздері мәз. Шын мәнін­де не атақ алып жатқа­нын өздері де біл­мей­ді. Әле­умет­тік желілер­де жары­са жари­я­лап, қызуы басы­лған­ша той­ла­у­мен әлек. Мәсе­ле – біре­удің мара­пат алға­нын­да емес. Мәсе­ле – мара­пат­тың қан­дай жол­мен, қан­дай негіз­де беріліп жатқа­нын­да. Құн қал­ма­ды. Пысы­қай­лар үшін бұл биз­нес қана.

Тіп­ті, «Ғасыр ұста­зы», «Алаш ұста­зы» дей­тін атақтар шығып­ты. Тек ақша­сын төле­сең бол­ды, медаль да, орден де, куәлік те, қысқа­сы, дай­ын «шоу-пакет­ке» бір­ден ие боласың.

Көп­те­ген дамы­ған елдер­де мем­ле­кет­тік мара­пат­тар – заң­мен қорға­ла­тын инсти­тут. Атақтар мен награ­да­лар­дың кри­те­рийі нақты бел­гі­леніп, рәсім­де­луі ашық түр­де жүзе­ге аса­ды. Бұл жүйе награ­да­ның беделін сақта­уға, заң­сыз саудаға жол бер­ме­у­ге, қоғам­да әділ­дік пен мораль­дық тәр­тіп­ті қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Ал біздің елде ше? Қал­та­сын­да қар­жы­сы неме­се таны­сы бар кез кел­ген адам қоғам­дық ұйым ашып алып, атақ тара­ту­мен айна­лы­са ала­ды. Ең қауіп­тісі – бұл «мара­пат биз­несінің» ең алды­мен мек­теп­тер­ге енуі. Бүгін­де ұста­здың кәсі­би дең­гейі нақты нәти­же және білім сапа­сы­мен емес, алғыс хат пен медаль саны арқы­лы өлше­нетін­дей жағ­дай­ға жет­тік. Соның сал­да­ры­нан мұғалім­дер оқу­шы­ға білім беру емес, мара­пат жинау жағы­нан бір-бірі­мен жары­са бастады.

Бұл – білім жүй­есінің ірге­та­сын шай­қал­та­тын аса қауіп­ті құбы­лыс. Қап­таған атақ таратқыш ұйым­дар­дың кесірі­нен біз атақ пен мара­пат­ты той­ға апа­ра­тын жай сый­лық дең­гей­іне дей­ін арзан­да­тып алдық.

Осы­ған бай­ла­ны­сты төмен­де­гі мәсе­ле­лер бой­ын­ша Үкі­мет­ке нақты ұсы­ны­стар жолдаймын:

1. 2025 жылғы мау­сым­да қабыл­данған заң­на­ма­лық өзгерістер­дің толық әрі тиім­ді іске асуын қам­та­ма­сыз ету, мем­ле­кет­тік награ­да­лар тура­лы заң нор­ма­ла­ры­ның орын­да­луы­на жүй­елі бақы­лау орнату.

2. Қоғам­дық мара­пат­тар­ды заң­сыз тара­ту фак­тілері бой­ын­ша әкім­шілік және өзге де құқы­қтық шара­лар­ды жүй­елі түр­де қол­да­ну, жау­ап­ты тұлға­лар­дың әре­кетіне нақты құқы­қтық баға беру.

3. Мем­ле­кет­тік және қоғам­дық награ­да­лар­дың біры­ңғай тір­келі­мін енгі­зу, цифр­лық бақы­лау мен қадаға­лау тетік­терін күшей­ту арқы­лы мара­пат­тау инсти­ту­ты­ның ашы­қты­ғы мен беделін қам­та­ма­сыз ету.

​Шын­ды­ғы сол – мем­ле­кет­тік награ­да­лар­мен шата­сты­ра­тын қоғам­дық атақтар­ды таратқан­дар өздерін кінәсіз сезі­неді. Бұл – заң­ның әлсізді­гі емес, оның орын­дал­мауы­ның сал­да­ры. Менің ойым­ша, сал­мағы жоқ, жөн-жосы­қ­сыз саты­лып жатқан атақ-мара­пат­тар­ды тоқта­ту­дың бір ғана жолы бар: сатқы­з­бау, сатып алмау және жол бер­ген­дер­ді заң нор­ма­ла­ры­на сәй­кес жау­а­пқа тарту.

​Осы­ны бүгін қолға алма­сақ – ертең кеш болады!

Мақ­сат ТОЛЫҚБАЙ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн