Пятница , 23 января 2026

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

Кеңе­стік кезең­де жет­піс жыл­дан астам шови­ни­стік сая­сат­тың ықпа­лын­да болған елі­міз еге­мен­дік­тің отыз бес жылын­да да, өкініш­ке қарай, сол вер­ти­каль­ды әкім­шілік тәсіл­ден толық ары­лып бол­ма­ды. Жүй­елік жаңғы­ру орны­на инер­ция үстем: өкілет те, қар­жы да орта­лы­қта шоғыр­ла­на береді; бөлін­ген күн­нің өзін­де оның қомақты бөлі­гі Аста­на­да іркіліп, қалға­ны мини­стр­лік­тер мен облыс орта­лы­қта­ры­ның дәліз­дерін­де сүр­леніп, жер­гілік­ті дең­гей­ге «қасы­қтап тамы­зы­лған­дай» мөл­шер­де ғана жете­ді. Мұн­дай аху­ал­да сыбай­лас жемқор­лық тетік­тері қай­та жан­да­на­ды, ал нақты аза­матқа арналған қыз­мет пен инфрақұры­лы­мға қара­жат­тың жұғындысы ғана тиеді. Содан соң «Қаза­қстан­ның қай мұңын сұрай­сың?» деген күй­іні­шті сау­ал өзі­нен-өзі туады.

Жаһан­дық өрке­ни­ет ырғағы өте шап­шаң: цифр­лан­ды­ру, жасан­ды интел­лект, робо­то­тех­ни­ка дәуірі туды. Ақпа­рат ағы­ны көз іле­с­пес жыл­дам­ды­ққа жет­ті, іле­судің өзі қиын. Ащы ақиқат: жаңа тех­но­ло­ги­я­лар бой­ын­ша біз 30–40 жыл­дай кей­ін­деп қал­дық. Деген­мен, талант­ты жаста­ры­мы­здың әле­уеті мен кәсіп­кер­лік рухы­на сүй­ен­сек, XXI ғасыр­дың жүй­рік пой­ы­зы­ның соңғы емес, алды­ңғы ваго­ны­нан орын алуға мол тари­хи мүм­кін­дік бар!

Ол үшін мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың құры­лы­мын түбе­гей­лі жаңар­тып, көп­тен тұра­лап қалған «Аста­на-облыс-аудан» сұл­ба­сы­нан инте­грал­ды, гори­зон­тал­ды, инве­сти­ци­я­лық жоба­ларға негіз­дел­ген нары­қтық басқа­ру моделіне батыл ауы­су қажет. Аймақа­ра­лық синер­гия мен бір­лес­кен жос­пар­лау – басты қағи­даға айна­луы тиіс!

Қазір­гі тәжіри­бе әр облы­сты «жеке­лен­ген аралға» айнал­дыр­ды: 2–3 өңір­ге ортақ түйт­кіл­дер­ді бірі­гіп шешу сирек. Қатар жатқан облы­стар логи­сти­ка мен тех­но­ло­ги­я­ны ортақ иге­руді айт­паған­да, су ресур­ста­ры, эко­ло­гия, ауа бас­сей­ні, жер қой­на­уын кешен­ді пай­да­ла­ну, орман шару­а­шы­лы­ғы, жетіс­пей­тін кадр әле­уетін ортақ жос­пар­лау сияқты мәсе­ле­лер­ге де жүй­елі бет бұр­май келеді.

Осы жүй­елік олқы­лы­қтар­дың сал­да­ры – фис­кал­дық тең­герім­сіздік: бүгін­гі таң­да ел бюд­жетінің негіз­гі ауырт­па­лы­ғы небәрі үш өңір­дің – Алма­ты, Аты­рау және Аста­на­ның иығын­да тұр, ал өзге өңір­лер­дің басым бөлі­гі дота­ци­яға тәу­ел­ді. Облыс әкім­дік­тері үшін тек бюд­жет­ті «жет­кі­зу» мен жыл сай­ы­нғы біт­пес тен­дер рәсім­дерін өткі­зу ғана басты шару­аға айналған. Ал инве­сти­ция тар­ту, оны нақты өндіріс­ке көші­ру, жаңа жұмыс орын­да­рын құру мәсе­ле­лері көбіне қағаз жүзін­де қала­ды. Нәти­же­сін­де «масыл­дық кей­іп­те­гі» құры­лым қалып­та­сып, қар­жы­лық дер­бес­тік пен жау­ап­кер­шілік әлсірей­ді. Тәу­ел­сіздік алған­нан бері өңір­лер­ді 3−5−10 жыл­дық бағ­дар­ла­ма­лар арқы­лы дота­ци­я­лық мәр­те­бе­ден бір­тін­деп шыға­ру жөнін­де нақты баста­ма көте­ретін сая­си жігер жетіс­пей келеді. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, Үкі­мет, Пар­ла­мент ара­сын­да да бұл мәсе­ле­де қозға­лыс баяу, инно­ва­ци­я­лық сер­пін сезілмейді.

