Пятница , 23 января 2026

«КЕРЕК ЕМЕС СӨЗДЕР» немесе БЕЙӘДЕБИ ЛЕКСИКА

Даудың басы А. Жұма­діл­да­ев­тың «Қазақ тілін­де бір ұғы­мға бір­не­ше сөздің сәй­кес келуін біз «тіл­дің бай­лы­ғы» деп мақтан ете­міз. Негізін­де, ондай бай­лы­қтың ғылым үшін пай­да­сы шама­лы», – деген тезисі­нен басталған екен. Келесі бір­де ака­де­мик «керек емес сөз­дер» деген тір­кесті қол­да­нып­ты. Бұған қаза­қтіл­ді қауым өре түре­геліп, өздеріне тән, үйрен­шік­ті сти­лі­мен (ианат пен балағат) дүр­се қоя беріпті.

Шын­ту­ай­тын­да, линг­ви­сти­ка­да «керек емес сөз­дер» деген ұғым жоқ. Кор­пу­стық клас­си­фи­ка­ция талап­та­ры бой­ын­ша тіл лек­си­ка­сы әде­би нор­ма­ланған тіл кор­пу­сы және бей­ә­де­би лек­си­ка болып ажы­ра­ты­ла­ды. А.Жұмаділдаевтың КЕРЕК ЕМЕС СӨЗДЕР деп оты­рға­ны – осы БЕЙӘДЕБИ ЛЕКСИКА. Бұл кор­пус ресми ақпа­рат­та қол­да­ны­луға тиіс емес, инду­стри­я­лы қоғам шынай­ы­лы­ғын репре­зен­та­ци­я­ла­у­ға сеп­ті­гін тигі­зе алмай­ты­ны рас.

Қазақ тілін­де сөзқол­да­ны­ста бей­ә­де­би лек­си­ка түр­лі фор­ма­лар­да көрініс береді.

А.: диа­лект­тер, арха­измдер, қара­бай­ыр сөз­дер (про­сто­ре­чье), тұр­пайы сөз­дер (вуль­га­ризмдер); фило­лог­тар қос сөз­дер деп атап жүр­ген агно­ним тір­кестер (қатын-қалаш, арқа-жырқа, ауыс-түй­іс, қағаз-мағаз…); непо­тизмдер, пара­зит сөз­дер, будан­дар, кон­флик­то­ген­дер, зоони­ми­ка­лық деме­улік­тер, инсультациялар…

Ә.: әде­би нор­ма­ланған кор­пусқа ену­ге толық құқы­қты бол­са да, сау­ат­сыз қол­да­ны­стың сал­да­ры­нан син­так­си­стік ауы­тқу­ларға ұшы­рап, тіл­ді түсініксіз етіп тұрған фак­тор­лар: аграм­ма­тизм, амфи­бо­лия, гипер­бат фор­ма­ла­рын­дағы қол­да­ны­стар; сөй­ле­ушінің мәтінін­де­гі бұр­ма­ла­у­шы­лы­қтар: пара­зит сөз­дер, тав­то­ло­ги­я­лар, палим­фра­з­дар, пере­гри­низмдер, плео­на­сти­ка­лық тіз­бек­тер; сөз­ге дұрыс жалған­баған аффикстер…

Қазақ тілін­де ақпа­рат беру­ші тір­кестер­ді шата­сты­рып, төпе­леп, төге береді. Ресми ақпа­рат тара­ту үдерісін­де тек бей­ре­сми аяда қол­да­ны­ла­тын сөз­дер­ді көпір­тіп жүреді. Мұн­дай құбы­лы­стар ауыз­ша дат­та ғана емес, жаз­ба­ша мәтін­де де, соның ішін­де тіл маман­да­ры мен жур­на­ли­стер­дің қол­да­ны­ста­рын­да да ұшы­рас­ып оты­ра­ды. Қазір қатар­дағы сөз қол­да­ну­шы­лар­дың прак­ти­ка­сы­нан баста­уы­шы мен баян­да­уы­шы бар, тұр­лау­сыз мүше­лері де толық, аяқталған семан­ти­ка­лық-құры­лым­дық схе­маға құры­лған толы­ққан­ды сөй­лем табу мүм­кін емес. Қазақ тілінің мең­герілуіне ырық бер­мей жүр­ген фак­тор­лар осылар.

Ака­де­ми­к­тің түп­кілік­ті ойы дұрыс, бей­піл қол­да­ны­стың сал­да­ры­нан тұлға­сы бүлін­ген, мағы­на­сы күң­гірт фор­ма­лар­ды көбей­тіп қою­дың ғылым үшін пай­да­сы­ның шама­лы­лы­ғы өз алды­на, олар тіл үйре­нуді де қиын­да­та­ды. Мыса­лы, Сіз оры­стіл­ді оқу­шы­ға шаг – адым деп үйрет­тіңіз. Бұл – нор­ма. Енді қаза­қ­ша бұл сөзді біз қадам, қадым деп те айта­мыз десеңіз, оны­мен тіл үйре­ну­шінің жүгін үш есе арт­ты­рған болып шыға­сыз. Тиісін­ше, қазақ тілінің мең­герілуін де үш есе қиын­да­та­сыз. Орыс тілін­де бұл сөзді құбы­л­тып, ешкім чаг, шак деп қол­дан­бай­ды. Орыс тілінің жеңіл мең­герілуінің бір себебі осында.

