Четверг , 29 января 2026

ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ

Мысалға, қазақ үлкен кісіні «сіз» деп сый­лай­ды. Ал Шве­ци­яда үлкен кісі­ге «сен» деуің керек. Егер оған «сіз» деп айт­саңыз, ол сіз­ге қат­ты өкпе­ле­уі мүмкін.

Логи­ка мынан­дай: Адам­ның бар­лы­ғы тең. Маған «сіз» дегеніңіз – мені кем­сіт­кеніңіз. Мұның жасы үлкен, сон­ды­қтан күш-қуа­ты аз, ақы­лы кем. Демек, бола­шағы жоқ деп кем­сітіп отыр­сыз дей­ді. Міне­кей, швед­тің логи­ка­сы осындай.

Бұған қарап швед­тің логи­ка­сы жақ­сы, қаза­қтікі жаман деген қоры­тын­ды шыға ма? Жоқ. Иә бол­ма­са, қаза­қтың логи­ка­сы жақ­сы, швед­тің логи­ка­сы жаман деген қоры­тын­ды шыға ма? Жоқ.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – әр елдің сал­ты басқа, иттері қара қасқа. Демек, әр елдің, әр ұлт­тың мақ­са­ты – өзінің әдет-ғұр­пын, өзінің үрдісін заман тала­бы­на ұшта­сты­ра білу.

Мен мұны былай деп айта­мын: Қазақ ел болып қалу үшін, тех­но­крат­тық елге айна­луы керек. Тех­но­крат­тық елге айнал­май, қазақ ел бол­май­ды. «Ұлт­тық намыс, ұлт­тық рух» деген сөзді қазақ көп айта­ды. Мұның бар­лы­ғы тех­но­крат­тық рефор­ма бол­май, бос сөз болып қалады.

Рух деген не өзі? «Ойбай, рух қай­да?» деп сіз күні­ге жүз рет айқай­лаңыз. Не өзге­реді? Бір бес минутқа сіздің рухы­ңыз көзін ашар, «әй не болып қал­ды, бұл не шу?» деп. Содан кей­ін қай­та­дан қалың ұйқы­ға кете­ді. Рухы­ңыз ұйы­қта­май, мүл­гі­мей, сер­гек жүру үшін, оның артын­да бір тірек болуы керек. Бұл тірек – тех­но­крат­тық. Яғни, қаза­қты өзге­лер­ге мой­ын­да­та­тын өзінің жасай­тын бір­деңесі болуы керек. Қазақ деген ақыл­ды халық. Міне­кей, жасаған затта­рын қараңыз дегізетіндей.

Мысалға, жапон­дық сапа дей­тін ұғым бар. Ол не? «Той­о­та­ны» айтай­ық. Оны жұрт­тың бар­лы­ғы ала­ды. «Сониді» айтай­ық. Оған деген сұра­ныс сұм­дық. Жапон ком­пью­тер жаса­са, бүге-шігесіне дей­ін кере­мет қылып, түбін түсі­ре жасап шыға­ды. Сон­ды­қтан жапон­дық өнім­ге жұрт­тың бар­лы­ғы басын иеді.

Тағы бір мысал. Жапон­ның жазу­шы­сы мықты дей­ді. Мура­ка­ми дей­тін қалам­гер бар олар­да. Қаза­қта Дулат Иса­бе­ков дей­тін жазу­шы бар. Салы­сты­ра түс­сек, Дулат аға­мы­здың талан­ты Мура­ка­мидің талан­ты­нан асып түс­пе­се, еш кем емес. Бірақ жұрт­тың бар­лы­ғы Мура­ка­миді біледі, Дулат аға­мы­зды қаза­қтан өзге ешкім біл­мей­ді. Неге олай?

Бұл жер­де тағы да Абай­ға ора­луы­мыз керек. Шәкәрім қажы: «Ибраһим мыр­за хәкім еді. Даны­шпан еді. Әттең тұрған жері қаза­қтың іші болған­ды­қтан, ұлы­лы­ғы көрін­беді, қадірі азы­рақ білін­ді» дейді.

Дулат аға­мыз да қаза­қтың мықты жазу­шы­сы. Бірақ қаза­қтың ара­сын­да жасаған­ды­қтан, қадірі азы­рақ білініп тұр. Нелік­тен? Өйт­кені жапон­ның «той­о­та­сын» айт­тық, «сониін», ком­пью­терін айт­тық. Жапон­дық сапа, жапон­дық іс дей­тін ұғым бар. Дүни­е­де жапон­дар жасаған өнім жай­ын­да «бұл кере­мет, сапа­лы» деген түсінік қалып­тасқан. Сон­ды­қтан, жапон болған­ды­қтан да Мура­ка­миді мықты жазу­шы деп таниды.

Егер қаза­қтар да мықты бір ком­пью­тер­дің түрін ойлап тап­са, не бір авто­көлік­тер­ді жасай­тын бол­са, онда біз­ге де қаты­сты осын­дай бір түсінік­тер қалып­та­сар еді. Қазақ ісі, қаза­қы сапа деген ұғым пай­да болар еді. Сон­да бұл сапа­ның басқа да сала­ларға сеп­ті­гі тиер еді. Сон­да барып Дулат аға­мы­здың аты әлем­ге жай­ы­лар еді.