Енде­ше «Не істеу керек?» деген тағ­дыр­лы сау­ал қай­та­дан күн тәр­тібіне ора­ла­ды. Осы тұрғы­да облы­стық басқа­ру­дың бүгін­гі моделін түбе­гей­лі қай­та құрып, аймақтық және аймақа­ра­лық дең­гей­де ықпал­дасқан басқа­ру жүй­есіне көшу –­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­уақыт тала­бы! Рес­пуб­ли­ка аумағын 5 ірі аймаққа (ескі­ше – 5 уәла­ятқа) бөлу ұсы­ны­ла­ды: 1) Батыс Қаза­қстан; 2) Сол­түстік Қаза­қстан; 3) Орта­лық Қаза­қстан; 4) Шығыс Қаза­қстан; 5) Оңтүстік Қаза­қстан. Мұн­дай кон­фи­гу­ра­ци­я­ның мис­си­я­сы – клас­си­ка­лық әкім­шілік функ­ци­я­лар­мен шек­тел­мей, ірі аумақтық және аймақа­ра­лық даму­ды үйле­сті­ру, инве­сти­ци­я­лық жоба­лар­ды, мем­ле­кет­тік және өңір­лік бағ­дар­ла­ма­лар­ды, тран­сөңір­лік биз­нес-эко­но­ми­ка­лық баста­ма­лар­ды жос­пар­лау және жүзе­ге асыру.

Әр уәла­ят­тың бас­шы­сы­на заң арқы­лы вице-пре­мьер мәр­те­бесін беру – жау­ап­кер­шілік­ті нақты­лап, эко­но­ми­ка­лық өсім­ге тіке­лей мін­дет жүк­тей­ді. Ал облы­стар­дағы «кіші әкім­дер­дің» басты наза­ры әле­умет­тік сая­сатқа, адам капи­та­лы­на, әр аудан мен әрбір ауыл­дың күн­делік­ті мұқта­жы­на бағыт­та­луы тиіс. Руха­ни, мәде­ни-тари­хи құн­ды­лы­қтар­ды көте­ру, тәр­бие мен қауым­да­стық бір­лі­гін күшей­ту – ауыл­ды жан­дан­ды­ру­дың өзе­гі. Осын­дай құры­лым­дық рефор­ма іске асса, елде үде­мелі, тең­герім­ді даму бастау алады.

Әрі қарай әр аймақтың бәсе­келі арты­қ­шы­лы­ғын еске­ре оты­рып маман­дан­ды­рып, өсу нүк­те­лерін аны­қтап, елдің жаңа­ша үде­мелі дамуын қам­та­ма­сыз ететін 6 мега­по­лис қалып­та­сты­ру ұсынылады.

Олар:

1‑мегаполис – Оңтүстік өңір: Түр­кістан­ды руха­ни жаңғыр­тып, Ұлы Жібек жолын зама­на­уи фор­мат­та жан­дан­ды­ру арқы­лы «РУХАНИ АСТАНАҒА» айнал­ды­ру. Бұл жоба Түр­кі өрке­ни­еті кон­текстін­де халы­қа­ра­лық мән­ге ие; 8,5 млрд дол­лар­лық сме­та­мен билік­ке ұсы­ны­лға­ны мәлім.

2‑мегаполис – Аста­на («Сары-Арқа» ата­уын беру ұсы­ны­ла­ды): мем­ле­кет­тік басқа­ру, сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың орта­лы­ғы, әкім­шілік-ұйым­да­сты­ру­шы, мега­ди­пло­ма­ти­я­лық бас қала ретін­де кешен­ді дамы­ту бағы­ты бекітіледі.

