Пятница , 23 января 2026

МЕН НЕГЕ жиналыстан ШЫҒЫП КЕТТІМ

16 қаңтар күні сағат 10-да Алма­ты қала­сын­дағы «Ата­кент» қонақүй­інің «Мән­шүк» деп ата­ла­тын кофе­ренц-залын­да «Дат» меди­ажо­ба­сы шыға­рып жатқан «Обще­ствен­ная пози­ция» газетінің ұйым­да­сты­руы­мен «Бір пала­та­лы пар­ла­мент: ол қан­дай болу керек?» деген тақы­рып­та дөң­ге­лек үстел өтуі тиіс еді. Мақ­сат – ғалым­дар, қоғам қай­рат­кер­лері, сая­сат­кер­лер, бел­сен­ді аза­мат­тар жина­лып, елі­міз­де жүр­гізіліп жатқан пар­ла­мент­тік рефор­ма бой­ын­ша өз ойла­ры­мы­зды айтып, ұсы­ныс-пікір­лері­мізді біл­ді­ру бола­тын. Жиын соңын­да негіз­гі баян­да­ма және оны тың­даған­нан кей­ін талқы­лау кезін­де айты­лған тілек-өтіні­ш­тер ескеріліп, қарар қабыл­дай­мыз, оны газет­тің Редак­ци­я­лық қоғам­дық алқа төраға­сы, Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи арқы­лы бірер күн­нен кей­ін Қызы­лор­да қала­сын­да өтетін V Ұлт­тық құры­л­тай­ға жет­кі­зе­міз деп шеш­кен едік.

Аталған мекен­жай­ға таңғы сағат 9‑дан бастап шақы­ры­лған қонақтар бір­тін­деп келе баста­ды. Олар­дың ара­сын­да бел­гілі ғалым, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры Есенға­зы Қуан­дық, көр­нек­ті көсем­сөз шебері, қоғам қай­рат­кері Марат Бай­діл­дәұ­лы, сая­сат­кер, қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жазу­шы­сы Талғат Айт­бай­ұ­лы, қоғам қай­рат­кері, бел­гілі жур­на­лист Жары­лқап Қалы­бай, ғылым кан­ди­да­ты, эко­но­мист-қар­жы­гер, «Дат» газетінің бұры­нғы бас редак­то­ры Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зов, Жарқын Күрен­тай, Аза­мат Мол­да­са­нов сын­ды басқа да бел­сен­ді аза­мат­тар бар. Жал­пы 30-дан аса адам жинал­ды. Баста­луы сағат 10-да деп бел­гі­лен­ген­мен, біраз кеші­гіп, жиын­ды 10-нан 45 минут өткен­де бастадық.

Дөң­ге­лек үстел «Обще­ствен­ная пози­ция» («Дат») газетінің ұйым­да­сты­руы­мен өтіп жатқан­ды­қтан, мен оның қазір­гі бас редак­то­ры ретін­де сөз алып:

– Асса­ла­у­маға­лей­күм, құр­мет­ті ағай­ын! Бар­шаңы­зға бел­гілі, елі­міз­де ең жоға­ры заң шыға­ру­шы ұйым – пар­ла­мент­ті рефор­ма­лау, бір пала­та­лы пар­ла­мент­ке өту бой­ын­ша ауқым­ды рефор­ма жүріп жатыр. Ата заңы­мы­зға 50-ден астам өзгерістер енгізілетін болған­ды­қтан, мұны тіп­ті кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма деу­ге бола­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы осы­ған бай­ла­ны­сты жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум бола­ты­нын халы­ққа Жол­да­уын­да айт­ты. Сол себеп­ті «Дат» меди­ажо­ба­сы аясын­да шығып жатқан «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті бүгін дөң­ге­лек үстел ұйым­да­сты­рып отыр. Енді осы жиын­ды митинг­ке, айғай-шуға айнал­дыр­май, үлкен ұйым­шыл­дық, бір-біре­у­ге деген өза­ра құр­мет және асқан мәміле­гер­лік­пен жоға­ры дең­гей­де өткі­зуі­міз керек. Біз­ге қатып қалған бұры­нғы қасаң пікір­лер емес, пози­тив­ті, кон­струк­тив­ті жаңа пікір­лер керек. Сол арқы­лы сау­ат­ты, салиқа­лы аза­мат­тық қоғам қалып­та­сып келе жатқа­нын көр­се­туі­міз керек. Біз қазір елі­мізді тағ­дыр­ше­шті өзгерістер­ге бастай­тын пар­ла­мент­тік, тіп­ті кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма мәсе­ле­лерін талқы­лаға­лы отырмыз.

Кез кел­ген жиын­ның өту тәр­тібі, ере­же­сі – яғни регла­мен­ті бола­ды. Енде­ше соны бел­гілеп алай­ық. Мен негіз­гі баян­да­ма­шы­ға – 15–17 минут, оны талқы­лап, өз ойла­рын біл­дір­гісі келетін аза­мат­тарға – 5–7 минут бер­сек деген ұсы­ныс біл­діре­мін, қалай қарай­сыздар? – деп, дауы­сқа сал­дым. Жиын қаты­су­шы­ла­ры бұл ұсы­ны­сты біра­уы­здан мақұлдады.

Одан соң тақы­рып бой­ын­ша баян­да­ма жасау үшін алға­шқы сөз тарих ғылы­мы­ның док­то­ры Есенға­зы Қуан­дық мыр­за­ға беріл­ді. Дәл осы кез­де сол жағым­да оты­рған Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы аға­мыз: «жақ­сы бастал­ды, дауы­сың да жақ­сы» деп құлағы­ма сыбыр­лап қой­ды. Алай­да баян­да­ма­шы Есенға­зы Қуан­дық ә деген­нен тақы­рып­тан ауы­тқып, пар­ла­мент­тік рефор­ма емес, сая­си пар­ти­я­лар қан­дай болу керек, жал­пы пар­тия дегені­міз не, оның қан­дай түр­лері бар деген бағыт­та өз ойла­рын айтып кет­ті. Дик­то­фо­ны қосу­лы тұрған ұялы теле­фо­ны­ма қара­сам, ол кісінің сөзі басталға­лы 10 минут уақыт өтіп­ті. Сон­ды­қтан мен жиын­ның жүр­гі­зу­шісі ретінде:

– Аға, тақы­рып­тан ауы­тқып кет­тіңіз. Біз пар­ти­я­лар тура­лы лек­ция тың­да­уға кел­ген жоқ­пыз, пар­ла­мент­тік рефор­ма тура­лы айты­ңыз. Егер қалған жеті минут­та ойла­ры­ңы­зды айтып үлгер­ме­сеңіз, сөзіңіз тоқта­ты­ла­ды», – дедім.

Сол кез­де жина­лыс қаты­су­шы­ла­ры: «Сөзді бөл­меңіз, қажет бол­са, бір сағат уақыт бере­міз», – деп жаңа ғана өздері қабыл­даған шешім­ді бұзып, біз қауіп­тен­ген айғай-шу баста­лып кет­ті. «Жиын өткі­зу үшін жалға алы­нған зал­дың ақша­сын біз төледік, керек бол­са, оны өзі­міз жүр­гі­зе­міз» деп билеп-төсте­у­ге қара­ды. Әрі қарай менің қолым­дағы мик­ро­фон­ды алып, Рыс­бек аға сөй­леп кетті.

Менің ойым­ша, өзінің орнын, қадір-қым­ба­тын білетін кез кел­ген сана­лы аза­мат мұн­дай­ға көн­бей­ді. Сон­ды­қтан мен бір ауыз сөз айтай­ын деп мик­ро­фон­ды қай­та алып:

– Бұлай бол­май­ды, біз «Дат­тың» атын жамы­лып, жиын­ды мұн­дай айғай-шумен өткізу­ге жол бер­мей­міз. Ертең онда қаралған мәсе­ленің газет­те жари­я­ла­ну-жари­я­лан­ба­уы­на да жау­ап бер­мей­міз. Елі­міз аман, жұр­ты­мыз тыныш бол­сын! – деп жина­лы­стан шығып кеттім.

Бұл тура­лы «Ұлыс медиа» сол күні жаз­ды. Бірақ неге екенін қай­дам, көп ұза­май сайт­тан алып тастады.

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ, «Дат» медиа-жоба­сы­ның бас редакторы

Республиканский еженедельник онлайн