Пятница , 6 февраля 2026

Конституциялық реформа НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ БОЛДЫ ?

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­сы оты­ры­сы­на қонақ ретін­де шақы­ры­лған­да сөй­лен­ген сөздің тезистері

Мен бас­пасөз­де жари­я­ланған Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның тара­у­ла­ры мен бап­та­ры­на бой­ла­май, оның жал­пы сая­си сипа­ты­на бай­ла­ны­сты жеке аза­мат­тық көзқа­ра­сым тура­сын­да айтқым келеді.

• Әу басын­да бұл сая­си науқан пар­ла­мент­тік рефор­ма ретін­де бастал­ды. Көріп отыр­сыздар, талқы­лау бары­сын­да бұл өзгерістер Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­маға айнал­ды. Жол-жөне­кей мұн­дай мас­шта­б­ты сая­си қада­мға баруға не түрт­кі бол­ды?
• Бұл кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­дің логи­ка­сын қалай түсі­не­міз? Буы­рқа­нып тұрған әлем­де­гі Қаза­қстан мен оның Пре­зи­ден­ті Тоқа­ев мыр­за неге мұн­дай тәу­е­кел­дер­ге бар­ды? Бүкіл әлем, елдің жан-жағы тең­селіп тұрған кез­де Пре­зи­дент тып-тыныш жатқан елдің ішін­де сая­си өзгерістер толқы­нын туды­руға неге мәж­бүр бол­ды? Әкетіп бара жатқан қан­дай қажет­тілік пай­да бол­ды?
• Осы сұрақтарға орай Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың Қызы­лор­да Құры­л­тай­ын­да сөй­ле­ген сөзінің сыр­тқы фак­тор­ларға қаты­сты бөлі­гі осы сая­си рефор­ма­ның мән-маз­мұ­нын ашып береді деп ойлай­мын. Бәріңіз оқы­ды­ңы­здар, біз Құры­л­тай үстін­де тың­да­дық, бірақ сіз­дер­ге бұл сөзді қай­та­лап оқып берейін:

  • «Біз мүл­де жаңа құбы­лы­стар­дың пай­да болға­ны­на куә болып отыр­мыз. Өзі­міз де, кей­ін­гі ұрпақ та бұған бей­ім­де­луіне тура келеді. Басқа­ша айт­сақ, бұрын мүм­кін еме­стей неме­се адам сен­гісіз көрі­нетін нәр­се­лер қазір қалып­ты жағ­дай­ға айна­лу­да. Халы­қа­ра­лық құқық көз алды­мы­зда қадір-қаси­еті­нен айы­ры­лып жатыр. Дүние жүзін­де сенім дағ­да­ры­сы күшейе түсті. Әлем­де әске­ри шығын­дар рекорд­тық дең­гей­ге жетіп, үш трил­ли­он дол­ларға жуы­қта­ды. 2035 жылға қарай бұл көр­сет­кіш тағы есе­леп өсуі мүм­кін…» – деді Пре­зи­дент.
    «Сыр­тқы сая­сат­тағы іс-әре­кеті­міздің бәрі бір ғана мақ­сат­ты көз­дей­ді. Ең басты­сы – Қаза­қстан­ның жерінің тұта­сты­ғын, қауіп­сізді­гі мен еге­мен­ді­гін қам­та­ма­сыз етуі­міз керек. Қазақ мем­ле­кетінің бас­шы­сы ретін­де мен үшін­Тәу­ел­сіздік – бәрі­нен қым­бат!..» – деді Президент.

Мен қай­та­лап айтай­ын,«Қаза­қстан­ның жерінің тұта­сты­ғын, қауіп­сізді­гі мен еге­мен­ді­гін қам­та­ма­сыз етуі­міз керек» деген­де, яғни Пре­зи­дент елдің қауіп­сізді­гі сала­сын­да қам­та­ма­сыз етіл­мей жатқан мәсе­ле­лер бар екенін мең­зеді.
Пре­зи­дент­тің баян­да­ма­сын­дағы мәтін­нің жол ара­сын­да иек қаққан иша­ра­ны жазып, тарқа­тып оқы­сақ, ел тәу­ел­сізді­гін қорғау мақ­са­тын­да қосым­ша қам-қаре­кет жасау қажет­ті­гі туға­нын аңдау қиын емес. Әрине, қыз­метінің сипа­ты­на бай­ла­ны­сты ол бәрін жай­ып салып, ашық айта алмай­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның сөз иша­ра­сын біз­дер – депу­тат­тар «тігісін жазып» айтуы­мыз керек.

  • «Әлем бар­лық сала­да бір­дей үлкен өзгеріс­ке ұшы­рай­ды. Сая­сат пен эко­но­ми­ка­дан бастап, кли­мат пен тех­но­ло­ги­яға дей­ін бәрі өзге­реді. Мұн­дай жағ­дай­да біз де батыл әрі тосын инно­ва­ци­я­лық шешім қабыл­дай білуі­міз, ешнәр­се­ден қоры­қ­па­уы­мыз керек

Елде­гі өзгерістер­дің логи­ка­сы, сая­си жаңғы­ру­дың басты мақ­са­ты – Қаза­қстан­ның әле­уетін арт­ты­ру және мем­ле­кет­тілі­гі­міздің қазір­гі заманғы сын-қатер­лер­ге дай­ын­ды­ғын күшей­ту…» – деді Пре­зи­дент Ұлт­тық құрылтайда.

