Четверг , 5 февраля 2026

Унитарлық пен орыс тілі қабыспайды

Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жөнін­де­гі комис­сия жари­я­лаған Ата заңы­мы­здың алға­шқы 9 бабын оқып шықтым. Бас­пасөз сала­сын­да 40 жыл еңбек етіп келе жатқан арда­гер жур­на­лист бол­сам да, ақы­ры­на дей­ін оқуға шыда­мым жет­пе­ді. Өйт­кені, менің ойым­ша, осы 9 бап­тың өзін­де ұлт­тық мұрат­та­ры­мы­зға толық сәй­кес кел­мей­тін бір­не­ше тұжы­рым бар. Оның бірін­шісі мем­ле­кет­тің аты­на қаты­сты. Жоба­да «Біз, бір­тұ­тас Қаза­қстан халқы» деп жазы­лған. Менің­ше, осы­ны «Біз, бір­тұ­тас Қазақ халқы» деп ары қарай: «бай­ы­рғы баба­ла­ры­мыз бүгін­гі ұрпаққа ама­нат­тап кет­кен ата қоны­сы­мы­зда» деп өзгерт­кен жөн. Бұл – шығу тегі, нәсілі, діни ұста­ны­мы, қай жер­де туға­ны­на, т.б. қара­ма­стан, ел тұрғын­да­ры­ның бір­лі­гіне ұнам­ды ықпал етіп, әрі мем­ле­кет құру­шы ұлт­тың рухын көте­рер еді.

 Екін­ші, «Ұлы Дала­ның мың­жыл­дық тарихы­ның сабақ­та­сты­ғы» деген тұжы­рым­дағы «мың­жыл­дық» деген сөзді «көп­мы­ң­жыл­дық» деп өзгер­ту қажет. Себебі біздің ұлт­тық тарихы­мыз мың жыл­мен ғана шек­теліп қал­мауы керек. Әйт­пе­се 6 мың жыл бұрын жылқы­ны қолға үйрет­кен, темір­ді, алтын­ды, басқа да метал­дар­ды өңдеу тех­но­ло­ги­я­сын ойлап тапқан, жазу-сызуы­мыз болған, қараңғы түн­де жұл­ды­зға қарап жол тапқан, жар­ты әлем­ді биле­ген озық ойлы жауын­гер халы­қ­пыз деп мақта­ны­шпен айтып жүр­гені­міздің бәрі өтірік болып шық­пай ма?

Үшін­ші, осы кіріспе­нің өзін­де «мем­ле­кет­тің уни­тар­лы сипа­ты» деген аны­қта­уыш сөз бар. Ал 2‑баптың 1‑тармағында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – уни­тар­лы мем­ле­кет» деп тай­ға таң­ба басқан­дай жазы­лған. Енді осын­дағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы» деген мем­ле­кет­тің ата­уы «Қазақ елі» неме­се «Қаза­қия», тіп­ті бол­ма­са «Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы» деп жазыл­са, дұрыс болар еді. Қай нұсқа қабыл­дан­са, сәй­кесін­ше, әрі қарай бар­лық бап­тар­да солай жазы­луы тиіс.

Төр­тін­ші, кіріспе­нің соңы­на қарай: «…келе­шек ұрпақ алдын­дағы аса жоға­ры жау­ап­кер­шілік­ті сезініп» деп жазы­лға­нын­дай, біз шын мәнін­де сол аса жоға­ры жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нетін бол­сақ, күн­делік­ті айтып жүр­гені­міз­дей, еге­мен ел, тәу­ел­сіз мем­ле­кет бол­сақ, онда қазір ешкім­ге жал­тақта­май, жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы­ның 4‑бап, 1‑тармағында «Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы және Еге­мен­дік иесі – Қаза­қстан халқы» деген тұжы­рым негізін­де сол халық дұрыс және қажет деп тапқан Ата заң нұсқа­сын қабыл­да­уы­мыз қажет.

Бесін­ші, жоба­ның 2‑бап, 1‑тармақшасында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – уни­тар­лы мем­ле­кет» деп жазы­лған. Мұн­дағы «уни­тар­лы» деген аны­қта­ма 9‑бап, 2‑тармақшадағы: «Мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды» деген тұжы­рым­мен еш қабыспай­ды, ешқан­дай қисын жоқ, тіп­ті «уни­тар­лы» деген аны­қта­у­шы ұғым­ның өзін жоққа шыға­рып жібереді.