А. Жұма­діл­да­ев­тың «қазақ тілі керек емес сөз­дер­ге бай» дегенін­де бұл­тарт­пас шын­дық жатыр. Оның «кінәсі» құбы­лы­сты ғылы­ми кате­го­ри­я­мен жет­кіз­бей, қара­дүр­сін, жал­пақ тіл­де ұсы­нуын­да. Осы тұстан қаза­қтіл­ді фило­ло­ги­ядағы өрес­кел стра­те­ги­я­лық ада­су­дың құлағы қыл­тиып тұр.

Қазақ фило­ло­ги­я­сын құдай ұрған тұс осы ара­да. Отан­дық линг­ви­стер жал­пы­ха­лы­қтық тіл, көр­кем әде­би­ет тілі, әде­би нор­ма­ланған тіл, тіл стан­дар­ты ұғым­да­рын ажы­ра­та алма­ды. Әде­би нор­ма­ланған тіл кор­пу­сы жасақтал­ма­ды. Бүкіл қаза­қтың аузы­нан бей­ә­де­би лек­си­ка­ның құра­мын­дағы син­так­си­стік лай төгіліп жүр. Ол тіл­ді ешкім ұқпа­ды, ұқпаған соң мең­ге­ре алмады.

Ада­су тура­лы «фило­лог маман­дарға» қысқа бол­са да, сау­жой фор­ма­тын­да дәріс оқи кету­ге тура келеді.

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТІЛТІЛ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ. Ол – тіл­де­гі сөздік қор­дың абсо­лют­ты мөл­шерін түгел қам­ти­ды. Оның құра­мы­на әде­би және бей­ә­де­би лек­си­ка­ның бар­лық түр­лері еніп тұра­ды. Көр­кем әде­би­ет жал­пы­ха­лы­қтық тіл­де жазылады.

ӘДЕБИ НОРМАЛАНҒАН ТІЛЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТІЛДІҢ ЯДРОСЫН ҚҰРАЙТЫН, ОНЫҢ РЕСМИ АЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БӨЛІГІ. Тіл­ді әде­би нор­маға түсі­ру – халы­қтың тари­хи-руха­ни даму үдерісін­де­гі бел­ді белес. Озық линг­ви­сти­ка­лар­да әде­би тіл (соны­мен қатар стан­дарт­ты тіл) – жаз­ба­ша бекітіл­ген нор­ма­ла­ры бар жал­пы­ха­лы­қтық тіл­дің өңдел­ген бөлі­гі (https://www.google.kz/search?q=литературный+язык+стандартный+язык).

СТАНДАРТТАУӘДЕБИ ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ, өйт­кені әде­би тіл – ол нор­ма­ланған тіл (Сло­варь лингв. тер­ми­нов. – М.: 1969. 452‑б.).

Орыс фило­лог­та­ры­ның пішін­де­уін­ше, «ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫ СТАНДАРТТАУ дегені­міз олар­дың айты­лу, құры­лу, мор­фо­ло­ги­я­лық өзге­ру, т.б. үдерісін­де­гі түр­лі нұсқа­ла­рын бір арнаға тоғы­сты­ру; солар­дың ара­сы­нан тіл­ді нор­ма­лан­ды­ру­дың негізі бола­тын, мін­дет­ті қол­да­нуға ұсы­ны­ла­тын үлгісін таң­дап алу» деген­ді біл­діреді (сон­да). Кілт­тік ұғым – бір мағы­на­ны біл­діретін түр­лі тұлға­да ұшы­рас­ып жүр­ген сөз­дер­дің біре­уін таң­дап алып, ресми қол­да­ны­сқа ұсы­ну деген сөз.

Озық линг­ви­сти­ка­лар­да осын­дай. Швед линг­висі Торе Янсон «Тіл тарихы­на кіріс­пе» атты кіта­бын­да стан­дарт­ты тіл­дің маңы­зын былай ашып бер­ген: «Стан­дарт тіл – мем­ле­кет­тік жүй­е­де, құры­лым­да, бар­лық сала­лар­да … нор­ма­ла­ры­мен елге, қоғам­дық қарым-қаты­на­сқа қыз­мет жасай­тын тіл… Стан­дарт тіл – күн­делік­ті қажет­тілік­тер­ден бөлек, … үкі­мет қыз­метін­де және бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да қол­да­ны­ла­тын тіл… Стан­дарт тіл – мем­ле­кет­тің мүд­десін қорғай­тын тіл». Батыс линг­ви­сти­ка­ла­рын­дағы тіл стан­дар­ты­ның маңы­зды­лы­ғы осындай.

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЛЕКСИКА МЕН ӘДЕБИ НОРМАЛАНҒАН ЛЕКСИКАНЫҢ АРАСЫ АЖЫРАТЫЛМАУЫ, ӘДЕБИ НОРМАЛАНҒАН КОРПУСТЫҢ ЖАСАҚТАЛМАУЫ, СТАНДАРТТАУ ҮДЕРІСІНЕН ӨТПЕУІ – қазақ тілін ғасыр­лық тоқы­ра­уға ұшы­ратқан фак­тор осы. Отан­дық фило­лог­тар ана тіліне өлті­ре соққы беріп, тіл тра­ге­ди­я­сын өз қол­да­ры­мен жаса­ды, оны бүкіл руха­ни­ят­тың ғана емес, ұлт­тың тра­ге­ди­я­сы­на айналдырды. 

Қанағат ЖҮКЕШ

Республиканский еженедельник онлайн