Четверг , 5 февраля 2026

ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ – әрқайсымыздың ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ

Сенат жанын­дағы «Ұлт­тық мүд­де» диа­лог алаңын­да елде­гі сая­си өзгерістер­ге қаты­сты зия­лы қауым өкіл­дері­мен маз­мұн­ды әрі терең талқы­лау өтті. Басқо­су­ды ашқан Сенат төраға­сы Мәу­лен Әшім­ба­ев: «Қаза­қстан ұлт­тық жаңғы­ру кезеңіне қадам басу­да. Осы тари­хи сәт­те зия­лы қауым мен қоғам­дық пікір көш­бас­шы­ла­ры­ның рөлі айры­қ­ша. Мем­ле­кет бас­шы­сы ұсы­нған ауқым­ды рефор­ма­лар­дың мәнін қоға­мға дұрыс жет­кі­зу, ұлт­тық бір­лік­ті нығай­ту және қоғам­ды ортақ мүд­де­ге жұмыл­ды­ру – бүгін­гі жау­ап­ты кезеңнің басты мін­деті», – деді.

Мәу­лен Сағатханұлы­ның баса айтқа­ны, сая­си жаңғы­ру­дың түп­кі мақ­са­ты – мем­ле­кет­тілік пен Тәу­ел­сіздік­ті күшей­ту, Әділет­ті Қаза­қстан­ды қалып­та­сты­руға бағыт­талған жаңа кон­сти­ту­ци­я­лық модель­ді табысты түр­де іске асы­ру. Спи­кер осы үдеріс­ке зия­лы қауым мен сарап­шы­лар қоғам­да­сты­ғы бел­сен­ді үлес қоса­ды деп сенім білдірді.

Зия­лы­лар тара­пы­нан көп мәсе­ле қозғал­ды. Соның ішін­де менің ерекше тоқта­лып, оқыр­ман­да­рым­мен бөліскім кел­гені – бел­гілі фило­лог, қоғам қай­рат­кері Қой­шы­ға­ра Салға­раұ­лы айтқан ой бол­ды. Ғалым тілі­міз бен сөз мағы­на­сы­на көңіл бөл­ді. Қазір қоғам­дық сана тура­лы көп айтқа­ны­мы­з­бен, оны терең түсіне бер­мей­міз. Сөз­дер­ді жат­тан­ды, шаб­лон­мен айта беретін болып бара­мыз деген­дей. Абайдың:

«Жар­тасқа бардым,

Күн­де айғай салдым,

Одан да шықты жаңғырық.

Есті­сем үнін,

Біл­сем деп жөнін…» – деп жыр­лаға­нын­дай, қоғам­ның қаза­қтың терең мағы­на­лы сөзін түй­сіне білуінің маңы­зды­лы­ғы­на тоқталды.

Иә, кез кел­ген қоғам мәде­ни­ет­ті көбіне сыр­тқы бел­гілер­мен өлшей­ді: ғима­рат­тар­мен, мере­ке­лер­мен, инсти­тут­тар­мен. Алай­да мәде­ни­ет­тің ең терең қаба­ты көз­ге көрін­бей­ді. Ол – тілде!

Тіл­де ойлау тәр­тібі, руха­ни өлшем, ада­мға деген құр­мет сақта­ла­ды. Халы­қтың бол­мысы да, бола­шағы да ең алды­мен сөз арқы­лы айқындалады.

Қаз­МУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де оқып жүр­гені­міз­де ака­де­мик Зей­нол­ла Қаб­до­ло­втың «Сөз өнері» сабағын жібер­мей­тін едік. Ұлағат­ты ұста­здың «Сөз – мәде­ни­ет­тің өзе­гі» деген тұжы­ры­мы сана­мы­зда терең орнықты.

Иә, қазақ үшін сөз – жай ғана құрал емес, ама­нат. «Сөздің киесі бар», «Өнер алды – қызыл тіл» деген ұғым­дар­дың өзін­де терең жау­ап­кер­шілік жатыр. Айты­лған сөз адам­ның ғана емес, тұтас рудың, тіп­ті елдің абы­рой­ы­на әсер еткен. Қазақ қоға­мын­да би – сот­тан жоға­ры, сөз – заң­нан биік тұрған кезең­дер бол­ды. Бидің сөзі батыр­дың най­за­сы­нан да өткір еді. Себебі сөздің сал­мағы бол­ды, дәл­ді­гі бол­ды. Артық сөз – арсыздық, орын­сыз сөз – мінездің әлсізді­гі сана­ла­тын. Бұл – мәде­ни­ет­тің дең­гейі, тіл арқы­лы қалып­тасқан ішкі тәртіп.

Бүгін біз жаңғы­ру тура­лы жиі айта­мыз. Бірақ жаңғы­ру ең алды­мен тіл­ден баста­ла­ты­нын кей­де естен шыға­ра­мыз. Егер тіл үстірт­тен­се – ой да үстірт­те­неді. Егер сөз жеңіл­де­се – жау­ап­кер­шілік те жеңіл­дей­ді. Ал жау­ап­кер­шілік жоғалған жер­де мәде­ни­ет емес, тек шу қала­ды. Сон­ды­қтан қаза­қтың ақыл­ман ақсақал­да­ры көп сөй­ле­ме­ген, көп тың­даған. Көп­шілік алдын­да дуа­лы ауыз иелеріне сөз берілген.

Тіл­дің тағ­ды­ры – мем­ле­кет­тік мәсе­ле ғана емес, адам­гер­шілік мәсе­лесі. Тіл­ді құр­мет­теу заң­мен емес, ең басты­сы сана арқы­лы орны­ғуы тиіс. Өйт­кені тіл – тек қаты­нас құра­лы емес, ол – ұрпақтар ара­сын­дағы руха­ни көпір. Ал сол көпір әлсіре­се, тари­хи жад та үзіледі.

Қазақ тілі – жай ком­му­ни­ка­ция тілі емес, ол – дүниені тану тәсілі. Онда кеңістік бар, сабыр бар, астар бар. Бір ғана «жоқ» сөзінің өзі ондаған реңк­пен айты­ла­ды. Бұл – мәде­ни бай­лық. Оны жоғал­ту – өзі­мізді қара­пай­ым­да­ту, қара­бай­ыр­ла­ту, руха­ни ауқым­ды кішірей­ту. Сон­ды­қтан тіл­ге немқұрай­ды­лық – ұсақ мәсе­ле емес. Ол – бола­шаққа немқұрайдылық.

Ал сөз­ге ұқып­ты­лық – өзіңе, еліңе, уақы­ты­ңа деген құр­мет. Тіл­ді сақтау – өткен­ді қорғау ғана емес. Тіл­ді сақтау – келе­шек­ті қалып­та­сты­ру. Қой­шы­ға­ра Салға­раұлы­ның ойы­мен түй­ін­десек, Ұлт­тық жаңғы­ру – әрқай­сы­мы­здың сөз­ге, ойға және ел тағ­ды­ры­на деген жеке жау­ап­кер­шілі­гі­міз­ден басталады.

Бибі­гүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР Сена­ты­ның депутаты

Республиканский еженедельник онлайн