Менің түсіні­гім­де, уни­тар­лы мем­ле­кет сана­ла­тын тәу­ел­сіз елдің Ата заңын­да өзге тіл тура­лы ешқан­дай сөз жазыл­мауы керек. Керісін­ше екен, онда еге­мен­дік­тің де, тәу­ел­сіздік­тің де, уни­тар­лы­қтың да жазыл­май­тын сырқа­ты ұзақ жыл­дар бойы қала береді деген сөз. Онсыз да осы кіл­ти­пан­ның кесірі­нен біз 35 жыл бойы құл­дық сана­дан ары­ла алмай, басқа былай тұр­сын, өзге тіл­де сөй­лей­тін өз бауыр­ла­ры­мы­здың көзін ашып, рухын оята алмай келеміз.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев V Ұлт­тық құры­л­тай­да: «Ұлт бола­шағын айқын­дай­тын ең ма­ңызды шару­а­лар енді бастал­ды. Сон­ды­қтан қиын­ды­қтан жал­та­рып неме­се табысқа тоқ­мей­іл­сіп оты­руға қақы­мыз жоқ, уақы­ты­мы­зда жоқ», – деді. Енде­ше ешкім­ге жалтақ­тамай осы тар­мақ­ша­ны алып тастау керек!

Алтын­шы, жоба­ның 7‑бап, 1‑тармағында: «Дін мем­ле­кет­тен бөлек» деп жазы­лған. Менің түсіні­гім­де, қоғам дін­ді тұты­на­тын­ды­қтан, мем­ле­кет дін­нен бөлек бола алмай­ды. Біз қан­ша жер­ден «пар­тия, пар­тия» десек те, қоғам­ның дін­ді ұста­на­тын өкіл­дері бар­лық сая­си пар­ти­я­лар­дың мүше­лері­нен анағұр­лым, тіп­ті бір­не­ше есе көп және олар қоғам­ның негізін құрайды.

Шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, діни ұйым­дарға Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы арқы­лы мем­ле­кет бас­шы­лық етіп отыр. Оның үстіне Құдай­дан қорқа­тын, жүре­гін­де има­ны бар мүмін заң­нан да қорқа­ты­ны анық. Бұл жер­де қорқу­ды тура мағы­на­сын­да емес – заң­ды­лы­қты, тәр­тіп­ті сақтау, ұста­ну, жүгі­ну, құр­мет­теу деген мағы­на­да түсін­ген дұрыс. Әйт­пе­се Құдай­дан қоры­қ­паған – заң­нан да қоры­қ­пай­ды. Біз­де­гі жемқор­лық, парақор­лық, әділет­сіздік, әлім­жет­тік, зор­лық-зомбы­лық, тамыр-таны­стық, т.б. келеңсіздік­тер­дің бар­лы­ғы­ның негізін­де сол қоры­қ­па­у­шы­лық, басқа­ша айтқан­да – заңға бағын­бау, сый­ла­мау, тәр­тіп­ті сақта­мау, бір сөз­бен – иман­сыздық жатыр. Иман деген тек діни түсінік емес, ол – жоға­ры адам­гер­шілік­тің қай­нар бұлағы деп түсі­не­мін өз басым. Сон­ды­қтан адам­гер­шілік және ұлт­тық қауіп­сіздік тұрғы­сы­нан дін­нің мем­ле­кет тара­пы­нан бақы­ланға­ны дұрыс. Бірақ соны­мен бір­ге біз оны қоғам­ды тәр­би­е­леу, әле­умет­тік тұрақты­лы­қты сақтау және Мем­ле­кет бас­шы­сы жиі айта­тын Заң мен Тәр­тіп қағи­дат­та­рын сіңірудің ең тиім­ді тетік­терінің бірі ретін­де пай­да­ла­на білуі­міз керек.

Өйт­кені, менің ойым­ша, тіл тұта­сты­ғы, дін тұта­сты­ғы бол­май, жүрек­ке иман нұры құй­ыл­май, сана­да ақыл, білім, туған жер­ге, елге деген сүй­іспен­шілік бол­май – ұлт тұта­сты­ғы, ұлт бір­лі­гі деген болмайды.

Әрине, бұл тұрғы­да ұлты­мы­здан шыққан ұлы тұлға­лар­дың әсіредін­шіл болу­дан сақтан­ды­рған өси­ет­терін ешқа­шан естен шығар­мауы­мыз керек. Ақиық ақын Мұқаға­ли Мақа­та­ев ағамыздың:

«Дін – ғылым­ның анасы,

Дін – ғылым­ның әкесі.

Ғылым – дін­нің баласы,

Дін – ғылым­ның көкесі.

Ғылым да бар, дін де бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар.

Қол ұста­сып Құдайға,

Ғылым мен дін бір­ге бар», – деп түй­генін­дей, өз басым – ғылым­ның да, дін­нің де ел игілі­гіне, мем­ле­кет тұта­сты­ғы­на, қоғам­ның дамуы­на тиім­ді ықпал ететін­дей сая­сат жүр­гізіл­генін қалай­мын. Мүм­кін, тек мен ғана емес, көзі ашық, көкіре­гі ояу мил­ли­он­даған отан­да­сы­мыз да осы­лай ойлай­тын шығар, кім білсін!

Әзір­ше осы. Қалған 86 бап­ты оқып, бұй­ырт­са әлі де пікір айтармын.

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ, Мәде­ни­ет қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн