Среда , 4 февраля 2026

Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді

Құр­мет­ті, төраға мырза!

Ең алды­мен, елде­гі кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны талқы­лау жөнін­де­гі менің ұсы­ны­сым­ды Мәжілістің спи­кері ретін­де күн тәр­тібіне енгіз­ген шеші­міңіз үшін аза­мат­тық алғыс айта­мын! Расын­да, осын­дай орас­ан өзгеріс­ке қаты­сты мем­ле­кет­тік өкілет­ті орган­ның три­бу­на­сы­нан сөз айт­пай, ресми рет­те үнде­мей қалуы­мы­зға бол­май­тын еді. Бұл ертең­гі күні сіз­ге де, біз­ге де сын болар­лық мәсе­ле деп білем! 

Құр­мет­ті әріптестер!

Елде­гі сая­си өзгерістер тура­сын­да пле­нар­лық оты­ры­сқа мәсе­ле енгі­зу жөнін­де ұсы­ныс біл­дір­мес бұрын, біз – Бақыт­жан Базар­бек, Еркін Әбіл, Қазы­бек Иса, Елнұр Бей­сен­бев, тағы басқа бір топ депу­тат бар – бірін­ші кезек­те қаза­қстан­дық қоғам мен сала­у­ат­ты аза­мат­тық бел­сен­ділер­ге сөз арнағы­мыз келген.

«Жаңа Қаза­қстан­ды» қалып­та­сты­ру сұра­ны­ста­ры­на сәй­кес, біздің қоғам елде сая­си өзгерістер болуы керек деген талап­ты тал­май айтып келе жатқа­ны мәлім. Бірақ біз елде бұры­нғы
30 жыл бойы қалып­тасқан, сірес­кен сая­си режим­нің сеңі
2022 жылғы рефе­рен­дум­ның бары­сын­да сөгі­ле басталға­ны­на мән бер­мей жүр­міз. Сон­дағы алға­шқы рефор­ма­ның нәти­же­сін­де бір­те-бір­те қалып­тасқан құн­ды­лы­қтар­ды баға­лай алмай жүр­ген «созыл­ма­лы қар­сы­лық дер­ті­міз» өзі­міз аңсап кел­ген кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­ді өгей көр­гені­міз тіп­тен түсініксіз жағ­дай боп тұр.

Бүгін­гі қоғам­да, әсіре­се әле­умет­тік желілер­де, соңғы алты ай көле­мін­де сұл­ба­сы жасалған кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­ге қаты­сты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сын­дар көп айтыл­ды. Әрине, аза­мат­тық ұста­ным­мен және мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сын­да айты­ла­тын сын­дар­лы сынға шек­теу бол­мауы тиіс. Бірақ сон­дай сын айту­дың мүм­кін­ді­гі қоғам­дық құн­ды­лық екенін тағы да баға­лай білуі­міз керек. Назар­ба­ев­тың зама­нын­да демо­кра­ти­я­лық демі ішін­де тұн­шы­ғып, суы­ры­лып шыға алмай жүр­ген қоғам­ның тығы­ны сол құн­ды­лы­қтар­дың арқа­сын­да ағы­ты­лға­нын мой­ын­да­уы­мыз керек!

Иә, жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сы­на қаты­сты айты­лып жатқан біраз сын­дар­лы сөздің төр­кіні тіл­ге тіреліп жатыр. Ұлт­тық намысы селт етіп оянған халы­қтың тала­бы теріс деп, үзіл­ді-кесіл­ді кереғар пікір айту­дың жөні жоқ. Бұл тақы­рып­ты жылы жауып қоюға тағы да бол­май­тын еді.

Бірақ қаза­қта «басқа пәле – тіл­ден» деген тағы бір тәм­сіл бар. Дауы­лы дүлей қазір­гі қатқыл халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дың қор­ша­уы мен тәр­тібі күн сай­ын қырық құбы­лған гео­са­я­си әлем­де біз бұл «пәленің» қатері­нен сақта­на білуі­міз керек. Біз әпер­бақан, әумесір әлдекім­дер­ге білек күшін безей­тін­дей ел емеспіз.

Біз­де мем­ле­кеті­міздің тәу­ел­сізді­гі мен жасам­паз бола­шағы үшін сырт­тағы соқты­қ­па­лы-соқ­пақты жол­ды дипло­ма­ти­я­ның деме­уі­мен және сыр­баз сая­сат­пен жүріп өту­ден басқа аль­тер­на­ти­ва жоқ! Жал­пы­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға ұсы­ны­лған жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның жал­пы сая­си сипа­тын сала­у­ат­ты сара­лай біл­ген адам оның маз­мұ­ны мен мақ­са­ты мем­ле­кет­тілік­ті, қауіп­сізді­гі­міз бен тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғын күйт­тей­тін астар­лы иша­ра­ны түсін­се керекті.

Үлес сал­мағы 70 пай­ы­здан асқан халық өзінің тілін өзге­ге өктем­дік­пен емес, сары май­ға ыстық қасық баты­рған­дай бай­ып­пен таңа білу – дәл бүгін әлдеқай­да ұтым­ды айла болар еді. Тіл­ді текетірес пен ере­ге­стің қаруы­на айнал­ды­ру біз­ге әбүй­ір әпер­мей­ді. Өзінің тілін өктем­дік­пен тық­па­лаған иман­сыз иде­я­лар пай­да болған заман­да, есер­мен еге­су – естінің ісі болмайды. 

Осы орай­да Қызы­лор­да Құры­л­тай­ын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев айтқан бір сөз санаға ора­ла береді: «Қаза­қстан­ның пат­ри­о­ты болу – аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­ті терең түсі­ну деген сөз.

«Ұлт мүд­десін желеу етіп, бос айқай­ға баса­тын, одан қал­ды аза­мат­та­ры­мы­здың ота­ны­мы­зға деген шынайы сүй­іспен­шілі­гін сая­си ұпай жина­уға пай­да­ланғы­сы келетін теріс пиғыл­ды адам­дар­дың біз­ге қажеті жоқ», — деген еді мем­ле­кет басшысы.

Бүгін­гі әле­умет­тік желілер­де­гі даб­ы­раға қиқу қосып, қоғам­ды қажет­сіз толқуға шақы­рып жүр­ген жеке­ле­ген желік­пе псев­до-пат­ри­от­тар­дың қылы­ғы­на ішің аши­ды. Бір ғана «КТК» мұнай құбы­рын­дағы апат елді қан­дай қар­жы­лық қауіп­ке тап қыла­рын бастан кеші­ре тұра, біз әлдекім­ге сес көр­сетін­дей қай арты­мы­зға сенеміз?

«Сауда соғы­сы» /президент Трамп­тың пошли­на шоқ­па­рын еске алыңыз/ мен әлем кар­та­сын бөлістер­ге сала бастаған қатер­лер қау­лаған заман­да, Қаза­қстан мен оның сыр­тын­дағы реал­ды баға­лай, бағам­дай алмаған сая­си көр­соқыр­лық бізді оры­ны тол­мас өкіні­ш­тер­ге тап қылуы мүм­кін. Әлдебіре­улер тағы да фронт аша­мыз деп біз­ге сес көр­сетіп, сыр­тқы дүние тең­селіп тұрған кез­де, біз өз қолы­мы­з­бен ішкі дүни­е­мізді дүр­бе­лең­ге салуға қақы­мыз жоқ!

Дәл осы орай­да, бұл жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жал­пы сипа­ты, бірін­ші кезек­те, сыр­тқы қатер­лер­ге қар­сы тұру мен елдің қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз етуді мақ­сат тұта­ды деп, Фейс­бук желісін­де жари­я­ланған бір жаз­ба­ма бай­ла­ны­сты қызы­лор­да­лық қоғам­дық бел­сен­ді аға­тай­ым Саду­ақас Аңсат­пен сөз­ге келісіп қалдым.

Себебі, дәл осы сыр­тқы тәу­е­кел­дер төніп тұрған жағ­дай­дың жай-жап­са­рын жұрт­шы­лы­ққа айтам деп, өзім­нің жеке қоғам­дық-сая­си ими­джі­ме нұқ­сан келіп жат­са да, мен нақты реал ситу­а­ци­я­ны сөз қылу­дан жал­тар­май­мын. Мем­ле­кет­тік мүд­де мен елі­міздің тәу­ел­сізді­гі алдын­дағы менің жеке бас абы­рой­ым түк те емес! Ел ішін­де беделі бар Саду­ақас Аңсат, Айтқо­жа Фазыл, Рыс­бек Сәр­сен­бай аға­ла­рым да қоғам­ды қопаң­да­ту­дан бұрын, төңіре­гін­де­гі жұрт­шы­лы­қты сабы­рға шақы­рып, пісі­міл­ла­сы басталған өзгерістер­ді ақсақал­дық ар-ождан­мен қабыл­дай алса деген інілік тіле­гім бар!

Айт­пақ­шы, Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның 48-бабы­на бай­ла­ны­сты да қоғам ара­сын­да алаң­да­у­шы­лық бар. Мұн­да Рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­тінің ар намысы мен қадір-қаси­етіне қорға­уға қаты­сты берілетін кон­сти­ту­ци­я­лық кепіл­дік­тер айты­ла­ды. Ал бұл бап­тың үшін­ші тар­мақ­ша­сын­да: «Осы бап­тың ере­же­лері Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның экс-пре­зи­ден­тіне де қол­да­ны­ла­ды» деген тір­кес­ке орай «бұры­нғы пре­зи­дент­тің отба­сы мүше­лері билік­ке қай­тып келуі мүм­кін» деп, күдік кел­тіру­шілер бар.

Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­лар ара­сын­дағы бұл алаң­да­у­шы­лық қаза­қи дол­бар-даб­ы­раға қиқу қосу­дың сыңа­ры.  Себебі, экс-пре­зи­дент түгілі, бүгін­гі «Пре­зи­дент­тің отба­сы  мүше­лері мен оның жақын туы­ста­ры­на  мем­ле­кет­тік қыз­мет атқа­руға бол­май­ды» деген талап 2022 жылғы
8 мау­сым­дағы кон­сти­ту­ци­я­лық заң­мен бекіген.

Сөз соңын­да айта­рым – Қаза­қстан­ның тұта­сты­ғын, қауіп­сізді­гі мен еге­мен­ді­гін қам­та­ма­сыз ету – елінің ертеңін ойлаған әрбір аза­мат­тың мін­деті болуы керек! «Тәу­ел­сіздік дегені­міз – ең алды­мен, жал­пы­ұлт­тық бір­лік пен келісім.
Біз ел бір­лі­гін сақтап, өсіп-өркен­де­ген, абы­рой-беделі жоға­ры әрі қуат­ты мем­ле­кет құру­ды басты мін­деті­міз деп сана­уы­мыз қажет. Осы мақ­сатқа стра­те­ги­я­лық тұрғы­дан қарап, пара­сат­ты, дана халық екені­мізді көр­се­туі­міз керек».

Мұн­дағы «дана халық екені­мізді көр­се­туі­міз керек» деген тір­кесті мен «қаза­қстан­дық қоғам билік­пен сала­у­ат­ты және салиқа­лы мәмі­ле жүр­гі­зу дең­гей­іне жет­кенін көр­се­туі керек» деп, пре­зи­дент­тік сөздің өңін сәл-пәл айнал­ды­рып айтқым келеді!

Назар­ла­ры­ңы­зға рақмет! 

 бір­ман­дат­ты округ бой­ын­ша сай­ланған депутат

  Ермұрат Бапи:

Тәу­ел­сіздік дегені­міз – ең алды­мен, жал­пы­ұлт­тық бір­лік пен келісім

Әле­умет­тік желілер­де қоғам­ды қажет­сіз толқуға шақы­рып жүр­ген­дер­дің қылы­ғы­на ішің ашиды

Бағам­дай алмаған сая­си көр­соқыр­лық бізді орны тол­мас өкіні­ш­тер­ге тап қылуы мүмкін

Тіл­ді текетірес пен ере­ге­стің қаруы­на айнал­ды­ру біз­ге әбүй­ір әпермейді

Республиканский еженедельник онлайн