Ал енді біре­улер айта­ды: «Тех­но­крат­тық бол­ма­сақ та, дүни­е­ден құрып кет­пей­міз» деп. Бұл да рас. Құры­май­мыз. Бірақ дүни­е­де елдің екі түрі бола­ды. Жетек­ке жүретін ел және жетек­тей­тін ел. Мысалға, АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Жапо­ния сияқты елдер­дің басты мақ­са­ты – кере­мет ком­пью­тер­лер­ді шыға­ру да, өзге елдер­дің мақ­са­ты – солар шығарған ком­пью­тер­лер­ді сатып алу. Қысқа­ша айтқан­да, олар өндіру­ші ел де, қалға­ны­ның бар­лы­ғы – солар­дың өні­мін тұты­нып, жете­гін­де жүретін елдер.

Бұл деген экс­пан­си­я­ның жаңа түрі. Оны былай түсін­дірей­ін. Мысалға, руха­ни бай­лы­қты алып қарай­ық. Бұл мәсе­ле Жапо­ни­яда болуы мүм­кін. Жұрт­тың бар­лы­ғы тех­но­крат болып кет­ті, руха­ни құн­ды­лы­қтар құл­ды­ра­ды деп, ол жақта біре­улер маза­сызда­нуы мүм­кін. Ал біз­ге не керек ол?

Мықты елдер айта­ды: «Сен менің тау­а­рым­ды сатып ал, мін­детің сол. Қалған уақы­ты­ң­ды руха­ни бай­лық қай­да кет­ті, тіл­дің халі неге мүш­кіл деп өткі­зе бер. Осы­ны аны­қтау үшін жина­лыс жаса, кон­фе­рен­ци­я­лар­ды үзбей өткіз, дау­лас, таласқа түс, ойбай­ға сал. Бірақ біре­уің гай­ка бұра­ма, біре­уің ком­пью­тер шығар­ма, көлік құра­с­ты­ру­ды үйрен­бе. Мұның бар­лы­ғын сен біз­ден алсаң бола­ды» дейді.

Өкініш­ке қарай, біздің зия­лы қауым осы­ны түсен­бей отыр. Бұл қаза­ққа өте қауіп­ті нәр­се. Тағы да айта­мын. Қазақ қазақ болып қалу үшін, ең алды­мен тех­но­ло­ги­я­лық және тех­но­крат­тық жетістік­ке жетуі керек. Мұн­дай жетістік бола­тын бол­са, жас бала­ның өзі мұны мақта­ныш тұта­тын бола­ды. Өйт­кені іс сөзді бастай­ды. Қазір қаза­ққа ең керек нәр­се – тех­но­крат­тық көзқа­рас, тех­но­ло­ги­я­лық жаңа­лық және осы­ның бар­лы­ғын Абай­мен, ұлт­тық бағыт­тағы тәлім-тәр­би­е­мен ұшта­сты­ру. Мұн­дай­дың мүм­кін екенін әлем­де­гі озық ойлы елдер дәлел­деп берді.

Мысалға Коре­я­ны, Малай­зи­я­ны, Жапо­ни­ядай елдер­ді алып қарай­ық. Бұлар қан­ша жер­ден мықты ком­пью­тер жаса­са да, өздерінің ұлт­тық салт-сана­сын алтын құсап сақтап, дамы­тып отыр.

Жапон­дар­да кали­гра­фия деген өнер бар. Бұл – әде­мі жазу деген сөз. Әде­мі жазу кім­ге керек деп, қазақ оны түсін­бей­ді. Есесіне біз­де айтыс өнері бар. Біз кей­де мақта­на­мыз, айтыс қаза­қта ғана бар, басқа ешкім­де жоқ деп. Неге ешкім­де жоқ. Өйт­кені ол ешкім­ге керек емес. Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – әркім­нің мен­та­ли­теті, сана-сезі­мі, әдет-ғұр­пы бөлек бола­ды. Анаған-мынаған далақтай берудің де қажеті жоқ.

Абай­дың тағы бір сөзі бар: «Ақсақал айт­ты, бай айт­ты. Кім бол­са мей­лі, сол айт­ты. Ақыл­ме­нен жең­сеңіз» дей­ді. Міне­кей, біз осы сөзді ұмыт­па­уға тиіс­піз. Анау айтып­ты, мынау бүй деп­ті деп, ана­дан бір жұлқып, мына­дан бір жұлқу­дың кере­гі жоқ.

Сіз өзіңіздің әніңізді, күй­іңізді сақтаңыз. Сіз жеті атаңы­зды білу дәстүрін дәріп­теңіз. Осы­ның бар­лы­ғын сақтай оты­ра, жаңа заманға бей­ім­деліп, тех­но­крат­тық елге айна­лы­ңыз. Сон­да ғана қаза­қтың бола­шағы болады…

Берік ЖҮСІПТІҢ ФБ-парақ­ша­сы­нан көшіріліп басылды

Республиканский еженедельник онлайн