 Міне, осы­дан артық қан­дай логи­ка айтуға бола­ды? Бізді іштен алып бара жатқан жау жоқ, ел ішін­де өртеніп тұрған қауіп тағы да жоқ.
Яғни, біздің бүгін­гі қолға алы­нған сая­си өзгерістер – сыр­тқы тәу­е­кел­дер мен қатер­лер­ге қар­сы қам-қаре­кет жаса­удың әре­кеті деп түсі­нуі­міз керек.
• Иә, біздің елдің ішін­де қым­бат­шы­лық бар.
• Иә, желіп бара жатқан инфля­ция бар.
• Иә, біраз көп­шілік­ті қысқан кре­дит­тің қамы­ты бар.
• Иә, кей­бір жеке­ле­ген әле­умет­тік мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­удың қиын­ды­қта­ры бар.

•Иә, қазақ тілінің түй­іні шешіл­ме­ген мәсе­ле бар.

Бірақ біз ел ішін­де­гі бұл қиын­ды­қтар­ды күр­делі сая­си өзгерістер жаса­май-ақ, бірер жыл­да еңсеріп алар едік. Бұл үшін жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның қажеті жоқ еді. Енде­ше қазір­гі өтпе­лі кезең­де біз­ге мем­ле­кет­тілік­ті, ұлт­тық тәу­ел­сіздік­ті, елдік­ті қорға­удың қамын жаса­удан артық мін­дет жоқ, бұл біз үшін бәрі­нен де маңы­зды. Міне, сая­си өзгерістер­дің басты логи­ка­сы осы!

Мен бір ман­дат­ты сай­лау жүй­есі­нен сай­ланған депу­тат бола тұр­сам да, пар­ти­я­лық негіз­де­гі про­пор­ци­о­нал­дық сай­лау тәр­тібі қазір­гі гео­са­я­си әлем­де­гі тәу­е­кел­дер­ге төтеп беретін, сая­си неме­се басқа­дай да сепа­ра­тизм­ге жол бер­мей­тін мүм­кін­дік деп есеп­тей­мін. Елі­міздің сая­си жүй­есі мен мем­ле­кет­ті­гіне, тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы­на көз алар­тқан қас­көй күш­тер сай­лау кезін­де бір ман­дат­ты кан­ди­дат­ты ұсы­ну және демо­кра­ти­я­лық рито­ри­ка мен мол қара­жат­тың күші­мен оны депу­тат­ты­ққа алып шығу мүм­кін­ді­гін жоққа шыға­руға бол­май­ды. Сон­ды­қтан Пре­зи­дент Тоқа­ев ұлт­тық дең­гей­де­гі сая­си транс­фор­ма­ция жаса­удың рефор­ма­сын ұсын­ды. Мен бұл баста­ма­ны толық қол­дай­мын!
• Қоғам­да «билік­ті күшей­тудің әре­кеті жаса­лып жатыр» деген жеке­ле­ген пікір­лер бар. Жоқ, бұл күшей­тудің мәнін біз билік­ті емес, тәу­ел­сіздік­ті күшей­ту, елдік­тің тұғы­рын мығым­дау, ұлт­тық мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гін күшей­ту деп түсі­нуі­міз керек!
• Қазір­гі гәу-гәуі асқы­нып бара жатқан гео­са­я­си әлем­де біздің елдің мем­ле­кет­тік билі­гі бұры­нғы­дан да моно­лит­ті және бір­тұ­тас болуы керек. Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­ла­ры мүл­тіксіз және созба­лаңға салын­бай орын­да­луы тиіс! Біз­де ырға­лып-жырға­лып жүру­ге уақыт жоқ.
• Біра­уыз орыс­ша­лап айт­сақ, если в ито­ге этих реформ уси­лят­ся пред­ста­ви­тель­ские функ­ции, Пар­ла­мент может и дол­жен стать опо­рой госу­дар­ства и быть кол­лек­тив­ным гаран­том ста­биль­но­сти, без­опас­но­сти стра­ны и обще­ства.
• Ал осы рефор­ма­дан кей­ін бір пала­та­лы Пар­ла­мент – Құры­л­тай мықты өкілет­ті билік инсти­ту­ты­на айна­ла­ды деген сенім мол.

Назар­ла­ры­ңы­зға рақмет!

PS. Жоға­ры­да жазы­лған­дай, бұл «Ама­нат» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның оты­ры­сын­да жор­та сөй­лен­ген сөздің тези­стері еді. Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сы жал­пы­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға түсетін жуық күн­дері мен бұл тези­стер­ді тарқа­тып, кеңей­тіл­ген мақа­ла жаз­бақ ойдамын.

Оның үстіне «Фейс­бук­те» жари­я­ланған осы тези­стер­ден кей­ін менің аты­ма біраз сын («Тисе – терекке, тиме­се – бұтаққа» дегені де бар) айты­лған екен. Тіп­ті «сатқын­дық жаса­дың» деген жал­бағай жазғы­ру да бар. Сон­ды­қтан оған да жау­ап беру керек.

Ермұрат Бапи бір­ман­дат­ты округ бой­ын­ша сай­ланған депутат

 

Республиканский еженедельник онлайн