3‑мегаполис – Алма­ты: елдің зият­кер­лік өзе­гі әрі халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі мәде­ни­ет, ғылым, биз­нес, туризм, қар­жы орта­лы­ғы. XXI ғасыр­да цифр­лық эко­но­ми­каға сүй­ен­ген «инно­ва­ци­я­лық қала» мәр­те­бесін нақты жоба­лар­мен бекем­деу – стра­те­ги­я­лық меже.

4‑мегаполис – Семей: Алаш мұра­сы­ның алтын бесі­гі ретін­де, Ұлы Абай­дың руха­ни ілі­мін (Кон­фу­ций инсти­тут­та­ры үлгісін­де) елге кеңі­нен тара­тып, іс жүзін­де жүзе­ге асы­ра­тын киелі-ағар­ту­шы­лық орталық.

5‑мегаполис – Батыс Қаза­қстан: мұнай-газ және өзге табиғи ресур­стар­ды терең қай­та өңдей­тін жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лы өнер­кәсіп тора­бы; шикі­заттық тәу­ел­ділік­ті азай­тып, қосы­лған құн­ды ел ішін­де қалып­та­сты­ра­тын өндірістік хаб.

6‑мегаполис – Орта­лық, Сол­түстік, Шығыс өңір­лер: инду­стрия мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын біры­ңғай эко­жүйе ретін­де кешен­ді дамы­тып, «Қаза­қстан – азық-түлік дер­жа­ва­сы» иде­я­сын нақты жүзе­ге асы­ру. Бұл ел эко­но­ми­ка­сын орны­қты етіп қана қой­май, жаһан­дық азық-түлік қауіп­сізді­гіне де үлес қосып, жаңа өрке­ни­ет­тік мін­дет­тер­ді атқа­руға жол ашады.

Бар­лық мега­по­ли­стер үшін ортақ талап – шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті жап­пай дамы­ту. Қаза­қстан­ның ең ірі ішкі резерві дәл осы кәсіп­кер­лік қуат­та жатыр; бұл тұжы­рым менің тара­пым­нан әлдеқа­шан жан-жақты негізделген.

Жаһан­да­ну жағ­дай­ын­да әлем­дік көш­ке іле­судің жалғыз жолы – жаңа­ша ойлау, тың идея және нақты инно­ва­ци­я­лық жоба­лар. Дәл осы­лар эко­но­ми­ка­ның ұза­қ­мерзім­ді екпінін, қоғам­ның руха­ни сер­пінін қам­та­ма­сыз етеді.

Түр­кістан мен Семей сын­ды «тек­ті» қала­лар­ды ұлт­тық руха­ни даму­дың ірге­та­сы ретін­де баға­лап, оны дамы­ту­ды күн тәр­тібін­де бірін­ші басым­дық дең­гей­іне көте­ру қажет; бұл – мәде­ни тұта­стық пен тари­хи жад­ты жаңғыр­ту­дың ең пәр­мен­ді жолы.

Бұл стра­те­ги­я­лық жоба­ларға мем­ле­кет те, жеке биз­нес те ұза­қ­мерзім­ді инве­сти­ция салуы тиіс. Соны­мен қатар 30 жыл бойы заң­ның шегі­нен шығып, есеп­сіз бай­ы­ған капи­тал­ды құқық аясын­да тәр­кілеп, халық игілі­гіне бағыт­тау – тари­хи әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тіру­мен қатар, эко­но­ми­ка­ны сауы­қты­ру­дың да кілті!

Осын­дай жүй­елі жаңғы­ру және нақты қаре­кет­тің нәти­же­сін­де Қаза­қстан көп ұза­май азық-түлік дер­жа­ва­сы­на айна­луы тиіс! Бұл ­– эко­но­ми­ка­лық мақ­сат қана емес, ұлт­тық қауіп­сіздік пен өрке­ни­ет­тік мис­си­я­ның талабы!

Ора­за­лы СӘБДЕН,

Қаза­қстан Ғалым­да­ры одағы­ның президенті,

ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Ұлт­тық Құры­л­тай мүшесі,

ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, академик

Республиканский еженедельник онлайн